Материалдар / Бұлшық еттің жұмысы 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бұлшық еттің жұмысы 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұлшық еттің жұмысы. Бұлшық ет тонусы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
2405
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9-СЫНЫП 3-ТОҚСАН

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бұлшық еттің жұмысы.

Демонстрация « Негізгі бұлшық еттердің жұмысын өзіндік бақылау, иық белдеуінің қол қозғалысындағы рөлі. Бұлшық ет қозғалысын реттеу»

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Қозғалыс»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшық еттің жұмысы. Демонстрация « Негізгі бұлшық еттердің жұмысын өзіндік бақылау, иық белдеуінің қол қозғалысындағы рөлі. Бұлшық ет қозғалысын реттеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.6.1 - қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу.

Сабақтың мақсаты:

қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Менен бір мотивациялық сөз» атты психологиялық ахуал туғызу.


Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, мотивациялық сөздер айтады.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мотивациялық сөздер


Арманда!

Сенім арт!

Өзіңді жетілдіре біл!

Қол жеткіз!

Жаңалық аш!

Жеңе біл!

Тек қана алға жылжы!

Өзіңді тыңда!

Қағидадан бас тарт!


Жаңа сабаққа кіріспе

Мағынаны білу


«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.



Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;




Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың т ақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


презентация



Сабақтың ортасы мағынаны түсіну





Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.



Адамның бұлшық ет ұлпасы туралы не білесіңдер? Барлық қуыс ішкі мүшелердің екінші қабаты неден түзілген?

Миокард дегеніміз не?

Қандай бұлшық ет жасушаларын микроскопсыз көруге болады?

Адам ағзасында қанша бұлшық ет бар екен?

«Миоцит, бұлшық ет талшығы, бірыңғай салалы бұлшық ет, көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы» деген түсініктерді қалай салыстыруға болады?

Бұлшық еттер бүгуді және жазуды қамтамасыз ете ала ма?

(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


п резентация

Сабақтың ортасы

Мағынаны қолдану




Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.


Тапсырма

1. Суретте көрсетілгендей оқушы динамометрдің көмегімен қол бұлшықеттерінің күшке төзімділігін зерттейді. Оның қанша уақыт қысып және босата алатындығын білу үшін уақытпен өлшейді. Оқушының бұлшықеттерінде қажуды тудыратын белгілі бір зат түзіледі. Бұлшықеттердің күшке төзімділігін тежейтін затты анықтаңыз.

A. Глюкоза

B. Сүт қышқылы

C. Оттегі

D. Су


Бағалау критерийі:


-Бұлшықеттің қажу себебін анықтайды;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- бұлшықеттің қажу себебін анықтайды – 1 балл;


Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны талдау






Сабақтың ортасы мағынаны жинақтау






Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.


Тапсырма.

Тренажер - көптеген фитнес орталықтарында қолданылатын аппарат. Суретте спортшының тренажерде жаттығу кезіндегі қол бұлшықеттерінің қозғалысы берілген.

Суретті қолданып жаттығу кезінде қолдың кеудеге қарай қалай қозғалатынын сипаттаңыз.

_____________________________________________________________________________


Бағалау критерийі:


- Бұлшықет түрлерінің жұмысын сипаттайды;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- бұлшықет түрлерін байланысты жиырылу ерекшелігін сипаттайды – 1 балл;


Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.


Демонстрация

«Негізгі бұлшық еттердің жұмысын өзіндік бақылау, иық белдеуінің қол қозғалысындағы рөлі. Бұлшық ет қозғалысын реттеу»

Құрал-жабдықтар: адам мүсіні, кестелер, қолды қимылдатудағы иық белдеуінің рөлін көрсететін фотолар немесе бейнематериалдар.


Иық белдеуінің бұлшық еті


Жұмыс барысы

Отырған күйі сол жақ жауырынның астыңғы бұрышын табыңдар. Сол қолды көлденең деңгейге дейінгі жаққа апарыңдар. Жауырын жылжи ма? _______

Қол қозғалысын жоғары тік орынға дейін апарыңдар. Жауырын жылжи ма?_________

Қолды сол жақ бұғанаға қойып, қимылды жалғастырыңдар. Қандай жағдайда бұғана жылжиды?______________

Қорытынды: Қолды қимылдатуда иық белдеуінің рөлі қандай?

Бағалау критерийі:


- Бұлшық ет қозғалысын реттеуді демонстрациялайды;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)






















Дескриптор:


- негізгі бұлшық еттердің жұмысын өзіндік бақылайды – 2 балл;

-иық белдеуінің қол қозғалысындағы рөлін түсіндіреді – 2 балл;

- қолды қимылдатуда иық белдеуінің рөлін бағалайды – 2 балл;

-демонстрация жұмысының нәтижесін жазады – 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс


«Жетістік баспалдағы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».




ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
« » КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Зертханалық жұмыс№7 «Статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттің қажуын зерттеу».

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Қозғалыс»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Зертханалық жұмыс №7«Статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттің қажуын зерттеу».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.6.2 - бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу. БЖБ (20-мин)

Сабақтың мақсаты:

бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттейді және қозғалыс бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын орындайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!