Материалдар / «Бүгінгі жастар-болашақтың кілті» Интеллектуалды танымдық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бүгінгі жастар-болашақтың кілті» Интеллектуалды танымдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын студенттер арасында кеңінен насихаттау, талқылау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
339
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бүгінгі жастар-болашақтың кілті» Интеллектуалды танымдық сайыс

Модератор:Кенжегараева Айқын

Уақыты: 16.05.2019ж.

Өтілетін орны: Акт залы

Қатысушылар: «Муыкалық білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері.

Мақсаты: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл «Жастар жылы»деп жариялауы мен 2018 жыл 21 қарашаcында  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын студенттер арасында кеңінен насихаттау, талқылау. Ұлы даланың мақтаныштарын  сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың білімдерін жан-жақты ой-ұшқырлықтарын байқау, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.

Кіріспе. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім»-деп М.Әуезов ағамыз айтқандай Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертеңгі ұстаздар, болашақ белгілі бір маман иесі болатын жастар мұны жақсы түсінуі тиіс.Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді. «Алға қарай жүр немесе жол бер». Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағида басшылық етеді.

Ендеше алдын-ала топтастырылған команда мүшелері өздерінің топтарының атын және ұрандарын белгілеп келуі тиіс. Сонымен бізде 4 команда қатысқалы тұр.

Олай болса бүгінгі сайысымыздың қатысушы командаларды ортаға шақырамыз.

1-команда: 3 курстан «Жалын» командасы

2-команда: 3 курстан « Шабыт» командасы

3-команда:4 курстан «Жігер» командасын

4-команда:4 курстан «Жас қыран»


Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

Шарты: Интеллектуалды танымдық сайыс 5 бөлімнен тұрады.

1 кезең БӘЙГЕ
♦ 2 кезең Дода
♦ 3 кезең ҒАЖАЙЫП ҮШТІК

4 кезең Логикалық сұрақтар
♦ 5 кезең Әуенді тап

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен еді талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына
- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен шығармашылықтарына баға беретін әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
 

  1. Малимова Салима Оқу-тәрбие бөлімінің әдіскері

  2. Төремұратов Қанат Әлеуметтік педагог

  3. Сейталиева Бота Өнер бөлімінің оқытушысы

  4. Абнасирова Мира Өнер бөлімінің оқытушысы

Сайысымыдың 1 – кезеңі «Бәйге» деп аталады. «Бәйгеде» 1 минутта 20 сұрақ оқылады.Берген дұрыс жауаптарына қарай сонша ұпай ала алады. Мысалы: 15 сұраққа дұрыс жауап берсе 15 ұпай алады.

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,-депсайысымыздың
1 – кезеңі бәйгені бастаймыз.

2 - кезең «Додада»

«Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбы бойынша тапсырма беріледі. Берілген сұрақтарға қоңырауды бірінші болып көтерген оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса, қоңырауды келесі көтерген оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін командаға 2 ұпайдан есептеледі.

3 - кезең «Ғажайып үштік» Экраннан берілген ұпай түрлеріне қарай өздері қалаған ұпайды таңдайды.Берілген ұяшықтан таңдаған сан бойынша Экраннан берілген көріністен қазақтың өнер саласындағы белгілі кино немесе опералардан көрініс беріледі.өмірі мен шығармашылығы мен таныстырып, шығармашылығынан бір репертуар орындау.

  • Бұл қандай опера немесе кинодан үзінді болуы мүмкін?

  • Кімнің шығармалары орындалады?

  • Шығарма мазмұны туралы не білесіз?

4 кезең Логикалық сұрақтар

Бұл кезеңнің жауабы үшін жауаптың толық немесе толық еместігіне байланысты әр сұраққа 3-5 ұпай аралығында бағаланады.

5 кезең Әуенді тап

Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі – қазақ елі десек, артық айтқандығымыз емес шығар.
«Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл!
 демекші ендеше 4 кезең Әуенді тап. Орындалған әуеннің үзіндісінен қандай музыка немесе қандай шығарма,ән,күй екенін табады.Әр тапқан әуен үшін жауабы дұрыс болса топқа 2 ұпайдан беріледі.

І-Топ

  1. Нота дегеніміз не? (Музыкалық таңба)

  2. Қ.Р тұңғыш президенті (Нұрсұлтан Назарбаев)

  3. Әр елдің заңы басқа...(Иттері қара қасқа)

  4. Тілшікті музыкалық аспап(шаңқобыз)

  5. Қазақтың ұлттық баспана үйі қалай аталды? (Киіз үй)

  6. Көзімнің қарасы әнінің авторы...(Абай)

  7. Түркі халықтарының ортақ ұлы ойшылы, жырау, қобызшы кім? (Қорқыт ата)

  8. «Херосима» балетінің авторы....(Ғазиза Жұбанова)

  9. Музыкадағы 6 интервал... (Секста)

  10. Берілген нотаны 0,5 тонға көтеру белгісі...(Диез)

  11. Қазақстанның астанасы...(Нұрсұлтан)

  12. Ақан Қорамсаұлының шын есімі кім? (Ақжігіт)

  13. Жаңартылған білім мазмұны бойынша 2 сынып музыка бағдарламасының авторлары... (Ш.Құлманова,Б.Сүлейменова)

  14. Қазақстандағы ең алғаш музыка оқулығын жазған кім? (Ахмет Жұбанов)

  15. Интервалдың неше түрі бар? (8 түрі)

  16. «Ғасырлар үні» ораториясының авторы...(Сыдық Мұхамеджанов)

  17. Абай жолы романының авторы...(Мұхтар Әуезов)

  18. Түйенің пірі...(Ойсыл қара)

  19. Қызылорда мемлекеттік университеті кімнің есімімен аталады? (Қорқыт ата)

  20. Қубыз,қылқияқ қай халықтың ұлттық музыка аспаптары? (Қырғыз)



ІІ-Топ

  1. Музыка дегеніміз не? (Дыбыс)

  2. Абылайдың шын аты кім? 

  3. Асыл тастан.... (өнер жастан)

  4. Жіп иіретін құрал... (ұршық)

  5. Жеті ішекті музыкаық аспап....(жетіген)

  6. Күй анасы... (Дина Нүрпейсова)

  7. Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады? (1991 жыл, 16 – желтоқсан)

  8. Музыкадағы 3 интервал... (Терция)

  9. Берілген нотаны 0,5 тонға түсіру белгісі ... (Бемоль)

  10. Грузияның астанасы... (Тбилиси)

  11. Қазақтың тұңғыш бишісі... (Шара Жиенқұлова)

  12. Қыз Жібектің «Гәкку» әнінің авторы... (Ыбырай)

  13. Музыкалық тәрбие берудің бірінші міндеті... (Баланың сезімін(эмоция) ояту)

  14. Музыкалық дыбысты қатты орындау қалай аталады? (Форте)

  15. Ән айтпас бұрын жүргізілетін жұмыс түрі... (Дауыс жаттығуы(распевка))

  16. Жылқының сүті...(Қымыз)

  17. Жылқының пірі...(Қамбар ата)

  18. Дыбысты бірте-бірте күшейту белгісі... (Крещендо)

  19. Бүтін нота неше и-ге созылады? (4-иге созылады)

  20. Өнер бөлімінің меңгерушісі Рая Бимағамбетованың шын есімі... (Рая Бимағамбетова)

ІІІ-Топ

  1. Аайдың шын аты...(Ибрахим)

  2. Кісі елінде сұлтан болғанша.....(Өз еліңде ұлтан бол)

  3. Жақсының аты өлмейді...( Ғалымның хаты өлмейді.)

  4. Саздан асалған муыкалық аспап....(сазсырнай)

  5. Қазақтың алғашқы бұлбұл әншісі...(Күлаш)

  6. Қызылорда жастарының әнінің авторы....(Рамазан Тайманов)

  7. Қызыорда қаласының бұрынғы атауы.... (Ақмешіт)

  8. «Махамбет» күйінің авторы... (Нұрғиса Тілендиев)

  9. Музыкадағы 2 интервал... (Секунда)

  10. Берілген нотаны 1 тонға көтеру белгісі ... (Дубль диез)

  11. Қырғызстанның астанасы... (Бішкек)

  12. Музыкалық тәрбие берудің екінші міндеті... (музыканы саналы түсінуге баулу)

  13. Шертпе күйдің атасы... (Тәттімбет)

  14. Қыз Жібек операсының авторы... (Евгений Брусиловский)

  15. Алпамыс батырдың сүйіктісі... (Гүлбаршын)

  16. Түйенің сүті... (Шұбат)

  17. Сиырдың пірі ...(Зеңгі баба)

  18. Дыбысты бірте-бірте жайлату белгісі... (Диминуэндо)

  19. Жартылық нота неше и-ге созылады? (2-иге созылады)

  20. Дойра,дутор қай халықтың ұлттық музыка аспаптары? (Өзбек)



ІҮ-Топ

  1. Жақсыдан үйрен, ...(жаманнан жирен)

  2. Ораза айы қалай аталды? (Рамазан)

  3. Шығыстың қос шынары....(Мәншүк,Әлия)

  4. Қарлығыш әнінің авторы....(Ахмет Жұбанов)

  5. Төрт дауыста орындалатын ән....(Квартет)

  6. «Сарыарқа», «Кішкентай» күйлерінің авторы кім? (Құрманғазы)

  7.  Кіші жүздің атақты биі кім?(Әйтеке би)

  8. «Жұмыр қылыш» күйінің авторы... (Махамбет Өтемісұлы)

  9. Музыкадағы 7 интервал... (Септима)

  10. Берілген нотаны 1 тонға түсіру белгісі ... (Дубль бемоль)

  11. Татарстанның астанасы... (Уфа)

  12. «Атамекен» әнінің авторы... (Ескендір Хасанғалиев)

  13. Төкпе күйдің атасы... (Құрманғазы)

  14. Хор өнерінің негізін салушы... (Бақытжан Байқадамов)

  15. Ән вальсінің королі...(Шәмші Қалдаяқов)

  16. Қойдың пірі ...(Шопан ата)

  17. Өте ақырын жәй белгісі... (пианоссимо)

  18. М.Мәметова колледжі қай көшеде орналасқан? (Қорқыт ата)

  19. Қазіргі уақытты әлемді аузына қаратқан қазақ әншісі... (ДИМАШ)

  20. Зурна,пандори қай халықтың ұлттық музыка аспаптары? (Грузин)





Логикалық сұрақтар жауаптарымен

  1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш

  2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

  3. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу

  4. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы

  5. Егер тырна аяғымен тұрса 3 кг болады,ал егер екі аяғымен тұрса,оның салмағы қанша болады? (3 кг)

  6. Наурыз тойы кезі.Ат жарысы өтуде.Үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады? (60км)

  7. Абдулланың он бес қойы бар еді. Он төртінен басқасының бәрі өліп қалды. Сонда Абдулланың неше қойы қалды?(Он төрт)

  8. Қандай ыдыстан тамақ іше алмаймыз?(Бос ыдыстан)

  9. Бір жанұяның 5 баласы бар және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар? (6 бала)























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!