Материалдар / Бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбиелік функциялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбиелік функциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесі, оның дамуы қашанда аса маңызды мәселелердің бірі болса, жаңа ғасырға енген қазіргі кезеңде жоғары технологиялық ақпараттық қоғамның мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім мен тәрбие беру көзделіп отыр. Өйткені, қоғамның қай саласында болсын жаңа технологияға кеңінен мән беру өмірдің өзі талап етіп отырған мәселе, олай болса қандай да жаңалықты қабылдауға бейім және оларды меңгеруге дайын жастардың жаңа технологияларға лайықталған білім мен тәрбие алуына ерекше көңіл бөлу заңдылық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2022
1696
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ЖОСПАР


АНЫҚТАМАЛАР........................................................................................................2

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР....................................................................3

КІРІСПЕ........................................................................................................................4

І БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ ...................................................................................................................................10

ІІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖАСТАР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ........................................................................................................................17

2.1 Оқушы-жастардың тәрбиесіне БАҚ-ның тигізетін кері әсері.............17

2.2 Бұқаралық ақпарат құралдарының оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға байланысты шараларының мәні мен мазмұны жайында....................................................................................................................19

ІІІ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ БАҚ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ДАЙЫНДАУ МОДЕЛІ.............................................................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................32























АНЫҚТАМАЛАР


Ақпараттық қоғам деп адамға және мемлекетке қажетті білімнің бәріне ақпаратты кедергісіз алу арқылы қол жеткізуге болатын және онымен жұмыс істей алатын шарты бар білім қоғамын айтады.

Бұқаралық ақпарат құралдары – баспасөз, радио, теледидар сияқты құралдардың біртұтастығы, олар журналистика мен аудиторияның арасындағы байланыстырушы болып табылады және журналистиканың басты құралы ақпарат беруді пайдалана отырып білім беру, дамыту, тәрбие беру мәселелерін шешуге қатысады.

Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне дайындау деп педагогикалық оқу орындарында тәрбие үрдісіне дайындауда тиімді құрал бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдалануға болашақ мұғалімдердің теориялық және әдістемелік тұрғыдан кәсіби дайындығын жүзеге асыруды айтады.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие беру деп тәрбие үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық, коммуникативті, әлеуметтік, мәдениетанушылық, танымдық, дамытушылық мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалануды айтады.

Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық ендіруді білдіреді.

Интерактивті – ақиқат уақыт тәртібінде пайдаланушы мен ақпарат жүйесі арасындағы белсенді хабар алмасу.

Медиабілім - бұл педагогикалық теория мен практикада білім берудің ерекше бір бағыты ретінде оқушылардың көпшілік коммуникация заңдылықтарын оқуын қолдайтын, сондай-ақ қазіргі бұқаралық коммуникация құралдарын меңгеру мақсатында теориялық білім мен практикалық іскерліктерге үйретуді көздейтін педагогикадағы бағыт.

Педагогикалық жүйе - бұл адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі.

Педагогикалық инновация – жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, технологияларды, бағдарламаларды және т.с.с) меңгеру процесі; ерекше әдістемелер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды білім беру процесіне енгізу және шығармашылықпен ой елегінен өткізу.









БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



ЖОО

жоғары оқу орны

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

БАК

бұқаралық ақпарат коммуникациялары

ҚР

Қазақстан Республикасы

ҚР ҰҒА

Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясы

ҰБА

ұлттық білім академиясы

ҚР МЖМБС

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ОӘК

оқу-әдістемелік кешен

МТА

мектеп телеарнасы

БП

базалық пәндер

КП

кәсіптік пәндер

ЖБП

жалпы білім пәндері

БМОПӘ

бастауыш мектепте оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

ПП

педагогика және психология























КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Болашақ ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесі, оның дамуы қашанда аса маңызды мәселелердің бірі болса, жаңа ғасырға енген қазіргі кезеңде жоғары технологиялық ақпараттық қоғамның мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім мен тәрбие беру көзделіп отыр. Өйткені, қоғамның қай саласында болсын жаңа технологияға кеңінен мән беру өмірдің өзі талап етіп отырған мәселе, олай болса қандай да жаңалықты қабылдауға бейім және оларды меңгеруге дайын жастардың жаңа технологияларға лайықталған білім мен тәрбие алуына ерекше көңіл бөлу заңдылық. Осы орайда жастардың қазіргі қоғамдағы орны және ұлттық құндылықтардың сақталуы мен тәрбиенің маңызы жайында еліміздің Президенті Қазақстан жастарының І съезінде сөйлеген сөзінде өте маңызды әрі көкейкесті мәселені көтерді. Н.Ә.Назарбаев аталған кездесуде: «Жастардың бойында құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыру керек, оның негізінде еңбексүйгіштік, ар-намыс, парасаттылық, өзін-өзі тұрақты жетілдіруге ұмтылыс және оқу, тәртіп сияқты қасиеттер жатқаны жөн» деп қазіргі жастардың бойында аса қажетті құндылықтарды тәрбиелеуді одан әрі жетілдіру керектігін және оны білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру арқылы қалпына келтіру керектігіне мән беру қажеттілігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ елбасы, қазіргі кезде бұл құндылықтарды жастар мен жасөспірімдердің бойында қалыптастыру үшін әртүрлі іс-шараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізу керектігін айта отырып, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалына үлкен мән берудің тиімділігіне және оның бұл мәселелерді жүзеге асыруда аса маңызды құрал екендігіне тоқталды [1].

Қай кезеңде болсын қоғам талаптарына лайықты азаматтар тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті қажет ететін үрдіс екені белгілі. Осыған байланысты қоғамның жаңа ХХІ ғасырға аяқ басқан кезеңіндегі түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтарға толы мерзімде болашақ азаматтарға білім мен тәрбие беру мекемелерінің алдында жауапты міндеттер тұр. Бүгінгі күні ақпараттық технологияларға бейімделген білімді, тәрбиелі, мәдениетті тұлғаны өмірге дайындауға барлық мүмкіндіктер бар және оған әртүрлі факторлар әсер ететін болса, солардың негізгілерінің бірі ретінде бұқаралық ақпарат құралдары мүмкіндіктеріне қоғамның кеңінен көңіл бөле бастауы бекер емес. Өйткені, өзінің кең мүмкіндіктеріне қарай кейінгі кездері бұқаралық ақпарат құралдары адам өмірінде белгілі дәрежеде ықпалды роль атқарып отыр. Осы тұрғыдан қарастырғанда, қазіргі уақытта ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін ескермей рухани өмірдің қай саласындағы да әлеуметтік-мәдени дамуды елестету қиын болса, олардың ең алдыңғы қатарында білім беру жүйесі тұр. Білім беру мекемелерінің алдына қойылып отырған қазіргі басты талап – жеткіншектерге заманға лайықталған білім, тәрбие берумен қатар, олардың өздігінен білім алып, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру, сонымен қатар оларды танып-білуге бейімдеу болса, бұқаралық ақпарат құралдары өздігінен білім алудың негізгі көзі, әрі басты құралы. Демек, тұлға қалыптастыру тұрғысында өскелең ұрпақты тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі, бұл тұрғыда адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін барлық негізгі факторларды, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше ықпалдық факторын да қарастырған маңызды. Жасөспірімдердің мектептегі оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерді ескере отырып білім беру міндетті болып табылады. Өйткені, әлеуметтік ортадағы мақсатты бағытталған тәрбие үрдісінде ғана адамның әлеуметтік-құлықтық бағдарламасын жасау жүзеге асады және адам жеке тұлға ретінде қалыптасады. Соған сәйкес, тұлғаның әлеуметтік дамуы нақты тарихи сипатқа ие болады. Демек, тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі, нәтижесі бола отырып өзінің белсенді қоғамдық қимылы арқылы қалыптасады. Бұл мәселеде бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, радио, теледидардан бастап интернетке дейін) интерактивті айрықша маңызға ие болып отыр.

Осы тұрғыдан қарастырсақ, жаңа технологиялар заманында уақыт талаптарына жауап бере алатын тәрбиелік әдістерді, құралдарды анықтап, оны қолданысқа ендірудің қажеттілігі туындайды. Педагог ғалымдар әр елдің тәжірибелерін қарастыра отырып, тәрбие беруде барлық әлеуметтендіру институттарының бірлесіп әрекет етуі тиісті нәтиже беретінін үнемі айтуда. Ал тәрбие институттары ретінде ең алдымен отбасын, оқу-тәрбие мекемелерін қарастыратын болсақ, сонымен қатар соңғы уақыттарда олардың қатарына бұқаралық ақпарат құралдары да енеді. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарының оқу-тәрбие үрдісіндегі ролінің ұлғаюына қарай, оның мүмкіндіктерін педагогика және психология тұрғысынан тереңірек талдауды қажет етеді. Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының танымдық-тағлымдық, ақпараттық, рекреативті, релаксациялық, коммуникативті мүмкіндіктері жан-жақты зерттеле бастады және педагогикада жаңа «медиабілім» бағыты пайда болды. Медиабілім берілу қажеттігін ұсынған тұжырымдамалар мен оларды жүзеге асыруға арналған бағдарламалар бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлерінің және соған қатысы бар техникалық құралдарды пайдалана білуге жасөспірімдерді үйретуді, соған орай бұл іс-әрекетке болашақ мұғалім мамандардың дайындығын жүзеге асыруды көздейді. Тұжырымдамалардың негізінде көптеген шетелдік ғалымдар медиабілім проблемасына кеңінен көңіл бөліп, бұл мәселе бойынша зерттеулер жүргізуде. Ол зерттеулерде медиабілім берудің негізгі тармағы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдары ролінің оқушылар өмірінде барынша артып отырғандығы көрсетіледі. Сондай-ақ, БАҚ-тың бүгінгі күні ересек адамдардан гөрі балалардың өмірінде елеулі орын алатындығына байланысты олардың мүмкіндіктеріне мән беру маңызды болып отырғандығы айтылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының жасөспірімдердің дамып, қалыптасуындағы орнын әртүрлі аспектіде (философия, мәдениеттану, педагогика, психология) қарастырып жүрген бір топ шетелдік ғалымдарды атап өтуге болады. Олар: Е.Н.Барышникова, А.Н.Богомолов, Н.Н.Богомолова, Г.Г.Воробьев, Г.Т.Волкова, С.А.Герасимова, Г.В.Грачев, Г.Г.Громов, И.Ю.Глинская, Е.Л.Доценко, А.А.Марков, Н.В.Махова, Л.С.Зайцева, О.В.Краснова, И.А.Колесникова, К.Г.Кречетников, А.А.Журин, Е.С.Полат, Е.В.Шуварикова, И.В.Челышева, С.Б.Цымбаленко, И.А.Яременко және т.б. [2 −23].

Сондай-ақ соңғы уақытта педагогикада жаңа бағыт деп танылып отырған медиабілім беру негізінде бұқаралық ақпарат құралдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мәселесіне зерттеу жүргізудің бірізділігін жасаған ғалымдардың (Л.М.Баженова, О.А.Баранов, Л.С.Зазнобина, И.С.Левшина, Л.Мастерман, С.Н.Пензин, А.А.Новикова, Ю.К.Усов, А.В.Федоров, А.В.Шариков) еңбектері назар аударарлық. Бұл ғалымдардың зерттеулерінде бүгінгі күні медиабілім берудің аса маңыздылығы және оны жолға қою арқылы жасөспірімдердің бойында бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдалануға деген көзқарасты қалыптастыру мүмкіндігі жоғары екендігі нақтыланған [24−33].

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында шетелдік және отандық ғалымдардың бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде адамзатқа ақпарат беруде ең алғашқы болып қызмет көрсеткен баспасөз құралдарын (мерзімді, педагогикалық) оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімділігі мәселелерін зерттеуге арналған біршама еңбектердің бар екендігі анықталды. Бұл мәселені зерттеумен ғалымдар Г.В.Абросимова, А.П.Апполонова, В.Ш.Самедов, О.П.Симанчук, Н.В.Иванова, Н.С.Малеванный, Г.Х.-А.Махмудова, Ю.М.Новокшонов, Д.Ф.Мезенцов, Мельник Г.С, Т.А.Репида, С.В.Миликидзе, Н.К.Шипатильник, С.Н.Янпольский [34−47], ал отандық зерттеушілерден Қ.А.Ақтамбеков, С.Абдукадирова, Р.Г.Ахмадиев, В.А.Бородин, И.П.Гуляева, Ү.Жұмабекова, С.Н.Имашев, Г.Исмағұлова, Н.М.Наренов, Ә.Оразова, Н.П.Скальковская, А.А.Тіленбаева. т.б. айналысқан [48−59]. Атап айтқанда, С.Абдукадирова, Қ.А.Ақтамбеков, Р.Г.Ахмадиев, В.А.Бородин, С.Н.Имашев, Н.М.Наренов, Г.Исмағұлованың зерттеу еңбектері мерзімді, педагогикалық баспасөз құралдарының білім мен тәрбие берудің тарихи кезеңінде атқарған істерін талдауға және баға беруге арналған, яғни бұл зерттеулер белгілі бір тарихи кезеңде халыққа білім беруде баспасөздің ролін көрсетуді көздейді. И.П.Гуляева,Ү.Жұмабекова, Н.П.Скальковская, А.А.Тіленбаева жалпы білім беру мектептері оқушыларының және жоғары оқу орындарында студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда баспасөзді тиімді құрал ретінде пайдалануда қажетті әдістерді ұсынады.

Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының (теледидар, радио, газет-журналдар) жасөспірімдер тәрбиесіндегі тиімділігін ғалымдар: Д.И.Абдуллаев, Г.Я.Власкина, Н.Д.Горячев, Е.Е.Дорощук, М.А.Семенюк және т.б. зерделеген. Бұл зерттеулер бұқаралық ақпарат құралдарының қай кезеңде де мектеп оқушылары үшін дүниетанымдық тұрғыда негізгі білім көзі және басты тәрбие құралы, сондай-ақ әлеуметтендіруші институттардың бірі болып отырғанын нақтылайды. Бұқаралық ақпарат құралдарын жасөспірімдердің дүниетанымын тәрбиелеуде, көзқарасын қалыптастыруда және өмірге бейімдеуде негізгі әлеуметтік институттардың бірі деп танитын болсақ, оның мүмкіндіктерін тәрбие ісінде пайдалана білуге болашақ мұғалімдерді дайындау қажеттігі маңызды мәселе. Ұлы ғұламалардың пікірлерінде тәрбиесіз берілген білімнің тиімді болмайтыны анық айтылса, тәрбие мәселесі отандық ғалымдардың да қашанда назарында. Жасөспірімдердің тәрбиесі және оған болашақ мұғалімдердің дайындығы мәселелері А.Б.Абибулаева, Б.Айтмамбетова, Қ.Ж.Ағанина, С.Әбенбаев, З.Әбілова, М.Әлімбаев, М.Әмірбекова, Е.З.Батталханов, Р.Башарұлы, А.А.Бейсенбаева, С.Ғаббасов, А.П.Сейтешов, К.Сейталиев, В.Сергеева, Р.К.Төлеубекова, Ә.Табылдиев, А.Ғ.Қазмағанбетов, С.Қ.Қалиев, Ә.Жұмаханов, Л.К.Керімов, З.Ө.Кенесарина, К.Қ.Құнантаева, Ж.Ж.Наурызбай, А.Н.Тесленко, Б.Тлеулов, С.А.Ұзақбаева, А.Ілиясова және тағы басқа да еліміздің белгілі ғалымдарының зерттеулерінде жан-жақты қарастырылып, нақты ұсыныстар берілген [60−86].

Сондай-ақ, болашақ мамандарды кәсіби тұрғыдан дайындауға байланысты проблеманың бірқатар аспектілері Г.К.Ахметова, Б.Әбдікәрімұлы, С.Ә.Әбдіманапов, А.М.Әбдіров, Ш.Ә.Әбдіраман, Ғ.З.Әділғазінов, Р.Ч.Бектурганова, Қ.Б.Бөлеев, Т.Т.Галиев, Д.М.Джусубалиева, В.В.Егоров, М.Ж.Жадрина, К.К.Жанпейісова, Е.Ұ.Жұматаева, А.А.Қалыбекова, Ж.А.Қараев, С.Т.Каргин, Б.Т.Кенжебеков, С.М.Кеңесбаев, Қ.М.Кертаева, М.А.Құдайқұлов, М.Қ.Құрманов, Т.Ә.Қышқашбаев, М.С.Мәлібекова, Г.Ж.Меңлібекова, Б.К.Момынбаев, Б.А.Мукушев, Б.Ы.Мұқанова, Г.Қ.Нұрғалиева, О.Нұсқабаев, К.Өстеміров, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сыздықов, Ш.Т.Таубаева, Ә.Ә.Усманов және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде зерделенген [87−121].

Сонымен қатар, біздің зерттеу проблемамызды толыққанды зерделеу үшін бұқаралық ақпарат құралдарының негізі болып табылатын журналистика саласымен байланыстыра қарастыру заңдылық деп есептейміз. Бұл саладағы ғылыми еңбектерге талдау барысында елімізде қазіргі журналистиканы балалар және жастар тәрбиесімен сабақтастықта қарастырған бірқатар еңбектердің бар екендігіне көз жеткіздік. Атап айтқанда: Б.Жақып, Ж.О.Кенжалин, Г.Ж.Ибраева, С.Қозыбаев, Н.Омашев, Г.Ә.Сәрсенбекова, Қ.Тұрсын, Н.Г.Шыңғысовалардың еңбектері аталған проблеманы жан-жақты зерделеуге үлкен мүмкіндік берді [122−129]. Әсіресе, республикалық телеарналардың жастар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламаларының қалыптасу және даму тарихына баға берген, сондай-ақ олардың өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі жастардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған арналардың жұмыстарына талдау жасаған ғалымдар Н.Шыңғысова мен Г.Ибраеваның зерттеу еңбектерінің біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасын жан-жақты ашыла түсуіне үлесі мол болды. Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдары арасында адамзаттың пайдалануы жағынан негізгі орынды алып отырған теледидардың қоғамның болашағы жасөспірімдердің мінез-құлқының қалыптасып дамуындағы ролін жоққа шығару мүмкін емес, керісінше оның осындай мүмкіндіктерін пайдалана білуге олардың дайын болуы бүгінгі күні маңызды болып отыр. Сондықтан, жасөспірімдердің өміріндегі маңыздылығын ескере отырып, БАҚ-тың ұсынатын өнімдерінің балалар мен жастардың дамуында қаншалықты пайдалы болып отырғандығы, олардың көздеген идеологиясын болжау, оларға баға беру журналистика саласының мамандарының ғана міндеті болу дәрежесінен асып кетекендігі мәлім болып отыр. Демек, тәрбие ісі баршаға ортақ болғандықтан, бұл мәселеде ғылымдардың интеграциясы маңызды болып табылатыны сөзсіз. Қарастырылып отырған проблема тұрғысынан қарағанда, педагогика мен журналистика ғылымдарына біртұтастықта зерттеу жүргізіп, білім және тәрбие мәселесінде оң нәтижелерге қол жеткізуді жүзеге асыру болып табылады. Бұл зерттеу жұмысының барысында журналистика бойынша зерттеу жұмыстарына да кеңінен мән берілуі осының бір айғағы.

Қазақстан республикасының жаңа формация педагогына үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында көрсетілгеніндей, қазіргі білім беру жүйесіндегі дағдарыстардың болуы білім тиімділігінің жетіспеуіне ғана байланысты емес. Ол жас ұрпақтың интеллектуалдық, жеке тұлғалық, адамгершілік-рухани дамуында жіберіліген кемшілік, сонымен қатар білім жүйесінің жеке тұлғалық менталитетін қалыптастыруда, жалпы адамзаттық құндылық, толеранттылық және ынтымақтастық социум тұрғысынан білім беру жүйесінің дайындығы жоқтығынан делінген. Сондықтан педагогикалық білім берудің әртүрлі кезеңдерінің мақсаты – педагог біліктілігінің дамуына көмектесу, кәсіби міндеттерді шешудегі қабілеттерін жетілдіру болып табылады.

Болашақ мұғалімнің тәрбие үрдісіне жан-жақты дайындығы, мектепте оқушылардың тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана алуы мәселесі студенттің мамандықты меңгеру барысындағы дайындығына тікелей байланысты екені белгілі. Қоғамның постиндустриялды дамуы және ақпарат алу мүмкіндігінің жоғарылауы жағдайында, жоғары кәсіби деңгейді иеленген, шығармашылыққа және өзіндік жұмысқа қабілеті бар маман дайындау мәселесі одан әрі ерекше роль атқара бастады. Ақпараттық технологиялардың аса жоғары қарқынмен дамуы мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін өзгертуді, демек, болашақ мұғалімдердің өз қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге дайындығы мәселесін алға қойып отыр. Сондықтан, педагогикалық мамандыққа даярланып жатқан студенттер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне оқу орындарында дайындалуы міндетті және БАҚ-ты оқушылардың тәрбие үрдісін ұйымдастыруда пайдалана алуға дайындалуы өте маңызды мәселе болып табылады. Дейтұрғанмен, соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалдылығы жағынан кең мүмкіндіктерін ізденушілер біршама қарастырып жүргенімен, зерттеу жұмыстарының арасында болашақ мұғалім мамандарды оларды тәжірибеде пайдалана білуге дайындау туралы нақты ғылыми тұрғыдан негізделген, жүйеленген еңбектердің жоқ екендігіне көз жеткіздік. Сондай-ақ, төмендегідей бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтадық, атап айтқанда:

жасөспірімдердің өмірге көзқарасын қалыптастыруда ерекше насихат құралы БАҚ-тың тәрбие ісінде қажеттілігі жоғары болғанымен, ол мүмкіндіктерді мұғалімдердің пайдалануы барысында қиындықтармен жолығуы;

бұқаралық ақпарат құралдары ролінің артып отырғандығына қарамастан, болашақ мұғалімдердің бойында ақпарат құралдарын тәрбие үрдісінде пайдалана білу іскерлігі қалыптаспағандығы;

бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға болашақ мұғалімдерді мақсатты түрде дайындауға байланысты ғылыми негізделген әдістердің болмауы.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: БАҚ-ның оқушы-жастарға әсерін бақылау арқылы, БАҚ-на зерттеу жұмысын жүргізу арқылы БАҚ-ның көмегімен оқушыларға оқу-тәрбие жұмысын жүргізу моделін құрадық және осы мақсатқа жету барысында әдіс-тәсілдер ойлап таптық.

Зерттеу жұмысының мақсаты: бүгінгі күні қоғамдық дамудың негізгі қозғаушы күші болып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының жастар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде атқарып отырған рөлі, оның адам өмірінде атқаратын функцияларының әсері, ықпалы секілді мәселелерді анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда БАҚ мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігіне байланысты мемлекеттік дәрежедегі дайындалған құжаттарға, шараларға талдау жасау;

  • Республика мектеп мұғалімдерінің оқушылардың тұлға ретінде дамып, қалыптасуында үлкен мүмкіндіктерге ие болып отырған бұқаралық ақпарат құралдарын оқу-тәрбие үрдістерінде пайдалана алу біліктіліктеріне баға беру және болашақ мұғалімдердің дайындығын қалыптастыруға байланысты жүргізіліп отырған жұмыстардың негізінде студенттердің оған дайындық жағдайын анықтау;

  • Бұқаралық ақпарат құралдары: газет-журналдарда, теледидар, радио бағдарламаларында, интернет сайттарында оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына, жалпы дамуына арналған материалдармен, бағдарламалармен қамтамасыз ету жағдайларын анықтап, талдау;

  • Мектеп оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын пайдалануға дайын болашақ мұғалімнің нобайын дайындау;

  • Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға дайындау тұжырымдамасын жүзеге асырудың жолдарын жасау.

Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер:

  • формаландыру

  • гипотетикалық  - дедуктивтік әдіс

  • анализ

  • синтез

  • индукция-дедукция




І БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ


Қоғамдану үрдісінде адамдардың қарым-қатынасының бір түрі болып табылатын бұқаралық коммуникация құралдарының атқаратын ролі ерекше. «Бұқаралық ақпараттық үрдістер», «бұқаралық ақпараттар» т.б. түсініктер «бұқаралық коммуникация» түсінігінің синонимі болып табылады.

Бұқаралық коммуникацияның, үлкен әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын белгілі әлеуметтік бағыты бар. Бұл олардың тіршілігінің факторы болып табылады. Бұқаралық коммуникацияның негізгі функци

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!