Материалдар / Case Study негізінде «Қазақстан - энергетикалық тәуелсіздікті шешу жолында» тақырыбында өткізілген ашық сабақ

Case Study негізінде «Қазақстан - энергетикалық тәуелсіздікті шешу жолында» тақырыбында өткізілген ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
536
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Case Study негізінде «Қазақстан - энергетикалық тәуелсіздікті шешу жолында» тақырыбында өткізілген ашық сабақБАТЫРХАНОВ АСХАТ МҰРАТҰЛЫМақтарал аграрлық колледжі, арнайы пән оқытушысы.

Кейс-технология- шын  және ойдан  шығарылған  жағдайларға  негізделген қысқа мерзімді  оқытуға  арналған интерактивтік технология.Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.  Кейс-технологиялардың  негізгі  ерекшеліктері.-  практикалық  жағдайларды зерттеу;-  болған жағдайларды  баяндау;-  оқушылар  проблемамен (мәселемен) танысып, оны шешудің  жолдарын  іздейді.  Кейс-технологялардың  негізгі  мақсаты.- оқушылардың  бойында  жаңа  қасиеттер  мен   іскерліктерді   қалыптастыру;-  әр түрлі проблемаларды  талдау  және  оларды  шеше білу  қабілетін   дамыту;- ақпаратпен  жұмыс   жасауды  үйрету Кейс-стади  әдісінің  идеялары
  • әдіс қойылған сұрақтардың бірнеше жауаптары  бар болуы  мүмкін  болатын  пәндерден білім алуға  арналған;
  • үйрету  оқушы  мен    оқытушының   бірлесе   шығармашылықпен     айналысу   дағдыларын қалыптастыруға    негізделеді;
  • әдісті қолданудың  нәтижесі болып   алған білімдері мен  жұмыс жасау  барысында  қалыптасқан   дағдылары   есептеленеді.
  •  Оқытушы -  сұрақтарды қойып,  жауаптарды   ескеріп  отыратын   дискуссияны 
жүргізуші. CASE-терді құрудың сатылары .CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны  қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері. CASE-STUDY  (КЕЙС-СТАДИ) –функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы.Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.
  •  Белгілі жағдайды талдау – нақты немесе ойдан шығарылған жағдайды терең  және  бөлшектеп  талдау.
  • Кейс-стадияның  мақсаты: топ оқушыларының  бірлесіп болған  жағдайды талдау және практикалық шешім шығару.
  • Оқушыларға  болған жағдайды толық  мәлімдейтін  мәтін  ұсынылады.
  • Оқушылар жағдаймен танысады, оны өз-бетінше талдайды  және оны шешудің   бірнеше   жолын  табады.
  • Үрдістің аяқталыу – ұсынылған  алгоритмдерді  бағалау және олардың ең  үздігін  таңдап алу.


  • Кейс сабақтарында алдын-ала дайындалып қойылған жағдаяттар бойынша жұмыс істелді. Кейстік амал-тәсілде, әрбір топ өзінің шығарған шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдеді.
  • Әрбір топ сабақ соңында өз ойларын ортаға салады, сабақтың соңында  тапсырманы қорытындылады.
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:- Жағдайлар  - кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.- Жағдайдың контексті  -  хронологиялық, тарихи, орын контексті, әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.- Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.- Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.- ҚосымшаларКейс әдісін қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Сонымен қатар, оқушылардың талдауына берілетін кейстің түсінікті және пән тақырыптарына сай болуы өте маңызды. Кейс стади әдісін топтық жұмыс формасында да өткізуге болады.Топтық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық тәсілдер арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – топтық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. топтық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі оқытушы ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады “ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев№ 18 сабақ жоспарыПәні Электр энергияның дәстүрлі емес көздері

Тобы: Эл-15-3









Күні, мерзімі: 14.11.17 ж.











Сабақтың түрі: Іскерлік ойын ( Case Study негізінде)Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - энергетикалық тәуелсіздікті шешу жолындаСабақтың мақсаты: Білімділік: Тақырыптың негізінде теориялық білім беру және практикалық дағды қалыптастыру. Оқушылардың мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруін  үйрету. Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білім деңгейін жетілдіру. Жаһандық ысыну басым болып отырған ғаламшарымызда таусылмайтын және қоршаған ортаны ластамайтын, жаңартыла алатын энергетика көздерің мүмкіншілігіне анализ жасау. Ойын сабағы арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуға, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістерді талдауға, сараптауға дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке тәрбиелей отырып, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.Пәнаралық байланыс: Электротехника , физика, география, қоршаған ортаны қорғауҚолданылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет Ляшков В.И., Кузьмин С.Н. . Нетрадиционные и возобновляемые источники энергии: Оқу құралы. - Тамбов, 2003 Қосымша: _1. Сабден О.. Инновациялық экономика: ғылыми басылым. – Алматы: Эксклюзив, 2008.2. Сүлейменов Е.З.. Қазақстандағы ғылыми-технологиялық дамудың басымдықтары туралы зерттеудің ахуалы. Нанотехнологиялар: талдаулық шолу. - Алматы: ҒТА ҰО, 2008. 3. Алексеев В.В., Рустамов Н.А., Чекарев К.В., Ковешников Л.А. Перспективы развития альтернативной энергетики и ее воздействие на окружающую среду. 8- М.: М.В. Ломоносов атындағы ММУК, 2003. 4. Шумейкин С.А., Певзнер Л.А. Геотермальные источники энергетических ресурсов, проблемы и перспективы их освоения // Состояние и перспективы использования альтернативных источников энергии в России: правовые, социально-экономические и экологические аспекты. – М., 2005.5. Тарараева Е.М. Современное состояние и перспективы солнечной энергетики в мире. Информация в области альтернативной энергетики// Альтернативная энергетика и экология, ISJAEE, 10,2006. Сабақтың барысы мен мазмұны:
Сабақтың кезеңдеріМазмұныӘдіс-тәсілдеріҚолданылатын көрнекіліктер және ТОҚУақыты
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару .

3
ІІ. Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру. Сабақтың түрі мен тақырыбын таныстыру.

3
111. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсатын айқындау, жазу Жаңа сабақтың құрылымына сәйкес бейне роликпен ойынды ашып, іскерлік ойынның шарттын және ойынға қатысушыларды таныстыру. Балалар осы уақытқа дейін БҰТП бойынша баламалы энергия көздерінің түрлері мен олардың ерекшеліктері жайында сабақтар өттік. Бүгінгі сабақ сол тақырыптарды жинақтау және тұжырымдау болады. Өткен сабақта әрбір оқушыға жан-жақты зерттеу үшін арнайы тақырыптар берілді. Зерттедік, зерделедік. Бүгін сол білімдерімізді жинақтап, іскерлік ойын сабағын жоспарлап отырмын. Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан – энергетикалық тәуелсіздікті шешу жолында» Мұндағы мақсатымыз, технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын анықтау. . Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өткен ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде энергия екенін қарастыруға мүмкіндік берді.Шындығында, қазіргі заманды электр энергиясынсыз мүлдем елестету мүмкін емес. Сол себепті де, электр энергияны алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. Ұрандалып жатқан «Болашақ энергиясы» жобасының мақсаттары мен міндеттері – қуат көзін пайдаланудағы жоспарлау мен бақылау адам өмірі мен ғаламшардағы бүкіл тіршілік атаулыға шешуші әсер етеді деген тақырыпта ойлану мен білім қалыптастыруды ынталандыру, жауаптылық сезіміне шақыру болып табылады. Демек іскерлік ойын сабағын бастаймыз (бейне роликКіріспе)Бүгінгі біздің форумға қатысушылар:ҚР энергетика министірлігінің өкілі Бектуғанов БексұлтанГАЗпром компаниясының бас инженері Жамал ЖасұланАгроЭко компанияның бас директоры Әбітхан МейірханЭлектро проект компанияның менеджері Мұсылман АйнабекЕвразиялық энергетикалық компанияның бас инженері Юсупов АсқарКазанские ветроэлектростанции құрылыс фирманың бас менеджері Мутыгулин РифатАтом ЭнергоПром компаниясының президенті Уалихан БайжанЖәне форумға қатысып отырған Хабар, 1канал Евразия және КТК теле арналарының тілшілері:Кучкаров МейірбекМутыгулин РинатАбдукаримов Азамат10
1V. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау)Баяндамалар: 1.«Қазақстандағы энергетикалық жағдай.»2. «Альтернативная энергетика.».3. «Альтернативная энергетика что больше, затраты или выгоды?4. «Баламалы энергетика біздің келешек».5. «Баламалы энергетика қондырғыларының экологияға әсері.».6. «Қазақстанның энергетика саласының дамуындағы атомдық электр станциялардың рөлі.»7. «Энергияны үнемдеу - жаңа шешімдер кілті.»Баяндау. демонстрация, иллюстрация,сұрақ – жауап, пікірсайыс

Іскерлік ойында қоланылатын элементтер.Интер активті тақта.Слайдтар Microsoft Office PowerPoint.Бейне роликтер

50
V. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру) Оқушылардың білімдерін бағалап, өткен сабақты қорытындалау«Жасыл экономикаға» бетбұрыс жасадық. Біз жел, су, күн энергиясын пайдалана алуымыз  үлкен жеңіс болар еді. Себебі, біз дәстүрлі энергия көздеріне деген тәуелсіздігімізді біршама жеңілдетер еді. Осылайша біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра алатынымыз дәлелдер едік. Бұл айтуға оңай болғанымен, жүзеге асыру үшін үлкен күш, мықты инновациялық білім қажет.  Елбасының: «Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге қарыздармыз», деген қанатты қағидасымен іскерлік ойынды аяқтағым келеді «Бейне ролик»Баянды елдің бағы мен бақытына бірге кенеліп, баршамызға бейбіт аспан астында ғибратты ғұмыр кешуге жазсын, ағайын!Жалпы сабақты қорытындылайтын болсақ оқушыларымыз жан жақты ізденіп, дайындалғандары үшін бағаланды Сабақтың соңын, «Естігенді ұмытамын,көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцийдің сөзімен аяқтағым келеді.

7
VI Үйге тапсырма беру Тарараева Е.М. Информация в области альтернативной энергетики . Альтернативная энергетика и экология, ISJAEE, 10,2006. 3

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан – энергетикалық тәуелсіздікті шешу жолында» Мұндағы мақсатымыз, технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын анықтау.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ