Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / «Цифрлы Қазақстан» авторлық бағдарлама
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
«Р.Қошқарбаев
атындағы №50 жалпы орта мектебі»
КММ
Авторлық
бағдарлама
Тақырыбы:
«Цифрлы
Қазақстан»
(арнайы курстың
бағдарламасы )
Дайындаған:
Ходжаев Р.Ш.
Ж.Ералиев а/ә
«Ғ.Мұратбаев ауылы
2021
ж
Құрастырған:
«Р.Қошқарбаев
атындағы№50 жалпы орта
мектебі»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі информатика
пәнінің
мұғалімі Ходжаев
Р.Ш.
Пікір
Жоғарғы сыныптар
үшін ұсынылып отырған"Цифрлық Қазақстан" курсының
оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білімдерін толықтыру үшін
алатын орны маңызды.
Елімізде соңғы
жылдары туындап отырған қоршаған ортаға қатысты проблемалар олардың
тек қана нарықтық-экономикалық факторларға ғана емес,
әлеуметтік-психологиялық факторларға да тәуелді екенін көрсетіп
отыр.
"Цифрлық
Қазақстан"курсы оқушыларға информатика
және ақпараттық білім беру, оларды цифрлы ресурсы болған интернетті
үнемі пайдалануға, сондай-ақ алған білімдерін күнделікті өмірді
қолдана білуге үйрету.
Осы орайда цифрлану
ғылымы бүгінгі таңда халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық
деңгейдегі мәселелерді зерттейтін кешенді ғылымға
айналды.
Республикамызда
білім беруді оңтайландыру процестері қолға алынуда. Осыған орай
оқушыларға мектеп қабырғасында цифрлану туралы білім берудің ең
ұтымды әрі экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздеу міндеті
тұр.
Ол үшін пәнаралық
және информатика пәні арқылы факультатив сабақ ретінде білім берген
дұрыс. Бұл курстың мектебіміздегі пәндерді цифрландыру мәселесін
шешудегі үлесі зор.
Бағдарлама құрылымы
кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады. Мұнда,
қоғам мен ақпарат арасындағы байланыс, еліміздегі цифрландыру
проблемалары және оны шешудің мәселелер
қамтылған.
Пікір
жазушы:
Директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасары: Байменова
П.
Түсінік
хат
«Цифрлы Қазақстан». (17
сағат)
"Цифрлық Қазақстан"
мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары орта мерзімді перспективада
Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және
цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру
сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада
Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды
қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге
жағдай жасау болып табылады. Осы аталған стратегияларды 10-11 сынып
оқушыларына қарапайым тілмен
жеткізу.
Мақсаты:Орта мерзімді перспективада
республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық
технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын
жақсарту, сондай-ақ 10-11 сынып оқушыларына Қазақстанның
экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз
ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасауын
түсіндіру.
Міндеттері:1/Цифрлы Қазақстан болу
үшін зерттеу объектілері, цифрлы ақпарат және олардың түрлерінің
ерекшеліктерінің мазмұның
меңгеру;
2/цифрлы-ақпараттық білімдерін, ақпараттану
(информатика) туралы түсінік
қалыптастыру:
3/"Ақылды"
қалалар құрылымымен танысып, оны құруды, игеруді
меңгерту:
Пән аралық
байланыс;физикалық, математика,
экономикалық география.
Курсты аяқтау
формасы:рефератты
қорғау
Мазмұны
Кіріспе (5
сағат)
Бағдарламаны іске
асырудың бес негізгі бағыты:
1."Экономика салаларын цифрландыру" - еңбек өнімділігін
арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық
технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан
Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру
бағыты.
2."Цифрлық
мемлекетке көшу" - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен
бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің
функцияларын түрлендіру бағыты.
3."Цифрлық
Жібек жолын іске асыру" - ішкі контур үшін де, Қазақстан
Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді
берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған
инфрақұрылымын дамыту бағыты.
4."Адами
капиталды дамыту" - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді
қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын
түрлендіру бағыты.
5."Инновациялық экожүйені құру" - бизнес, ғылыми сала және
мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық
кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты.
Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және
енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет
етеді.
Цифрлы
Қазақстанға көшу процесі (3 сағат
)
Бүгінгі күні
Интернет экономикасы дамушы елдерде жылына 25%-ға дейінгі қарқынмен
өсіп келеді, бұл ретте экономиканың бірде бір саласы мұндай
қарқынға тіпті жақындай да алмайды. Барлық жаһандық деректердің
90%-ы бар-жоғы соңғы екі жылдың ішінде жасалды. Қазірдің өзінде
интернетке 35 миллиард құрылғы қосылған және деректермен алмасуды
жүзеге асырады, бұл цифр әлемдегі тұрғындардың жалпы санынан бес
есе артық. Бірақ, сонымен бірге Үкімет пен корпорация жыл сайын кең
таралған жаңа құбылыс - кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл жасауға
жарты триллионға жуық АҚШ долларын жұмсайды.
"Ақылды"
қалалар.(4
сағат)
Қазіргі әлем қалалық
инфрақұрылымға жоғары талаптар қоюда. Ірі қалаларда көлік
логистикасы, техникалық және әлеуметтік қалалық инфрақұрылым, қала
ортасының сапасы, қаланың дамуын басқару тиімділігі, қаладағы халық
санының көбеюін ескере отырып, қоғамдық, іскерлік және тұрғын
кеңістігін дамыту проблемалары бар.
2012 жылдан бастап Астана қаласында "Тіршілік
қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесі" жобасы іске асырылуда, оның
шеңберінде бейнебақылау жүйелерін дамыту, бұзушылықтарды фото-бейне
тіркеуді енгізу, деректерді өңдеу орталығын, жедел басқару
орталығын және зияткерлік байланыс орталығын құру сегменттері жұмыс
істеуде. "Smart мектеп" (88 мектептің 19-ы қосылды), "Smart көше
жарығы", "Smart емхана" (10 емхананың 2-уі қосылды) бағыттары
бойынша бастамалар іске асырылуда. Алматы қаласында бұзушылықты
фото-бейне тіркеу жүйесі енгізілді, ал 2015 жылы "Оңай" қоғамдық
көлікте электрондық билет беру жүйесі іске қосылды.
АКТ саласын
дамыту(3
сағат)
Технологиялық даму, еліміздің киберқауіпсіздігін
қамтамасыз ету шарттары ақпараттық технологиялар секторындағы
қосымша құнның өсуіне және сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылыммен жұмысқа бағдарланған жұмыс істейтін қолданыстағы
отандық АТ-компанияларды толық қолдау болып табылатынын атап өту
қажет. Бір уақытта, даму шарттары – бүкіл әлемнен технологиялық
кәсіпкерлерді өзара тиімді шарттарды тарта отырып, стартап
бағыттарын қалыптастыру және дамыту.
Қайталау сабағы –
1 сабақ.
Қорытынды
«рефератты қорғау». (1
сағат)
Күтілетін
нәтиже:Бағдарлама – инновациялық
экономиканы құру, 2050 жылға қарай 30 дамыған елдің қатарына кіру
және қоғам мен өндірісті қазіргі заманғы технологиялық әлемнен
тысқары қалмайтындай жаңарту секілді негізгі өршіл мақсаттарға қол
жеткізу үшін іске асыруға қажетті бір-бірімен байланысты шаралар
кешенін іске асыруды болжайтын тұлға қалыптастыру. Осы мақсатқа қол
жеткізу бүкіл қоғамың бірігуі мен жұмылдырылуын және қысқа уақыт
аралығында серпіліс жасауды талап ету керектігін 10-11 сынып
оқушыларына түсіндіру.
Жылдық сабақ жоспары
№
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
1
Кіріспе
1
2
Өнеркәсіпті және электр энергетикасын
цифландыру:
1
3
Көлікті және логистиканы
цифрландыру.
1
4
Ауыл шаруашылығын
цифрландыру.
1
5
Электрондық сауданы
дамыту.
1
6
Қаржы технологияларын және қолма-қол
ақшасыз төлемдерді дамыту.
1
7
Мемлекет – азаматтарға.
1
8
Мемлекет – бизнеске.
1
9
Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін
цифрландыру.
1
10
"Ақылды" қалалар.
1
11
Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын
кеңейту.
1
12
АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету.
1
13
Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде
цифрлық сауаттылықты арттыру.
1
14
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау,
қайта даярлау).
1
15
Инновациялық даму алаңдарын
қолдау.
1
16
Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетін
дамыту.
1
17
Инновацияға сұраныс
қалыптастыру.
1
18
Экономика салаларын цифрландыру
19
Цифрлық мемлекетке көшу
20
Цифрлық Жібек жолын іске асыру
21
Адами капиталды дамыту
22
Инновациялық экожүйені құру
23
Цифрландырудың
жаһандық трендтері және халықаралық тәжірибе
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз