Материалдар / «COVID-19-дың еліміздегі оқу сапасына ықпалы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«COVID-19-дың еліміздегі оқу сапасына ықпалы»

Материал туралы қысқаша түсінік
2019-2020 жылдары басталған жағымсыз жайт бүкіл әлемді дүрліктіргені, себебі кеңінен белең алған пандемия жаппай әлемнің білім беру жүйесі үшін өте ауыр сынаққа айналды. Оқушылардың мектеп қабырғасында дәстүрлі білім алуы мүмкін болмады. Жалпы адамзат баласы, әлем мұндай жаһандық, кеңейген, өзіндік шығындары болатын проблемамен алғаш кездесіп отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
321
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Эссе

«COVID-19-дың еліміздегі оқу сапасына ықпалы»

2019-2020 жылдары басталған жағымсыз жайт бүкіл әлемді дүрліктірді, себебі кеңінен белең алған пандемия жаппай әлемнің білім беру жүйесі үшін менің ойымша, өте ауыр сынаққа айналды. Оқушылардың мектеп қабырғасында дәстүрлі білім алуы мүмкін болмады. Жалпы адамзат баласы, әлем мұндай жаһандық, кеңейген, өзіндік шығындары болатын проблемамен алғаш кездесіп отыр. Бұл мәселе халықаралық, әлемдік деңгейде барлық елдерде қаралып, зерттеліп, зерделенді. Әр мемлекет басшысы өз халқын осындай қиын сәттен аман алып қалудың амалдарын, жолдарын, тәсілдерін іздестірді. Қандай да бір көмек болатындай, қолдарынан келгенше жағдай жасады. Ол білім немесе басқа да тұрмыстық жайттар болса да. Өзімнің эссемнің тақырыбына сай, пандемияның білім сапасына әсері жайлы сөз қозғайтын болсақ, толық бір кітап жазып шығаруға болады. Себебі білім мәселесі күрделі жайттардың бірі болып есептелінеді. Мысалы, осы COVID-19-дың салдарынан ЮНЕСКО-ның мәліметіне сәйкес 191 ел мектептерін ұлттық деңгейде жабуға мәжбүр болды. Ал Ресей, АҚШ, Канада, Аустралия, Жапония мен Данияда мектептер аймақтағы жағдайға байланысты өз жұмысын тоқтатты. Барлығымыз білеміз, осы жағадайға орай әлем бойынша оқытудың балама, басқа да түрлері ойластырылып, тиімділігі қарастырылды. Оқушылар оқу бағдарламасынан қалмай, өздерінің білімдерін қашықтықтан жалғастырды. Білім беру үшін сабақтарды телеарналар арқылы трансляциялау, видеосабақтарды арнайы платформаларға жүктеу, радио арқылы сабақтарды аудиотрансляциялау, электрондық пошта және әлеуметтік желі қызметі сынды тәсілдер пайдаланылды.

Бұл жағдайда менің риза болғаным, әр мемлекеттің қашықтықтан оқыту процесінің оқушылар мен студенттерге неғұрлым қолжетімді болуын мақсат етуі. Ол үшін интернеттің, техникалық инфрақұрылымның қолжетімділігін анықтап, жан-жақты қарастырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын бейімдей бастады, барлығын ескере келе тиімді нұсқасын алдын-ала сынап көріп, таңдау жасады. Пандемия уақытында қабылданған шаралар мен шешімдер қазақстандық мектептер үшін де жаңа, әрі күтпеген жағдай болды. Мысалы, көктемгі демалысты бір аптаға ұзартып, сол уақытта білім беру процесін шектеу жағдайына бейімдеуге, қажетті ұйымдастырудың жұмыстарын шұғыл жүргізуге тура келді. Жаңа оқу форматына дайындық кезінде маңызды мәселелер анықталды. Мәселен, мұндай форматта білім беруде нормативтік реттеудің және жұмыс тәжірибесінің жоқ болуы. Қолданыстағы заңнамада «Қашықтықтан оқыту түрі» деген ұғымның мүлдем жоқтығы, соған сәйкес бағдарламалар, регламенттер, әдістемелер мен нұсқаулықтардың болмауы. Оған қоса орта білім беру жүйесінің дайындық факторы дағдарыс жағдайында қашықтықтан оқытуға көшу әсіресе, ауылдық мектептердегі ұстаздардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану деңгейінің жеткіліксіз екендігін көрсетті. Шынымен де, көп ауылдық мекендерде қашықтықтан оқытуға тиісті жағдай болмады, интернет-байланыс факторы, инфрақұрылымдар, кері байланыс орнату үшін қажетті жабдықтардың жетіспеуі айқын байқалды. Білім алушылардың басым көпшілігімен бір мезгілде стримингтік байланыс ұйымдастыруға жағдай



жасайтын отандық IT-платформалардың болмауы, цифрлық білім беру контентінің және интернет арқылы сабақ өткізу үшін толыққанды бағдарламалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі бірден-бір мәселе болды. Кейбір ауылдар мұндай жағдайға тап болатынын сезген де, білген де жоқ. Себебі еш уайымсыз өз жұмыстарын атқарып, білім беріп жүрді. Ал жағдайы нашар, керек техникасын алатындай қаражаты жеткіліксіз отбасылар тіптен қиналды. Сол себепті ең алдымен көмек күші сол адамдарға берілді.

Мәселелер туындады, ендігі кезекте оларды шешу жолдары қандай болмақ? Ең алдымен аз уақыттың ішінде материалдарды, бағдарламаларды дайындауға, видеосабақтарды түсіруге, оқытудың, бағалаудың жаңа ережелері мен нұсқаулықтарын әзірлеуге кірісті. Ұстаздар үшін оқыту курстарын өткізуге, қашықтықтан оқыту үшін арнайы интернет-платформалардың жұмысын тездетуге тырысты. Үкімет туындаған мәселелер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, қашықтықтан оқытудың бірнеше технологиясын бірден қолдану қажет деген шешімге келді. Еліміздегі оқушылар IV тоқсанда қашықтықтан оқыту форматы бойынша білім алуды бастады. Әрине, оқушылар үшін бұл ыңғайсыз болды. Оқушылар бір айдан астам уақыт бойы осы бағытта оқыды. Атап айтқанда 2,4 млн оқушы интернет арқылы білім алды. Оларға «Daryn.Online», «BilimLand» интернет-платформалары және «Күнделік» жүйесі қолжетімді еді. Яғни осы платформалардан балалар оқу бағдарламасына сәйкес видеосабақтарды, тапсырмаларды, ақпараттарды тауып, оларды қарағаннан кейін, мұғалімдерінен тапсырма алып, өткен материалдар бойынша сұрақтарға жауап беріп отырды.

Мен осы проблеманы өз тарапымнан қарастырсам, пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту балалардың білім сапасына, оқу үлгеріміне, жалпы басқа да жұмыстарға өзінің кері әсерін тигізді. Ия, осындай сәтте білім нәрі әрі қарай да оқушылардың бойына дарысын деген ниетпен ойластырылып іске асырылған қашықтықтан оқыту, бұл тек қана амалдардың бірі болып табылады. Қандай да бір платформа арқылы оқыса, оның өзіндік шектеулі уақыты болады. Уақыт біткен кезде автоматты түрде платфомадан шығып кетеді. Оған қайтадан кіріп, тіркелу қажет ол оқушыға ыңғайсыз жағдай тудырды. Оқушылар COVID-19 пандемиясы салдарынан қалыпты оқу жылымен салыстырғанда, алдыңғы алған білімінің орта есеппен 40-60%-ын жоғалтты. Осы панднмияға байланысты оқытуда қолданылатын техникалық құралдар, жабдықтар, сайттар т.б. кеңінен дамыды. Оқытуға қажет деген техника үлкен сұранысқа ие болды.

Қорытындылай келе, дәстүрлі форматта, өзімізге жақын, жанымызға тыныштық беретін мектеп қабырғасында ұстаздармен бірге, бірлесе оқып, берілен ақпаратты талдап оған анализ жасап, зерттеп оқыған сабаққа, білімге не жетсін, шіркін?! Дәстүрлі білім беру формасынан ешкім де бас тартқан жоқ. Балалар, ата-аналар, мұғалімдер, бәріміз бүгінгі таңда мектеп қабырғасында дәстүрлі оқыту ең тиімді, әрі ең қолайлы екенін түсінеміз. Қашықтықтан оқыту технологиялары қосымша мүмкіндік, балама ретінде, бағдарламалардың икемділігін қамтамасыз ету шарты ретінде қарастырылған жайт.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!