400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Брейн-ринг " ойын-жарыс сабақ "Еуразия" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Еуразия материгін қайталау тапсырмалары туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны.

(жарыс - ойын)

Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгіне физикалық – географиялық сипаттама (Еуразия тарауын қайталау)

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру. Еуразия материгінің географиялық орны, зерттелу тарихы, жер бедері, климаты туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың өз беттерінше жұмыс сітеп, шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың ұлтжандылық және интернационалдық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ (қорытынды сабақ)

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Жарты шарлар картасы, Дүние жүзі картасы, атлас, кескін карта.

Сабақтың барысы: «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны.

Құрал –жабдығы:

1. Нөмірлері мен атқаратын рөлі жазылған жетондар (1-қосымша)

2. Тапсырмаларғы арнап алты бөлікке бөлінген жаймалар (2-қосымша)

3. Сандар жазылған жаймалар (3-қосымша)

4. Сары («3» бағасы), жасыл («4» бағасы), көк («5» бағасы) түсті фишкалар жәнен толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар (4-қосымша)

5. Үстелдердің сілтемесі (5-қосымша)

6. ортақ бағалау парағы (6-қосымша)

7. Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар: ойынның екінші нұсқасына мұндай карточкалар түрлі-түсті – көк, жасыл, қызыл және сары түстиі қатырма қағаздан жасалады.

8. жауап үлгілері жазылған карточкалар.

Ойынның жүру барысы:

Сынып 7 (5) адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 6 (4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушылар нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде – үстелдің сілтемесі және 6 (4) бөлікке бөлінген жаймалар; бөліктерге бөлінген әрбір жаймаға бір ғана тапсырма карточкасы (онда 1-2 сұрақтан) қойылады. Бір үстелге қызыл түсті карточка, екіншісіне – көк, сосын – сары, жасыл түсті каточкалар қойылады. Топ қызыл үстелдегі тапсырманы орындаған соң, көк үстелге, одан – жасыл және сары үстелдерге көшеді ( Бсуретін қараңыз).

Командалар бір уақытта ойнайды. Бір үстел басындағы ойынның ауқыт немесе тиісті деңгей сұрақтарына жауап беру уақыты – 10-12 минут (әр ойыншыға 1,5-2 минут есебінен). Ойын барысында әрбір ойыншы фишка алып отырады. Солардың санына және түсіне қарай баға қойылады. Сөйтіп бір ойында әр оқушы әр түрлі күрделілік деңгейіндегі 18-24 тапсырма ойындайды.

I үстел. Қызыл түсті карточка сұрақтары

1.Еуразия ауданы – 54,4 2.Еуразияның солтүстік шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі 3.Материктің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі арақашықтығы – 8000км 4.Батысынан шығысына дейінгі қашықтық – 16000км 5.Еуразия арқылы өтетін дүниежүзіндегі ең ірі екі сейсмикалық белдеулер – Альпі-Гималай, Тынық мұхиттың геосинклинальдық белдеуі 6.Ең биік сонбеген жанартау – Ключи шоқысы 7.Ең ірі түбек – Арабия

II үстел. Көк түсті карточка сұрақтары

1.Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы – Джомолунгма,8848м 2.Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер – Өлі теңіз 3.Ең ыстық әрі аптапты жер – Тар шөлі,+53˚С 4.Жер шарындағы ең үлкен көл – Каспий 5.Ең терең көл – Байкал 6.Каспий теңізінің ауданы – 390 мың км² 7.Материктің халқы – 4 млрд астам

III үстел. Сары карточка сұрақтары

1.Еуразия материгінің жағалауларын шайып жатқан мұхиттар – Солт.Мұзды мұхиты, Тынық, Атлант, Үнді 2.Еуразия материгінің батысын финикиялық зерттеушілер не деп атаған - Эреб 3.Асу деп Еуразия материгінің қай бөлігін атаған – шығыс 4.Еуразияның солтүстігін алып жатқан мұхит – солт.мұзды мұхит 5.Шығысында қандай мұхитпен шектеседі – Тынық мұхиты 6.Оңтүстік батысы шектеседі.... – Атлант 7.Үнді мұхиты Еуразия материгінің қай бөлігімен шектеседі – оңтүстік

IV үстел. Жасыл карточка сұрақтары

1.Ең терең нүктесі – 403 2.Өлі теңіз орналасқан түбек – Арабия 3.Еуразия мен Солтүстік Америка географиялық орнының басты ұқсастықтары – олардың солт.те, оңт.ке экваторға дей.гі аралықта созылып жатуы 4.Челюскин мүйісінің координатасы 77с.е, 104ш.б 5.1 с.е, 103 ш.б координатында орналасқан мүйіс - Пиай 6.Еуразияның батыс шеткі нүктесі – Рока мүйісі 7.Шығыс шеткі нүктесі – Дежнев мүйісі

Қорытынды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.12.2018
1053
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12