Материалдар / Бүктемелі кітабын жасаймыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бүктемелі кітабын жасаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Шымкент қаласы №83 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
1048
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі

кітабын жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар

саны

Қатыспағандар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Шығармашылық ойларын жүзеге асыру үшін білім-

біліктерін пайдалана білу қабілеттерін дамыту.

Бағдарламалық міндеті

3.1.3.1

3.2.2.1

3.2.4.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалімнің міндеті: белгілі бір әсерлегіш құралдарды пайдалана отырып, идеяларын жүзеге асыруды үйрету. Оқушылардың шығармашылық міндеті: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі кітабын меңгерген

білімдеріне сүйене отырып жасайды.

Оқушылардың міндеті

Жасайтын кітабының идеясын, пайдаланған әсерлегіш құралдарды сипаттау. Жұмысын таныстырып, талдау. Термин сөздерді үш тілде білу.

Тірек сөздер: жағымды және жағымсыз сезімдер, кейіпкерлер, қарама-қарсылық заңы, қарама-қарсы қатынастар, иллюстрация.




Талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптар:

  1. Жағымды сезім неден көрінеді?

(Қандай қасиеттерді жақсы деп айтасың?)

Жауап. Достарымен араласқанда, жақсы жаңалық

естігенде, қонақ келгенде, саяхатқа шыққанда, жақсы кітап оқығанда (кино көргенде, мұражайға барғанда), жақындарым мен достарыма барғанда, ауа райы жақсы болғанда қуанамын. Жақсы қасиеттерге мейірімділік, сөзде тұру, құпияны сақтай білу, өз ойын білдіре білу т.б. жатады.


  1. Не нәрседен жиренесің?

(Қандай қасиеттерді жаман деп ойлайсың?)

Жауап. Жағымсыз жаңалықтар, өзің немесе жақының ауырғанда, бір нәрсені қатты күтіп, ол орындалмағанда, ауа райы нашар болғанда, өзің істегің келмеген нәрсені істегенде жағымсыз сезімде боласың. Жағымсыз қасиеттерге менмендік, мақтаншақтық, қорқақтық,

біреуді ренжіту, сөзінде тұрмау, сөзшеңдік, дөрекілік, селқостық және т.б. жатады.


  1. Кітап жасау барысында қандай әсерлегіш құралдарды пайдалануға болады?

Жауап. Түс, сызық, штрих, қарама-қарсылық заңы, пішім, өлшем.


  1. Суретшілер қарама-қарсылық заңын не үшін қолданады?

Жауап. Жұмысын әсерлі етіп көрсету үшін.


  1. Мәтіннің мазмұнын ашатын суреттер қалай аталады? Жауап. Иллюстрация.


  1. Суретші-иллюстратор дегеніміз кім, ол не істейді? Жауап. Суретші-иллюстратор әртүрлі кітаптарға сурет салады. Олар мәтін мазмұнын ашады және иллюстрация деп аталады.


  1. Кітапқа не үшін сурет салатынын айта аласыңдар ма? Қандай кітаптарда сурет көп болады?

Жауап. Оқырманды қызықтыру үшін. Мәтін мазмұнын ашу үшін. Оқулықтарда, балалар энциклопедиясында, ертегілерде.


  1. Ненің жақсы, ненің жаман екенін ойланып, өзіңді және достарыңды жақсырақ білдім деп ойлайсың ба? (Сұрақты сабақтың соңында қояды.)

Жауап. Иә, бұл өзіңнің және достарыңның іс-әрекетін түсінуге көмектеседі (нақты мысалдар келтіру керек).


  1. Жасаған кітаптарыңа жаңа суреттер мен жазбаларды орналастырасыңдар ма?




(Сұрақты сабақтың соңында қояды).

Жауап. Иә, мұндай кітап қоршаған ортаны және өзін

жақсы түсінуге көмектеседі, бұл кез келген жағдайға өз көзқарасыңды жазатын күнделік тәрізді.


10. Ненің жақсы, ненің жаман екені туралы әлі де ойланасыңдар ма?

(Сұрақты сабақтың соңында қояды.)

Жауап. Иә, бұндай сұрақ төңірегінде ойлану керек, ол кемшіліктерді түзетуге септігін тигізеді.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: бүктемелі кітап қалай

жасалатынын біледі. Бірнеше суреттен тұратын кітап жасай алады.

Оқушылардың көпшілігі: өздеріне таныс әсерлегіш құралдарды, сондай-ақ кітапқа иллюстрация жасағанда

қарама-қарсылық заңын қолдануды біледі.

Кейбір оқушылар: өздеріне таныс әсерлегіш құралдарды, сондай-ақ кітапқа иллюстрация жасағанда қарама-қарсылық заңын қолдануды, сонымен қатар

«жақсы», «жаман» түсініктеріне өздерінің ойларын айта біледі.

Бұрын алған білімдері

Сызықтың әсерлегіш мүмкіндіктері. 2-сынып. Түстің әсерлегіш мүмкіндіктері. 2-сынып. Қағаздың қасиеті. 2- сынып. Қағаздың қасиеттері. 2-сынып. Иллюстрация дегеніміз не? 3-сынып. Композициядағы қарама-

қарсылық. 3-сынып.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу, қазақ тілі. Оқушылар тақырыпты талқылап, жұмысты суреттегенде, әдеби шығармаларды тыңдағанда сөйлеу дағдыларын

жетілдіреді. Тақырыпты талқылған кезде табиғат құбылыстарын, әдеби шығармалар үзінділерін, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді еске түсіріп, жұмысты

бастамас бұрын №2 қосымшадағы 2-тақырыпқа арналған тақпақтарды оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбы- на кіріспе

Сыныпта жағымды ахуал мен шығармашылық орта қалыптастыру.

Балаларға арналған әндерді қосып қоюға болады.

Музыкалық үзінділер.

Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен

дағдыға қол жеткізу

Әрбір адам адамгершілік тұлғыдан сыни ойлау, яғни ненің жақсы, ненің жаман екенін білгені дұрыс.

Адамдар өмірде жақсыны да, жаманды да көреді.

Өзіңнің және өзгелердің іс-әрекеттерін дұрыс

бағамдап, нені істеуге болатынын, нені болмай- тынын түсіну қажет. Өткен сабақтарда мейірімді

және зұлым кейіпкерлерді, ненің жақсы, ненің жаман екені туралы аз әңгімелескен жоқпыз. Ал қазір

тыныштық сақтап, нені жақсы, нені жаман деп

1, 2 қосымша.




санайтындарыңды ойланыңдар (талдауға бірнеше минут беріледі, оқушылар өз ойларын айтады).

Мұғалім түйіндейді: сендер ненің жақсы, ненің

жаман екенін білесіңдер. Оларды білгендерің жақсы, ол сендерге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Оны ұмытпас үшін біз бүгін бүктемелі кітап

жасаймыз, онда өздерің ненің жақсы, ненің жаман екені туралы ойларыңды көрсетесіңдер. Бұл

кітаптың жақсы жағы – оны бір жылда толтырып қоймай, суреттер мен жазбаларды ақырындап

желімдей беруге болады. Бір кітапты аяқтап, екіншісін бастауға болады. Ержетіп, мектепті

аяқтағаннан кейін қолдарыңа кітапты алып, 8, 9, 10, 11 жасыңда нені жақсы, нені жаман деп

түсінгендеріңді көрген қызық емес пе?! Көзқарастарыңның қалай өзгергенін немесе өзгермегенін салыстырасыңдар. Бұл кітапты міндетті түрде сақтап қою керек. Сабақтың соңында №1 қосымшадағы «Жақсы-жаман» ойынын ойнауға

болады.


Материал- ды

түсіндіру

Енді кітапты қалай жасайтынымызды талқылайық (сабақты оқулық бойынша түсіндіреді). Қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесіне көңіл бөлу керек! Кітапты өлшеп, бүктеу жолдарын кезең- кезеңімен көрсетеді. Өлшемін өзгертуге болады.

Бірақ кітапты өте үлкен етіп жасаудың керегі жоқ. Одан әрі суреттерге арналған қағазды қияды, олар кітаптың өлшеміндей болуы тиіс не жиегінен 1 см- дей кіші болады (шамамен 9х9 – 12х12 см).

Оқушылардың назарын олар тек суретті жапсырып қоймай, оған қоса жазатын болса, онда оған орын қалдыру керек екеніне аудару керек. «Жақсы» суреттерінің саны «жаман» суреттерінің санымен бірдей болғаны дұрыс. Оларды оқулықта

көрсетілгендей кезектестіріп орналастыру керек. Қарама-қарсылық заңын естен шығармай, «жақсы»,

«жаман» қатар тұрып, бір-бірін айқындап тұруы тиіс.

Оқулық.

1, 2 қосымшадағы материал.

Кітаптағы иллюстрациялар, картиналардың репродукциялары.

Өздік жұмысты орындау

Оқушылар сурет салуға кіріседі. Суреттің жартысын бірінші сабақта, екінші жартысын келесі сабақта орындайды. Қабілеттері мен жылдамдықтарына қарай екі сабақта 6-дан 12-ге дейін сурет сала алады. Оқушылар суреттерді үйде салып, екінші сабаққа әкелуге де болады. Екінші сабақта суретпен жұмыс

істеуді жалғастырады, оған 10–15 минут уақыт бөлінеді. Одан соң суреттерін бүктемелі кітапқа желімдеп, егер қаласа жазу жазады.

Түрлі түсті қатты қағаз, жұқа, түсті қатырма қағаз алған дұрыс, сызғыш, жай қарындаш, түсті қарындаш, түсті

фломастер, желім, қол сүртетін орамал.

Сабақтың қорытын- дысы

Оқушылар жасаған бүктемелі кітаптарын таныстырады, суреттері арқылы не айтқысы келгендерін, қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланғанын, бұл кітап өздеріне қалай әсер ететінін әңгімелейді. Оқушылар жұмыстарын

таныстырып болғаннан кейін, бір-біріне сұрақ





қойып, оларға жауап береді.

Оқушылардың жұмысын қорытындылау, оларға тағы бір рет қандай маңызды сабақты өткенін айту.


Қосымша ақпарат

Дифференциациялау Оқушылардың бәрі тақырыпты талқылауға қатысады, мұғалім- нің сұрақтарына жауап береді.

«Жақсы», «жаман» түсінік- теріне үш суреттен салып, кітап жасайды. Таныстыру бары-

сында жұмысты талқылауға қатысады.


Оқушылардың көпшілігі 6 суреттен орындап, кітапты жасайды. Таныстыру

барысында жұмысты талқылауға қатысады.


Кейбір оқушылар суреттері көп және жазулары бар кітап

жасайды. Шешімдерін

түсіндіре отырып, жұмыстарын таныстырады.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұғалімге берген

жауабынан (оқулық- тағы);

  1. жасаған

жұмыстарынан;

  1. жасаған

жұмыстарын таныстырып, талқылауларынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз).

АКТ-мен байланыс

Сабақтың барысында мұғалім CD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны қолданады.


Өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс істеу ережесіне ерекше көңіл

бөлінеді.

Сіз оқушыларға қолдау

Бағалау

Құндылықтармен байланыс

көрсету үшін не істейсіз?

Сабақта оқушыларды

«Жақсы» және «жаман»

Сабақтың барысында

бағалау:

түсініктері адамгершілік

оқушыларды бағалайды:

1) оқушылардың

құндылықтардың

Жарайсың, сен сұрақтарға

мұғалімнің және

қалыптасуына және осы

толық жауап бересің! Сен өте

оқулықтағы сұрақтарға

күрделі құбылыстарды

байқампазсың! Сен жақсы

жауабы;

түсінуге септігін тигізеді.

мысалдар келтірдің! Сен

2) туындылардың

Мысалы, К. Маковскийдің

тапсырманы жақсы орындауға

репродукцияларын

«Найзағай астындағы балалар»

тырыстың! Сен өте жақсы кітап

суреттеуі;

картинасында найзағайдың

жасадың, ол көп адамның

3) жұмысты талдап,

қорқынышты екені, ол адамға

қызығушылығын оятады! Сен

талқылауға қатысуы;

қауіп төндіретіні, сондай-ақ

жұмыстарды талқылауға

4) орындалған жұмыс.

найзағайдан өзін және

белсене қатыстың! және т.б.


бауырын қорғап жатқан қыз



бейнеленген. Өзі кіп-кішкен-



тай болып, үйге тезірек жету



үшін бауырын арқалап алған.



Бір туындыда, тіпті өмірде де



жақсы мен жаман қатар келген.



Мұндай мысалдар жеткілікті.



Соғыс – қасірет, алайда



соғыста жанкештілік бар,



адамдар өмірін құрбан етіп,



басқа адамдарды құтқарады,



құтқарып та келе жатыр. Бұлай





салыстыру терең ойлануға мүмкіндік береді. Сабақта №2

қосымшадағы тақпақтарды оқиды.

Ойлану. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!