Материалдар / Cабақ тақырыбы: "Жеміс-жидектің пайдасы" 5-сынып, қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Cабақ тақырыбы: "Жеміс-жидектің пайдасы" 5-сынып, қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
1129
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ:Жеміс-жидектің пайдасы

Мектеп: Аңқаты ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Нахуанова А.Ж


СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.2.1.1 –(О)мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

5.3.2.1 (Ж)-жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап хабарландыру құрастырып жазу;

5.2.3.1(О) -хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

5.4.3.1 (ӘТН)-омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


хат, жарнама, хабарландыру

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

Миуалы ағаш

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Топқа бөлу2 минут

«1,2,3 –ке саналып топқа бөлуну;»

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қайрлы күн, достым!!»


1-топ.2-топ

3-топ



Ортасы

Білу және түсіну 10 минут

Ортақ тапсырма: «Пкірлер» парағы әдісі

1-сұрақ Жеміс-жидектердің қандай айырмашылықтары бар?

2-сұрақ. Жеміс-жидектердің пайдасы туралы айтыңдар?

1-топ: «бақыт» Жауабын жазады.

2-топ: «қуаныш» Тексеріп, қосымша мәліметтер қосады.

3-топ: «шаттық»Ұсыныс жазады.


Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі

1-мәтінді оқып, түсінгендерін сұрау;

1.Жүзімнің 100 грамында қанша калория бар?60 к

2.Жүзім шырынының қандай пайдасы бар?

3.Бір кило жүзім калориясы қанша азық-түлікке тең?

4.Қандай тағы жемістерді белесіңдер?


2-тапсырма.Кестені толтыру;

4-тапсырма. Оқып шығып, жүзім туралы хабарландыру жазу;

5-тапсырма. Омонимдерін тауып, сөйлем құрастыру;

6-тапсырма. Ауыспалы мағыналарын жазыңдар. Терең көл- терең білім, қиын есеп- қиын өмір;

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр жауапты оқытып ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.

Сергіту сәті


«Мен-қазақпын!»

би билеу

Билеп сергіп алады

Аяқталуы

Жұмбақтар жасырайық.
1.сырты қатты ,іші тәтті Қауын

2.Сырты жасыл, кессең іші қызыл (қарбыз)

3.Қатты, қаттының іші тәтті. (Жаңғақ)

Рефлексия

  • «Не үйрендік? Не қызық болды?»

Жұмбақтар жасырайық.



Оқушылар өз топ мүшелерімен бірлесіп жазады.

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

































Күні: 27.11.2018 Пәні: Абайтану Сыныбы: 9-сынып


Сабақ тақырыбы: Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Абай Құнанбаевтың мұрасын зерттеушілер және олардың еңбектері туралы оқушыларға толық түрде түсінік беру;

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

1. Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы туралы түсінік.

2. Реферат жазу.


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

Абай мұрасын зерттеушілер

20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.С.Сильченко, Қ.Мұқамедханов, Ы.Дүйсенбаев, Т.Тәжібаев, Б.Г.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев секілді ғалымдардың еңбектерін атасақ та жеткілікті.

Абайтану тарихы – бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікірталас үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды.

Абайтану жөніндегі ой-пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері Абайтану саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастырса, соңғылары Абай мұрасының жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал Абайтанудың негізін салушы Әуезов болса Абайтану жөніндегі ой-пікірін елуінші жылдар ішінде Абайтанудан оқыған дәрістерінде сөз ете бастаған еді.

Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген «Абай», 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов, тағы басқалардың «Абай Құнанбаев», 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған «Абайтану», 1995 жылы «Абай Құнанбаев» деген атпен төрт рет дербес толық библиографиялық көрсеткіштер жарияланды. Осыларға негізделе отырып, Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды:

  1. Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған.

  2. Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–1926 және 1926–1940 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социологиялық дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты.

  3. Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–1945 жж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі.

Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді. Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен арнайы семинар сабағы ретінде жоғары оқу орындарында, орта білім беретін мектептерде оқытылады.

Абайтану ғылымының қалыптасуы

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.

Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп Абайды аса жоғары бағалады.

Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «Ескендір», «Масғұт» поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды.

Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Абайдың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 ж. жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуға болады. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақынның өз қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткені ескерілсе, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдердің орны көп толыға қоймаған. Сондықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орынды.

Ал кейінгі жинақтарды айтқанда, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдері 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітап та жарияланды. 1922 ж. Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар бұрын жарияланған шығармаларды қамтиды. Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде Ілияс Жансүгіров 1923 ж. «Тілші» газетінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды дәлелдеді.

Ақынның көзі тірісінде 1903 ж. Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада: «Абай – қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі» деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін-ақ халық арасына қолжазба түрінде және ауызша тараған. Байтұрсынов ақын өлеңдерімен 1903 ж. қолжазба арқылы танысқанын айтады. 1914 ж. Мәскеуде жарық көрген «Восточный сборник» атты кітапта Абайдың өмірі мен шығармалары туралы мағлұмат келтіріліп, бірнеше өлеңінің мазмұны орыс тілінде қара сөзбен берілген. 1914 ж. Санкт-Петербургте шыққан «По киргизской степи» деген кітабында Дмитрий Львович «Татьяна хаты» ел ішінде әнге салып айтылып жүргенін ескертеді.

Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 ж. жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовқа ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н. Рамазанов, Ғ. Сағди, Ы. Мұстамбайұлы және Н. Н. Белослюдов, т.б. ат салысты.

Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 ж. М. О. Әуезов бастырған жинақтан (мұнда Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 ж. жарық көрген Ілияс Жансүгіров, Ахмет Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Әуезов Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды. Оның Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылады. 1933–57 ж. аралығында ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіт қолжазбалары негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрген, Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атау қажет. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.


IV Сабақты бекіту:

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Абайтану ғылымының зерттелу кезеңдеріне талдау жасаңдар.

  2. 20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеуде ғалымдардың еңбектері жарық көрді?

  3. Ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында қандай еңбектер жарық көрді?

  4. Абай шығармалары қандай тілдерге аударылды?

  5. Абайтану бүгінде қандай пән ретінде жоғары оқу орындарында, орта білім беретін мектептерде оқытылады?

  6. Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдерін атаңдар.

  7. Абайтану ғылымының зерттелу кезеңдеріне талдау жасаңдар.

  8. Революцияға дейінгі және 20-30 жылдардағы абайтану ғылымы туралы зерттеңдер.

  9. 1940–1990-жылдардағы абайтану ғылымының зерттелуінде қандай ерекшеліктер болды?

  10. Тәуелсіздік алғаннан бергі абайтану ғылымының зерттелу жайы қандай?



V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


VI Үйге тапсырма:

  1. Абай мұрасын зерттеушілер туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

























Күні: 28.11.2018 Пәні: Абайтану Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде ақынның адамның көңіл күйін суреттеуі мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау.

Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары.

Пәнаралық байланыс:  тарих, қазақ тілі.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын тексеру:

  1. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңін жатқа айту.

  2. Өлеңді құрылысына қарай талдау.

Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі қандай лирикаға жатады?
2. Өлең қандай оқиғаға байланысты жазылған?
3. Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тип өкілдерінің тұрмысы қалай суреттелген?


ІІІ Жаңа сабақ:

«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі

«Көлеңке басын ұзартып» – Абайдың 1900 жылы жазған философиялық терең мазмұнды өлеңі. 4 тармақты, 6 шумақтан тұрады. Заңғар көкке жол салып, ұясына қонуға бет алған, көкжиекке иек артқан күннің, көлеңке басын ұзартатыны секілді, адам баласының да «тіршілік базарынан оралар шағында» «күңгірт көңіл» шырмауына оралып, «сұрғылт тартқан бейуақпен сырласатын» сәті болады. Ақынның «Алыстан сермеп...» , «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Одан да шықты жаңғырық» дегеніндей, көкірек көзі ояу, жан сырын ұғар адамның мүлде аз екеніне күңірене қамыққан, салып еттім деген жолының «қу соқпақ» болғанына налыған, тынысы тарылып, тұйыққа тірелген көңіл-күйі өлеңнің өн бойынан сыз тартып тұрғандай. Тыңдаушысын таппай, «Адасқан күшік секілді. Ұлып жұртқа қайтқан ой» кімді таппақ, кімді иландырмақ. Есік пен төрдей ғұмырдың «не тындырдың» деген сауалына «Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге», енді менің кінәм не деп ақталады ақын. Ақтала отырып, өз жоғын таба алмаған, өкінішпен өмір кешкен сыңай танытады. Өлең 7 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында бір ғана текстологиялық өзгеріс кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909, 1939, 1954 жылғы басылымдарда 6-шумақтың 3-жолы «Жай жүргенді өрт қылып» деп алынса, 1945, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол «Жай жүргенді уерд қылып» болып берілген. Сондай-ақ 1939, 1945 жылғы жинақтарда өлеңнің жазылған кезеңі 1895 ж. деп керсетілген. Туынды ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Көлеңке басын ұзартып


Көлеңке басын ұзартып,

Алысты көзден жасырса;

Күнді уақыт қызартып,

Көкжиектен асырса;

 

Күңгірт көңлім сырласар

Сұрғылт тартқан бейуаққа.

Төмен қарап мұңдасар,

Ой жіберіп әр жаққа.

 

Өткен өмір — қу соқпақ,

Қыдырады, талайды.

Кім алдады, кім тоқпақ

Салды, соны санайды.

 

Нені тапсаң, оны тап,

Жарамайды керекке.

Өңкей уды жиып ап,

Себеді сорлы жүрекке.

 

Адасқан күшік секілді

Ұлып жұртқа қайтқан ой.

Өкінді, жолың бекінді,

Әуре болма, оны қой.

 

Ермен шықты, итқылып,

Бидай шашқан егінге.

Жай жүргенді уирд қылып,

Тыныш өлсеңші тегінде.


Сөздік:

Ермен – биік жусан.

Уирд – әдет, машық деген мағынада (арапша).


ІV Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы сабақты бекітемін.

  1. «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі қай жылы жазылған?

  2. Өлеңде не туралы айтылады?

  3. Өлеңнің құрылысы қандай?

  4. Алғаш қай жылы, қай жинақта жарияланды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?



V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


VI Үйге тапсырма беру:

  1. «Көлеңке басын ұзартып» өлеңін жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.










Күні: 26.11.2018 Абайтану 11-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңіндегі адамгершілік, қайырымдылық турасындағы философиялық ой-пікірлері

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңдерінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;

  2. Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: лекция сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын сұрау: «Абай – ұлы ойшыл» атты эссе жазу.

Сұрақ-жауап:

  1. Абай атамыз бұл сөздерін бізге не үшін жазған? Неге қалдырған?

  2. Қара сөздердің тақырыбы әр алуан. Біз үшін ең қажеттісі: «оқу керек, оқығанды көңілге тоқи білу керек, білім алу үшін талап керек». Жақсыға жақын, жаманнан қашық болу керек. Сонымен, Абайдың өлеңдерін тану арқылы біз оны кім деп білдік? 


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі

«Қажымас дос халықта жоқ» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады. Туындыда ақын биік адамгершілік талабының деңгейінен адалдықты, әділдікті, қайырымдылықты, дос пейілділікті жақтайды, өзімшілдікті, опасыздықты, өсек-өтірікті, қулық- сұмдықты сынға алады. Өлеңнен ақынның өз заманындағы қоғам тіршілігіне араласа жүріп, көңіліне қаяу түсірген келеңсіз жәйттерден түңіле мұңайған көңіл күйі сезіледі. Өлең 7 буынды, шалыс ұйқаспен өрнектелген. Ойлы, орамды тілмен орайын келтіріп айтқан ұтқыр да ұшқыр жыр жолдары мақал-мәтел, нақыл сөз іспетті көңілге қонымды. Туындының түпнұсқасы 1905 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлеңнің басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбасында бар:

 «Бұйда тақ та мұрныңа,
Бер деседі қолыма.
Жарасар ма өзіңе
Иттің ерсең соңына»,
- деген 3-шумақ пен:

«Жақсы досың бар болып,
Жанды аяған жарамас.
Оңбаған дос жар болып,
Ұятыңа қарамас»,
- деген соңғы шумақ барлық басылымдарға енгізілмеген. Сондай-ақ жинақтарға 6-шумақтың алғашқы жолы 1909 жылғы басылым негізінде: «Сыйласарлық тектінің» болып алынған. Бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларында «Сақтасарлық жақсының» делініп жазылған. Өлең қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.


ІV Сабақты бекіту:

  1. Мәнерлеп оқу. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.


Қажымас дос халықта жоқ

Қажымас дос халықта жоқ,

Айнымас серт қайда бар? 

Алда көрген артта жоқ, 

Мысқыл, өсек, айла бар.

Жақсылығың күнде ұмыт, 

Бір жаңылсаң, болды кек. 

Пайдасынан бой суыт, 

Өзі тимей жүрсе тек.

Пайда, мақтан өзінен 

Артыла ма ант ұрып? 

Жарыса өсек сөзінен, 

Айта берсін шарқ ұрып.

Кімге достық көп еттім, 

Түбі болды бір кейіс. 

Жақсы өмірім әуре өттің, 

Жар таба алмай бір тегіс.

Жау қожаңдап бұртайып, 

Дос құбылып, әуре етер. 

Кімі тентек, кімде айып, 

Тексере алмай өмір өтер.


  1. Талдау. Өлеңді құрылысына қарай талдайды.


Қа-жы-мас дос // ха-лық-та жоқ, 8 а

Ай-ны-мас серт // қай-да бар?  7 б

Ал-да көр-ген // арт-та жоқ,  7 а

Мыс-қыл, ө-сек, // ай-ла бар. 7 б

1 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 буынды, шалыс ұйқаспен жазылған.


V Үйге тапсырма:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  2. Өлеңді құрылысына қарай талдау.


VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.










































2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»

Оқылатын шығарма

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»

Оқу мақсаты

8.1.2.1 Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

8.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы


Шығарманың идеясы мен пафосының ұлттық ерекшелігін көрсетеді


Көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін анықтайды


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут

Тапсырма

1. Берілген үзінді идеясының ұлттық ерекшелігін талдап жазыңыз.

Жеті жұрт көшіп кеткен соң,

Атамыз қазақ баласы

Конып, мекен еткен жер.

Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,

Жүзден-жүзден нар байлап,

Дәулеті қалың біткен жер...

...Ақ борықтай иілген,

Кейінгі туған баланың

Ұстай ма деп білегін,

Шая ма деп жүрегін,

Шашын, мұртын қойдырып,

Ащы суға тойдырып,

Бұза ма деп реңін.

Адыра қалғыр заманның

Мен жаратпаймын сүреңін!..

2. Жоғарыдағы үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысын талдаңыз. Автордың стилін ажыратыңыз.












Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың идеясы мен пафосынның ұлттық ерекшелігін көрсетеді

1

шығарманың идеясын ашады;

1

ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды;

1

1

ойын жүйелі жазады;

1

Көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін анықтайды

2

көркемдегіш құралдарды табады;

1

1

қолданысына талдау жасайды;

1

автор стилін ажыратады.

1

Барлығы

8





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!