Материалдар / Бүгінгі жас – ертеңгі қарт
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бүгінгі жас – ертеңгі қарт

Материал туралы қысқаша түсінік
Ба¬ла кезімізде ақ сақалды ата¬ла¬ры¬мыз бен ақ шаш¬ты әжелеріміздің “Жа¬сым¬да қаншалықты бей¬нет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр”, – деп жаратқанға жал¬ба¬ры-нып отырғандарына та¬лай куә болдық. Бұған қоса олар адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жет¬пес бақыт екенін әр сөздеріне тұздық ететін. Қалай де¬ген¬де де Алланың бер¬ген ғұмырын әркім өз ақыл-па¬ра¬са¬ты¬мен мәнді ет¬пек. Қоғамның ізгілігі – ба-ла¬лар мен қарттарға жасалған қамқорлықпен бағаланатыны бұлжымас ақиқат. Бұл тұрғыда еліміздегі қариялар мәселесіне тоқталар болсақ, қарттар мен мүгедектер, қорғаушысы жоқ кембағалдар жал¬пы зей¬нет¬кер¬лер жайы Президентіміздің дәстүрлі халыққа Жол¬да¬у¬ын¬да на¬зар¬дан тыс қалған емес. Осыған орай Жамбыл орта мектебінде «Жақыныңа жәрдемдес» айдарымен Тыл ардагерлерінің үй маңының қарын күресіп, ауласын сыпырып көмектесіп, қариялардың батасын алды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
504
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бүгінгі жас ертеңгі қартБала кезімізде ақ сақалды аталарымыз бен ақ шашты әжелеріміздің “Жасымда қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр”, – деп жаратқанға жалбарынып отырғандарына талай куә болдық. Бұған қоса олар адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жетпес бақыт екенін әр сөздеріне тұздық ететін. Қалай дегенде де Алланың берген ғұмырын әркім өз ақыл-парасатымен мәнді етпек. Қоғамның ізгілігібалалар мен қарттарға жасалған қамқорлықпен бағаланатыны бұлжымас ақиқат. Бұл тұрғыда еліміздегі қариялар мәселесіне тоқталар болсақ, қарттар мен мүгедектер, қорғаушысы жоқ кембағалдар жалпы зейнеткерлер жайы Президентіміздің дәстүрлі халыққа Жолдауында назардан тыс қалған емес. Осыған орай Жамбыл орта мектебінде «Жақыныңа жәрдемдес» айдарымен Тыл ардагерлерінің үй маңының қарын күресіп, ауласын сыпырып көмектесіп, қариялардың батасын алды. Ақпан айындағы жұмыстар жоспарына сай Тыл ардагерлерімен кездесу өткізді. «Ізбасар» тобы Хамзин Бейсенбай атамен кездесіп, балалық шағына шолу жасап тыл кезіндегі есінде қалған әңгімелерді естіп, таң қалып, оң әсер алды. «Болашақ» тобы Тыл ардагері, еліне еңбегі сіңген зейнеткер ұстаз Бурабаева Басар Қанашқызының үйіне барды. Балалар ұстаздың еңбек жолымен тансып, марапат қағаздарын көріп, көңілдеріне қонған сұрақтар қойып, сұхбаттасты. «Жалын» тобы да бала кезіннен еңбекке араласқан Сағынбеков Сәттәр атаның үйінде болып, фота альбомдағы ескі суреттерді сөйлетіп қайтты. Рухани жаңғыру бағытында жүргізілген бұл жұмыстар оқушылардың сабаққа деген құлшынысын арттырады және де үлкендерге деген құрметін нығайтады деп білемін. Аузы дуалы ақсақалы бар ел жастарының қашанда жөнсіздік пен жолсыздыққа бой ұрмасы хақ. Бұған бала тәрбиесіне ерекше ден қойған бабаларымыздың “атаңнан бота қалмасын, бата қалсын”, “түбіріне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы” деген қанатты сөздері дәлел. Өйткені, бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылыққа бас иген қазақ қашаннан үлкенді сыйлауда тәспісінен жаңылмаған. Халқымыздың “Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет” немесе “Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді” секілді пәлсапалық мәні зор қағидаларының жасқа да, жасамысқа да бағдаршам іспеттес болуы соның жарқын айғағы. Ендеше үлкендерімізді құрметтейік!Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қабылтаева Ғалия Абайқызы





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!