Материалдар / ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлы әлем: Қазақстандағы кең жолақты интернетті енгізу жолында қарқынды дамуда
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2021
3894
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ



Аңдатпа. Цифрлы әлем: Қазақстандағы кең жолақты интернетті енгізу жолында қарқынды дамуда


Кілттік сөздер: АКТ , FTTх, ADSL сымды технологиялар, 3G, 4G, 5G және спутниктік байланыс, IT.


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»
                                                                                                       Н.Ә.Назарбаев

Цифрлық білімдік ресурстар бүгінгі күннің талаптарына сай — ақпараттық қоғамда өмір сүруге, сондай-ақ, ақпараттық оқу-əдістемелік кешендерінің талаптарына сəйкес, білім беру саласындағы басымдықтарға өзгерістер енгізуді ұсынады, ең бастысы:

-дайын білімнің үлкен жиынтығын есте сақтамауға, керісінше пайдалануға меңгерту, олардың жүйесін бағдарлауға, өз-өзінің білімі мен дағдысын кеңейте жəне қолдана отырып, өмірде туындаған міндеттерді, қажетіне қарай шешуге, т.б, оқыту үрдісінде маңызды функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыру;

-ақпараттың барлығын қатарынан оқымай, керісінше маңыздысын жəне ең қызықтысын таңдап оқуға, мұндай білім минимакс принципін қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ оқушыларға алдын-ала артық білімді (максимум) игеруге таңдау жасау;

- дайын жауаптарды қайталамау жəне іздемеу, өздігінен жаңасын ашуға, қорытынды жасап, проблемалық-диалогтік технологиясын пайдалана отырып, жауапкершілікті өз мойнына алу жəне шешім қабылдау.

Бұл білім алушылардың мотивациясын құруды қамтамасыз етеді, ең бастысы, туындайтын проблемаларды өз бетінше шешуге, мүмкіндік береді, өмірдегі жағдайларға байланысты, алынған білім мен іскерліктерді қашанда пайдалануға тура келеді.

Сандық технологиялар қазіргі кезде әлемде кеңінен таралуда. Алайда, оларды пайдаланудың артықшылықтары, яғни сандық дивидендтер өмір-ден кешеуілдеп орын табуда. Елімізде Елбасының тапсырмасы бойынша экономика мен әлеуметтік салаларда сандық жүйені жетілдірудің жаңа жобасы жасалыну үстінде. Оның ішіне кең жолақты интернетке барлық аумақта қол жеткізу, заңдық құжаттарды қайта қарау, мамандарды қайта даярлау секілді басқа да бағыттар кіреді. Елбасы атап өткендей, бұл бүгінгі күннің шындығы – сапалық өсімге мүмкіндік берер даңғыл жол.
Осылайша, сарапшылар Қазақстанның бас­тамасына қолдау көрсетіп, тіпті тәжіри­белерімен бөлісуге әзір екендігін айтты. Себебі, біздің ел цифрлық қолтаңбаны қол­данып, электрондық мемлекеттік қызмет­терді оңай алып отыр. Мұны ТМД елдерінің арасында алғаш болып бастаған – Қазақстан.

Халықаралық электрбайланысы одағының Жаһандық киберқауіпсіздік индексіне сәйкес 2017 жылы Қазақстан 193 мемлекеттің ішінен 83 орынға ие болды, яғни, рейтингтің төмен деңгейінде орналасты. Осы индекс құқықтық ортаның даму деңгейін, техникалық алғышарттарды, ұйымдастырушылық шараларды, құзыреттердің дамуы мен мемлекет ішіндегі және сыртындағы кооперацияны ескереді.

Кеңжолақты қолжетімділік желілерінің дамуымен, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы түрлендірулермен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің "онлайн" ортаға көшумен және өнеркәсіпте, энергетикада, банк қызметінде және АКТ-қызметтер саласында технологиялық процестерді автоматтандырумен қатар ақпараттық кеңістік пен байланыс инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ойластырылған және бірізді саясатын жүргізу қажет.

Интернетке кең жолақты қолжетімділік дамыған АКТ инфрақұрылымының негізгі құрауышы болып табылады. Кеңжолақты қолжетімділік FTTх, ADSL сияқты сымды технологиялармен және 3G, 4G және спутниктік байланыс сияқты сымсыз технологиялармен қамтамасыз етіледі. Халықты және бизнесті интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуде.      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ақпараты бойынша 2014 жылы 6-74 жас аралығында интернет желісін (мобильдікті қоса алғанда) пайдаланушылардың үлесі 63,9%, 2015 жылы – 72,9%, 2016 жылы - 76,8% құрады. Халықты 4G желілерімен қамту 2015 жылы 65,5%, 2016 жылы 69% құрды.

Ауылдық елді мекендерде "цифрлық алшақтық" байқалуда - деректерді жеткізу желілерін дамудағы артта қалушылық. 2014 жылдың қорытындылары бойынша қалалық интернет желісі пайдаланушыларының тығыздығы 72,6 %, ауылдық елді мекендерде 52,7%, 2015 жылы – 76,4% және 68,3%, 2016 жылы тиісінше 81,3% және 70,9% құрды. Жалпы жеткізу қабілеті 2160 МГц құрайтын "KazSat 2" және "KazSat3" ғарыштық байланыс желілері іске қосылды. 16 байланыс операторлары жер станцияларының 7000 бірлігі арқылы жерсеріктік және ұялы байланыс қызметтерін көрсетеді. "OTAU TV" спутниктік телерадио хабарын таратудың ұлттық желісінің деректеріне сүйенсек 2015 жылдың қорытындысы бойынша цифрлық телерадио хабарларын тарату абоненттерінің жалпы саны 1 млн. асты. 2017 жылғы шілдедегі жай-күй бойынша ел халқының 77 % цифрлық жер үсті телерадио хабарларын таратумен қамтамасыз ететін 356 радиотеледидар станциялары енгізілді.Өңірлердің ақпараттық теңсіздіктен арылуы еліміздің географиялық өлшемімен, бір бөлігі алыс шалғайда және қиын қолжетімді жерлерде орналасқан 6600 астам ауылдық елді мекеннің болуымен күрделенеді. Әлемдік тәжірибеде бұл мәселе:

      - ел халқының ақпаратқа, соның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, отандық хабар таратудың ақпараттық қорларына тең құқықты қолжетімділігі мүмкіндігі;

      - халықтың, бизнестің және мемлекеттің артып келе жатқан ақпараттық қажеттіліктерін озық түрде қанағаттандыруды ұсынатын жерсеріктік байланыс пен хабар таратуды дамыту арқылы шешіледі.

  2019 жылы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында (ДРК-19) 5G жаңа буында мобильді байланыстың стандарттарын қабылдау күтілуде. Қазақстан Республикасының аумағында 5G технологиясын енгізу бойынша тиісті жұмыс атқарылатын болады.

Биыл еліміздегі жоғары оқу орындарында IT-генетик, IT-медик, агроинформатик секілді жаңа мамандықтар бойынша мамандар даярлана бастайды.

 Айта кетейік, соңғы жылдары мемлекетімізде IT мамандарын даярлауға барынша көңіл бөлініп келеді. Сонымен қатар, басқа мамандықтарда оқитын жастардың да IT сауаттылығын арттыруға баса назар аударылған. Былтырдан бастап жоғары оқу орындарда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің оқытыла бастағаны осыған дәлел.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтiң мәлімдеуінше, бүгінде IT мамандығы бойынша 84 ЖОО-да 33 мың және 300 колледжде 24 мың студент білім алуда. Орташа есеппен алғанда жыл сайын ЖОО-ын 10 мың, ал, колледждерді 8 мың студент бітіреді екен.

ІТ мамандарының білімін арттыру мәселесі маңызды деп білемін. Сонымен қатар, жастарға «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ұлыбритания, Америка, Малайзия, Канада, Сингапур секілді дамыған мемлекеттердің озық оқу орындарында білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтауға да мүмкіндік беріледі. Бұйыртса, олар еліміздегі мемлекеттік органдарда, IT компанияларда, университеттерде жұмыс істейтін болады.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың 4 бағыты бар;

Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру;

Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны ендіру;

Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру;

Төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау.

Қазақстанда IT-мамандар дайындауға үлкен назар аударылуда. Мамандарды дайындау мақсатында, астаналық және Ұлыбритания колледждері арасында инновациялық smart-сынып құру туралы меморандумға қол қойылған. Сынып заманауи техникалармен жабдықталатын болады. Онда жаңа оқу жылынан бастап тек бағдарламашылар ғана емес, дизайнерлер, жүйелік аналитиктер мен киберқорғаушылар да дайындалады деп күтілуде. Әрбір 3 ай сайын ағылшындық әріптестер білім беру жүйесін жаңартуда көмектесетін болады.

Қорыта келе, еліміздегі ақпараттардың жеткізілуі, таралуы, тасымалдануы цифрлық құрылғылармен басқарылуын әр адамзат үйренсе, жаңашыл жаңалықтармен, жобалармен дамыта отырса, нұр үстіне, нұр болар еді...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Хасанова Г. «Информатика пәнін жаңа технологиялармен оқытудың тиімді жолдары» 2015 ж.

  2. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға алған мемлекеттік бағдарламасы-қазақстандық білімді жаңғырту негізі» 

  3. Интернет – ресурс материалдары 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!