Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Цифрлық әлемдегі математика
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп: |
|||||
Күні:29.11.23 |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||
Сынып: 7 а |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақ тақырыбы |
Функция. Сызықтық функция |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушы: функция және функцияның графигі ұғымдарын білу; функцияның берілу тәсілдерін білу; функционалды және функционалды емес тәуелділіктерді танып білу; функцияның анықталу облысы және мәндер жиынын анықтай алу. |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
- оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; - мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; - өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту; - әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. |
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Функция тақырыбы алгебра курсын өтуде ғана емес, сонымен қатар физикалық есептерді шығару барысында да қолданылады. Қозғалысқа берілген есептерді шығару барысында формулаларды қолданумен қатар, әртүрлі графиктермен жұмыс жасайды. Сонымен бірге тарихтағы ғалымдар және олардың еңбектері жайлы қосымша ақпараттар ала алады. |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақталар мен компьютерлерді (ноутбуктерді, планшеттерді) қолдану. |
|||||
Бастапқы білім |
Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше алу; шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу; тура және кері пропорционалдық ұғымдарын білу; тура пропорционалдық тәуелділіктің графигін сала алу. Айнымалылары бар өрнектерді түрлендірулерді орындай алу. Формулалармен жұмыс істей алу. |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 4 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларда түгендеу, сабаққа жұмылдыру. Қызығушылықтарын оятып, жағымды орта тудыру. Үй тапсырмаларын көршісімен бірлесе отырып тексереді. Егер қандай да бір сұрақтар туындап жатса мұғалімнен немесе басқа сыныптастарынан көмек сұрайды. |
|
||||
Сабақтың ортасы 2 минут 7 минут |
Оқушыларға «Функция» терминін математикаға тұңғыш енгізген ғалым туралы қысқаша тарихи мағұлмат беру (немесе – өздерінің іздеп табуларына жағдай жасау). Готфрид Вильгельм Лейбниц (немісше Gottfried Wilhelm Leibniz (1646-1716)) – неміс философы және ғалымы,математигі, физигі әрі өнертапқыш тарихшысы. Оқушыларға Анықтама Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелі айнымалының тек бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды. Графикті пайдаланып, аргументтің берілген мәніндегі функцияның мәнін табуға болады. f: A → R , мұндағы А R-дың ішкі жиыны болсын. А-дағы х – тың әрбір мәні f(x) -тың нақты бір мәнімен байланысты. Бұл байланыс, координата жазықтығының бір ғана нүктесінде (х, f (x)) бейнеленеді. Топтарға бастапқыда берілген тапсырмаларға сүйене отырып,функционалдық тәуелділіктің берілу тәсілдерін өздері айта алуларына мүмкіндік беру.Топта талдап, жауап беру. Функционалдық тәуелділіктің берілу тәсілдері
Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады. Мысалдар келтіру. Функцияның мәндерінің жиыны функцияның мәндерінің аймағы деп аталады. Мысалдар келтіру.
|
|
||||
Сабақтың соңы 2 минут |
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді. - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар сабақ соңында сыныптастарының жұмысын берілген критерийлер бойынша бағалайды. Үй тапсырмасы |
|
||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
Оқушыларғы тапсырмаларды талдап, тұжырым жасай алулары үшін түрлі деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Қабілеті жоғары оқушылардың саралау негізінде берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау нәтижесінде жаңашыл бір ой туындауына түрткі болады. |
Топтардың бірін-бірі бағалауы, мұғалімнің оқушыны бағалауы және бағалау критерийлері бойынша оқушылардың бірін-бірі бағалауы. |
Партада дұрыс отыру мен сыныптағы қауіпсіздік техникасын сақтау. |
||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаты дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті. Себебі, мұғалімнің қойған әртүрлі сұрақтарына толық, әрі нақты жауаптар бере білді. Топтағы оқушылар кері байланыс беру барысындағы кейбір бір-біріне айтылған ескертулерді дұрыс қабылдай білді. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын әділ тексеріп, бағалады. Сабақта жоспарланған уақыт жеткілікті болды. |
||||||
Жалпы баға Сабақ жоспар бойынша өтті. Оқушылар сабақ барысында белсенді қатыса білді. Қойылған мақсат бойынша оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізе білді. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Оқушылар сабақтың басында ұйымдастырылған топтық жұмысты орындау барысында берілген сұрақтарға өте ұтымды жауаптар бере отырып, функция анықтамасын өздері тұжырымдап бере алды. 2:Қалыптастырушы бағалау жұмысын алғашқы болып аяқтаған оқушылар мұғалімнің роліне ене отырып, өз сыныптастарының жұмыстарын әділ бағалап ғана қоймай, сонымен қатар кейбір оқушылардың қате шығарған есептерін түсіндіріп беруде өте белсенділік таныта отырып жұмыс жасады. Сабақты жақсартуға не ықпал етеалады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Топтық жұмыс жасау барысында топта А есімді оқушының белсенді қатыспай отыруы мені алаңдатты. Алдағы уақытта ол оқушыны топқа бөлу барысында басқа оқушылармен, басқа әдіс арқылы топтастырып, бақылаймын деген жоспарладым. 2:Қалыптастырушы бағалау жұмысының дер кезінде тексеріліп, бағалануы жақсы болғанымен, бірақ оны алғашқы болып аяқтаған оқушылар тексергеннен гөрі деңгейі жоғары тапсырмаларды көбірек шығарғаны дұрыс болар деп шештім. Сондықтан алдағы уақытта оқушылардың жұмысын дер кезінде тексеріп, бағалаудың басқа тәсілдерін қолдана отырып, оқушыларға басқа тапсырмаларды ұсынуға көңіл бөлуім қажет. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |