"Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу /үйірме жұмысы/

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу /үйірме жұмысы/

Материал туралы қысқаша түсінік
"Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу /үйірме жұмысы/
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.Билялов атындағы гимназия КММ














Сабақтың тақырыбы:


"Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу

/үйірме жұмысы/









5-сынып


Математика пәнінің мұғалімі: Бекбосынова А.Р.






Ақжар ауылы

2016-2017 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: "Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу.

Білімділік: оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, жасырын цифрлары жұлдызшамен берілетін есептерді шешу әдіс-тәсілдерін меңгеру, есептеуге үйрету.

Дамытушылық: ойлау және тез есептеу қабілеттерін, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: шапшаңдылыққа, тиянақтылыққа, өз жұмысын саралап нәтижесін шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Слайд-презентация, стикерлер, А3 форматтағы плакаттар, ноутбук, түрлі-түсті маркерлер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Себебі бізге қонақ келеді. Ол қонақты жақсы көңіл күймен қарсы алу үшін, көзімізді жұмып, сиқырлы әлемге аттанып, бір бірімізге жақсы тілектер тілеулеріңді сұраймын.

(Есік қағылады. Фокусшы кіреді.)

Фокусшы:Достар, мен сендерге көмек сұрай ертегілер елінен келдім. Ол жақта үлкен бір ел бар. Бұл елдің тұрғандары сандар. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріп жатқан болатын. Сандар өте көп, санасаң сан жетпейді. Ал цифрлар бар болғаны он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.

Сандар мен цифрлар тату-тәтті өмір сүріп жатқан. Не болғаны белгісіз бүгін сандар цифрларға келіп:

- Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден мықтымыз, - деген.

Цифрлар сандарға қатты ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:

- Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік, не істейтіндерін? - деп барлығы басқа жаққа қашып кетіпті. Енді сандар әркім өз үйілерінің есігіне нөмерін жазайын десе жаза алмай, қиналып, өз қателіктерін түсінді. Сандар қателіктерін түсініп, цифрларды іздеп, маған келіпті. Мен сендерге келдім. Бүгін берілетін тапсырмаларды орындап, цифрларды сандар еліне қайтаруға көмектесулеріңді сұраймын.

ІІ. Ой қозғау. /Оқушылар дұрыс жауап берген сайын фокусшының сиқырлы шляпасында цифрлар пайда болып отырады. Соны таратып береді./

Жоғарыдағы есеп беріледі. Оқушылар шығарып көреді. Қалай шығару керектігін түсіндіреді. Бір оқушы шығару алгоритімін түсіндіреді. А3 формат қағазға.

Түсіндіру: 6+7=13 болғандықтан, қосынды 8043-ке тең. Қалған цифрларды біртіндеп - алдымен ондықтар, сосын - жүздіктер, сонан соң мыңдықтар бағанында қалпына келтіреміз. Бірліктер бағанынан ондықтар бағанына бір бірлік ауыстырылады, сондықтан 1+8+*=14, ал ондықтар бағанындағы жұлдызшаны 5 цифрымен алмастырамыз. Жүздіктер бағанында 1+*+2=10, сондықтан жұлдызшаның орнына 7 цифрын қою керек. Ақырында мыңдықтар бағанында 1+3+*=8, *=4

Жауабы: 3786+4257=8043

ІІІ. Жаңа ақпарат. Оқушыларға слайд арқылы ақпарат беру.


ІV. Топтық жұмыс.

1) 2)


V. Сергіту. Фокус көрсету.

Тиындарды тауып беру. Бір оқушыға қөрсетпей бір қолына 1 теңгені екінші қолына 2 теңгені жасырсын. Фокусшы оның қай қолында 2 теңге, қай қолында 1 теңге жасырылғанын оп-оңай айтып бере алады. Ол үшін оң қолындағы теңгені үш еселе, ал сол қолындағы теңгені екі еселе де, олардың қосындысын фокусшыға айтады. Егер айтқан сан жұп болса 2 теңге оң, ал сол қолында 1 теңге.

3) 4)

/Оқушылар 10 цифрды тапқаннан кейін фокусшы өз еліне кетеді. /


VІ. Кері байланыс.

Алма ағашына алмаларды іледі.




-сабақ ұнады,

жақсы меңгердім.



-сабақ ұнады,бірақ, қиындықтар болды.





- сабақ қызықсыз болды.



VІІ. Қорытындылау.

Математикалық ребустарды шешудің қажеттілігі бар ма? Қандай?

VІІ. Бағалау.

Қалыптастырушы бағалау: сабақ барысында мадақтау сөздері арқылы бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
545
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі