Материалдар / Бүгінгі бала - парасатты тұлға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бүгінгі бала - парасатты тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі жасөсрімдердің мотивациялық ерекшелігі мен ерсектердің тұлғалық қарым-қатынасының конструктивті сипатта болуы, жасөспірімдердің өзіне, айналасына және жалпы ересектер мен қоғамға, әлемге деген эмоционалды қарым-қатынасына әсер ететіндігі белгілі. Бұл - тұлғалық дамуда әлеуметтенуге бірден бір ықпал етуші өзекті фактор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
423
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Байдуашова Сандигуль Базаркуловна – п.ғ.магистрі, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, психологиялық – әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскер-психологы.







Тақырып: «Бүгінгі бала- парасатты тұлға»



«Ересектердің балаға беретін ең үлкен сыйлығы –

үлгілі, өнегелі тәрбиесі»

Халық даналығы.


Бүгінгі бала - ол жай ғана психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік өзіндік даму жүйесі бара жеке адам ғана емес, сонымен қатар, конструктивті тұлғалық қасиеттерін дамытуды және түзетуді қажет ететін білім алушы. Қандайда бір қарым-қатынас барысында әке-ана мен бала арасындағы жай байланыс емес, біріккен іс-әрекет процесінде бір-бірін қабылдап, өз ара ақпарат алмасады. Сондықтан қарым-қатынас процесінде үш түрлі өзара байланыс анықталды:

- перцептивті (қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау),

- интерактивті (әңгімелесунінің өзара әсерлесуін реттеу),

- коммуникативті (ақпарат алмасу).

Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Жеке адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады:

- вербалды қарым-қатынас,

- вербалды емес қарым-қатынас.

Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асыратын белгілі. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Альберт Мейербайн зерттеуі бойынша қарым-қатынаста 7% ақпарат Вербалды(сөз арқылы), 38% дыбыс құралдары (дауыс темры, интонация, дыбыс күші), ал 55% ақпарат алмасудың Вербалды емес құралы арқылы берілетіні дәлелдеді. Осыдан Публиций: «Біз дауыс арқылы сөйлейміз, ал денемен әңгімелесеміз» деген.

Ақпаратты жеткізу негізгі сөз арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік өмірдегі адамдардың іс-әрекеттерінің негізгі бір түрі – сөйлеу.

Қандай да бір қарым-қатынас жасау барысында маңызды рөл атқаратын факторлардың бірі –қарым қатынас стилінінің таңдалуы маңызды шешім қабылдауға және қарым-қатынас жасауға ықпалын тигізеді.

1955 жылы американдық психотерапевт Эрик Берн транзакциялық талдау әдістерін ұсынды. Осы талдаудың негізінде ата-ана, ересек және бала арасындағы қарым-қатынасқа негіз болатынын көреміз. Мәліметтерді талдау әдістері адамдарға өздерін түсінуге және олардың мінез-құлқын түсінуге мүмкіндік береді. Транзакциялық талдау жанжалдардың себептерін түсінуге және оларды жою жолдарын табуға көмектеседі.Транзакциялық талдаудың негізгі ережелері мен ұғымдары транзакциялық талдау кейде коммуникациялық талдау деп аталады, себебі ол басқа адамдармен өзара әрекеттесу арқылы адамды бағалайды. Транзакциялық талдау әдістерінің негіздері келесі мәлімдемелер болып табылады:

  1. Барлық адамдар қалыпты, әрбір адам өзін және өз пікірін құрметтеуге тең құқықты. Әр адамның маңыздылығы мен салмағы бар.

  2. Барлық адамдар ойлау қабілетіне ие, туа біткен немесе алған жарақаттар немесе бейсаналық жағдайлардан басқа.

  3. Адамдар өздерінің тағдырын құрып жатыр және бұрынғы шешімдерден тыс өмірін өзгерте алады.

Негізгі ұсыныс - бұл әртүрлі жағдайларда бір адам эго күйлерінің бірінің негізінде әрекет ете алады деген пікір. Транзакциялық талдау 3 эго күйін ажыратады: бала, ересек және ата-аналар.

Транзакциялық талдаудың мәні. Жоғарыда айтылғандай, психологияда транзакциялық талдау үшін үш эго күйге бөлінеді: бала, ата-ана және ересек.

  1. Баланың эго-күйі балада туындайтын табиғи мотивациялармен сипатталады. Онда ерте жастағы балалардың тәжірибесі, көзқарасы, өзіне және басқа адамдарға деген реакциясы бар. Мұндай мемлекет бала кезіндегі адамға тән ескі мінез-құлық ретінде көрінеді. Баланың жағдайы адамның шығармашылық көріністеріне жауап береді.

  2. Ересек адамның эго-күйі адамның жасына байланысты емес. Ол объективті ақпаратты алуға және ағымдағы шындықты қабылдау қабілетіне ие болғысы келеді. Бұл мемлекет ұйымдасқан, жақсы бейімделген және білікті адаммен сипатталады. Ол шындықты зерделеп, оның қабілеттерін ақылмен бағалап, оларға есеп береді.

  3. Ата-ананың эго-күйі адамның сыртқы жағынан, көбіне өз ата-анасынан алған көзқарастарына жатады. Сыртқы жағынан, бұл жағдай басқа адамдарға және әр түрлі алдын-ала ескертулерге қамқорлық және сыни көзқараста көрінеді. Ата-ананың ішкі күйі ата-ана моральдық тәжірибесі ретінде тәжірибеге ие, ол әрқайсымызда тұратын кішкентай балаға әсер етеді.

Әрбір баланы «Идеалды үй» деп қарастыратын болсақ, ең алдымен түпкі негіз «фундаментке» мән беруіміз қажет .

Ол дегеніміз – психо-физиологиялық қауіпсіздік пен психологиялық денсаулық болып табылады.

Осы негіз тұрақты және конструктивті болған жағдайда, екінші деңгей, яғни тұлғалық дамуға түрткі болатын ресурстар: Сүйіспеншілік және өзіне деген сыйластық. Осы ресурстар қалыпты болған жағдайда әрбір бала өзін-өзі дамытуға ұмтылатындығы белгілі. Бұл толық тұлғалық келбетті, яғни қалыпты тұлғалық даму деңгейінің көрсеткішін береді.

Тұлға өміріндегі негізгі мотивация: ҚОРҒАНЫШ. ТІРЕК. КЕҢІСТІК.

Негізгі бастапқы мотивация – дүниеге келгеннен бастап 7 жасқа дейін «Маған нені жасау керек? Нені жасай аламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Бұл баланың өмірлік күш-қуатына негіз болады. Яғни, айналасына, өзіне деген сенімділік – басты фактор болып табылады. Егер, бұлай болмаған жағдайда баланың бойында өзіне, айналасына, әлемге деген сенімсіздік, үрей қалыптасатын болады.

Құндылық мотивация негізі - 8 жастан -14 жас аралығында қалыптасады. Яғни, оқуды, жазуды, қарым-қатынас жасауды үйреніп, белгілі-бір дағдыны бойына сіңірген бала үшін маңызды сұрақ «Мен жасай аламын, салмақтымын, байсалдымын, бірақ бұл маған ұнайды ма?» деген сұраққа жауап іздейді. Осы кезеңде ескеретін жай: 11 жас – балалық шақтың пигі болып табылатындығы. 12 жастағы жасөспірім ересек адамша ойлайды, сезеді, тек бір айырмашылығы ересек адамдар сияқты келіп түскен мәліметтерге талдау жасау дағдысы әлі де толық қалыптаспағандықтан, конструктивті талдау жасай алмайды. Бұл кезеңдегі маңызды құндылық – өмір сүру сапасы.

15 жас пен 21 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін маңызды сұрақ – өз- өзіне деген сұрақ : « Менің нені жасауға құқығым бар? Нені қалаймын?».

21 жастан бастап маңызды мотивация – мәнін түсіну. Яғни, білім алудың, отбасын құрудың, қызмет етудің, мансаптық жоспар құрудың, табыс табудың мәнін түйсінген жағдайда ғана әрі қарай өмір сүруге ұмтылыс болатындығын көрсетеді.

Баланың тұлғалық дамуындағы мотивациялар отбасында және әлеуметтік ортадағы ықпалдардың негізінде жүзеге асатыны белгілі.

Негізгі ықпал – тәлім –тәрбие мен үлгі-өнеге арқылы жүзеге асады.

Shape1 Заманауи тәрбиенің басты бағыттары : құбылыстық тәрбие, бейімдеуге бағытталған тәрбие, дамытушылық тәрбие, жасампаздық тәрбие арқылы көрініс беруде.












Құбылыстық тәрбие – белгілі –бір жағдай немесе оқиға орын алған жағдайда тәрбиелеу шарасы. Тәрбиелеудің нақты мақсаты көзделмеген. Нәтижесінде: кінәлі адамды іздеп-табу, жаза қолдану - негізігі тәрбие құралы болып табылады. Бұл жағдайда орын алған оқиғаның мәнін түсінбеушілік пайда болады. Оқиғаның қайталанбайтындығына ешкім кепілдік бере алмайды.

Бейімдеуге бағытталған тәрбие - баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін атқарылатын отбасылық тәрбие бағыттары. Яғни, бала тәрбиешіге, мұғалімге, достарына, туысқандарына ұнауы тиіс. Басқа адамдар тарапынан баласының мінез-құлығына қатысты шағым болмауы тиіс. Бұл жағдайда баланың өзіндік тұлғалық ресурстары жоғалады. Жетекке еру дағдысы дамиды. Өзіндік «Мені» қалыптаспай қалу қаупі туындайды.

Дамытушылық тәрбие бағыты – гуманистік бағыт. Баланың бойындағы барлық көрінген мінез-құлық қасиеттерін дамытуға себепші болу. Яғни, баланың бойындағы конструктивті тұлғалық мінез-құлығымен бірге, аддиктивті және деструктивті мінез-құлықтарын дамытуға жағдай жасалады.

Жасампаздық тәрбие бағыты – баланы ТҰЛҒА ретінде қалыптастыру. Бұл тәсілдің негізі-баламен диалогтық қарым-қатынас орнату мүмкіндігі. Егер сіз өзіңізбен диалог үйренсеңіз, баламен де диалогты құруға үйренуге болады. Міндет оңай емес. Егер сіз өзіңізді шынымен құрметтейтін болсаңыз, онда сіз басқаларға да, балаларға да құрметпен қарайсыз. «Бұл өзіне және басқаларға сенім мен құрмет болуы мүмкін бе ? Бұл үшін не нәрсе негіз болып табылады?» деген сұраққа жауап бере алатын бағыт болып табылады.

Қазақ халқының данышпаны Абай Құнанбайұлының сөзімен айтқанада «Адамшылықтың алды — махаббат, әділетті сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Әділетті махаббат сезімі кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым, сол — ақылды. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен білмекпіз».

Пайдаланылған ақпарат көздері:

1. Абайдың 45 қара сөздері - Stud.baribar.kz

2. Практикум для родителей: «Методика Дом» как инструмент определения причин нежелательного поведения ребенка (1sept.ru)

3. Тұлғааралық қарым-қатынас элективті курсынан лекциялар жиынтығы (infourok.ru)

4. Современные подходы к воспитанию. Лекции по психологии воспитания (portal-slovo.ru)

5. «Игры, в которые играют люди» Э.Фром 2001г

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!