400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Бұйым өру" 5 сынып жаңартылған бағдарлама бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұйым үлгілерін, өру түрлерін,өру техникасындақолданылатын әртүрлі материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) көрсету. Оқушыларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен (шымши, қамшы өру және т.б.) таныстыру. Алдыңғы сабақта оқушылар өру техникасында орындалатын бұйымның нобайы мен сұлбасын орындаған. Оқушылар осы сабақта қолданылатын материалдар мен қажетті құрал-жабдықтарды, өру техникасын,түстердің үйлесімділігін өзбетінше таңдайды. Өз тәжірибемнен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім 2А Сәндік-қолданбалы шығармашылық

МЕКТЕП: «Сұңқар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Күні: 7.12

Мұғалімнің есімі: Мухамеджанова Гульжазира Кобетаевна

СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны: 5

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бұйым өру

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсат тары (оқу бағдарла масына сілтеме)

5.2.3.2-Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау

Сабақ мақсаттары

Бірнеше өру әдісін пайдаланып бұйым орындау; ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану; шығармашылық жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау

өз жұмыстарындағы шығармашылық шешімдеріне пікірлер бере алады және орындалған жұмыстарының сапасы мен қасиеттерін сын тұрғысынан талдайды (сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында)

Бағалау критерилері

Білу


Түсіну


Қолдану

қатарлап өруді схема бойынша өруді біледі, өру өнері туралы білімін көрсетеді;

өрудің бірнеше тәсілдерін меңгерген;


материалдар мен құрал-жабдықтарды ұқыпты қолдана алады;

шығармашылық жұмысты ұқыпты орындайды; өру техникасын қолдана алады.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту:

Әлемдік және қазақтың ұлттық мәденииетіндегі өнер, қолөнері мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін зерттеп, сипаттама береді өз жұмыстарындағы шығармашылық шешімдеріне пікірлер бере алады және орындалған жұмыстарының сапасы мен қасиеттерін сын тұрғысынан талдайды (сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында);

Лексика мен сөз тіркестері: өру, макраме, түйін түрлері,

Диалог/жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  • Өру өнеріне .... жатқызуға болады.

  • Мен өрудің мына тәсілін таңдаған себебім, ...

  • Өрудің ... түрі қазақ қолөнеріне тән деп ойлаймын.

Құндылықтарға баулу

Өз ойларын еркін айта білуге, шығармашылық өнер мен қызығушылықтарын дамуына, әсемдікке, эстетикалық талғамын тәрбиелеу. Бір-біріне және өзіне құрметпен қарауға жағдай жасау. Оқушылардың өзіндік нәтижеге жету жұмыстары арқылы біліктілігін қалыптастыру, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

  • Мағлуматтарды дұрыс пайдалану арқылы сабақта Математика /өруде түйін сандарын санау үшін қолданылады/, орыс тілі, қазақ тілі /өз ойларын жеткізу, тілдік дағдыларын дамыту үшін пәндер арқылы байланыс орнату.

АКТ қолдану дағдылары

Шығармашылық ойларды жүзеге асыруда алғашқы және қазіргі smk.edu.kz ақпарат көздерін мақсатты, өнімді пайдалану. (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану)

Алдыңғы сабақтан алған білім

Өру ұғымын түсінеді. Бұйым өруге схема арқылы қолдануды ұғынады. Сәндік-қолданбалы туралы біледі және түрлерін ажыратады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар оқулық, бейнеролик, жіп, қайшы

Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Айналаға алақаңмен

Жылулықты шашайық

Сәттілік тілеп, күлімсіреп

Біз сабақты бастайық!

Қалыптастырушы бағалау

Қызығушылықты ояту

Білу (5 минут)

Сұрақ –жауап

1.Египетте әйнектен жасалған ыдыстар қай ғасырда табылды? 2.Бисер сөзі арабтың қай сөзінен шыққан?

3.Оймақ не үшін керек?

4.Стеклярус деген не?

5.Бисердің моншақтан айырмашылығы

Үй тапсырмасын тексеру

Дескрипторлар

1.Әйнек, бисер тарихы туралы біледі;

2.Бұйымды өруге құралдарды таңдауды біледі;

3.Бисерді моншақтан, стеклярустан ажыра алады.


Қол шапалақтау

Мағнаны ашу

Түсіну (5 минут)

Қыздардың әшекей бұйымы, қолға арналған.

Picture 16

«Айтып беру» әдісі

(Жаңа материалдың негізгі идеясын) айтып беру

Сабақтың ортасы


Қолдану (7 минут)











(МК) Білезік өру (бейнеролик көрсету).

Бұйым үлгілерін, өру түрлерін,өру техникасындақолданылатын әртүрлі материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) көрсету. Оқушыларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен (шымши, қамшы өру және т.б.) таныстыру.

Алдыңғы сабақта оқушылар өру техникасында орындалатын бұйымның нобайы мен сұлбасын орындаған. Оқушылар осы сабақта қолданылатын материалдар мен қажетті құрал-жабдықтарды, өру техникасын,түстердің үйлесімділігін өзбетінше таңдайды.

Тапсырманы бастамас бұрын техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы үшін нұсқамалық жұмыстарын жүргізу.

Қауіпсіздік ережелерді қайталау.

Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

  1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.

  2. Жіпті қайшымен қию керек.

Құралдарды арнайы қобдишада сақтау.

Дескрипторлар

1.Өру түрлерін біледі;

2.Қауіпсіздік ережелерін біледі, қолданады

3.Өру техникасын қолданады

Қол шапалақтау

( 15 минут)

Ұ

Ұжымдық жұмыс

Дескрипторлар

1.сызбаны таңдайды;

2.сызба көмегімен білезік тоқиды;

3.өздегінен жұмыс атқарады;

4.жұмысын ұқыпты жасайды.

Бекіту

(3 минут)

Сұрақ-жауап

1.Нені тоқуды үйрендеңдер?

2.Қай ел бисермен тоқудың отаны болып табылады?

3.Бисерден қандай бұйымдар тоқуға болады?


Сабақтың соңы

Ой толғаныс

2 минут

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

Не үйрендім?

Қайсысы оңай болды?

Қайсысы қиын болды?

Тағы не үйренгім келеді?

Мұғалімнің бақылауы

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай жоспарлап отырсыз?

Денсаулық

Қауіпсіздік техникасын сақтау




Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
































Тақырып Бұйым өру


Оқу мақсаты

5.2.3.2 Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды)
қарапайым бұйым орындау

Бағалау критерийі

Білім алушы
Сызба бойынша бұйымды өреді
Бұйымды ұқыпты орындайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Түрлі материалдардан бұйым (білезік) орындаңыз.
Сызбаның көмегімен мулине жібінен білезік өріңіз.




Үлгі:

Picture 16

Дескриптор Білім алушы
- сызбаны таңдайды;
сызбаның көмегімен білезік тоқиды;
- өздігінен жұмыс атқарады;
- жұмысын ұқыпты жасайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
2474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі