Ұйымдастыру
35
мин
|
Ұйымдастыру
кезеңі:
Мақсаты: Алдын алу шарасы сынып
сағаттарында ақпараттыққауіпсіздік,кибермәдениет,кибергигиена,медиа
сауаттылықты дамыту
Цифрлық әлем бізді өзіне
тартады,бірақ оның да шынайы өмірдегідей қауіпсіздік ережелері бар
екенін ұмытпау керек.
Әлеуметтік желілердің артында
кейде көлеңкелі,қауіпті тұстар жасырынып тұруы
мүмкін.
Мәселен,хейттер мен тролльдер
біреуді қорлап,ренжітеді,бейтаныс адамдар өздерін сенімді дос
ретінде көрсетіп,сенімге кіруге
тырысады.
Жалған ақпарат,қатыгез
контенттер мен алаяқтық әрекеттер де жиі
кездеседі.
ЕСІҢДЕ
БОЛСЫН!
-
Цифрлық қауіпсіздік-жолдағы
бағдаршам сияқты.
-
Қай уақытта,қалай әрекет етуді
білу маңызды.
-
Әрбір қадамың үшін өзің ғана
жауаптысың!
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ҚАУІПСІЗДІК
САҚТАУ ҮШІН 5 ҚАҒИДАНЫ ҰСТАН
-Ақпараттың шынайылығын
тексермей таратпа!
Жалған
ақпарат таратсаң-жауапкершілікке
тартыласың!
-Әр аватардың
артында кәдімгі адам
бар,бірақ ол адамды
мейірімді,жанашыр жан деп ойлау
қателік болуы
мүмкін.
-Бейтаныс
адамдарға сырыңды
ашпа!
Жеке деректеріңді қорға!Оларды
дұрыс қолданбау қауіпке алып келуі
мүмкін.
-Ақпарат
көздерін үнемі тексер!қандай да бір
ақпаратты бөліспес бұрын оның
шынайылығына көз
жеткіз!
-Басқалардың намысына тиетін
пікір жазудан аулақ
бол!
Желідегі әрекеттеріміз шынайы
өмірдегідей жауапкершілікке
ие.
|
Сабақтың мақсатымен
танысады
Қауіпсіздік ережелерімен
танысады
5 қағиданы
талқылайды
|
|
Суреттер
Презентация
|
Қауіпсіздік
сағаты 10 мин
|
№
7 САБАҚ.
«БІРІКТІРУГЕ БОЛМАЙТЫН ӨНІМДЕРДІҢ
КОМБИНАЦИЯСЫ»
Сабақтың
мақсаты: балаларға біріктіруге
болмайтын өнімдермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін
үйрету.
Сабақ
барысы
-
Ұйымдастыру
кезеңі. Жағымды мотивациялық көңіл күй
қалыптастыру (2 мин).
-
Мақсат қою. Тақырыптың
анықтамасы
-
Сәлеметсіздер ме,
балалар!
-
Сіздер ойнағанды ұнатасыздар
ма? (балалардың
жауабы)
-
Елестетіп көріңіздерші,
ересектер үй шаруасымен айналысады, ал сіз ойнағыңыз келеді. Сіз не
істейсіз? (балалардың
жауабы)
-
Ойнаңыз, бірақ тым шектен
шықпаңыз! Үй сенімді болғанымен, мынаны ұмытпау
керек.
Алға жайып тұз-дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Тоңазытқыш, пеш, су құбырын
көре ме, Бұл жасырған қай бөлме? (Ас
үй)
-
Білімді өзектендіру.
Өткенді қайталау
Ас үй балалар үшін өте қауіпті
орын.
Ас үй ойын ойнайтын орын емес.
Ол жерде біз тамақ дайындаймыз. Сіз кездейсоқ ыстық заттарға қол
тигізіп, күйіп қалуыңыз мүмкін. Өзіңізге ыстық сорпа, не шай төгіп
алуыңыз мүмкін. Ас үйде жүгіруге болмайды. Жүгіріп жүріп пердеге
тиіп кетсеңіз, ал ол жанып тұрған отқа тиіп, ас үйден өрт шығуы
мүмкін.
Сонымен ас үйде балалар қандай
қауіп қатерге ұшырауы
мүмкін?
-
Пештегі
қазандар.
-
Үйдегі химиялық заттар
балаларға қауіп
төндіреді.
-
Ас құралдары: пышақтар,
қайшылар және басқа да кесетін
заттар.
-
Электр аспаптары, әсіресе
араластырғыштар, кофе тартқыштар, ет
тартқыштар.
-
Тақырыпқа кіріспе.
Әңгіме
Егер қатты қыздырылған табаға
май құйсаңыз, оның жанып кетуі мүмкін екенін білдіңіздер бе? Бұл
өртке әкеледі.
Сіз тамақтың дайын болғанын
тексергіңіз келсе, сізге не болуы мүмкін екенін білесіз бе? Мысалы,
пештегі торт, қазандағы ыстық сорпа немесе
қайнап
тұрған
шәйнек.
Ас үйдегі шкафтарда сақталатын
ыдыс-аяқ, өткір заттың барлығы
балаға
қауіп төндіреді. Ең қауіптісі
сірке қышқылы немесе оны «уксус» деп атайды. Бірақ басқа да
тұздықтар, сироптар мен пасталардың дәмін татып қарауға болмайды.
Тіпті ең қарапайым және біз білетін тағамдар да қауіпті болуы
мүмкін, себебі оларды қалай дұрыс тұтыну керектігін білмесеңіз және
оларды бір-бірімен біріктіруге болатынын не болмайтынын білмесеңіз,
үлкен қиындыққа әкелуі
мүмкін.
Тәжірибе
Көптеген адамдар «Ментос»
жалбыз қосылған тәтті мен «Кока-Коланы» жақсы
көреді.
- Ментосты Кока-Колла
бөтелкесіне салынса не болады деп
ойлайсыз?
-
Егер бұл кәмпиттерді
«Кока-Коламен» бірге жесе, не болатынын
көрейік.
-
Ал біз мұны тәжірибе арқылы
білеміз. Қараңызшы, Мен «Кока-Кола» бөтелкесін алып, оны ашып,
«Ментос» тәттісін
салдым.
-
Ой, не
болды?
-
Иә, кейбір өнімдермен
«Кока-Коламен» үйлеспейді және кішкентай жарылыс сияқты химиялық
реакцияға түседі. Осы жарылыс сіздің асқазаныңызда болуы мүмкін деп
елестетіп көріңіз!
-
Иә, «Кока-Кола» біздің
ағзамызға зиян тигізуі
мүмкін.
-Сіз бен біз «Ментос»
кәмпиттерімен «Кока-Кола» ішсек, асқазанымызда не болатынын көрдік.
Бұл кәмпиттің пайдасы жоқ екенін де байқадыңыз. Егер
сіз
«Кока-Коламен» пайдалы өнімді
қолдансаңыз не болатынын көрейік. Пайдалы өнім ретінде біз сүтті
аламыз.
Сұрақ: сіз қалай ойлайсыз сүт
пайдалы өнім бе? Қараңызшы, не болып жатыр? (Балалардың
жауабы).
Стаканда бұлтты, қалың тұнба
пайда болды, қабыршақтар пайда болды. Сұрақ: Неге бұлай болғанын
білесіз бе? (Балалардың
жауабы).
«Кока-Кола» сүтпен араласқанда
реакцияға түсіп, ашып кетеді және мұндай жағымсыз тұнба пайда
болады. Мұндай сүтті ішуге
болмайды.
Сұрақ: Біреулеріңіз мұны не
үшін жасадық деп ойладыңыздар ма? (Балалардың
жауабы).
-
Білімді бастапқы игеру және
түсінгенін
тексеру
«Артығын табу»
ойыны
Тақтада зиянды және пайдалы
өнімдердің суреттері
берілген.
Біз барлық зиянды өнімді
тауып, оларды алып тастауымыз
керек.
Жарайсыздар, балалар, керемет
білімдеріңізді көрсетіп, барлық зиянды өнімді
таптыңыздар.
-
Сабақты бекіту. Өзіндік
жұмыс
«Ас үйде кім тұрады?» ойыны
Отқа қойсаң елпілдеп,
Быж-быж етіп тұншығар. Тақиясы
селкілдеп, Танауынан бу
шығар.
(Жауабы: шәйнек) Ас піскенін
біліп анық, Дәм көреді іліп
алып.
(Ожау, қасық) Қара сиырым
қарап тұр, Қызыл сиырым жалап
тұр.
(Қазан мен
от)
|
|
|
https://www.youtube.com/watch?v=msjxTOaX8hQ
|