Материалдар / d -элементтерге жалпы сипаттама.Мыс, мырыш, темір, хром
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

d -элементтерге жалпы сипаттама.Мыс, мырыш, темір, хром

Материал туралы қысқаша түсінік
d -элементтерге жалпы сипаттама.Мыс, мырыш, темір, хром
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
1671
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 12/12/2018 13/12/2018

Пәні:Химия

Тобы: 1МДТ-21,1НОБ-10

Сабақтың тақырыбы/Тема занятия :

d -элементтерге жалпы сипаттама.Мыс, мырыш, темір, хром.

Сабақтың мақсаты / Цель занятия:

білімділік/образовательная

Оқушыларға d- элемент мыс, мырыш, темір, хром атомдарының құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; мыс, мырыш, темір, хром және олардың табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы;

тәрбиелік / воспитательная.

Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

дамытушылық /развивающая .

d- элемент мыс, мырыш, темір, хром атомдарының электрондық формулаларын құрастыру, жеке атомға сипаттама беру, әр топтың атомдарының айырмашылығын түсіндіре білу, қорытынды жасау, жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі / тип занятия : аралас

Сабақтың жабдықталуы / обеспечение занятия:

а)оқу көрнекілік құралдары /учебно-наглядные пособия: _

Нурахметов Химия 10- сынып оқулығы

б)үлестірмелі материалдар /раздаточные материалы:

Д.И. Менделеев жасаған ХЭПЖ

Пән аралық байланыс/межпредметная связь:

Сабақтың өту барысы / Ход занятия :

Оқытушының іс әрекеті

Білім алушының іс әрекеті

I. Ұйымдастыру кезеңі / Организационный момент


Сәлемдесу. Сабаққа келмеген студенттерді белгілеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.


Сәлемдеседі

II. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

Проверка знаний и умений обучающихся

Үй тапсырмасын сұрау.Келесі есептерді шығару

§5.4-5.5 № 6,13,14 161-162б

6 Массасы 10г кальций және кальций оксидінің қоспасын сумен өңдегенде 1,12л (қ.ж.) газ бөлінген.

а) бастапқы қоспадағы кальций оксидінің массалық ұлесін (%)

б) алынған ерітіндідегі өнімнің массасын (г) табыңдар

шешуі: Са + 2Н2О → Са(ОН)2 + Н2 СаО + Н2О → Са(ОН)2

а) хг 1,12л

Са + 2Н2О → Са(ОН)2 + Н2

40г/моль 22,4л/моль

х = 40г/моль * 1,12л / 22,4л/моль = 2г 10г – 2г = 8г СаО

ω (СаО) = 8г / 10г = 0,8 немесе 80%

б) 2г у 8г z

Са + 2Н2О → Са(ОН)2 + Н2 СаО + Н2О → Са(ОН)2

40г/моль 74г/моль 56г/моль 74г/моль

у = 3,7г z = 10,57г

Ʃm (Са(ОН)2) = 14,27г

13 Са(ОН)2 → СаСО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3 →СаО → СаСl2

Са(ОН)2 + СО2 → СаСО3 + Н2О

СаСО3 + СО2 + Н2О → Са(НСО3)2

Са(НСО3)2 → СаСО3 + СО2 + Н2О

СаСО3 →СаО + СО2

СаО + НСl → СаСl2 + Н2О

14 Егер өнімнің шығымы теориялық мүмкіндіктің 85% -ын құрайтын болса, құрамында 20% қоспасы бар 200кг әктастан қанша сөндірілмеген әк алуға болады?

200кг - 100%

х кг - 20% қоспа х = 40кг қоспа m (СаСО3) = 200кг – 40кг = 160кг

160 * 103г у г

СаСО3 →СаО + СО2

100г/моль 56г/моль у = 89600г = 89,6кг

89,6кг - 100 %

z кг - 85 % z = 76,16кг СаО

76,16кг z

СаО + Н2О → Са(ОН)2

56г/моль 74 г/моль

z = 76,16кг * 74г/ 56г = 100,64кг


Ауызша сұрақтарға жауап беру, жазбаша жұмыс тексеру

III. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Содержание и последовательность изложения новой темы (конспект)


Қосымша топша металдарының электрондык кауыздарында (п— 1) d-деңгейше электрондармен толтырылады (n — период нөмірі) сондыктан бұл элементтерді d-элементтер деп те атайды.

d – элементтер типтік металдар мен типтік бейметалдар арасында орналасқандықтан, оларды ауыспалы элементтер деп атайды. Топтарда қосымша топша элементтерінің металдық қасиеттері атомдық нөмірі өскенде кемиді де, V және VІ период металдарының қасиеттерінде біршама ұқсастықтар байқалады.

d - элементтерге төн нәрсе — олар өздерінің косылыстарында көбірек валенттік күйлеріге ие бола алады. Егер элемент өртүрлі тотығу дөрежелерін көрсететін оксидтер жөне гидроксидтер түзетін болса, онда олардын тотығу дөрежелері өскен сайын негіздіктен екідайлык арқылы қышқылдыққа қарай заңды өзгереді.



IV. Жаңа материалды бекіту,біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

Закрепление нового материала ,формирование умений и навыков



5 а) СuО → Сu → СuСl2 → Сu(ОН)2 →СuSО4

СuО + Н2 → Сu + Н2О

Cu+Cl2 → CuCl2

СuСl2 + 2NаОН → Cu(OH)2↓ +2NаСl

Cu(OH)2 + H2SO4 → CuSO4+ 2H2O

ә) СuСl2 → Сu → СuО → Cu(NO3)2 → Сu(ОН)2

СuСl2 → Сu + Сl2

2Cu+O2 → 2CuO

СuО + HNO3 → Cu(NO3)2+ H2O

Cu(NO3)2+2 NаОН→ Cu(OH)2↓ +2NаNO3


6 179 – бет

Массасы 30г мыстың мырышпен құймасын күкірт қышқылымен өңдегенде 4,4л (қ.ж.) сутек бөлінген. Бұл құймадағы мырыштың массалық үлесін (%) есептеңдер.

Cu+ H2SO4

хг 4,4л

Zn+ H2SO4 → ZnSO4 + H2

65г/моль 22,4л/моль х = 65г/моль *4.4л /22.4л/моль = 13г Zn

ɷ = 13*100/30=


Сабақтың қорытындысы / Подведение итогов занятия


d – элементтер- периодтағы ауыспалы элементтер. Оларда сырттан санағанда екінші энергетикалық деңгейдің d – деңгейшесі электрондармен толтырылады. Олардың бәріне металдық қасиет тән.

Мыс – белсенділігі төмен металл. Мыс көптеген табиғи минералдар түзеді. Таза және әртүрлі құймалар түрінде қолданады.

Мырыш-ауада тұрақты, орташа белсенді металл.Мырыштың өзі және қосылыстары екідайлы қасиет көрсетеді.Мырышты темірден жасалған бұйымдарға қорғаныш қаптамалар жасау үшін және құймаларын алу үшін қолданады.


Хром – ең қатты металл, ауада қорғаныш қабықшамен қапталған. Жемірілуге тұрақты. Қыздырғанда химиялық реакцияға түседі.

Темір – қазіргі заманғы техниканың маңызды металы. Бұл орташа белсенді металл. d - элемент. Тотығу дәрежесі +2 және +3 қосылыстар түзеді. Оксидтері мен гидроксидтері негіздік (+2) және әлсіз екідайлы (+3) қасиет көрсетеді. Темір табиғатта үлкен рөл атқарады. Көбінесе шойын және болат құймалары түрінде қолданылады.


Бағалау / оценка




__________________________________________


V.Үй тапсырмасы / Дом.задание:


§6.1 – 6.5 № 7 173б, № 4 184б








































Мыс - ІБ топ элементі.

Мыс атомдары қосылыстарында +1 және +2 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Тотығу дәрежесі +3 болатын тұрақсыз қосылыстардың біразы белгілі (Cu2О3). Біршама тұрақты тотығу дәрежесі +2.

Табиғатта таралуы. Жер қыртысында мыстың мөлшері 0,01% массаны құрайды. Ол саф күйінде және қосылыстар түрінде кездеседі. Маңызды минералдары: халькопирит-СuFeS2, халькозин «мыс жылтыры» Сu2S, ковелин СuS, малахит- CuCO3* Cu(OH)2, азурит 2СuСО3 *Сu(ОН)2, куприт-Cu2O.

Алынуы. Мысты алу өте күрделі. Сульфидтік мыс кендерінен пирометаллургиялық, ал оттекті құрамды кендерінен гидрометаллургиялық жолмен өндіріледі.

Сульфидтік кендерінен:  пирометаллургиялық

Оттекті  құрамды кендерінен: гидрометаллургиялық

2Cu2S +3О2→2Cu2O +2 SO2

2Cu2O + Cu2S→6Cu + SO2


CuO+Н 2SO4→ CuSO4+ Н 2O

электролиз

CuSO4+Fе→ FеSO4+Cu

 Физикалық қасиеттері. Мыс - ашық қызғылт түсті жылтыр металл, жеңіл созылады. Балқу температурасы 1083°С. Электр тогын жақсы өткізеді.

Химиялық қасиеттері. Жай заттармен әрекеттеседі

Cu+Cl2 → CuCl2

2Cu+O2 → 2CuO

Cu+S → CuS

Күрделі заттармен:

Cu+2H2SO4 → CuSO4+SO2+2H2O

конц

Cu+4HNO3 → Cu(NO3)2+2NO2 +2H2O

конц

Cu+8HNO3 → 3Cu(NO3)2+2NO↑+4H2O

сұйыл

2Cu+4НСl + О2 → CuCl2 + 2H2O

Сu+2AgNO3 → Cu(NO3)2+2Ag

Мыс қосылыстары

Мыстың тотығу дәрежелері +2 болатын қосылыстары едәуір көп таралған, тотығу дәрежесі +1 қосылыстары сирек кездеседі. Мыс оттекпен екі оксид түзеді. Ауада қыздырғанда мыс жеңіл тотығып, алдымен қызыл оксидке Сu2О содан кейін қара оксидке СuО айналады.

Мыс (ІІ) гидроксидін сәйкес тұздарының ерітіндісіне сілтімен әсер етіп алады:

CuSO4 + 2NаОН → Cu(OH)2↓ + Nа2SO4

Ол көгілдір түсті тұнба, аздап қыздырғанда қара түсті СuО бөліп айырылады:

Cu(OH)2 СuО + H2O

Мыс (ІІ) оксиді мен гидроксиді негіздік сипатта болады. Олар қышқылдарда жеңіл ериді:

Cu(OH)2 + H2SO4 → CuSO4+ 2H2O

СuО + HNO3 → Cu(NO3)2+ H2O

Мыстың еритін тұздары гидролизге ұшырайды:

CuCl2 + НОН → CuOHCl + HCl

Мыс сульфаты - CuSO4 сусыз мыс сульфаты ақ түсті ұнтақ зат, ол суды күшті сіңіріп, көк түсті кристалгидратқа айналады. Сулы ерітінділерде ол бес молекула сумен кристалданады да, мөлдір көк түсті кристалл мыс купоросын, яғни тотияйын CuSO4*5H2O түзеді.

Мыс қосылыстарын анықтау.

Мыс және оның ұшқыш қосылыстары жалынды көк жасыл түске бояйды. Тұздарына сілті қосқанда мыс гидроксидінің көгілдір тұнбасы түзіледі.

Cu2+ + 2OH- → Cu(OH)2

Қолданылуы:

  • Электр тогын өткізетін қондырғылар жасауда;

  • Металдық қаптаулар алуда;

  • Әр түрлі заттардың металдық көшірмесін алу үшін;

  • Әсемдік бұйымдар дайындауда,

  • Полиграфияда, мыс қалыбын жасауда;

  • Радиотехникада қолданылады.

Мырыш – ІІБ топ элементі

+2 тотығу дәрежесін көрсетеді.

Табиғатта таралуы.Жер қыртысындағы құрамы бойынша мырыш басқа элементтер арасынан 23-орынды алады (0,01%).

Мырыштың маңызды минералы — мырыш алдамышы ZnS көптеген сульфидтік кендердің кұрамына кіреді. Сондай-ак цинкит ZnО, мырыш шпаты (галмей) ZnСО3 және т.б. түрінде кездеседі.

Алынуы. Кендерден металдық мырышты алу үшін пирометаллургиялык және гидрометаллургиялык процестер қолданылады.

пирометаллургиялық

 гидрометаллургиялық

2ZnS+ 3O2= 2ZnO+ 2SO2

ZnO+ C= Zn+ CO


ZnO + H2SO4 → ZnSO4+ H2O

Электролиз:

ZnSO4 + 2H2O → Zn + H2SO4 + О2

Физикалық қасиеттері. Мырыш көкшіл ақ түсті күшті металдык жылтыры бар металл. Ылғалды ауада жылтыры оксидтік қабыкшаның түзілуімен байланысты біртіндеп жойылады. Мырыш каттылыгы орташа металл. Оның тығыздығы 7,13 г/см -қа тең. Таза металл пластикалык және жұқа фольгаға дейін жайылады. Техникалык мырыш кәдімгі температурада морт сынғыш, бірақ 100—150°С-та пластикалык болады, оны жұқалап таптауға немесе сымға дейін созуға болады.

Химиялық қасиеттері. Жай заттармен әрекеттесуі

Zn+ Cl2= ZnCl2

2Zn+ O2= 2ZnO

Zn+ S= ZnS

Күрделі заттармен

Zn+ H2O = ZnO+ H2

Zn+ 2HCl = ZnCl2+ H2

Zn+ 2NaOH = Na2ZnO2+ H2

Zn+ 2NaOH + 2H2O = Na2[Zn(ОН)4] + Н2

Натрий тетрагидроксоцинкаты

Мырыш қосылыстары. Мырыш оксиді. Табиғатта мырыш оксиді ZnO қызыл мырыш кені (цинкит) түрінде кездеседі, түсі марганецтің косылыстары болуына байланысты. Мырыштың таза оксиді кәдімгі температурада түссіз. Суда мүлдем ерімейді. Мырыш оксиді қышкылдарда, сілтінің артык мөлшерінде және аммоний гидроксидінде жеңіл ериді, яғни екідайлы касиет көрсетеді. Мырыш оксиді ақ бояулар (мырышты белила) алуда, медицинада және косметикада әртүрлі майлар дайындауда, резеңке мен линолеум үшін толыктырғыштар (арнайы қасиеттер беріп, өзіндік құнын төмендету үшін) ретінде қолданылады.

Мырыш гидроксиді Zn(ОН)2 мырыш тұздарының ерітіндісіне сілтімен әсер еткенде ақ қоймалжың тұнба түрінде түзіледі. Сақтағанда ол біртіндеп кристалдык түрге ауысады. Екідайлы қосылыс болғандықтан, мырыш гидроксиді сілтінің артық мөлшерінде, қышкылда, аммиактың судары ерітіндісінде жеңіл ериді. Мырыш гидроксидінің кышкылдарда ерігіштігі бейтараптану реакциясына негізделген:

Zn(OH)2+ 2HCl= ZnCl2+2H2O

негіз

ал сілтінің артык мөлшерінде еритін цинкаттар түзіледі:

Zn(OH)2+ 2NaOH = Na 2[Zn(ОН)4]

қышқыл натрий тетрагидроксоцинкаты

Мырыштың барлық тұздары ерітінділерде күшті қышқыл-катион Zn2+ есебінен гидролизге ұшырайды:

Zn+2 + 2OH- = ZnOH+ + Н+

Мырыш сульфаты ерітіндіден кристалгидрат ZnSO4 *7Н2О түрінде бөлінеді және мырыш купоросы деп аталады. Оны мата тоқуда, мырыштық қаптаулар жасауда, медицинада және мырыштың басқа қосылыстарын алу үшін қолданады.

Мырыш сулъфидінің ZnS люминесценттік қабілеті бар электрондардың әсерінен суық жарық шығарады. Мырыш сульфидінің бұл қасиеті люминесценттік лампаларда, теледидар экрандарын және баска электрондык аспаптар жасауда қолданылады.

Мырыш қосылыстарын анықтау. Мырыш тұздарына сілтіні қосқанда, мырыш гидроксидінің қоймалжың тұнбасы түзіледі:

Zn+2 + 2OH- = Zn(OH)2

Мырыш темірдің антикоррозиялық қаптамасы ретінде, электрлік батареялар дайындауда, цианидті ерітінділерден алтын мен күмісті тұндыру үшін, мыс және басқа да металдармен қорытпалар өндіру үшін қолданылады.



Хром - VІБ топ элементі.

Хром +1 –ден +6 –ға дейінгі тотығу дәрежелерін көрсетеді. Хромның +2, +3, +6 тотығу дәрежелі қосылыстары едәуір тұрақты.

Табиғатта таралуы. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері -0,03%. Хром әртүрлі минералдардың құрамына кіреді. Хромит немесе хромды темір ҒеСr2О4 едәуір кең таралған.

Алынуы. Өнеркәсіпте пирометаллургиялық және алюминотермиялық жолмен алынады: Хромды теміртасты көмірмен қатты қыздырып алады.

FeO*Cr2O3 + 4C = 2Cr + Fe + 4 CO

Хромның темірмен құймасы – феррохром

Таза хромды алу

Cr2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Cr

Физикалық қасиеттері. Хром — күмістей ақ, жылтыр металл. Металдардың ішіндегі ең қаттысы, шыныға жеңіл сызат түсіреді. Хром морт сынғыш, оның тығыздығы 7,2 г/см3, балку температурасы 1855°С . Электр және жылуөткізгіштігі төмен.

Химиялық қасиеттері.

Хромның беті мөлдір оксид қабыршақпен қапталған.Сондықтан химиялық тұрақты.

4Cr + 3O2 = 2Cr2O3 жанады

2Cr + 3Cl2 = 2CrCl3 шабытты әрекеттеседі

2Cr + 3H2O = Cr2O3 + 3H2 су буымен әрекеттеседі

2Cr + N2 = 2CrN азотпен әрекеттеседі

2Cr + S = Cr2S3 күкіртпен әрекеттеседі.

2Cr + 3H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3H2

Хром қосылыстары:

Cr+2

Cr+3

Cr+6

CrO-негіздік оксид

Cr2O3-екідайлы оксид

CrO3-қышқылдық оксид

Cr(OH)2-негіз

Cr(OH)3- екідайлы

H2CrO4-хром қышқылы



H2Cr2O7-дихром қышқылы

Хром (ІІ) оксиді СrО — пирофорлы қара ұнтак (пирофорлық— ұсақ ұнтақталған күйде ауада тұтану қабілеті). Типтік негіздік оксид. Сұйылтылған тұз қышқылында ериді:

СrО + 2НСl = СrС12 + Н2О

СrО + 2Н+ = Сr2+ + Н2О

Ауада 100°С-тан жоғары қыздырғанда хром (II) оксиді хром (III) оксидіне айналады.

Хром (ІІ) гидроксидін Сr(ОН)2 хром (ІІ) тұзына сілті ерітіндісімен әсер еткенде сары тұнба түрінде алады, мысалы:

СrС12 + 2NаОН = Сr(ОН)2 ↓ + 2NаС1

Сr2+ + 2ОН- = Сr(ОН)2

Сr(ОН)2 негіздік қасиет көрсетеді, қышқылдарда ериді:

Сr(ОН)2 + 2НС1 = СrС12 + Н2О

Сr(ОН)2 + 2Н+ = Сr2+ + 2Н2О

Ол — тотықсыздандырғыш. Қыздырғанда Сr2О3-ке айналады. Хромның (II) барлык қосылыстары едөуір тұрақсыз және ауадағы оттекпен хром (III) қосылыстарына дейін оңай тотығады. Мысалы:

4Сr(ОН)2 + О2 + 2Н2О = 4Сr(ОН)3

Хром (III) оксиді Сr2О3 — қиын балқитын күңгірт жасыл түсті ұнтак. Қаттылығы бойынша корундка жақын. Хромның қосылыстары жоғары температурада алынады.

Хром (III) оксиді екідайлы: қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Сr2О3-ті сілтілермен балқытқанда, хром (III) қосылыстары — хромиттер түзіледі:

Сг2О3 + 2NаОН = 2NаСrО2 + Н2О

натрий хромиті

Хром (III) оксиді сумен өрекеттеспейді, бірақ оған хром (III) тұздарының ерітіндісіне сілті ерітінділерімен әсер еткенде сұр жасыл түсті коймалжың тұнба түрінде алынатын хром (III) гидроксиді Сr(ОН)3 сөйкес келеді:

СrС13 + ЗNаОН = Сr(ОН)3↓ + ЗNаСІ

Сr3++3ОН- =Сr(ОН)3

Хром (III) гидроксидінің екідайлық қасиеті бар. Қышқылдарда ерігенде хром (III) тұздары түзіледі, мысалы:

Сr(ОН)3 + НNО3 → Сr(NО3)3 +3Н2О

негіз

Сr(ОН)3 + ЗН+ = Сr3+ + 3Н2О

Сг(ОН)3-ті сілтілермен балқытқанда метахромиттер және ортохромиттер алынады:

Сг(ОН)3 + NаОН = NаСrО2 + 2Н2О

Сг(ОН)3 + 3NаОН = Nа3СrО3 + 3Н2О

Хром (III) қосылыстары — тотықсыздандырғыштар. Әртүрлі тотықтырғыштар — Сl2, Вг2, Н2О2, КМnО4 және т.б. әсер еткенде, олар хром (VI) қосылыстарына — хроматтарга немесе дихроматтарға айналады:

Сr2(SО4)3 + 2КМnО4 + 7Н2О = К2Сr2О7 + 2Мn(ОН)4 + ЗН2 4

2Сr+3 -6е = 2 Сr+6 | 1

Мn+7 +3е = Мn+4 | 2

Хром (VI) оксиді СrО3 — қанық қызыл түсті кристалдық зат. Күшті тотықтырғыш: йод, күкірт, фосфор, көмірді тотықтырып, Сг2О3-ке айналады. Мысалы:

3S + 4СrО3 = 3SО2 + 2Сr2О3

СгО3-тің қышкылдық сипаты бар: суда оңай еріп, хром қышқылдарын түзеді. Судың артық молшерімен әрекеттесіп хром қышқылын Н2СrО4түзеді:

СгО3 + Н2О →Н2СrО4

СгО3 -тің концентрациясы мол болса, дихром қышқылы түзіледі:

2СrО3 + Н2О = Н2Сr2О7

* Хром қышқылы тұздардың екі қатарын түзеді: хром қышқылының тұздары — хроматтар және дихром қышқылының тұздары — дихроматтар. Хроматтар сары түсті (хромат ионынын, СrО42- түсі), дихроматтар — қызыл сары түсті (дихромат ионының Сr2О72- түсі) болады.

Тотығу дәрежесі +3 және +6 хром қосылыстарының барлығы улы. Әсіресе бұл хром кышқылы мен оның тұздарына, сонымен бірге хром (VI) оксидіне қатысты. Олар теріні, тыныс алу жолдарын закымдап, көзді ауыртады. Сондықтан олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Хром қосылыстарын анықтау:

Барлық хром тұздарының ерітінділерінің түсі бар: Cr+2-көгілдір түсті, Cr+3-жасыл күлгін, CrO42—сары , Cr2O72—қызыл сары.Қолданылуы:

  • легирлеуші элемент;

  • болаттарға қосады;

  • қаптамалар жасау үшін;

  • бояулар дайындауда;

  • тері илеуде.

Темір- VІІІ Б топ элементі.

Темір қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Темірдің т.д +6 болатын тұрақсыз қосылыстары бар.

Табиғатта таралуы. Темір табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі -5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде "аспан” және "жұлдыз” тасы деп атаған. Маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас-Fe2O3 , магниттік теміртас (магнетит)-Fe3O4, пирит-FeS2.

Алынуы. Темірді оксидтерінен тотықсыздандырып алады.

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

FeO + H2 = Fe + H2O

Fe2O3 + 2Al = 2Fe + Al2O3

Физикалық қасиеттері. Темір – жылтыр, күмістей ақ түсті металл, тығыздығы – 7,87г/см3, балқу температурасы +1539°С

Химиялық қасиеттері. Темір химиялық реакцияларда 2 немесе 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді:

Fe0 – 2e → Fe2+
Fe
0 – 3e →Fe3+

Жай заттармен: Темірдің белсенділігі орташа. Сондықтан белсенділігі орташа бейметалдар темірді тотықтырады.

2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3

Fe + S = FeS

3Fe + 2O2 = Fe3O4

Күрделі заттармен: Қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі.

Fe + H2O = FeO + H2

Ылғал ауада темір тотығу өнімінің қоспасы тотпен қапталады. Бұл процесті қысқышы былай жазады:

4Fe + 6H2O + 3О2 = Fe(OН)3

Қышқылдардан сутекті ығыстырады.

Fe + 2HCl = FeCl2 + H2

Белсенділігі төмен металдарды тұздарынан тотықсыздандырады.

Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu

Темірдің маңызды қосылыстары:

Темір (ІІ) оксиді немесе (FeO) – негіздік оксид, оңай тотығатын қара ұнтақ, оны мына реакция бойынша алады:

Fe2O3 + CO → 2FeO + CO2

Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:

  1. FeO + 2HCl = FeCl2 + H2O

  2. FeO + CO2 = FeCO3

Темір (ІІІ) оксиді Fe2O3 – амфотерлі оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау, ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит.

І. Алынуы: 1) 2Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O

2) 3Fe + 2O2 = Fe3O4

3) 3Fe + 4HOH = Fe3O4 + 4H2

ІІ. Химиялық қасиеттері:

қышқылмен Fe2O3 + 3H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 3H2O

қышқылдық оксидпен Fe2O3 + 3SO3 = Fe2(SO4)3

негізбен Fe2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2 + H2O

Темірдің гидроксидтері

Темірдің ІІ және ІІІ валентті оксидтеріне екі түрлі гидроксидтері сәйкес келеді.

Fe (II) гидроксиді жасылдау түсті, ал Fe (III) гидроксиді қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар.

І. Алынуы. FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 + 2NaCl

FeCl3 + 2NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCl

4Fe(OH)2 + O2 + 2H2O = 4Fe(OH)3

Қолданылуы:

Темір купоросы (FeSO4 ∙ 7H2O) – ағаш сүрлеуде;

Fe3C – цементит шойында қолданылады.

(NH4)2SO4 ∙ FeSO4 ∙ 6H2O – Мор тұзы, тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады.

Fe(NH4)2 ∙ (SO4)2 ∙ 12H2O – темір-аммонийлі ашудас, тері илеуде қолданылады.

Fe2O3 темір сүрегі (бояу) шатырларды бояуда, болат пен шыны беттерін тегістеуде, термиялық пісіруде қолданылады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!