Сулейменова А.
А.
Балқаш қаласы, КМҚК «Балақай»
бөбекжайы
«Case – study»
технологиясы
«Case – study» әдістемесі
немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі ХХ ғасырдың басында АҚШ
Гарвард университетінің бизнес – мектебінде пайда болған. Алғашқы
рет бұл әдістің термині американдық ғалым Комплендтің еңбектерінде
пайдаланылған. 1921 жылы Компленд оқытудың нақты жағдаяттар жинағын
шығарып, дәл осы тәсілдің қолдану жолдарын көрсеткен
болатын.
«Case – study» тәсілі
алғашқысында бизнес – мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгінде бұл
арқылы оқытудың аясы кеңіп, кұқық, мәдениет, медицина салаларында
үздіксіз қолданылуда. Қазіргі таңда «сase – study» – педагогика
саласында да өз орнын алуда. Көптеген атақты педагогтар өз жұмыс
барысында инновациялық технологияның біріне жатқызып, іске асыруда,
толықтырып, білім үрдісіне енуде.
Әдістемелік жұмыс үнемі жаңа
педагогикалық жолдарды қажет етеді. Сол себептен, педагогтармен
жұмыс барысында педагогикалық үдерісті үнемі қозғалыста ұстап отыру
мақсатымен, жаңа идеялар керек. Осы орайда, «Case – study»
технологиясын «Біліктілік баспалдағы» педагогикалық – психологиялық
жобасы аясында қолдану ойы туындады, себебі бұл технологияда басты
назар педагогтың ұсынылған реалды немесе қиялдық (алдын ала
құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға
беруі, өзінің ой – пікірін нақты әрі толық айта білуі педагогтың
жеке тұлғалық, кәсіби қабілеттерін жетілдіруге
аударылады.
Демек, «Case – study»
технологиясын қолдану – қазіргі білім беру талабына педагогтың
кәсіби қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық
жүйесі.
«Case – study» технологиясы
қандай жолдармен іске асады:
* Педагогтардың ауызша сөйлеу
дағдысын жетілдіруге (қазіргі таңда педагогтың ауызша сөйлеу
мәдениеті ақсап тұрғанын ескеретін болсақ
).
* Микротоп басшыларымен өзара
ой бөлісу, бірге талдау.
* Педагогтарды микротоптарға
бөлінуі.
Әдіскер бағыт –бағдар беруші,
бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі. Сонымен қатар, кейстік
тәсілінде жағдаяттарға сәйкес сайыстар ұйымдастыруға
болады:
* Педагог – педагогқа қарсы
сұрақ қояды.
* Педагог өз болжамын
айтады.
* Пікірталас арқылы
жағдаяттардың шешімін табады.
«Case – study» технологиясы
ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен
тұрады:
2. «Case – study»
технологиясы ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен
тұрады:
3. Жалпы атында тұрғандай
«Case» - кілт дегенді білдіреді. Бәрімізге белгілі, алдымен әрбір
кілтті қолданбас бұрын, біз оның қолдану үшін белгілі іс –
әрекеттер кезеңдерін қалыптастырып, құрып
аламыз.
«Case – study» технологиясында
да сондай кезеңдер бар:
1. Мақсатты
айқындау.
2. Материалдар
жинағы.
3. Тапсырмаларды
тарату.
4. Күтілетін нәтижені
болжау.
5. Нәтижеге қол жеткізу үшін
кемшіліктерді жою.
«Case – study» технологиясын
іске асыру барысында арнайы төрт адамнан (педагогтардың санына
қарай) тұратын микротоп құрылады. Олар:
1.
Сарапшы. Жауаптың дұрыс бұрыстығын
сарапшы қорытындылап, тексереді.
2. Жол
сілтеуші. Әдетте, жол сілтеуші – еңбек
өтілі мол, тәжірибиелі педагог. Ол педагогтың міндеті: дұрыс жауап
табылмаған жағдайда, дұрыс жауабын беру.
3.
Баяндаушы. Барлық жағдаяттарды түсініп,
өзгелерге түрлі әдіспен жеткізетін
педагог.
4. Қарсы сұрақ қоюшы немесе
оппозиция. Әрбір жағдаятқа өзіндік пікірі
бар педагог.
«Case – study» технологиясы –
өзге технологиялардан айырмашылығы, мұнда педагог, әсіресе жас
маман өздігінен ізденетін, туындаған мәселені шешетін
субъект.
«Case – study» технологиясын
педагогикалық рингтерде, педагогикалық кеңесте, тренинг ретінде
қолдануға болады.
«Case – study»
технологиясынан педагог не алады:
* Педагог өздігінен туындаған
жағдайлардың шешімін таба алады.
* Өзгенің пікірін тыңдайды,
қабылдай алуды үйренеді.
* Конференцияларда,
педагогикалық кеңестерде өз пікірін нақты, әрі толық жеткізе
алады.
* Презентацияны дұрыс құруға,
қорғауға үйренеді.
* Педагогикалық әдістерді
қолданудың жаңа жолдарын, шешімдерін табуға
үйренеді.
Берілген технология
педагогтардың кәсіби жұмыстарына жаңа серпін бере алады,
қөзқарастарын жаңартуға көмек береді. Педагогтардың біліктілігін
арттыру жолының бір формасы деп алатын болсақ «Case – study»
технологиясынан жас маманға таптырмас көмекші
әдіс.
«Біліктілік баспалдағы» жобасы
аясында дәл осы әдіс бойынша жұмыс сапасы екі есе артты. Жұмыс
барысының қорытынды нәтижелерінің көрсеткіші төмендегі диаграммада
көрсетілген.
«Case – study»
технологиясының жас мамандардың жеке және кәсіби
құзыреттіліктерінің дамуын саралау
мониторингі
Өздеріңіз көріп отырғандай,
«Біліктілік баспалдағы» жобасында дәл осы «Case – study»
технологиясының көмегімен жас мамандардың кәсіби құзыреттілігі
артты. Бастапқы кезде, жас педагогтар өз ойын нақты жеткізе алмай,
шешендік қабілеттер жетпегені көрінсе, жыл аяғына қарай бұл
«оқылықтың» орнын толтырдық. Және де, керісінше, педагогтар бірінің
ойын, ашусыз, байыппен тыңдай алу қабілеті де
тәрбиеленді.
Сонымен қатар, жас мамандар
тарапынан өз бетінше білімін артуға деген қызығушылықтары артып,
өздігінен кәсіби және шығармашылық байқауларға қатысу ниеті
артты.
Нәтижесінде: «Жайдары жаз» атты
республикалық байқауында жас тәрбиеші Ақылжан Дидар – ІІ орынға,
«Жаңа педагогикалық технологиялар» республикалық байқауында Қомар
Абай – ІІІ орынға, «Педагогикалық қоржын» республикалық байқауында
Дәкәрім Ақжол, дене шынықтыру нұсқаушысы – ІІІ орынға ие болды. Бұл
тек бастамасы деп білеміз. Ал, жұмыс барысына келетін болсақ,
педагогтар күнделікті ҰІӘ кезінде жаңа педагогикалық әдіс –
тәсілдерді қолдануды, шығармашылықтарын көрсетуді әдетке
айналдыруда. Әр күн сайын «Тәрбиеші» мамандығына деген оң пікірлері
қалыптасып, позитивті көзқарас туындап келе жатқанын
байқаудамыз.
Болашақта «Case – study»
технологиясының жұмысын болжайтын болсақ:
* Педагогтың шешендік
қабілеттері дамиды.
* Өз ойын нақты және жетік
дәлелдей алады.
* Өзгенің пікірін ашусыз
тыңдай алады.
* Өздігінен білімін жетілдіре
алады.
* Өзінің көрінбеген, дамымай
қалған қырларын бойынан табады.
Сөз соңында айтарым, әрбір
жаңа педагогикалық идея өзімен бірге пайдасын ала келсе, неге оны
қолданбасқа, неге іске асырмасқа.
Әдебиет:
1.
https://www.Ustаz.kz.
2.
Технология case-study / учебно-методическое
пособие /Плотников М.В., Чернявская О.С., Кузнецова
Ю.В.
3.
Метод кейсов в педагогике: практикум для учителей
и студентов/автор - Виневская А.В.