Материалдар / Циклограмма
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
Циклограмма 2023-2024
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2024
80
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы)________________________________________________________

Топ: ортаңғы

Балалардың жасы: 3 жастан

Жоспардың құрылу кезеңі: 04.03 - 08.03.2024ж.

Педагогтың аты-жөні _________________________________________________________________________________________________


Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма







Күн тәртібі






Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен немесе баланың

басқа заңды өкілдерімен кеңес,

әңгімелесу

Ата-аналармен "Отбасында баланы еңбекке тәрбиелеу" тақырыбында әңгімелесу, кеңестер беру.

Балалардың дербес әрекеті

(аз қимылды, үстел үсті

ойындары,

бейнелеу іс-әрекеті,

кітаптарды қарау және

басқалар)

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттер. Балаларға балалар еңбегін әңгімелеп беру; кезекшілерді өз істеріне дұрыс үйретіп, тостағанды тұтқасынан, нан салуға арналған ыдысты екі қолымен ұстауды т.б.. естеріне салып отыру.

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттер. Табиғат бұрышындағы кезекшілікті ұйымдастыру: табиғат мүйісіндегі мекендеушілерді күте білу.

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттер. Өсімдіктерді суару, жемсалғышты, астауды, көкөністерді жуу; астауға су құю.

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттер. Ойыншықтар мен көмекші құралдарды өз бетінше және эстетикалық түрде орналастыру, шкафтарда тәртіпті сақтау, шаңды сүрту іскерліктерін жетілдіру.


Сюжетті суреттер қарастыру.

Мақсат-міндеттер. "Көктем" тақырыбында сюжетті суреттер қарастыру.

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі)

Санамақтар айтқызу.

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік.

Жексенбіде үйде болып демалдық,

Осылайша өте шықты бір апта.

(сөйлеуді дамыту)

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу

"Судың қасиеті".

Мақсат-міндеттер. Балалардың жылғаларды бақылай отырып, одан ағатын судың ерекше белгілері мен қасиетін қабылдау барысында танымдық-зерттеушілік дағдылары мен қызығушылықтарын, ойлауы мен тілін дамыту. Судың қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

Мүсіндеуден ойын-жаттығу

"Қонжық".

Мақсат-міндеттер. Балалардың жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктер аясын кеңейту, қонжықтың дене құрылысы жөніндегі білімдерін пысықтау.


Ертеңгілік жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (доппен).


1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.


1.1. Балалар доптарын жоғары көтеріп, екі қолды қайшылайды.


1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады).


2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.


2.1. Қолдарын иыққа көтеріп, допты қояды.


2.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4 рет қайталанады).


3. Бастапқы қалып: жерде отырады, аяқ алшақ, доп ұстаған қолдары екі жанында.


3.1. Аяқтарын жинап, доп ұстаған қолдарымен құшақтайды.


3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).


4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде.


4.1. Доптарын көкірек тұсында ұстап, бір орында тұрып секіру.


4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).

(дене шынықтыру)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар

Мақсат-міндеттер. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Құралдар: сабын.

Көркем сөз

Сабындаған кезіңде

Ашытады көзіңді.

Бола білсең төзімді,

Тап-таза етер өзіңді.

Тазалықтың досы -

Сабын деген осы.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Шаттық шеңбері

Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге!

(сөйлеуді дамыту)

Шаттық шеңбері

Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетінемотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

Армысыз, қайрымды Аспан ата!

Армысыз, мейрімді Жер - Ана!

Армысыз, шұғылалы Алтын - Күн!

Қуан, шаттан, алақай!

(сөйлеуді дамыту)

"Не жетіспейді?" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер: қызығушылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу; сөйлеуді дамыту. Барысы: балаларға құстарға не жетіспейтінін айту керек.

(сөйлеуді дамыту)

Шаттық шеңбері

Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге!

(сөйлеуді дамыту)


Мектепке дейінгі ұйым

кестесі бойынша

ұйымдастырылған

іс-әрекет

Дене шынықтыру

"Таза бұлақ".

Мақсат-міндеттер. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін жетілдіру; 4-6 м қашықтыққа тура бағытта еңбектеуге үйрету.

Дене шынықтыру

"Көктемгі жылғалар".

Мақсат-міндеттер. Балаларды доғаның астымен өрмелеуге; тепе-теңдікті сақтай отырып тура жолмен жүруге үйрету; балаларды жануарлардың қимылдарына еліктеп, қимыл ойындарын ойнауға қызығушылықтарын ояту.

Музыка

"Аялайық, аналарды бәріміз!"

Мақсат-міндеттер. Балаларды ана туралы әннің сипатын ажырата білу және дыбысты есту қабілетін қалыптастыру; төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; музыка әуенімен ырғақты қимылдарды бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын дамыту; әуеннің ырғағына ілесе отырып, музыкалық аспапта шығарманы ойнай білуге жаттықтыру. Балаларды мәдени қарым-қатынас пен адамгершілік ережелеріне тәрбиелеу; эстетикалық талғамын, оқу қызметінде қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру.

Дене шынықтыру

"Таза бұлақтай таза болайық!"

Мақсат-міндеттер. Балаларды гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеуге; тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтауға үйрету; 4-6 м қашықтыққа тура бағытта еңбектеу дағдыларын пысықтау.


2- таңғы ас

Балаларға тамақ ішер алдында қолды жуу, тамақтану кезінде дұрыс отыруларын қадағалау, ескерту жасау; орындыққа сүйенбей, шынтақты дұрыс қойып отыруларын қатаң қадағалау; тамақ ішер алдында балалардың бір-біріне астың дәмді болуын тілеп; тамақтан соң алғыс айту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуенге дайындық

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Серуен

Көктем келді. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттер: көктем туралы ойларын бекіту, табиғаттағы өзгерістерге назар аудару.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (құстарға жем беру). (еңбек дағдылары)

Мақсат-міндеттер: табиғат объектілеріне көмектесуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Ағын арқылы", "Таяқша". (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: педагогтің нұсқауы бойынша тез әрекет етуге, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, балаларды ойын жағдайына сәйкес қимылдауға; жылдамдық пен ептілікті дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Жылан". (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: заттарды құлатпай, олардың арасында «жылан» сияқты жүруді жалғастыру; зейін мен бақылауды дамыту.

Табиғат өзгерістерін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттер: балалардың жыл мезгілі туралы білімдерін бекіту, бақылау дағдыларын дамыту.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (қарды белгілі бір жерде жинау) (еңбек дағдылары)

Мақсат-міндеттер: еңбекке баулу.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Ең епті!", "Ең жылдам!" (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: ептілікті, жүгіру жылдамдығын дамыту; топтың орындау дағдыларын дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Басқаға бер". (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: допты лақтыру және қағып алу - ептілікті дамыту, күш тастау, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Көгершіндерді бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттер: құстардың пайда болуы, олардың әдеттері мен тіршілік ету ортасы туралы білімдерін кеңейту; құстардың тіршілігі туралы нақты түсініктерді қалыптастыру.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (ауланы қар мен қоқыс қалдықтарынан ұжыммен бірге тазарту.) (еңбек дағдылары)

Мақсат-міндеттер: тазалық пен тәртіпке дағдыландыру.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Көгершінді қуып жет", "Жапалақ". (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: ептілікті, жылдамдықты жақсарту (артқа қарамай, белгі бойынша жүгіру); жылдамдықты үдету кезінде белгі бойынша қозғалуды, жиі қадамдар жасауды, қолдың жігерлі қимылдарын үйрету.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: оңға, солға, айналаға бұрылыстармен секіру жаттығуларын жасау.

Пошташының жұмысын бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттер: пошташының жұмысын бақылауды жалғастыру; сөздік қорын байыту; еңбек адамдарына деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (учаскедегі қоқыстарды жинау.) (еңбек дағдылары)

Мақсат-міндеттер: қызығушылықтарын бағындырып, бірлесіп жұмыс жасау қабілетін дамыту, жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Күн қояндары", "Қаздар". (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: қимылдарды үйлестіруді дамыту; жалпыға ортақ іс-әрекеттерді жасай білуге ​​жаттықтыру.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту.


Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар

Мақсат-міндеттер. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Құралдар: сабын.

Көркем сөз

Сабындаған кезіңде

Ашытады көзіңді.

Бола білсең төзімді,

Тап-таза етер өзіңді.

Тазалықтың досы -

Сабын деген осы.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Түскі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай туғызу.

Біртіндеп ұйқыдан

ояту,

сауықтыру шаралары

Ұйқыдан тұрғаннан кейін, төсекте жатып бірден жаттығу жасау; төсектерінен тұрып, көрпелерін кері лақтырмай жатып жатқан күйінде балалар жалпы дамыту жаттығуларының аз мөлшерін орындайды; 2-3 минут төсекте жатқан гимнастика балалардың ұйқыдан ояну күйіне біртіндеп ауысуына бағытталған. Оянған балалармен өткізген дұрыс, қалғандары оянған кезде қосылады.

Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру.

Бесін ас

Алдына қойған асқа назар аударту; дастарқан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағыттал

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!