Материалдар / Цифрлық сауаттылық пәнінде қазақ тілінің рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Цифрлық сауаттылық пәнінде қазақ тілінің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама, информатика сабағна деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, бағдарламалық білімді өз тілімізде жетілдіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2022
440
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғасырдың басында «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. ...Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» - деп жазды реформатор-ғалым өзінің тіл туралы зерттеу мақаласында.

Ана тіліміз, туған тіліміз –қазақ тілі. Тілімізге деген құрметті оқушы санасына білмді бере отрып, тұла бойына сіңіру мұғалімнің міндеті деп білемін.

Қазіргі жаһандану қоғамында, ғылым-техниканың қарыштап дамыған заманында түрлі бағдараламалар мен техникалар көз ілеспес шапшаңдықпен дамып келеді. Дәл осы тұста енді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында да ерекше дарын мен биік сана қалыптасып келе жатыр. Цифрлы сауатты жас буын қоғамының бір бөлшегіне айналып келеді. Мектептен алатын білім сол сананың өсуінің, нәтижеге жетуінің демеушісі болмақ.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге, тәрбиелеуге, дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.

Мемлекетіміздің балалардың келешегі үшін жасап отырған осы бір тамаша саясатының арқасында 1-сыныптан бастап балаларымыз «Цифрлық сауаттылық» пәнімен ертерек танысуға, ұғынуға мүмкіндік алып отыр. «Информатика» пәнінің оқыту мақсаты- оқушыларды қазіргі заманауи технологиялармен тиімді жұмыс істеуге қажетті базалық білім, білік және дағдымен қамтамасыз ету болып табылады. Ана тілімізде жасалған оқулықтар бүгінгі күні оқушы қолына тиіп отыр. Оқулықта теориялық білімді қалыптастыра отырып, өз бетімен жұмыс жасауға арналаған тапсырмалар жинағы берілген. Оқушыларға қызықты мәліметтер, тапсырмалар түсінікті тілде жазылған. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған осы оқулықтарда оқушыларды ұллтық құндылықтарымызды ескере отырып берілген тапсырмаларда кездеседі. 1-сынып бағдарламасынан бастап, бағадарламалауға, компьютерде жазуды, презентация жасау, роботтармен жұмыс, 3Д модельдеуге бағыттап келеді. Қазіргі қоғамның ортақ тілі болған ағылшын тілінде жасалған әртүрлі прграммаларда оқушыларымыз жұмыс жасап келеді. Дәл осы тұстағы бір кемшілік аталған бағдарлама тілі өзге тілде болғандықта, өз тілімізге деген қажеттілік туындап жатады. Әсіресе бастауыш сыныптарда бұл біраз қиыншылықтар тудырып отыр. Яғни жұмыс жасап отырған кез келген бағдарламада орыс тіліне мұқтажбыз. Мысалға қарапайымдарын айтсақ офис бағдарламалары (Microsoft Office Word, Exel, PowerPoint). Сабақтың теориялық білімін өз тілімізбен, ана тілімізде түсіндірсек, практикалық жұмысқа келгенде басқа тілде түсіндіруге мәжбүрміз. Бұл айтылған мәселелерді өз тәжірибемде кездестіріп келемін.

Тұтастай алғанда информатика пәні жаңа ақпараттарды, жаңа технологиялар, бағдарламалар тілі деп білсек, сол бағдарламалау тілдерін өз тілімізге аударсақ оқушыларымыз үшін де программалау тілін ұғынып, түсіне орындаудың жаңа бір жолы ашылар еді.

Қазір технологиялық болашақтың заманы, әлем жаңару үсінде, жаңа идея, жаңа жобалар... . Адамзат өз өмірін жеңілдету мақсатында техникалардың небір түрлерін жасап шығаруда. Ал озық сананың, көзқарастың қалыптасуы сол мектеп қабырғасында отырған кішкентай ұрпақтарымыздың қолында екені айтпасада белгілі. Қарапайым түсінікті тілмен өткізілген бір сабақтың өзі оқушының санасына кішкентай ғана ой түрткі болары анық.

 

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып отыр. Қазір заман мен қоғамның өзгеруіне орай бүгінгі балалар да өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар ретінде өсіп келеді. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік–құқықтық, психологиялық–педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан–жақты игерген кәсіби құзыретті маман болуын талап етіп отыр.

Йә, информатика пәні арқылы сол кішкентай ғана ғалымдарды жасап шығаруға болама? Мәселен IT мамандар,,, . Әрине, қарапайым алгоритм мен бағдарлама тілін түсінген адамға неге болмасқа,,? Өз тілімізді құрметтей отырып, өзге тілде жарата алсақ нұр үстіне нұр болар еді. Сабақ барысында да оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту үшін де түрлі бағадарламалар мен әдіс тәсілдерді қолданамыз. Түрлі платформаларды: соның ішінде өзім қолданамын: WordWall (тапсырмалар, сұрақтар ұйымдастыру),Сast Lost (топқа бөлу), Постер жасауға (Djambo Google,Ментальная карта). Қарапайым мысал алсақ: 5-сыныптан бастап өтілетін программалау тілі Phyton-да есептің шартын ағылышын тілінде енгізіп,жауаптың қате бұрысын да сол тілмен аласың. Бұл өз кезегінде жіберілген қатемен жұмыс жасауға біршама уақыт жұмсауға тура келеді. Дәл осылай әртүрлі олимпиадаларда, зерттеу жұмыстарында талап дәл осылай. Соған қарамастан осындай күрделі бағдарламалардың шешімін тауып, тамаша нәтиже көрсетіп жатқан зейінді оқушыларымыз аз емес.

Қалай алып айтсақта машина тілін өз тілімізде сөйлете білсек, нағыз жетісітігіміз осы болар еді. Өзге елдерді өз программалық тілімізбен міне қазақтың бағадарламасы осындай болады деп, өз еліміздің мықтылығын танытар едік. Білімнің кілтін өз тілімізде тапсақ еліміздің болашағы зор болар анық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!