Материалдар / Буллингтен қорған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Буллингтен қорған

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллингтен қорған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2024
77
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Білім беру мекемесі

«Қызылжар» жалпы білім беретін мектеп»


Күні:

18.11.2024 ж


Сынып жетекші:

Қ.Дәулетова


Сынып: 10 А

Қатысушылар саны: 19


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Буллингтен қорған!»

«Жедел қызмет телефон нөмірлері»


Сабақтың мақсаты:

1.Буллингті болдырмау шартын құру, баланы сәйкес күйзеліс әсерінен жылдам және сауатты бөлектеу, дені сау және сол сияқты соматикалық немесе психикалық патологиясы бар балаларда және жасөспірімдерде қудалауға қарсы тұруға денсаулықтың және тұлғаның күшін нығайту.

2.Оқушыларды шұғыл қызмет желілеріне дұрыс және тиімді қоңырау шалуға үйрету және жылдам әрекет ету үшін оларға қажетті ақпаратты беру.


Құндылықтардыдарыту

Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен  шешуге, буллингтен қорғануға үйрету.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейнекөркемдеу

Интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме,оқушылар?

«Буллингтен қорған!»

«Жедел қызмет телефон нөмірлері»

Буллинг - оқушыға бір немесе бірнеше оқушылар тарапынан ұзақ уақыт агрессивті іс-әрекет қолдануы. Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Соңғы уақытта елімізде бұл ашық көтеріле бастады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді,

3 топқа бөлініп отырады.


Гимн орындалады. (сынып ұжымы)

Компьютер, презентация

















Сабақ басы

(10 мин)












Буллингтің түрлері: Физикалық,Вербалды, Қорқыту Шеттету, Бопсалау, Мүлікті бүлдіру Кибербуллинг

Гомофобтық буллинг- адам өзінің жыныстық көзқарасынан қорлауға ұшыраған кезді жатқызамыз. Мысалы біреуді «гей» деп атаунемесе «гей» сөзін қорлау сөзі ретінде қолдану.

Расисттік буллинг – біреудің нәсіліне, түсіне,нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ,адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту жатады.

Таптық буллинг – адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы біреулер «ауылдан келген» деп адамды жекелету.

Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг – біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту.мысалы, адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса, көзілдірік киіп жүруі үшін,т.б.

Сексистік буллинг – адамның жынысына қатысты басқаша көзқараспен қарау. Мысалы, ұлдар қыздарға қарағанда жақсырақ деген оймен қыздарды келемеждеу. Не керісінше, қыздар жасай алатын кейбір нәрселер ұлдардың қолынан келмейді деген ұғым қалыптастыру.

Дінге қатысты буллинг – біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау немесе әдепсіздік таныту.

Мүгедектерге қатысты буллинг – адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу.

«Өзіндік таным»

Нұсқау: Әр қатысушыға карточкалар таратылып беріледі. Ондағы «Мен кіммін?» дегенді ары қарай жалғастырады.

Мен ..........................

Мен ..........................

Мен ..........................

Мен ..........................

Мен туралы басқалар не деп ойлайды?


Бейнеролик: «Буллинг»

Буллингтің белгілері:

Күштің теңсіздігі;

Агрессия;

Ұзақ уақыт бойы іс- әрекеттердің қайталанбауы;

Жәбірленушінің әсершілдігі



Буллинг құрбаны:

Физикалық кемістік, көзілдірік тағатын, құлағы нашар еститін, ДЦП ;

Мінез ерекшелігі тұйық, ұялшақ, сезімтал, мазасыз, сенімсіз, өзін- өзі сыйлауы төмен;

Түр -әлпетінің ерекшеліктері: сепкіл, құлағы үлкен т.б.

Әлеуметтік дағдылардың төмен дамуы- досы жоқ, ешкіммен араласпайтын бала.

Мектеп қорқынышы- сабақты нашар оқитын т.б.

Ауыратындар- кекеш, дислалия т.б.

Жаңадан келген балалар.





Оқушылар бейнероликтен алған әсерлерімен бөліседі

презентация 




Ортасы

(20 мин)


























































































Қауіпсіздік сабағы

(10 мин)






















Педагогтың буллинг жағдайында жүрген балаға көмек көрсету:Педагог осы жағдайдағы сезімін жақсы түсінетінін білдіру. Сонда оқушы өзін жалғыз сезінбейді, қолдау мен көмек алатынына көз жеткізу.Өзін бағалауының көтерілуін қажет етеді. Сен болған оқиғаны айтып нағыз батырлық жасадың” оның батырлығын бағалаңыз.

Ата- аналарға жадынама.Егер бала буллинг жағдайына түскенін мәлімдеп берсе, ата- ана сабырлы болып, ашуды көрсетпеуі қажет, өйткені ата- ана ашу мен мазасыздығын байқатуы- әлсіздіктің белгісі. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып оны жұбату қажет. Бәрін білгішсініп ақыл үйретуден аулақ болу, өйткені баланың өзін- өзі бағалауы, өзіне деген сенімі одан ары қарай жоғалып кетуі мүмкін.

Сен әрдайым 111 сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады

Бұл қызмет сондай-ақ «жедел желі» деп аталады. Мұнда саған қиындықтарыңмен күресуге көмектесу үшін арнайы адамдар жұмыс істейді. Сен кез келген уақытта үй немесе ұялы телефоннан 111 нөміріне қоңырау шала аласың – олар тәулік бойы жұмыс атқарады. Қоңырау шалған кезде, басыңнан қандай оқиға өтіп жатқанын баяндап бер, содан кейін олар саған әрі қарай не істеу керектігін айтып, кеңес береді.

Мұғалім тарапынан туындаған буллинг

Сенің мұғалімдерің саған үнемі бас-көз болуы тиіс. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Ешкімнің сені ақылсыз сезіндіруге, мазақтауға немесе әділетсіз жазаға тартуға құқығы жоқ.
Егер бұндай жағдай орын алып жатса, ол туралы өзің сенетін мұғалімге, мектеп психологына, ата-анаңа айт. 111 жедел желісі жөнінде де ұмытпа!

Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?

Сені біреуге қорлық көрсетуге не итермелейді?Мүмкін сенің өміріңде қиын жағдайлар болып жүргендіктен сен қамығып немесе ызаланып жүрген боларсың?Егер солай болса, онда сенім артатын адамдарыңмен сөйлесіп, я болмаса 111 сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Сонымен қатар, сен біздің кеңесшілерімізге де сұрақ қоя аласың.

Бірнәрсе істеуден бұрын жақсылап ойлан

Адамды ренжітетін хабарламалар жіберме. Егер сен басқа адады жәбірейтін хабарлама, смс, email жібергің келсе, немесе пост, твит жазғың келсе, оның барлығы буллинг болып саналады. Адамдардың құрметіне лайық болу үшін басқа әдістер ойлап тап.

Сен өз талантыңды дамыта аласың, яғни сүйікті спорт түрімен көбірек айналысу, жақсырақ ән айтуға, би билеуге, сурет салуға, музыкалық аспаптарда ойнауға үйрене аласың. Себебі, айналысатын сондай нәрсе көп.


«Ойлануға арналған балықтар»

(сұрақ-жауап)


«Жедел қызмет телефон нөмірлері»

Жедел қызмет телефон нөмірлері туралы ақпарат ұсыну.

112 төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің телефон нөмірі. 112 телефон нөмірі бойынша тәулік бойы төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы не шұғыл көмекті қажет ететін өзге де жағдайлар туралы хабарлама қабылдайтын болады. Егер сіз өмірге, денсаулыққа, мүлікке, қоршаған ортаға нақты қауіп төнгенде немесе аталған қауіп-қатерлердің туындауының нақты себебі болғанда шұғыл көмекке мұқтаж болсаңыз ғана осы нөмір бойынша қоңырау шалу қажет.

Қазақстанда 112 нөмірінен басқа барлық шұғыл қызметтердің нөмірлері бар: өрт сөндіру қызметі 101, полиция 102, жедел медициналық көмек – 103, авариялық газ қызметі – 104.


Буллингті айыру белгісі:

Мектепке барғысы келмейді; Мектептен көңіл- күйі түсіп келеді; Себепсіз жылау; Сыныптастары туралы ештене айтпайды;Сыныптастарының үйіне, туған күн кештеріне бармайды; Көп ауырады; Ақша көп сұрайды; Көп сөйлемейді.













Есіңе сақта:

1. ешкімнің сені қорлауға құқы жоқ

2.буллинг сенің достарыңның, отбасыңның, мектептегі балалардың немесе бөтен адамдардың тарапынан болуы мүмкін, қалай болған жағдайда да, ол дұрыс емес және бұлай болуға тиіс емес

3.буллингті тоқтатуға және өзіңді бағалауға үйренуге болады


Сен әрдайым 111 сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады


Буллингпен күреспе


Мазақы хабарламаларға жауап қайтарма



Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

Жаңа нәрселер жасауға тырыс

Өзіңнің ұнамды жақтарыңды жазып отыр.

Басқаларға жақсылық жаса

Батыл болуға үйрен

Біреуге сырыңды айт





Оқушылар сұрақтарға жауап береді



Есте сақта!

Егер сізде немесе көршілеріңізде өрт болса, 101-ге қоңырау шалыңыз.

Егер сізді ренжіткен болса, тоналған болсаңыз немесе қатты қорықсаңыз, онда 102-ге қоңырау шалыңыз.

Егер сіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, 103-ке қоңырау шалыңыз.

Кез келген ойламаған қиын жағдай болып қалғанда 112-ге қоңырау шалыңыз.

Презентация



























































































https://youtu.be/d_23wEdBeoA?si=mQEc9TJ2ivUtVspG https://orken-instituty.kz/kz/telefony-goryachih-

linijhttps://egov.kz/cms/kk/articles/emergency_situations/emergency_number_112


Соңы

(5 мин)





Буллингпен күреспе

Жәбір көрсетушілерге жауап бере бастасаң, өзіңе зақым келуі немесе қиындыққа ұшырауың мүмкін.буллингке жауап қайтармауда ешқандай ұялатын нәрсе жоқ.

Мазақы хабарламаларға жауап қайтарма

Егер сені мазақтап, қорлайтындарға жауап берсең, буллинг әлдеқайда күшейе түседі. Осының арқасында сенің көңіл-күйің бұрынғыдан түсіп кетуі мүмкін.

Алайда сен хабарламаларды сақтап , олардан скриншот жасасаң , оларды мұғалімге немесе басқа ересек адамға дәлел ретінде көрсете аласың.

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

Өзіңе деген сенімділікті арттыр ,Батыл болуға үйрен

Жәбірлеушіні бұғатта

Сырыңды біреумен бөліс,Өзіңе деген сенімділікті арттыр.

Жаңа нәрселер жасауға тырыс

Сабақ үстінде қол көтеру сиқты онша елеулі емес нәрселер жасауға болады. Сен бұрын қолыңнан келмейді деп ойлаған нәрселерді жасай алатындығыңды байқайсың. Жаңа нәрсе жасауға тырыссаң, бірте-бірте өзіңе деген сенімділігің арта түседі.

Өзіңнің ұнамды жақтарыңды жазып отыр.

Әр адамның өзіне ұнамды жақтары болады. Сондықтан өзің туралы тізім жаса.

Басқаларға жақсылық жаса

Біреуге қошемет айтып мақтауға болады.отбасыңа үй шаруасына көмектес. Басқаларға жақсылық жасаған кезде, өзіңді бірден жақсы сезіне бастайсың.

Батыл болуға үйрен

Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың.

Жәбірлеушіні бұғатта.

Телефондағы байланыс нөмірлерін бұғаттауға болады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде басқа пайдаланушылады бұғаттап, оларды достар тізімінен өшіріп тастауға болады. Олар саған қоңырау шалмаса немесе хабарлама жазбаса, сенің көңіл-күйің орнына келіп, мазасыздануың азаяды.

Біреуге сырыңды айт

Құрбыңмен / досыңмен бөліс.

Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Ересек адамдармен бөліс.Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адаммен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады.

Оқушылар сабақтан алған әсерімен бөліседі.

Стикерлер






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!