Материалдар / Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұағлімдерге керек. ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2021
1492
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Мектеп: Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп

Сынып: 4 « »

Мұғалімнің аты-жөні: А.Ғ Қасым

Пәні: математика

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім:

Бөлшектер және пайыздар. Есептер

Сабақтың тақырыбы

 Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.1.4 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін әріпті теңдік түрінде: көрсету және қолдану

4.5.1.3 бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді шығару

Сабақтың мақсаты

1. бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді шығарады

2. бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін әріпті теңдік түрінде: көрсетеді және қолданады

3. бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерге кері есеп құрастырып, оны шығара алады

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

Алдыңғы білімді еске түсіру. Сұрақтар қойып жауап алу.

1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап. Бөлімі бірдей екі бөлшектің қайсысының ....(алымы)кем болса,сол бөлшек кіші болады

2.Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының .....(бөлімі)үлкен болса сол бөлшек кіші болады.

3. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу ережесі.

4. Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесі.

5. Жасыл гүл. Қандай санды аралас сан дейді?

6.  жай бөлшегіндегі 11 санын қалай атайды ?

7.  жай бөлшегіндегі 12 санын қалай атайды?

8.Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

9.Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептер. бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін әріпті теңдік түрінде: көрсетеміз және қолданамыз. Бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді шығарамыз

Мұғаліммен амандасады.








Сұрақтарға жауап береді.

Ауызша мадақтау







Сабақтың ортасы

33 мин


























































Сабақтың соңы

2 мин

1 тапсырма. Бөлшектерді өсу ретімен жаз, сонда ауаны қорғау тәсілдерінің бірі шығады

Жауабы: көгалдандыру

2-тапсырма. Есепті шығар.

а) Саяжолға 126 ағаш отырғызылған. Олардың 1/6 бөлігі қайың. Саяжолда барлығы қанша қайың бар?

Шешуі: 126-ның 1/6 бөлігін табамыз.

126 : 6 = 21 21 • 1 = 21

Жауабы: Саяжолда барлығы 21 қайың бар.

Ә) Сен санның бөлігің табуды білесің.Бірнеше бөлікті тауып көр.Саяжолға 126 ағаш отырғызылған.Олардың 3/6 бөлігі-үйеңкі.Саяжолда барлығы қанша үйеңкі бар.

1)126:6= 21 (ү)-бір бөлігіңде

2)21•3=63 (ү)-үш бөлігінде

126:6•3=63

Ереже. Санның бөлшекпен өрнектелген қандай да бір бөлігін табу үшін, осы санды бөлшектің бөліміне бөліп, алымына көбейту керек

3 тапсырма. А) Сенбілікке 369 оқушы шықты. Олардың 2/9-сі төртінші сынып оқушылары. Сенбілікке төртінші сыныптан қанша оқушы қатысты?

Шешуі: 369-дың 2/9 бөлігін табамыз

1) 369 : 9 = 41

2) 41•2 = 82

Жауабы: Сенбілікке 82 төртінші сынып оқушысы қатысқан.

Ә) Веложарысқа қатысушылар 15 000 км арақашықтықты жүріп өтуі тиіс. Жолдың 3/5 -ін жүріп өтті. Енді қанша жол жүруі тиіс?

Шешуі: 15 000-ның 3/5 бөлігін тауып аламыз.

1) 15 000 : 5 • 3 = 9 000 (жүріп өткен жол)

2) 15 000 – 9 000 = 6 000

Жауабы: Енді 6 000 км жол жүруі тиіс

Дескрипторы:

  • суреттердегі бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді шығарады

  • бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін әріпті теңдік түрінде: көрсетеді және қолданады

4 тапсырма. Пайызды бөлшек түрінде жаз. есепте

4 800 теңгенің 2 %-ы = 96 тг

1 км-дің 15%-ы = 15/100 км =150м

8 км-дің 74%-ы = 5920м

1 тоннаның 85 %-ы = 850кг

25 тоннаның 14 %-ы = 3т 500кг

9 кг-ның 35 %-ы =3150 г

Дескрипторы:

  • Пайызды бөлшек түрінде жазады және есептейді

5 тапсырма Есепті шығару және кері есеп құрастыру

Жол бойына отырғызу үшін 540 түп терек және бірнеше түп қараағаш көшеті әкелінді. Қараағаш теректің 2\6 бөлігі. Жол бойына отырғызу үшін барлығы қанша көшет әкелінді?

Шешуі: 540 кг-ның 2/6 бөлігін табамыз.

1) 540 : 6 • 2 = 180 (қараағаш)

2) 540 +180 = 720

Жауабы: барлығы 720 көшет әкелінді

Дескрипторы:

  • бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді шығарады

  • кері есеп құрастырады.

6 тапсырма. Теңдеуді шеш

х – 5/12 = 2/12

х = 2/12 + 5/12

х = 7/12

z 7/19 = 11/19

z = 11/19 + 7/19

z = 18/19

15/16 y = 3/16

у = 15/16 - 3/16

у = 12/16

Дескриптор:

  • Теңдеуді шешеді;

7-тапсырма. Амалдардың орындалу ретін орында.

156 • (6075 + 9 980 – 15 996) : 26 = 354

(8162 – 37929 : 47) • 208 – 907 • 39 = 1 494 467

1тәул. – 3 сағ 48 мин + 9 сағ 56 мин =3008мин = 30 сағ 8 мин

9 0 т – 1 0 т 9 ц – 3 2 т 4 ц 4 кг = 46 696 кг = 46т 6ц 96кг

Дескриптор:

  • Амалдардың орындалу ретін біледі.

  • Амалдардың орындайды.


Кері байланыс жасау.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтан не үйрендіңдер?

Саған не ерекше қызықты болды?

Бөлшектерді өсу ретімен жазып,ауаны қорғау туралы ойларын айтады.



Есептерді шығарады.







Ережені тыңдайды..





Есепті шығарады, дауабын жазады.







Есепті шығарады










Пайызды бөлшек түрінде жазып есептейді. Е







Есепті шығарып, кері есеп құрастырады.









Теңдеуді шешеді



770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!