Материалдар / "Цифрлық білім беру - заманауи оқытудың басты кілті" мақала
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Цифрлық білім беру - заманауи оқытудың басты кілті" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер аудиториясы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2021
1877
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Цифрлық білім беру – қазіргі заманауи оқыту кілті.


Бүгінгі ХХІ ғасырдың негізгі құндылығы – ақпарат. Ақпарат ағынына ілесу және одан қажетті ақпаратты ала білу, пайдалану басты міндет болып табылады. Ақпарат таратудың теледидар, газет, журналмен қатар ғаламтордың да үлес салмағы артып келеді. Әсіресе қоғамның ақпараттық әлемге енуіне байланысты білім технологиялары үлкен өзгеріске ұшырауда. Соңғы жылдары бүкіл әлемге таралған пандемия жағдайында осы салаға екі есе салмақ салғаны белгілі. Балабақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орындарына дейінгі жүйелі білім беру орындарының жұмысы жаңа арнаға бұрылды. Сонымен қатар күнделікті ақпараттық әлем мен білім жүйесі бір орында тұрмай тек алға жылжуы білім беру технологиясының революциясына алып келді. Қашықтықтан білім алу, онлайн сабаққа қатысу, өздік жұмысты атқару, жаңа білімді өзінше игеру әр бала мен студенттің еркін және белсенді болуына себеп болды. Сайттар арқылы керекті мәлімет алуды меңгерді. Интернет желісіндегі сайттардың саны да үнемі артып келеді және оның әрбірі өз пайдаланушысын табады. Ақпараттың өте жылдам өсу жағдайында оны қабылдау мен өңдеу күрделене түсті. Бұл жағдайдан шығудың бірден бір жолы ақпаратты жинаудың және өңдеудің автоматтандырылған тәсілдерін енгізіп, белсенді қолдану болып табылып отыр. Қазіргі біз өмір сүріп отырған заманды ақпараттық деп атайды, ақпарат қоғам өмірінде, оның өмір іс-әрекетінде маңызды бір элементі болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар ғылымның және ғылыми қоғамның дамуында жаңа беттерді ашты. Электронды пошта, компьютерлік бағдарламалар адамдардың тығыз байланысын қамтамасыз етіп, жылдам ақпаратты тарату мүмкіндігіне ие. Ғылыми зерттеулердің ақпараттануды зерттеу объектілері туралы дер кезінде толық білімді алуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру болып табылады. Білім мен ғылымның егіз ұғым ретінде қарастыру арқылы олардың дамуына жаңа технологиялардың әсері зор екендігі дәлелденіп отыр. Себебі қазіргі таңда қоғамның ақпаратпен тығыз қарым-қатынаста болуы күнделікті жаңалықтарға толы әлемнің жаңа қырларын ашып, қоғамның өзгеруіне алып келді. Әлеуметтік дамудың қазіргі кезеңі ақпараттандырудың нәтижесінде қоғам өмірінің барлық саласында болып жатқан сапалық революциялық өзгерістердің көптігімен ерекшеленеді. Ақпарат пен білім рөлінің өсуі, коммуникациялық құрал-жабдықтардың көз ілеспес жылдамдықпен жетілуі, желілік құрылымдардың дамуы – қоғамның ақпараттық әлемге енуінің көрінісі деп есептеймін. ХХІ ғасырдың білім беру технологиясының сан қырлы түрлерімен қоғамды алға жетелеу және сапалы білім беруді басты мақсат ретінде қарастырып, жаңаша білім беру технологиясының да бірінші кезекте өзгеріске ұшырауы дұрыс деп есептеймін.

Қазіргі таңда сапалы білімді меңгерту үшін оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттыру қажет. Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу және сол арқылы сапалы білім беру мектептің басты міндеті болып табылады. Қазіргі жағдайда қашықтықтан оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында мұғалімдер оқушыларға АКТ-ны қолдана отырып, жаңа білімді берудің тиімді жолы ретінде қолданады. Мектеп ұжымы жыл бойы өзара тәжірибелерімен бөлісіп, әртүрлі платформалардың ерекшеліктерін үйрену мақсатында мектепішілік курстар ұйымдастырылды. Мектептегі 3580 бала санына шаққанда бір компьютерге 5 баладан келетіні анықталды. Интернет желісінің жылдамдығы да басты назарда болуы тиіс екендігі ескеріліп әркез оның сапасы тексеріледі. Қазіргі күні мектеп бойынша интернет жылдамдығының орташа көрсеткіші – 6,71 Мб/с. Сонымен қатар жаңа модификациялық физика, химия, биология кабинеттері мен STEM кабинетінің ашылуы оқушыларға заманауи сапалы білім берудегі басты басымдық болып отыр.

Цифрлық трансформациялау идеясын әлемдік тренд деуге болады. Цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасын дамытуда маңызды рөлге ие. ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры екені белгілі. Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайды.

Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс.   Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Сондықтан қазіргі цифрлық білім беру – заманауи оқыту кілті деп есептеймін.

Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназия директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Руслан Манарбекович ТАКЕБАЕВ


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!