Материалдар / Цифрлық дәуірге сәйкес АКТ-ны дұрыс пайдаланған жағдайда оқыту мен оқуды қолдаудың тиімді құралы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Цифрлық дәуірге сәйкес АКТ-ны дұрыс пайдаланған жағдайда оқыту мен оқуды қолдаудың тиімді құралы.

Материал туралы қысқаша түсінік
GeoGebra – бұл геометрияны, алгебраны, электронд ық кестелерді, графиканы, статистиканы және есептеулерді бір қолдануға оңай пакетте біріктіретін білім берудің барл ық деңгейлеріне арналған динамикалық математикалық бағдарламалық құрал. Бұл тегін қолданбаны www. geogebra.com сайтынан жүктеп алуға болады. GeoGebra-ны күнделікті оқыту мен оқуда қолдану – әртүрлі математикал ық дағдылар мен деңгейлердегі студенттерге ұғымдарды жақсырақ түсінуге мүмкіндіктер беру және оларды математиканы жаң а тартымды әдіспен орындауға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2022
155
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Цифрлық дәуірге сәйкес АКТ-ны дұрыс пайдаланған жағдайда оқыту мен оқуды қолдаудың тиімді құралы ретінде.

Бақытбек Қастер

«6В01501-Математика» мамандығының 4-курс студенті

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ

Семей қаласы, Қазақстан Республикасы

Ғылыми жетекшісі – Сагитова Ш.Г.



Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: "Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады" - дейді. Ендеше білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз ұстаздың, ұлы ұстаздың ғана қолынан келетін іс.

Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бүкіл әлем бойынша өте жылдам қарқынмен сыныптарға еніп жатыр. Ұстаздар жаңа технологиямен өсіп келе жатқан цифрлы ұрпақты оқыту барысында қиындықтарға тап болады. Қазіргі цифрлық дәуірге сәйкес мұғалімдерден АКТ-ны күнделікті оқытуға кіріктіру және дәстүрлі әдістерді заманауи құралдармен ауыстыру талап етіледі. АКТ дұрыс пайдаланылған жағдайда оқыту мен оқуды қолдаудың тиімді құралы бола алады.

Математиканы оқытуда GeoGebra-ны қолдану интерактивті және практикалық модульдермен қамтамасыз етілуі керек. GeoGebra – бұл геометрияны, алгебраны, электрондық кестелерді, графиканы, статистиканы және есептеулерді қолдануға оңай пакетте біріктіретін білім берудің барлық деңгейлеріне арналған математикалық бағдарламалық құрал. Бұл тегін қолданбаны www.geogebra.com сайтынан жүктеп алуға болады. GeoGebra-ны күнделікті оқыту мен оқуда қолдану – әртүрлі математикалық дағдылар мен деңгейлердегі оқушыларға ұғымдарды жақсырақ түсінуге мүмкіндіктер беру және оларды математиканы жаңа тартымды әдіспен орындауға тәрбиелеу.

Геометрия есептерін шешкенде, төмендегі 3D анимацияға-сілтемелер қолданылады.

1


-мысал. Призманың жазбасы деген – оның барлық жақтарын өлшемдерін өзгертпей бір жазықтыққа көшіру. 3D анимацияға-сілтеме «Әртүрлі үш призманың жазбасы» - https://geogebra.org/classic/ttsjw3ug (1-сурет).

2-мысал. Берілгені: радиусы OA = 41 см болатын сфера. Сфераның центрінен оны қиятын жазықтыққа дейінгі арақашықтық OB = 9 см. центрі В нүктесінде болатын S(қима)-?

Шешуі: S(қима) = πR²-π • AB².

1) Сфераны және оны қиюшы жазықтықты салғанда біз AB- ның қиюшы жазықтықтың радиусына тең екенін көреміз және оны Пифагор теоремасы арқылы табамыз:

AB²=AO²-OB²=41²-9²=1681-81=1600 см.

2) Онда центрі В нүктесінде жатқан қиманың ауданы мынаған тең:

S(қима)= π •АВ²-1600π 

3
) 3D суретке сілтеме
: https://www.geogebra.org/classic/pvfegnca(2-сурет).







3-мысал. Берілгені: цилиндрдің биіктігі OO'= 6 см, радиусы ОА=5 см, АА'В'В-ОО' осіне параллель цилиндрді қиюшы жазықтық. ОF=3 см-цилиндрдің осі мен оны қиятын жазықтыққа дейінгі арақашықтық.

S(АА'В'В)-?

Шешуі: S(АА'В'В)=ОО'•АВ

  1. Берілгені параметрлерді қолданып цилиндрді құрастырғанда оның табанында теңбүйірлі үшбұрыш АОВ жататынын көреміз. Оның бүйір қабырғалары радиустарда жатыр: R=OA=OB=5 см, OF=3 см – О нүктесінен АВ (цилиндр қимасының табаны) қабырғасына түсетін биіктік.

  2. Пифагор теоремасын қолданып АВ-ны табамыз:

AF = √OA²-OF²= √5²-3²= √25-9= √16=4 см.

АВ= 2AF=2•4=8 см



  1. Цилиндрдің биіктігі ОО'= 6 см. Ендеше, қиюшы үшбұрыштың ауданы

S(қима)= ОО'•АВ= 6•8=48 см².





  1. 3D суретке сілтеме: https://www.geogebra.org/classic/fku24dcx(3-сурет).










Қорытындылай келсек, АКТ оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық ресурстарын арттыру мақсатында өнімді оқыту мен оқуды қамтамасыз етеді. Мультимедиялық қосымшалармен жұмыс істеу барысында күрделі және шынайы ақпаратпен жұмыс істей отырып, есептерді шешу, ақпаратты талдау және шығармашылық синтездеу сияқты жоғары дәрежелі ойлау дағдыларын дамытатын әрекеттермен айналысады. Бұл әрекеттер белгілі бір пәндегі, соның ішінде математикадағы ұғымдарды түсінуге көмектеседі.Жақсы және қызықты модуль жасау үшін кейбір критерийлерді орындау қажет, яғни өздігінен оқытылатын, өз бетімен қамтылған, жеке дара және пайдаланушыға ыңғайлы.Сонымен қатар, модуль оқу процесінің кез келген дерлік кезеңінде, оның ішінде тұжырымдаманы енгізу мен түсіндіруде, жеке оқу тәжірибесі мен тестілеуде қолданылуы мүмкін.

Пайданылған әдебиеттер тізімі:

1. www.geogebra. com сайты

2. Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныпқа арналған оқулық / Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә. Шыныбеков, Р.Н. Жұмабаев, C.С. Маделханов. - Алматы: Атамура, 2020. 192 бет




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!