Материалдар / Cабақ жоспары" Жаратылыстану" ІІ сәбилер тобы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Cабақ жоспары" Жаратылыстану" ІІ сәбилер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мекиепке дейінгі мекеменің ІІ сәбилер тобына арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2018
1124
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:___________________
№1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Балабақша аумағы бойынша серуендеу
Мақсаты. Табиғаттағы маусымдық өзгерісті білу
Міндеттері: Балабақша аумағында өсіп тұрған бұталар және ағаштармен, табиғаттағы маусымдық өзгерісті балаларға таныстыру. Осы жыл мезгілінде қандайда бір болып жатқан өзгерістер туралы түсінік беру. Жадыны, ақыл – ойды дамыту. Танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар,тірек-сызба
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу,мнемокесте
Үштұғырлық: балабақша- детский сад- kindergarten
Кіріспе:
Шаттық шеңберін құрғызып тұрып,
М.Әлімбаевтың Балабақша деген немесе басқа да ақындардың балабақша туралы жазған өлеңдерін айтады.

Негізгі бөлім
Сұрақ-жауап әдісі арқылы балабақша, балабақша қызметкерлері және балабақшада не үйреніп, неге дағдыландыратыны туралы әңгіме жүргізу.
Сергіту сәті М.Әлімбаевтың
Балабақша өлеңімен орындалады
Дидактикалық ойын: Дұрыс-бұрыс
Мақсаты: дұрыс болса қол шапалақтайды,қате болса аяқпен топылдатады.
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.



Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________




Күні:___________________
№2. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты. Күз – жыл мезгілі туралы ұғымды қалыптастыру
Міндеттері. Әр түрлі формасы бар әр түрлі ағаштардың жапырақтары туралы табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы қарапайым ұғымдарды балаларға түсіндіру. Ағаш жапырақтары мен бұтақшалары, бағаналарын бөлу, сырт бейнелері бойынша ауа – райын анықтау ептілігін дамыту.
Ағаштарға деген ұқыпты қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: Күз-осень-autumn
Кіріспе:
Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз
Негізгі бөлім
Күз мезгілі ерекшелігін, елестете суреттей алу.
Күз мезгілінің адам баласына қандай пайда, жеміс-жидек, егін болатындығын түсіндіру.
Күз мезгілі жайлы өз тілдерімен айта алу. Сұрақ-жауап арқылы ойларын жеткізу
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________







Күні:___________________
№3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Бақшада ма әлде баубақшада ма
Мақсаты: Көкөністер мен жемістер туралы балалардың түсінігін қалыптастыру
Міндеттері: Көкөністер мен жемістер пісіп жетілгені, күзгі табиғатқа тән ерекшеліктер туралы балалардың түсінігін кеңейту. Мысалы ойыншықтар формасы бойынша көкөністер мен жемістерді сипаттауды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар,ойыншықтар
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: көкөніс-овощь,жеміс-фрукты
Кіріспе:
Шаттық шеңберінде төмендегі өлеңді айтқызу.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.

Негізгі бөлім
1.Балаларды жемістердің түрлерімен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету;
2.Балалардың сүйіп жейтін жеміс – алмамен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру;
Бауда ма бақшада ма дидактикалык ойыны
Үштұғырлықпен жұмыс

Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________

Күні:___________________
№4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Кеш келіп түскен күз
Мақсаты:Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы білімді жүйелеу
Міндеттері: Кеш түскен күздің әдеттегі ерекшеліктерімен балаларды таныстыру; Табиғаттағы өзгерістерге қызығушылықты қалыптастыру. Қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншілікке, білімқұмарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: Күз-осень-autumn
Кіріспе:
Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз
Негізгі бөлім
Картинаға қарап отырып күзде болатын маусымдық өзгерістер жайлы айту.
Дидиктикалық ойынКүз ассосация ойыны
Күз мезгіліне тән суреттердің арасына басқа жыл мезгілдерінің суретін араластырып, қатарлап кояды. Күз мезгіліне байланысты суретті табуын сұрайды.

Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________





Күні:___________________
№5. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Терезе үстіндегі гүл
Мақсаты. Бөлме өсімдіктері туралы балалардың түсінігін қалыптастыру
Міндеттері: Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күту бойынша қолдан келгенше көмек көрсету іс - әрекетіне балаларды қосуды жалғастыру (ірі жапырақтарды сүрту, гүлдерді суару). Табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы қамқорлық көрсету ептілігін дамыту. Табиғатқа деген ұқыпты қарым – қатынасқа тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар,ойыншықтар
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: Гүл-цветы
Кіріспе:
Сергіту сәті:
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Жел күшімен шайқалған.
Негізгі бөлім
Гүл атымен аталатын қандай қыздардың аттарын білесіңдер?
Гүлдерді қалай қүтуге болатыны таныстыру.
Бөлме гүлдерін күтіп бағу ережелерін көрсету,түрлерімен таныстыру
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.



Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________




Күні:___________________
№6. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Әжеме қонаққа
Мақсаты:Үй жануарлары туралы балалардың білімін жетілдіру
Міндеттері: Жануарларды күту бойынша үлкендердің еңбегі туралы, үй жануарлары туралы, жылқы және сиырдың сырт бейнесіндегі ерекшеліктер туралы, үй құстары, қайда тіршілік ететіндігі, немен қоректенетіндігі, қалай қозғалыс жасайтындығы, қандай дыбыс шығаратындығы туралы балаларда білімді қалыптастыру. Тіршілік ету үшін жануарларға тамақ, су, ауа, жылу қажетті туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: үй жануарлары-домашние животные
Кіріспе:
Ғажайып сәт. Біз бүгін әжеге қонаққа барамыз
Негізгі бөлім
Макетпен жұмыс.Үй жануарлары оларға қамқорлық көрсетуге үйрету.Үй жануарлары туралы өлеғдер оқу.
Не нені жаксы көреді? ойыны
Аңдар мен олардың сүйікті асы бейнеленген карточканы таратады.
Тиісті суреттерді сызық арқылы қосуды ұсынады


Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________








Күні:___________________
№7. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: Саябаққа серуендеу
Мақсаты: Өсімдіктердің маусымдық өзгерістері туралы балалардың білімін бекіту
Міндеттері: Жемістер, шөптер, бұталар, ағаштар туралы балалардың білімін бекіту. Адамдардың киімінде, өсімдіктер әлеміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауына балаларға түрткі болу.. Тұжырым, талдау жасауды үйрету. Қоршаған табиғатқа деген қызығушылығын көрсету, себеп – салдар сипатындағы сауалдарды қою, табиғат құбылыстарын бақылау ықыласына тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: саябақ-парк
Кіріспе
Бір үйде біз нешеуміз?
Бас бармағым – әкем,
Балаң үйрек – анам,
Ортан терек – ағам
Шылдыр шүмек – әпкем
Кішкене бөбек мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз
Негізгі бөлім
Адамдарга саябақ не үшін қажет? тақырыбында әңгімелесу.Саябақтағы өсімдіктер олардың маусымдық өзгерістері жайлы көрсету,түсіндіру.
Сергіту сәті
Ал, қанекей, тұрайык,
Мойнымызды бұрайык.
Қолымызды созайық,
Су ішінде калықтап,
Оңға, солға бір қарап,
Жүзіп-жүзіп алайық
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.
Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________

Күні:___________________
№8. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Орманға саңырауқұлақ теруге барамыз
Мақсаты. Орманда өсетін өсімдіктер туралы білімдерін қалыптастыру
Міндеттері :1.Адамдардың өміріндегі орманның маңыздылығы туралы балалардың түсінігін нақтылау. 2.Орманның өсімдік әлемінің өзгешелігін көрсету. 3.Табиғатқа деген ұқыпты қарым – қатынасқа тәрбиелеу
Көрнекілігі:суреттер, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: орман-лес-
Кіріспе:
Ғажайып сәт.Балалар бүгін біз сендермен орманға саяхатқа барамыз.Орманда саңырауқұлақ жинаймыз.
Негізгі бөлім
Табиғат біздің анамыз ,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз. Табиғат туралы өлеңдерді оқып беру.Орман туралы картиналар көрсету
Д\о Таны және ата.Мақсаты:жемістер арасынан саңырауқұлақтарды ажырату.
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________







Күні:___________________
№9. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: Күн сәулесі, ауа және су біздің ең жақсы достарымыз
Мақсаты. Өлі табиғат құбылыстары туралы түсінікті қалыптастыру
Міндеттері: Білімділік:Салауатты өмір салтына (күн сәулесі, су, ауа) өлі табиғаттың әсері туралы балаларға түсінік беру. Дамытушылық:Тұжырым жасау, табиғат құбылыстарын бақылауды үйрету.Тәрбиелік: Білімқұмарлыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: Ауа райы -погода-weather,күн-солнце-,су-вода-,ауа-воздух
Кіріспе:
Ұшты-ұшты қимыл-қозғалыс ойыны
Негізгі бөлім
Күн,су,ауа видеотаспадан көрсету.Олардың маңызын атап өту.
Дидактикалық ойын: Жер,су,ауа ойыны .Мақсаты: көліктерді қай жерде жүретінін атау.

Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________












Күні:___________________
№10. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Күз бізге не әкелді?
Мақсаты: Кейбір көкөністер мен жемістер туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру
Міндеттері: Білімділік:Дәрумен – сөзіне түсінік беру. Кейбір азық – түліктер организмге шаршамау үшін, энергия беретіндігі, басқалары мықты болуға көмектеседі, ал үшіншілері – көкөністер мен жемістер, көп дәрумендері бар және өсуге және дамуға көмектесетіндігін әңгімелеу. Тәрбиелік:Білімқұмарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар,муляждар
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.ТРИЗ әдісін қолдану
Үштұғырлық: Көкөністер -овощи-vegetabables
Кіріспе:
Сергіту сәті.
Кәне, қанат жазайық,
Тоты болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Қайта келіп қонайық.

Негізгі бөлім
Картинага қарап отырып (ТРИЗ) сөйлем құрастыру
Дидиктикалық ойынНе артық? ойыны
Күз мезгіліне тән суреттердің арасына қар суретін араластырып, қатарлап кояды. Ненің артық екенін сұрайды

Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________





Күні:___________________
№11. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: Ағаштар шеңберінде айналу
Мақсаты. Өсімдіктер әлемі туралы ұғымды қалыптастыру
Міндеттері.Білімділік: Ағаштар туралы балалардың білімін кеңейту. Ағаштың орналасуындағы кейбір ерекшеліктер туралы білімді жүйелендіру. Дамытушылық:Сөздік қорды жандандыру және байыту. Тәрбиелік:Табиғатқа деген қамқорлық қарым – қатынасқа және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: Ағаш- дерево-tree
Кіріспе:
Өтінемін ойыны
Өтінемін сөзі айтылғанда әрекеттердіорындауды (өтінемін, қол шапалақтайықшы; өтінемін, орындарыңда түрып айналындар) үсынады.

Негізгі бөлім:
Ағаштардың түрлерімен таныстыру,оларды аялай білуге үйрету
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі,
Кіп кішкентай ағаштар.
Үлкен болып өседі.

Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.
Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________





Күні:___________________
№12. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Құстар ауласында
Мақсаты: Үй құстарының сырт бейнесінің ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру
Міндеттері: Білімділік:Үй құстары туралы түсінікті нақтылау: тауық, үйрек, қаз. Себеп – салдар сипатындағы сұрақты қоюға балаларға түрткі болу.Дамытушылық:Үй құстарының ерекшеліктері туралы түсініктерін одан әрі дамыту.Тәрбиелік: Үй құстарына деген қамқорлық қарым – қатынасқа тәрбиелу.
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: құс-птица-
Кіріспе:
Сергіту сәті (барлық балаларды шеңбер бойына тұрғызады):
-Біз көңілді қыдырамыз,
Көшелерді аралап.
Саяхаттап қайтамыз
Ән көңілді айтамыз(аяқтарын қимылдатады)
Ля-ля-ля-ля(4 рет алақандарын шапалақтайды
Негізгі бөлім
Тақырып бойынша картинамен жұмыс.Құстардың тіршілігі,оларға қамқорлық көрсету жайында әңгімелесу.
Дидактикалық ойын: Үй құсыма,әлде дала құсы ма? айырмашылықтарын түсіндіріп өту.
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________



Күні:___________________
№13. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Әжемнің ауласында
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінікті кеңейту
Міндеттері: Білімділік:Үй жануарлары, жануарлар және құстар қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді, қалай қозғалады, қандай дыбыстар шығаратындығы туралы, құстар мен жануарларды күту бойынша үлкендердің еңбегі туралы балалардың білімін бекіту.Дамытушылық:Есте сақтау,қызығушылық қабілеттерін дамыту. Түйемен танысу. Тәрбиелік:Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.аудиотаспалар
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: үй жануары-домашние животные-
Кіріспе:
Түлкі болып бұраңдап,
Мың бұралып жүремін.
Қасқыр болып залаңып,
Орман ішін кеземін.
Қоян сияқты секіріп,
Анда-мында жүремін.
Аю болып домалап,
Қыста ұйықтай беремін.
Негізгі бөлім
Картинаға қарай отырып,үй жануарлары туралы білетін білімдерін одан әрі бекіту.
Сергіту сәті:
Дидактикалық ойын: Бұл қай жануардың дауысы? таспадан үй жануарларының дауысын қою
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________


Күні:___________________
№14. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Менің туған өлкемнің жануарлары
Мақсаты:Туған өлкенің жануарлары туралы балалардың білімін жетілдіру
Міндеттері:Картинкадағы жабайы жануарлардың атын атау және тануға үйрету. Мекендеушілер ортасы, қозғалыс, қоректену тәсілі, сырт бейнесі туралы балалардың түсінігін дамыту. Туған өлкенің жануарлар әлемі мен табиғат жағдайының ерекшеліктері туралы балалардың түсінігін кеңейту. Жануарларға деген сүйіспеншілік пен қызығушылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: Жануарлар-звери-beasts
Кіріспе:
сұрақ-жауап
Негізгі бөлім
Жұмбақ шешу: аю,түлкі,қоян,қасқыр,қабан.
Сергіту сәті:
Түлкі болып бұраңдап,
Мың бұралып жүремін.
Қасқыр болып залаңып,
Орман ішін кеземін.
Қоян сияқты секіріп,
Анда-мында жүремін.
Аю болып домалап,
Қыста ұйықтай беремін.

Дидактикалық ойын: Қай жануар қайда мекендей-ді?
Шарты:ойыншыға тасты беріп,жануарларды суреттеу арқылы қай жануар екенін дұрыс таба білу
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________
Күні:___________________
№15. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Су асты патшалығы
Мақсаты: Аквариумдағы балықтар туралы түсініктерін қалыптастыру
Міндеттері: Білімділік:Табиғат бұрышында мекендеушілерді бақылауды үйрету. Балықтардың дене мүшелерін, әдеттерін атау және ажыратуды үйрету. Су айдынында өсімдіктер және жануарлар тіршілік ететіндігі туралы түсінік беру; қоршаған ортаның өмір тіршілігіне бейімделуге мүмкіндік беретін, балықтардың сырт бейнесіндегі ерекшеліктермен таныстыру. Аквариумдағы балықтарды бақылауға түрткі болу.Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін,сана сезімдерін дамыту. Тәрбиелік:Балықтарды күтуге деген ықыласқа және қызығушылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.аудиотаспалар
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: балық-рыба-
Кіріспе:
Шаттық шеңбері
Балаларды бір бірін мадақтату арқылыкөңіл күйлерін көтеру,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
Амина сен әдемі қызсың
Мирас сен батырсың т.б
Негізгі бөлім
Картинаға қарай отырып,балық туралы білетін білімдерін одан әрі бекіту.
Сергіту сәті:
Дидактикалық ойын: Аквариумға балықтарды орналастырамыз әртүрлі заттар арасынан аквариумге балықтарды тауып қою
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________



Күні:___________________
№16. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қыстап қалатын жануарлар
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінікті кеңейту
Міндеттері: Білімділік:Мекендеушілер ортасы мен әдеттері, олардың салауатты өміріндегі ерекшеліктер туралы (түлкі, қасқыр, тиін) Қазақстанның жабайы жануарларының сырт бейнесіндегі белгілер туралы балалардың түсінігін қалыптастыру. Тірі және өлі табиғаттың өзара тәуелділігін көрсету. Дамытушылық: Шапшаң ойлау,есту қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік:Жануарларға деген ұқыпты қарым – қатынасқа тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.аудиотаспалар
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: жабайы жануарлар-дикие животный
Кіріспе:
Шаттық шеңбері
Балаларды бір бірін мадақтату арқылыкөңіл күйлерін көтеру,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
Амина сен әдемі қызсың
Мирас сен батырсың т.б
Негізгі бөлім
Картинаға қарай отырып,қыстап қалатын жануарлар туралы білетін білімдерін одан әрі бекіту.
Сергіту сәті: Қане орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Алға, артқа иіліп
Орнымызды табайық
Дидактикалық ойын: Кім қайда болады? Мақсаты: суретке әр аңның орнын тауып қою.мысалы; аю апанда,қасқыр,түлкі,қоян жорықта т.б.
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________


Күні:___________________
№17. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Не қайда өседі
Мақсаты: Өсімдік әлемінің алуан түрі туралы балалрдың білімін бекіту
Міндеттері: Білімділік:Өсімдік әлемінің сан алуандығы және кейбір өсіп өнген өсімдіктердің орнын, оның мекендеушілер ортасымен байланысы туралы балалардың түсінігін кеңейту (бақша, саябақ, баубақша, орман). Балабақшаның аумағындағы өсімдіктер туралы білімді бекіту. Дамытушылық: Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытуТәрбиелік:Табиғатқа деген ұқыпты қарым – қатынасқа, білімқұмарлыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: жабайы жануарлар-дикие животный
Кіріспе: Сергіту жаттығуы
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Топ-топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн
Негізгі бөлім
Картинаға қарай отырып,өсімдіктер туралы білетін білімдерін одан әрі бекіту.
Дидактикалық ойын: Бұл қай жерде өседі? Мақсаты:әр өсімдіктің өсетін орнын анықтау.мысалы: алма ағашта,қызылша жерде,кактус бөлмеде,жаңғақ орманда ағашта т.б.
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________

Күні:___________________
№18. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Ана мен сәби
Мақсаты: Жануарлар және олардың төлдері туралы қарапайым түсінікті қалыптастыру
Міндеттері: Білімділік:Жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.Дамытушылық: (Кім кімде?): мекендеушілер ортасы, қоректендіру, дағдыларын үйрену және т.б. Тірі және өлі табиғаттың өзара тәуелділігін көрсету. Тәрбиелік:Жануарларға деген ұқыпты қарым – қатынасқа тәрбиелеу
Көрнекілігі: үй жануарлардың түрлі түсті суреті, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: жануарлар – животные-animals
Кіріспе:
Қимылын келтір ойыны
Музыка әуенімен қоянның, аюдың қимылдарын келтіруді ұсынады
Негізгі бөлім
Өз мекенін тап дидактикалыкойыны
Балаларға ойыншық уй жануарлары мен жабайы жануарларды таратады. Үй жануарларын үй макетінің жанына, жабайы жануарларды орман макетінің жанына коюды ұсынады.
Дидактикалық ойын Төлін тап.Мақсаты: Үй жануарларының төлдерін табу,атау,білу.


Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________




Күні:___________________
№19. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Құстарда қонақта
Мақсаты: Ұшып келетін және қыстап қалатын құстар туралы балалардың білімін қалыптастыру
Міндеттері: Білімділік: Қыстап қалатын және ұшып келетін құстармен балаларды таныстыру жалғассын (сауысқан, қарға, көгершін, қараторғай, қаратаған). Қыстағы құстардың өмірі, олардың дағдылары, қоректенуі туралы балалардың өмірін кеңейту. Тірі және өлі табиғаттың өзара тәуелділігін көрсету. Тәрбиелік:Құстар туралы түсініктерін кеңейту: торғай, сауысқан. Біздің кішкентай бауырларымызға жанашырлық, ниетін білдіру қасиеттеріне тәрбиелеу.Дамытушылық:Қызыға білуге,қиялдауға үйрету
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: жабайы жануарлар-дикие животный
Кіріспе: Тіл ұстарту жаттығуы
За-Зә-Зу-Зе, Са-Со-Су-Сә
Ыз-ыз-ыз,Анар сүйкімді кыз
Үс-үс-үс-көрдім жақсы түс
Сабаңа түс,төменге түс, қандай ашық түс.
Негізгі бөлім
Картинаға қарай отырып,құстар туралы білетін білімдерін одан әрі бекіту.
Дидактикалық ойын: Бұл қандай құс Мақсаты:Жылы жаққа ұшатын құстарды бір бөлек,қыстап қалатын құстарды бір бөлек орналастыру.
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________






Күні:___________________
№20. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Әукілдеп қыс келеді (табиғатқа экскурсия)
Мақсаты:Табиғаттағы ауа – райы жағдайына бақылау дағдыларын жетілдіру
Міндеттері: Білімділік:Жыл мезгілдерінің ауысуын ажыратуды үйрету (қардың түсті, шалшықтарда мұз пайда болды, ағаштарды қырау басты). Себеп – салдар байланысын орнатуды үйрету. Дамытушылық:Қоршаған табиғатқа деген қызығушылықты көрсету, себеп – салдар сипатындағы сұрақтарды қою ептілігін дамыту. Табиғат күнтізбесіндегі (қар, қырау) және табиғаттағы ауа – райы жағдайын қадағалау нәтижесін белгілеуді балаларға үйрету.Тәрбиелік:мұқият тыңдауға,бірінің жұмысын қадірлей білуге,сыйластыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі:. Қыс мезгілінің бірнеше суреті, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.түсіндіру,әңгімелесу.
Үштұғырлық: Қыс - Зима-Winter
Кіріспе:
Жұмбақ шешу.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады.
Ол не? (Қар)
Негізгі бөлім
1.Қыс туралы әңгіме жүргізу.
2.Суретпен жұмыс.
3.Сергіту сәті.Ә.Табылдының Ақ боран немесе басқа да ақындардың қыс туралы өлеңімен орындалады.
4.Үлестірмелі материалмен жұмыс.Төрт мезгіл бейнеленген суреттердің ішінен қыс мезгілін тапқызып, оны сызып көрсеткізу.
5. Қар жинау ойыны.
Шарты: екі топа бөлініп, мақтадан жасалған қарды жинап, себетке салудан жарысу.Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.

Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________

Күні:___________________
№21. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Сиқырлы – су (тәжірибе)
Мақсаты: Судың жағдайы туралы балалардың білімін қалыптастыру
Міндеттері: Білімділік: Судың белгілері және қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру (су суық, жылы болуы мүмкін, басқа заттарды қыздыруы мүмкін: су мөлдір бірақ түрін ауыстыруы мүмкін және т.б.). Су – өлі табиғат объектісі туралы балалардың білімін бекіту (адамдарға және өсімдіктерге, жануарларға қажет; судың үш жағдайы – су, мұз, бу). Дамытушылық: Өлі табиғат құбылыстарына деген қызығушылыққа тәрбиелеу.Тәрбиелік:Табиғатты аялай,қорғай білуге үйрету,
Кіріспе:Жұмбак шешеміз
Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен.
Құйсаң шығар гүл өсіп,
Қатады кыста сіресіп.
(Су)
Негізгі бөлім
Адамдарга су не үшін қажет? дидактикалык ойыны.
Судын касиеті зерттеу жұмысы
Барлық балалардың алдында стақанда су тұрады
Судың түсі қандай?
Су ңұйылады, су қандай?
Су ащанда қандай дыбыс естіледі?
Сергіту сәті
Ал, қанекей, тұрайык,
Мойнымызды бұрайык.
Қолымызды созайық,
Су ішінде калықтап,
Оңға, солға бір қарап,
Жүзіп-жүзіп алайық

Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.
Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________


Күні:___________________
№22. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Құрғақ, ылғалды құм
Мақсаты: Құмның қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру
Міндеттері: Білімділік: Құмның сапасы және қасиетімен таныстыру. Оларды анықтау үшін жағдай жасау. Логикалық тұжырым жасауды үйрету. Өз тәжірибеннен құмға су өтетіндігін балаларға көрсету, құмның қасиеті өзгергендігін балаларды сендіру. Дамытушылық:Тәжірибелік – сараптамалық қызметке деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Тәрбиелік:Үлкендердің еңбегіне тілектестікке тәрбиелеу.,
Кіріспе: Дыбыс артикуляциясына арналған жаттығулар
ер-ер-ер
Қасиетті жер.
Төгілді көп тер.
Жемістерді тер.
Аға соңынан ер.
Сұрағанын бер.
лау-лау-лау
Желбірейді жалау
Лапылдайды алау.
Негізгі бөлім

Қорытын Картинаға қарай отырып,құм туралы білетін білімдерін одан әрі бекіту.
Шағын тәжірибе: Құм қандай? мақсаты: құмның қасиеттері туралы білімдерін бекіту.
Қорытынды.
Тақырыпты бекіту.Балаларды бағалау.мадақтау.
Есеп беру ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерілді: әдіскер Б.Г.Сарсембаева _______________














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!