Материалдар / Ч.Дарвиннің эвалюциялық ілімі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ч.Дарвиннің эвалюциялық ілімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарвин ілімі туралы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
836
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі.Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.2.Дамытушылық: Студенттердің қызығуы, ынта-қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге дағдыландыру.3. Тәрбиелік: Уақыт, дәлдік, ұқыптылық сезіміне, адамгершілікке қарым- қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.Сабақтың түрі: Ұжымдық ойлау.Сабақтың пән аралық байланысы: Тарих, әдебиет,математикаСабақтың әдісі: Бис әдісі.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.ІV. Жаңа сабақты бекіту.V. Үйге тапсырма беру.VІ. Бағалау.

І.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабақ мақсатымен танысу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1.«Мыңнын түсін білгенше, бірдін атын біл» ойыны.(ғалымдардың портреттері бойынша еңбектері туралы мағлұмат беру)1 Роберт Гук «алғаш микроскопты жасаған ғалым»

2. Шван мен ШлейденЖасуша теориясын енгізген3.Ян Беккори «тұңғыш рет бидай ұнынан ақуыз алды»4. Жан Батист Ламарк «жануарлар дүниесін омыртқалылар және омыртқасыздар деп екі топқа бөлді»





5. Карл Линней «организмді алғаш рет топтастырып жүйеге келтірген»



6.Голландия ғалымы Де Фриз «Мутация» терминін енгізген.



7.Американ ғалымы Томас Морган «Тұқым қуалаушылықтың хромасомалық теориясын» ашты.

8.Грегор Мендель «тұқым қуалау заңдылығын ашты»





9.Ч.Дарвин «түрлердің шығу тегін зерттеген»



10.Ян Пуркине «протоплазманы ашқан»



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Ч.Дарвин өмір кезеңдері.
  • Ч.Дарвиннің еңбектері.
  • Ч.Дарвин ілімінің алғы шарттары.
Ч.Дарвиннің өмірбаяны мен еңбектері. Чарлз Роберт Дарвин 1809 жылы 12 ақпанда Англияның Шрусбери қалашығында дәрігердің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Роберт өз заманында атақты дәрігер болған. Ч.Дарвин мектеп бітіргеннен кейін 1826 ж Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға қабылданады, бірақ оны тірі табиғат көбірек қызықтырады. әкесінің ұйғарымымен 1828 жылы Кембридж университетінің діни факультетіне оқуға қабылданады.1831 ж Кембридж университеттін бітірген Дарвин сол университеттің профессоры Генсолдан «Бигль» кемесінің Жер шарын айналу саяхатына шығатыны және осы саяхат кезінде табиғат зерттушісі болып жұмыс атқаратындығы жайлы шақыру хат алады. Ол 22 жасында 5 жылға созылған саяхатқа қатысып, өте көп мәліметтер жинайды.

«Бигль» кемесі Оңтүстік Американың шалғай жатқан жағалаулары мен Тынық мұхит аралдарының картасын жасауды мақсат етіп қойды. Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыпталу. Сұрыптаудың түрлері. Қолдан сұрыптау туралы Ч. Дарвиннің ілімі. Адам қолмен шығарылған қолтұқымдар мен іріктемелердің қасиеті тек организмдердің өзгергіштігі арқылы ғана болады деп түсіндіру жеткіліксіз екендігін алғаш байқаған ғалым Ч.Дарвин. Ол адамның қолдан сұрыптау мен табиғатта болатын сұрыпталудың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ажыратып, қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу деп екіге бөлді. . Органикалық дүние эволюциясының себептері мен заңдылықтарын ашты. Еңбектері: "Табиғи сұрыпталу", "Түрлердің шығуы", "Үй жануарлары", "Адамның шағу тегі", "Жыныстық сұрыпталу", "Құрттар" және т.б. Жаратылыстанудың әр саласынан (геология, палеонтология, биогеография, эмбриология, салыстырмалы анатомия, цитология және т.б) жиналған материалдар "табиғат өзгермейді" деген көзқарасты жоққа шығарды. Ч.Дарвин іліміне "Бигль" кемесімен саяхат жасағанда жинаған экспедициялық материалдары да көп пайдасын тигізді. Ч.Дарвин эволюциялық теорияны бірінші болып ашпағанымен эволюция- өзгерткіштік қатар жүруінен болатын құбылыс екендігін дәлелдеді. Ол тек табғаттың табиғи заңының әсерінен дамитынын түсіндіріп, эволюциялық процесті бірінші болып дәлелдеп берді. Галапагос таушымшықтарының қоректенуіне байланысты тұмсық пішіндерінің өзгеруіЧ.Дарвин түрлер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтардың және тірі организмдердің әртүрлілігінің себептерін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Саяхат кезінде қазба түрінде тістері кемірушілердің тістеріне ұқсас тұяқты жануарлар мен ламаға ұқсас түйетектес жануарлар табылды. Жабайы жылқы тістері мен жалқауаңның қазбадан табылған қалдықтары да Ч. Дарвинге ерекше ой салды. Әсіресе Галапагос аралының өсімдіктері мен жануарларының түр құрамы қатты қызықтырды. Өсімдіктерден – күрделігүлділер тұқымдасының 20 түрін жинады. Осы аралда құстардың 25 түрі мекен ететіндігін анықтады. Таушымшықтардың 13 түрін байқады. Галапагос аралдары Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан 700 км қашықтықта жатқандықтан құстардың түрлерінің 85%-ы аралдан басқа жерде кездеспейді. Ч.Дарвин Галапагос аралдарындағы таушымшықтар Оңтүстік Америкада көрген таушымшықтарына сәл ұқсағанымен түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары бар екенін байқаған. Ч.Дарвинді таңғалтқан да осы белгілер болды. Аралда үш апта болып, таушымшықтардың негізгі өзгеріске ұшырағаны тұмсықтары екеніне көз жеткізді. Тұмсықтарының өзгеріске ұшырау себептері қорек ерекшеліктеріне байланысты деген тұжырымға келді. Шыққан тегі бір болғанымен қоректің түріне байланысты тұмсықтарының өзгеруін мына мысалдан білуге болады. Мысалы, егер тұмсығы жуан болса – қатты тұқыммен, жіңішке ұзын болса – жеміс- жидектермен, біз тәрізді үшкір болса – жәндіктермен және гүл шірнесімен қоректенгендіктен өзгерген. Осылардың ішінде тоқылдақ сияқты ағаш қабығынан жәндіктерді шығарып алу үшін кактустың тікенімен шоқып алатын ағаш таушымшығы кездескен. Мұндай өзгерістен алшақтаудың ( оқшаулану ) түрлердің дамуына тигізетін әсері екендігін білуге болады. Табиғи сұрыпталу тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқтарды жойып отырады деген қорытындыға келді.



V.Жаңа сабақты бекіту.1.«Сандар сөйлейді» ойыны.
  • 1809ж- Ч. Дарвиннің туылған жылы.
  • 1826ж-Эдинбург университетіне тускен жылы.
  • 1831ж-сол университетті бітірген жылы.
  • 1831ж- Бигл кемесімен саяхатқа аттанды.
  • 1836ж-бигл кемесімен Англия жағалауына қайта оралды.
  • 1859ж –«табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы» атты еңбегі жарыққа щықты.
  • 1868ж-«Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» кітабы шықты.
  • 1871ж-«Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» еңбегі жарық көрді.
  • 1872ж-«Адам мен жануарлардың мінезтқұлыұтары» еңбегі жарық көрді.
  • 1882ж-қайтыс болды.


2. Сәйкестендіру кестесі.





VІ. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.К.Ленней, Ж.Б.Ламарк, Ч.Дарвин өмір жолы мен еңбектері жайлы қысқаша баяндама дайындап келу.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!