Білім беру
саласы: Таным,
Әлеумет.
Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Бұлттар әлеміне саяхат»
Мақсаты: Білімділік:Балаларға аспан әлемін қағаз бетіне дәстүрден тыс
әдістермен түсіру, іскерлік дағдыларын меңгерту, шашырату әдістерін
бекіту.Дамытушылық Қоршаған ортадағы әсемдікті сезіне білуге, туған жердің
табиғатын сүйіп қастерлеп қорғауға
тәрбиелеу.Тәрбиелік:Балалардың ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының
ерекшеліктерімен таныстырып,табиғатты қарауңа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыстар: сұр, қатпарлы, мамық,
бұйра.
Ресурстар: (материалдар,
жабдықтар): Бұлттар суреті,
І кезең:
ұйымдастырушылық-қозғаушылық
Шаттық
шеңбер
Қане балалар шеңбер құрып
тұрайық
Бойымызды, денемізді оятайық.
Сәлем көздер, оянайық
Сәлем құлақтар оянайық
Сәлем қолдар оянайық
Сәлем аяқтар оянайық
Іздену-құрастыру
ІІ кезең:
ұйымдастырушылық-ізденістік
Тыныштық сәті:
Тыныс алу жаттығулары:
Балалар аузымызды жауып мұрнымызбен терең демалайық.
Тамаша балалар.
Балалар енді мен сендерге
жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Күнді жабады
Жаңбыр болып жауады. (Бұлт)
Балалар бұлт туралы өлең шумақтарын оқып бергім келіп тұр.
Ақсың, сұрсың қарасың
Қалқып қайда барасың ?
Жерге нөсер төгілсін
Өссін гүлдер, көп егін.
Гүл, гүл жайнап өсер көп
Нөсерлетсең нөсерлет.
Балалар енді назарларыңды маған аударып тақтаға қарайық мен
сендерге бұлттардың түрлерін көрсеткім келіп тұр.
Бұйра ақ бұлттар
Сұр бұлт
Қатпарлы бұлт
Мамық бұлт
Қызықты сәт: Топқа бұлт кіреді.
- Балалар бізге қонаққа бұлт келіп қалыпты.
- Балалар мен аспан әлемінен келіп тұрмын. Менімен бірге бұлттар
әлеміне саяхатқа шыққыларың келе ме?
Енді балалар бұлттар әлеміне саяхатқа шығайық. Ол үшін орнымыздан
тұрып, қолдарымыздан ұстап, көзімізді жұмып елестетейік. Біздер
ұшаққа мініп аспанда ұшып келе жатырмыз. Аспанда мақтадай
үлпілдеген бұлттар өтіп бара жатыр. Бұлттар әр түрлі пішіндерге
қоянға, геометриялық пішіндерге ұқсайды екен. Енді балалар
парашютпен жерге секіреміз. Ал астыға қарайықшы астыдан нені көріп
тұрсыңдар? – жер, су, ағаштар. Бұл біздің туған жердің
байлығы,Табиғат қандай әдемі! Туған жеріміздің табиғатын
қастерлеуіміз, қорғауымыз
керек.
«Мейірімді бұлт» туралы ертегі
оқып берейін
Сергіту сәті: «Жаңбыр»
Жаңбыр жауа бастады
Қатты жауа бастады.
Бәсеңдеді
Бұлттар тарқады
Жарқырап күн шықты.
Рефлекциялы-түзету
-Балалар, бүгін бізге қонаққа
кім келген?
«Бұлт» сендерге ұнады
ма?
-Жарайсыңдар
балалар!
-бұлт
-ия,
ұнады