Материалдар / Cайыс сабақ. Математика, информатика, физика әлемине саяхат. 6-7-8 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Cайыс сабақ. Математика, информатика, физика әлемине саяхат. 6-7-8 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Cайыс сабақ. Математика, информатика, физика әлемине саяхат. 6-7-8 сыныптар арасында өтіледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
810
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кеш өтілетін күн:________________

Сыныбы: 6, 7, 8

Кештің тақырыбы: «Математика, информатика, физика әлеміне саяхат»

Кештің мақсаты:Математика, информатика, физика пәндерін байланыстыра отырып сұрақтар, тәжірибелер, басқа да тапсырмалар бере отырып теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық білімдері мен дағдыларын қалыптастыру. Үш топқа бөлінгенмен топтарға ұпай берілмейді. Бұл жерде үш пәннің бір-біріне байланысы бар екенін көрсету. Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы туралы қысқаша мәлімет беру.

Дамытушылық

мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, ұзақ есте сақтауын қадағалау.

Тәрбиелік

мақсаты: Оқушылардың еңбек ету қабілетін жетілдіру, пәнаралық байланысты арттыра отырып теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге өз бетінше іздене білуге тәрбиелеу.


Кештің пәнаралық

байланысы: Математика, информатика, физика, ұлттық педагогика.


Кештің көрнекіліктері: Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына, математика, информатика, физика пәндеріне байланысты нақыл сөздер, алма, қатты қағаз, сіріңке қорабы, кесе, 2 апельсин, суы бар 2 шұңғыл ыдыс.

Кештің жоспары:

  1. Сәлемдесу.

  2. Үш пән бойынша және Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына қысқаша баяндама.

  3. Информатика пәні бойынша викториналық сұрақтар.

  4. Сан, сан, сан (3,5,7 сандарының сырын ашу)

  5. Бұл неліктен? ( физика пәнінен тәжірибелер)

  6. Кім тапқыр? (математика пәні бойынша тор көзді жылдам толтыру)

  7. Физикалық би (формулалар вальсі)

  8. Білгенге маржан ( мақал-мәтел, жұмбақтар)

  9. Қорытынды.

1-жүргізуші

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биыл Егеменді ел болып тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толды. Сонымен қатар 22 қараша мен 28 қараша күндері аралығында мектебімізде математика, информатика, физика апталығы жүріп жатыр.

2-жүргізуші

Осыған орай

Сіздерді кешімізге шақырамыз,

Есеппенен бастарыңызды қатырамыз.

Математика, информатика, физиканы ұғындырып,

Аз да болса білімімізді толтырамыз – дей отырып «Математика, информатика, физика әлеміне саяхат» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Топтарды таныстырып өтейік. 6 сыныптар «Математика» тобы, 7 сыныптар «Информатика» тобы, 8 сыныптар «Физика» тобы деп аталады.


1-жүргізуші

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.


2-жүргізуші

Елтаңбасы елімнің,

Неткен айбат әдемі.

Тұнығында көнілдің,

Ортасында –аспан әлемі – дей келе қысқаша баяндамаға тоқталайық.

Баяндама:

6ә сынып оқушысы Хамидуллаева Айгерім

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы пленумында Д.Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына коммунистік партияны орталық комитетінің арнайы нұсқауымен Р.В.Колбин сайланды.

1986 жылғы 16-17 желтоқсан күндері Алматы қаласында қазақ жастарының толқуы етек алды. Наразылыққа жылдар бойы қорланған себептер түрткі болды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар деген кінәлар тағылды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды.

1991 жылғы 1-ші желтоқсанда Бүкіл халықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті болып сайланды.Міне қазір Егеменді ел болып тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды.


1-жүргізуші

Математика төрт амал негізінде,

Туындатқан талай заң келбетінде.

Жұмбақ әлем болғанмен, ей замандас,

Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде – демекші математиканың даму тарихына тоқталайық

Баяндама:

6ә сынып оқушысы Адильбекова Мөлдір

Математка грек тілінен аударғанда білім, ғылым деген мағына береді. Математика ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі пішіндер жайлы ғылым. Математиканың даму тарихы шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең - математика білім-дағдыларының қорлану, жинақталу дәуірі. Ол ерте кезден басталып, б.з.б 7-6 ғасырларға дейін созылды.Бұл дәуірде математика адамзаттың өмір тәжірибесіне тікелей тәуелді болды, солардан қорытылған ережелер жинағынан құралды.

Екінші кезең-математиканың өз алдына дербес теориялық ғылым болып туу, қалыптасу кезеңі. Математика сауда саласында, жер өлшеуде, астраномияда, архитектурада қолданыла бастады. Бұл кезең тұрақты шамалар математикасы, кейде элементтер математика кезеңі деп те аталды.

Үшінші кезең – айнымалы шамалар математикасы немесе жоғары математиканың туу, қалыптасу кезеңі.17-18 ғасырлардағы жаратылыстану мен техниканың жылдам дами бастауы математикаға қозғалыс пен тұрақсыздық идеяларын айнымалы шамалар және олардың арасындағы функционалдық тәуелділік түрінде енгізу қажеттілігін туғызды.

Төртінші кезең-қазіргі математика кезеңі. Көптеген есептердің күрделі сандық шешімдерін ықшамдау және тездетіп шығару үшін электрондық есептеу машиналары, компьютерлер жасалына бастады. Есептеу техникасының кең қолданылуына байланысты бағдарламалау теориясы пайда болды.

Математиканың туу, даму барысы ұзақ мерзімге созылды. Арифметиканың өзі дербес ғылым ретінде бертінде қалыптасқанмен, оның негізі- сан ұғымы өте ертеде, «тарихқа дейінгі заманда, санау қажеттілігі» туған кезде пайда болған. Геометрияның бастапқы қарапайым ұғымдары табиғатты бақылау, тікелей практикалық өлшеу тәжірибелерінен алынған.


2-жүргізуші

Сөзімнің бар түйіні, тоқ етері,

Компьютер бар ғылымды зор етеді.

Келіңіздер сіздерге ол білімді,

Информатика пәні үйретеді - дей келе компьютердің даму тарихына тоқталалайық.

Баяндама:

7ә сынып оқушысы Сағданбек Нәбира

Ең алғаш пайда болған есептеу құралы есепшот. Кейбір деректерге сүйенсек, оның жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері Қытай немесе ертедегі Мысыр, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп қытайлықтар «суан-пан» , жапондықтар «серобян» деп атаған. Алғашқы програм-малық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж ұсынған. Бірінші кезеңнің электронды есептеуші кезеңнің электрондық – есептегіш машиналары он мыңдаған электронды шамдардан тұрады. Сондықтан олар жүздеген киловатт электр қуатын пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Салмағы бірнеше тоннаға дейін жететін.Ал олардың жылдамдығы секундына 20 мың операциядан аспайтын. Бұл компьютерлер тек инженерлік және ғылыми есептеулер жүргізу үшін қолданылады.

Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Ғалымдар болашақтың компьютерлері бүгінгі компьютермен салыстырғанда әлдеқайда қуатты, қолданыста ыңғайлы және интелектуалдық қабілеті ең жоғары болады деп болжайды. Бұл компьютерге барлық мәлімет қазіргідей пернетақтамен емес, дауыстап бұйрық беру арқылы енгізіледі.Олардың адам секілді машиналық «көру», «есту», «иіс сезу» қабілеті болады.

1-жүргізуші

Қиыннан қиысады, сөз сарасы,

Табиғаттың бар болар сан-саласы.

Физика патшасының бір өзінде ,

Бар екен дана, ғалым он баласы – дей келе физиканың даму тарихына тоқталайық.

Баяндама:

8 сынып оқушысы Жақат Эльвира

Физика-табиғат туралы ғылым ретінде «бірінші ұстаз» атанған гректің ұлы ойшылы Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис-табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз – Әбу-Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор. Ал орыс тілінде «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым М.В. Ломоносов болатын.

Физиканың негізгі мақсаты-табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды байланыстыратын заңдарды ашу.

Физиканың ғылыми тіліін игеріп, заңдарын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды.

Ал физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін терминдер физикалық ұғымдар деп аталады.

Физиканың жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысы туралы айта кетсек, мәселен георафияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданылады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді. Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілері және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланылады.


2-жүргізуші

Айыра біл, жақсыменен жаманды,

Айыра біл, қарындашпен қаламды.

Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл соқпағында өмірдің – дей отырып ендігі кезекті информатика пәні бойынша викториналық сұрақтарға берейік. 7 сынып оқушылары мына шарлардың арасынан қалаған шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

1. Алғашқы есептеу құрылғысы не? (саусақ)

2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?

(интерфейс)

3. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата. (жүйелік блок, манитор, пер-

нетақта, маус)

4. Ең бірінші программа құрған оқымысты кім? (Ада Лавлейс)

5. Манитор мен көздің ара-қашықтығы қандай болу керек? ( 60-70см)

6. Пуск батырмасын басқанда не шығады? (Бас меню)

1-жүргізуші

Ғылымдардың патшасы,

Анық оны біліп қой.

Математикадан табылмақ,

Өмірдегі болатұғын заңдылық – дей отырып ендігі кезекті сан,сан,сан деп аталатын 3,5,7 сандарының сырына тоқталайық. 6 сынып оқушылары кезек-кезек сандардың сырын айтып берсін.

3 саны туралы.

1. Жігіттің 3 жұрты бар.

Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты

2.Үш қуат:

Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат

3.Үш ғайып:

Ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып

4.Үш даусыз:

Мінез, кәрілік, ажал

5.Үш жамандық:

Нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

6.Үш арсыз:

Ұйқы, тамақ, күлкі

5 саны туралы.

1.Бес қару:

Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта

2.Бес парыз:

Құдайдың бірлігі, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр садақа беру, иман мен ихсан яғни адамгершілік пен рахымшылдық.

7 саны туралы.

1.Жеті жетім

Тыңдалмаған сөз жетім

Киюсіз тозған боз жетім

Иесіз қалған жер жетім

Басшысы жоқ ел жетім

Аққу қазсыз көл жетім

Жеріннен айырылған ер жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім

2.Жеті қазына

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жұйрік тазы

Жеті ата:

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене

3. Жеті күн:

Дүйсенбі, сисенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

4.Жеті қат көк:

Меркурий, Шолпан, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Сатурн


2-жүргізуші

Мықты болсаң –артағыны жеткізбе!

Мықты болсақ- шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң- аөк мұзда да жығылма.

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт – дей отырып физика пәні бойынша тәжірибелер жасап көрсетейік.


8 сынып оқушысы: Бақытқызы Әйгерім

1-тәжірибе:

Бізге керегі:

Алма, қатты қағаз, сіріңке қорабы, кесе немесе бакал.


Тәжірибе барысы:

Қатты қағазды кесе немесе бакал бетіне сал, ортасына сіріңке қорапшасын, ал оның үстіне алманы қой. Шапшаң қималдап, қатты қағазды жұлып ал. Сол кезде алма қайтеді?

Не байқалды?

Алма ыдысқа түсіп, сіріңке қорапшасы жерге құлайғанын байқаймыз.

Себебі:

Массасы үлкен денелердің инерциясы көп болады. Сондықтан инертция алманы басқа жаққа жылдам қозғалуға мұрша бермейді, яғни қатты қағазды жұлып алғанда алма қағазбен бірге жұлып кетпей, алма тікелей ыдысқа барып түседі.


8 сынып оқушысы: Сұлтан Шынар

2-тәжірибе

Бізге керегі:

Апельсин, суы бар шұңғыл ыдыс

Тәжірибе барысы:

а)Бүтін апельсинді суы бар шұңғыл ыдысқа сал. Оны суға батыруға тырыс.

ә)Апельсинді қабығын аршып, алғашқы тәжірибені қайтала.

Не байқалды?

Қабығы бар апельсин суға батпайды, қабығы жоқ апельсин суға батып кететіндігін байқаймыз.

Себебі:

Апельсин қабығында ауа көпіршіктері өте көп. Қабығы бар апельсин өзінің көлемімен салыстырғанда жеңіл болады. Ал қабықсыз апельсин ығыстырылып шығатын суға қарағанда ауыр болады, сондықтан суға батып кетеді


1-жүргізуші

Ойын –толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреулер мығым, біреулер шалыс басып.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста –дей келе ендігі кезекті «Кім тапқыр?» кезеңіне берейік.

Берілгені: Бос орындарға жазылғандардан басқа 4-тен 19-ға дейінгі сандарды орналастыр. Сонда олардың көлденеңінен де, тігінен де, қиғашынан да 46 шығатын болсын. 6 сынып оқушыларының біреуі шығып жылдам тор көзді толтырып берсін. Кім шығады?


8


13




18

17





5

16





15


Шешуі:

8


13

14

11

7


18

17

4

19


6

5

16

12


9

10

15

2-жүргізуші

Ой санамда болса да балалығым,

Ғылым сырын білемін, даналығын.

Физика заңдылығын меңгертіп,

Зерделімін, білімді саналымын – демекші формулалар биіне кезек берсек.


8 сынып оқушылары

1. А= 1.

2. v=

3. t=



1-жүргізуші

Білгенге маржан дей отырып, үш топ біріге отырып мақал-мәтел жұмбақтар айтайық


1.Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас.

2. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі ілім біл.


3. Досыңды үш күн сынама,

Үш жыл сына.


4.Бес бармақ жиылса,

Жұдырық болады.


5. Қызға қырық үйден тию,

Қала берсе есіктегі күңнен тию.


6. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.


7. Екі иыққа жинайды,

Қайта өзіңе сыйлайды. (конденсатор)


8. Пайдаланады мені жұрт,

Отын және жарыққа.

Қызмет етем әрқашан,

Түсіне білген адамға. (тоқ)


9. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал, оның есептен-ақ басы айналды. (электр есептегіш)


10. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланам күн сайын жарық үшін. (тоқ)


11. Қағаздарға жазғанды,

Архивтерге қалдырар. (компьютер)



2-жүргізуші

Көңіл бөліп бүл кешке,

Келгендерге көп рахмет - дей отырып кешімізді аяқтау үшін сөз кезегін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қожамжарова Айман апайға және математика, информатика, физика бірлестігінің жетекшісі Толымбекова Сапарайым апайға сөз береміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!