Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Буллингтен қорған 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Тәрбие сағаты: «Буллингтен қорған!»
Сынып: 8 «ә»
Сынып жетекшісі: Зилгарина Д.С.
2024-2025 оқу жылы
Сынып жетекшінің аты-жөні |
Зилгарина Д.С. |
Күні: |
16.09.2024ж. |
Сынып: 8 «ә» |
Қатысушылар саны: |
Сынып сағатының тақырыбы |
Буллингтен қорған! |
|
|
Мақсаты |
«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. |
Құндылық |
Бірлік және ынтымақ Заң және тәріп |
Барысы |
|
Оқушы ірекеті |
Ресурстар |
Кіріспе 10 мин
Негізгібөлім 25 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Миға шабуыл Буллинг дегеніміз не? Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Миғашабуыл (бейнеролик) Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұлбейнеролик не туралы? Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды? Буллинг әртүрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу • оның ақшасын не басқа заттарын тартыпалу, оларды бүлдіру сол жайында өсек тарату • оны елемеу немесе жекелету • ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою • ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру • қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреусаған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адамтүрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда: • уайымдау • ұйқының бұзылуы • тәбеттің болмауы • өзі жайлы жаман ойлау • өз-өзіне физикалық зақым келтіру • өлім туралы ойлау • сабақ үлгерімдерінің нашарлауы • ауыру • «маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау • өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану • қорқу Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? • Батыл болуға үйрен Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың. Кейде біреу мен келіспеген жағдайда өзіңді шынмәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды. • Құрбыңмен/досыңмен бөліс Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашыпайтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. • Мұғалім мен бөліс Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың. Сыныптың оқушыларынан буллингке байланысты тест алынады. |
Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.
Оқушыларсұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді. Бағыттау сұрақтары
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді
|
https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo
|
Қоры тынды 10 мин
|
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингк еұшырауы мүмкін. «Ақ көгершін» хаты рефлексиясы
|
Сабақтағы іс-әрекетіне рефлексия жасайды.
|
Рефлексия
|
№ 3 САБАҚ. «ЖЕЛІДЕГІ ЖАС ШЕКТЕУЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАР НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?»
Сабақтың мақсаты: интернеттегі жас шектеулерінің маңыздылығын және оның балалардың қауіпсіздігіне әсерін түсіну.
Негізгі міндеттер:
-
Жас шектеулерінің не екенін және олардың не үшін бар екенін түсіндіру.
-
Балаларды интернеттегі жас шектеулерін тануға және сақтауға үйрету. 3.Жас шектеулерін бұзуға байланысты қауіптердің мысалдарын қарастыру.
Сабақтың барысы
-
Кіріспе (2 минутқа дейін): талқылау, жас шектеулері және олар қайда қолданылады. Танымал сайттар мен қосымшалардағы жас шектеулерінің мысалдары (презентацияда). Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және интернет желісінің кең таралуы адамдарға қарым-қатынас пен даму үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Мектеп оқушыларына сынып сағатының ұсынылған тақырыбының өзектілігін көрсетуге бағытталған балалар сауалнамасы:
-
интернетті күнделікті қолданатындар қолдарыңызды көтеріңіздер;
-
әлеуметтік желілерде тіркелген балалар қолымызды көтереміз;
-
интернетте өздері туралы ақпарат қалдырған адамдар қолымызды көтереміз, мысалы: аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі, фотосуреттер және т.б.
-
Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)
-
Жас шектеулерін енгізу себептерін талқылау (қажетсіз мазмұннан қорғау, жеке қауіпсіздікті сақтау).
-
Жас шектеулерін бұзудың жағымсыз салдарының мысалдары (кибербуллинг, орынсыз контентті қарау).
Педагог балаларға сауалнама жүргізеді: сіздердің біреулеріңіз интернетте осындай жағдайларға тап болдыңыздар ма және қалай әрекет еттіңіздер?
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!
-
Ең алдымен, интернеттегі өзіңіз туралы ақпарат көлемін шектеу керек.
!!! Артық фотосуреттерді, бейнелерді, мекенжайларды, телефон нөмірлерін, туған күн, туыстар мен жақындар туралы мәліметтерді жойыңыз.
-
Интернетте танысқан және оларды нақты өмірде білмейтін адамдарға бейнелер мен
фотосуреттер жібермеңіз.
-
Әртүрлі есептік жазбалар мен қызметтер үшін әртүрлі құпия сөздерді ғана қолданыңыз.
-
Құпия сөздердіжиі өзгертуге тырысыңыз.
-
Үйдегі компьютерлерде вирустар бар-жоғын жүйелі түрде тексеріңіз.
-
Маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.
3. Қорытынды
-
Жеке ақпаратты қалай дұрыс басқаруға болады?
-
Оны кімге және қандай көлемде беруге болады?
Жадынама. Жас шектеулерін сақтау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша кеңестер.
Пайдалы сілтемелер: https://drive.google.com/file/d/1QhtZO8sQxyrDgM4Q6YhuhN9dHZ_5OPK1/view https://youtu.be/9-2FDWjemLY?si=k3hCv2yT-jLKGDfR
Буллинг
Аты-жөні: ________________________________________________________
1. Сыныптастарымның арасында менің достарым көп:
А) Ия, мен бәрімен доспын
Б) менің екі-үш досым бар
В) жоқ, мен ешкіммен дос емеспін
Г) мен бәрімен дос болғым келеді
2. Мен үшін басқалардың келбеті маңызды:
А) Ия, егер адам маған ұнамаса, мен онымен сөйлеспеймін
Б) жоқ, ең бастысы, адам қызықты болса болды
В) мен өзімнің сыртқы келбетіме көңілім толмайды
Г) әрине, бұл маңызды
3. Менің сыныбымда маған ұнамайтын балалар бар:
А) иә, бір немесе екі
Б) жоқ, бәрі маған ұнайды
В) маған бәрі ұнамайды
Г) иә, бірақ олар сыныптағы барлық адамдарға ұнамайды
4. Мен көбінесе жалғыздық пен мазасыздықты сезінемін:
А) иә
Б) жоқ
В) кейде
Г) жиі
5. Егер біреу менің сыныстасымды біреу ренжітсе, мен өзімді сезінемін:
А) жеңіл, бұл маған қатысты емес
Ә) әділетсіздік, мен сыныптасымды қолдаймын
В) Менде ешқандай сезім болмайды, себебі ол оған лайықты
Г) Менің бұл іске қатысым жоқ
6. Мен сыныптастарыммен көбірек уақыт өткізгім келеді:
А) иә, бірақ бұл сирек
Б) біз үнемі бірге уақыт өткіземіз
В) жоқ, маған олармен қызықты емес
Г) жоқ, өйткені кейбір балалар бәрін бұзады
7. Менің сыныптастарым менімен сөйлескісі келмейтін сияқты:
А) Ия, солай және бұл маған жағымсыз
Б) жоқ, бәрі менімен дос
В) Ия, ол да мен үшін қалыпты жағдай
Г) Мен олармен сөйлескім келмейді
8. Маған біреу ұрысқанда мен өзімді ашулы сезінемін:
А) иә
Б) жоқ
В) кейде
Г) жиі
9. Мен басқа сыныпта немесе мектепте оқығым келеді:
А) иә, маған біздің ұжым ұнамайды
Б) жоқ, бәрі маған сәйкес келеді
В) кейде сыныптастармен жанжал пайда болғанда
Г) жоқ, себебі басқа мектеп нашар болуы мүмкін
10. Меніңше, күш көмегімен кез-келген мәселені шешуге болады:
А) Ия, бұл ең тиімді әдіс
Б) жоқ, "бейбіт" жолмен шешкен дұрыс
В) кейде онсыз болмайды
Г) бәрі жағдайға және адамдарға байланысты
11. Егер мен сыныптастар арасындағы төбелесті көрсем, онда мен:
А) бұл маған қатысты емес деп араласпаймын
Б) міндетті түрде тоқтап, қараймын
В) мен мұның бәрін телефонға түсіремін, содан кейін интернетте жариялаймын, бәрі көрсін
Г) Мен төбелесті тоқтатып, не болып жатқанын білуге тырысамын
12. Менің ойымша, сыныпта олар мені бағаламайды:
А) иә
Б) жоқ
В) кейде
Г) жиі
13. Егер менің көзімше біреу басқа біреуді мазақ етсе:
Б) Мен оны қорғаймын
В) Мен оған күлемін
Г) Мен ештеңе істемеймін, бұл маған қатысты емес.