Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бұйрық және оның түрлері. Бұйрық мазмұны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақтөбе қаласы көпсалалы "Болашақ" колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі колледждің мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні мұғалімдеріне көмекші болады
Тақырыбы: Бұйрық және оның түрлері. Бұйрық мазмұны
Жоспар:
1.Бұйрық туралы түсінік
2.Бұйрық мазмұны және құрылымы
3. Бұйрық түрлері
Дәрістің мақсаты: Бұйрық және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту, бұйрық мәтінінің мазмұны мен құрылымымен жұмыс жүргізуді үйрету
Бұйрық — жетекшінің мекемені басқару барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауга тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбашада беріледі, төменде біз жазбаша берілетін бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты 2 топқа бөледі:
1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты;
2) жеке құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты жөне оның қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі.
Бұйрық мәтіні әдетте 2 бөліктен тұрады.
1) констатациялық;
2) өкімдік.
1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады. Мысалы,
Бұйрық N 125
Алматы қаласы 20 желтоқсан 1999 ж.
2000 жылы жұмыс тәртібін қалыптастыру туралы
Трест объектілерінде ішкі тәртіпті қалыптастыру, жұмысшылар арасында еңбек тәртібін қалыптастыру және бөлімшелер жұмысын реттеу мақсатында.
Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз болса, онда ол құжаттың аты, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.
Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпесе констатациялық бөлік жазылмайды.
2. Өкімдік бөлік БҰЙЫРАМЫН деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр тармағы араб цифрларымен белгіленеді. Бұйрықты дайындау барысында, оның орындалуына мүдделі мекемелер және құрылымдармен келісіледі. Келіскені туралы белгі бұйрық жобасының 1-данасына қойылады. Келісілген, бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Бұйрық журналға тіркеліп, оған нөмір қойылады және кеңседе сақталады.
Жеке қүрам жөніндегі бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Бұл бұйрықтарда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған әкімшілік әрекеттері мен шаралар айқын көрсетіледі.
Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.
Егер бұйрық орындаушының үнемі атқаруға тиіс мәселесіне байланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.
— күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар;
— арнайы бұйрықтар;
— төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар;
— басқа да бұйрық түрлері.
Бұйрық беру қүұығына, әдетте, бірінші басшына реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары - құрылымдық бөлім-ше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.
Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсету ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша басқару жөніндегі шешім-дерді белгілейді. Олар жоғары органдардық шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды аныңтау керек болғанда шығарылады.
Бұйрық нормативті және жекелік болуы мүмкін. Мысалы, еңбек тәртібі ережелерін бекіту туралы бұйрық директордан басқа, барлық қызметкерлерге қатысты, сондықтан ол нормативті болады. Ал өтемақы төлеу туралы бұйрық жеке адамдарға қатысты болғандықтан жекелік болады.
Бұйрықтың жобасы кәсіпорын мамандары тарапынан әзірленеді де, орынбасарлармен, қызмет бабы бойынша бастықтармен, заңгермен, бас бухгалтермен (қаржы жөніндегі), кадрлар бөлімі бастығымен келісіліп, директор қол қояды. Бұйрық беру тәртібі бұзылғанда, оның заңды күші жойылып, кері қайтарылады. Бұйрық жобасына оның қажеттігін, заңдылығын негіздейтін құжаттао коса тітжелетгі.
Бұйрық, егер оның мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қол қою құқығына мекеме басшылары, олардық бірінші орынбасарлары, сондай-ақ біліктілігі жоғары және басшының тапсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие бола алады. Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсе-тілмесе, оның күші тұрақты болады. Оның күшін мекеме басшысы жақа бұйрық шығарып қана жоя алады, не-месе жоғары құзырлы орган не сот жояды.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне толтырылады және мынадай деректерден тұрады: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы (бұйрық), мерзімі, индексі (нөмірі), мәтін тақырыбы (бекіту туралы, тапсырма туралы т.б.) бақылау туралы белгі, мәтін, қойылған қол, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгілер.
Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші және жарлық.
Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудық себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған сілтеме жасалады.
Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРА-МЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардық аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб са-нымен нөмірленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Өр тармақ үшінші жақ, бұйрық рай, ырықсыз етіс түл-ғасындағы етістіктен (тапсырылсын, жариялансын т.б.) және бұйрықты орындаушыны (лауазымды адамды не-месе бөлімшені) көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауа-зымы, аты-жөні) жүктелсін» деп көрсетіледі.
Жекелеген тапсырмалар бұйрыққа ңосьшша ретінде берілуі мүмкін және бұйрық мәтінінде оларға: сілтеме жасалуы тиіс (қосымшаға сөйкес). Егер қосымшалар бірнешеу болса, олардық әрқайсысы нөмірленеді. Бұйрық пен қосымшалардық беттері бірықғай құжат түрінде нөмірленеді.
Бұйрықтан көшірмеде жарлықңа дейінгі барлық деректер сақталады, ал жарлық бөлімінен тек нақтылы сол жағдайға қажет мағлұмат алынады. Көшірме де үзінді нұсқа сияқты куәландырылады.
Егер бұйрық бірнеше тармақтан тұрса, оның барлығының орындалуына бір ғана адам жауапты болса, оңда ол соңғы тармақта ғана көрсетіледі. Мекеменің ішкі іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бұл түрін сипаттай отырып, мынадай бұйрықтарды атап көрсетуге болады:
— жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар;
Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.
Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күңделікті болып жататын түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.
Төтенше жағдайға байланысты бұйрыктар мекемедс күтпеген оқиға болған кезендегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі.
Арнайы бұйрыктар көбіне қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе квартал қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп, басылып, 1 данасы марапатталған адамға тапсырылады.
Басқа да бұйрық түрлері мекеменің күнделікті жұмыс барысындағы кейбір мәселелерді қажет жағдайда шешу барысында беріледі. Мысалы, уақытша бөлім бастығының немесе басқа қызметкердің қызметін атқару, маусымдық жұмыс мерзімін белгілеу т.б.
Түрлі жағдайға байланысты бұйрықтардың, да түрлі нұсқалары болады.
СҰРАҚТАР:
-
Бұйрық беру құқығы дегеніміз не?
-
Бұйрық мазмұны жағынан нешеге бөлінеді, ата
-
Бұйрық мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қашаннан бастап күшіне енеді?
-
Қандай жағдайда бұйрықтың күші тұрақты болады?
-
Бұйрықтың мәтіні неше бөліктен тұрады?
-
Нұсқау дегеніміз не?
-
Нұсқаудың белгілеуші бөлігі қандай сөздерден басталады?
-
Жарлық дегеніміз не?