Материалдар / целекция
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

целекция

Материал туралы қысқаша түсінік
бул жіберілген материялдарда ашық сабақ ,тәрбие сағат, авторлық бағдарлама, мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
561
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Шебер сыныптың тақырыбы

«Тиімді әдіс-тәсілдер- бүгінгі сабақта»

Пән мұғалімі

Астана қаласы № 58 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Онор Айжан, ІІІ деңгей

Сілтемелер

Мұғалімге арналған нұсқаулық. Жоспар.

Шебер сыныптың мақсаты

Жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыруға бағыттау

Оқытудың нәтижесі:

Шебер сынып соңында әр мұғалім қолдану жолдарын түсінеді, бағыт алады.

Күтілетін нәтиже Білу.


Әр мұғалім жаңа әдіс-тәсілдер туралы білімдерін толықтырады.
• Қолдану, түсіну және талдау:
жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, өз ойын ашық айта отырып өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.
• Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді.

Шебер сыныптың әдіс - тәсілдері

АКТ, СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Ресурстар н/е құрал - жабдықтар

Маркерлер, қалпақтар, қаламдар, стикерлер т.б.

Тренинг

Қатысушылар екі топқа бөлініп сапқа тұрады. Ең соңғы ойыншыға жүргізуші сурет көрсетеді. Кезекпен алдындағы адамның арқасына суретте салуды жалғастырады.. Сөйтіп ең алдындағы ойыншыға салынған соң. Шешім сұралады. Соңында ненің суреті салыну керектігі айтылады.

Топқа бөліну

Ұлттық нақыштар сувинер арқылы топқа бөлінеді.

Домбыра

Қобыз

Торсық

Киіз

«Құмырсқа» стратегиясы. Тақырыпқа қатысты мұғалім сурет таңдайды. Сынып топтарға бөлінеді. Әр топтан бір оқушы шығып, мұғалім көрсеткен суретті, өз тобына барып түсіндіреді, топ мүшелері сол суретті салу керек. Топ мүшелері кезектесіп мұғалім көрсеткен суретті толық салып шығулары керек. Ең соңында топтар өз суреттерін көрсетіп, үздік сурет анықталады. Балаларға сабақтың тақырыбын оқып шығуды ұсынады және тақырып мағынасын ашу үшін өз ойларын айтуды сұрайды.

Балалар, сабақтың тақырыбын оқыңдар. Қалай ойлайсыңдар, тақырыбымыздың мәні неде

Миға шабуыл

Видео –үзінді. Мына видеороликтен бүгінгі семинарымыздың тақырыбымен тікелей байланысты екенін байқаған шығарсыздар

Видеоны талқылау арқылы интербелсенді әдістердің қажеттілігі айтылады.

Мағынаны тану

Оқытудың интерактивті әдістері және түрлері:

  • қысқа дәріс

  • топтық жұмыс

  • визитерді шақыру

  • ой шабуылы (шабуыл)

  • имитация ойыны

  • рөлдік ойын

  • жағдайлық тапсырмаларды шешу

  • сарапшы топтардың пікірталасы

  • жоба жасау

  • сұрау *сұхбат * сахналау

  • жағдайларды ойнау

  • қатысушылардың рөлінде болу

  • триггерлік суреттерді талқылау

  • сұрау–квиз (бақылау) және т.б.

Интерактивті оқыту әдістерінің артықшылықтары қандай?

  • Қатысушылардың қызығушылығын оятады.

  • Оқу үрдісіне белсенді қатысқандарды мадақтайды.

  • Көңіл-күйге бағытталады.

  • Материалдардың тиімді игерілуіне мүмкіндік береді.

  • Қатысушыларға көп қырлы әсер етеді.

  • Кері байланысты жүзеге асырады (аудиторияның жауап беруі).

  • Қатысушыларда өзіндік пікір, қатынас

қалыптастырады.

  • Мінез-құлықтың өзгеруіне ықпал етеді.

Сергіту сәті

«Тыйым салынған сөз» жаттығуы

Сұрақ қойылады, ал балалар жауап береді. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ алдын ала айтылған сөзді айтуға тыйым салынады, мысалы, «жоқ» сөзі.

Сен ас үйде ұйықтайсың ба?

Қар жасыл ма?

Сен ұша аласың ба?

Сен Марс планетасында болдың ба?

Сен тәттілерді жақсы көресің бе?

Сен компьютерлерді жөндей аласың ба?

Қыста жиі жаңбыр жауа ма?

Сен жазда коньки тебесің бе?

Ой толғаныс

Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін кез келген мұғалім өз сабақтарында тиімді қолдана біледі. Оның жарқын дәлелі ретінде алдарыңызда тұрмын.Өзім жиі қолданатын стратегияларым «Әдеби үйірме», «Сұқ саусақ», «Көңілді қалпақ» стратегиясы т.б. Мен сіздермен осындай жаңа әдіс-тәсілдердің бірнеше түрімен бөлісейін.

Әдеби үйірмеде: Оқушыларды мынандай топтарға бөлеміз.

1. Баяндаушы топ- оқыған әңгіменің мазмұнын баяндап айтып береді.

2. Сұрақ құрастырушы топ. Әңгіменің мазмұнына байланысты сұрақтар құрастырады.

3. Бейнелеуші топ- әңгіменің мазмұнан сипаттап, суреттеп береді (ауызша да , суретпен бірін таңдауға болады)

4.Дәнекер топ- әңгіменің мазмұнын өмірмен байланыстырады.

Мәтін «Ана құшағында» «Қазақ салдаты» романынан үзінді

«Сұқ саусақ» әдісі оқушыларға ізденуге тапсырмалар бергенде, сұрақтар дайындатамыз. Сол сәтте қарсылас дайындап алу үшін қолданылады. «Сұқ саусақ»,»қай топқа бағытталса сол топ жауап береді.

Осы екі әдісті бірге қолданып көрейік.

Ең жақын адамың кім? Ол ана. Ендеше анамен хабарласатын уақыт жоқ қазір өз аналарыңызға хат жазыңыздар (Хат жазады)Қабырғаға(стратегия) қарап оқиды. (стратегия)Хатты сағаттың тілімен бір-бірімізге беріп ауыстырып оқимыз. ( ЖИГСО ) Ең үздік хат ортаға шығады («Көңілді қалпақ» әдісі

Сонымен «Ана» тақырыбына әр топ өздеріне тиесілі міндеттерін басшылыққа ала отырып жан-жақты талықлап береді.

«Кезбе тілші» стратегиясы. Оқушыларды шағын топтарға біріктіріңіз. Топтарда талқылау басталғанда әр топтан бір «ерікті тілші» шығып, басқа топтағы оқушылармен сұхбаттасады. Соңында жиналған мәліметтерімен өз тобының мүшелерімен бөліседі. Келесі сұрақтар бойынша талқылауды ұйымдастырады:

«Түйінді сөздер» стратегиясы. Оқушыларға проекторлар арқылы немесе парақшаларда түйінді сөздер тізімі беріледі. Оқушылар сол сөздерді пайдалана отырып, әңгіме құрайды. Жаңа сөздерді енгізеді.

Балалар, жаңа сөзге мән беріңдер.

«Мәдениет»

Қалай ойлайсыңдар, бұл ұғымның сабағымызға қатысы бар ма? «Сұрақтар жаңбыры» стратегиясы. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Оқушылар өз тобында сұрақтар жазып, басқа топқа лақтырады, ол сол топтың лақтырған сұрағына жауап жазып кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы сол жауаптан сұрақ тудырып, келесі топқа лақтырады. Ойын солай жалғасады. Төмендегі сұрақтарды пайдалануға болады:

Бір-біріңмен кездескенде не айтасыңдар?

Досыңның туған күніне қандай сыйлық сыйлайсың?

Досыңа қандай тілек айтасың?

Достарыңмен уақытты қалай өткізуге болады?

Кері байланыс




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!