Материалдар / Дала өркениетінің тарихи және мәдени ескерткіштері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дала өркениетінің тарихи және мәдени ескерткіштері

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қазақстанның сакральді картасы 2. Ұлттық рухани қасиетті жерлеуді білу не үшін керек? 3. Тарих және мәдениет ескерткіштерін жіктеу 4. Жалпыұлттық маңызы бар сакральді нысандар
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан тарихы пәнінен «Дала өркениетінің тарихи және мәдени ескерткіштері» тақырыбына ашық сабақ


Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (25 минут)

Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық және рухани мұрасы

Жоспар:

1. Дәстүрлі музыкалық мәдениеті

2. Қазақтың дәстүрлі мерекелері

3. Патриотизм туған жерге, мәдениет пен дәстүрлерге ерекше көзқарас

1-тапсырма. Мықты болсаң, тауып көр. (Ұлттық аспаптар туралы жұмбақ жасыру).

2-тапсырма. «Тарсия» әдісі Білмейтіндер ұғынсын, ал білетіндер тағы есіне түсірсін. Қағаз қиындыларға сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып жауабын құрастырады.

3-тапсырма. Сергіту сәті. (Қол күрес. 4 ер бала шығып қол күресіп, жеңімпазды анықтау).


ІІІ. Жаңа сабақ (30 минут)

Жоспар

  1. Қазақстанның сакральді картасы

  2. Ұлттық рухани қасиетті жерлеуді білу не үшін керек?

  3. Тарих және мәдениет ескерткіштерін жіктеу

4. Жалпыұлттық маңызы бар сакральді нысандар


ІV. Бекіту (20 минут)

1-тапсырма. «Жарнама жасау» ойыны. Оқушы тақтаға шығып тарихи орындар мен мұражайларға жарнама жасау арқылы, туризмді дамытуға өз үлестерін қосады.

2-тапсырма. «Шахмат» әдісі. Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.

3-тапсырма. Сәйкестендіру кестесі. Wordwall.

4-тапсырма. Кезбе тілші


V. Бағалау (5 минут)


VІ.Үйге тапсырма беру (3 минут)


VІІ.Пайдаланған әдебиеттер (2 минут)

Сабақтың тақырыбы: Дала өркениетінің тарихи және мәдени ескерткіштер

Сабақтың мақсаты: Тарихи және мәдениет ескерткіштерін жіктеу;

1. Білімділік: Дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін сипаттап түсіндіру.

2. Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Оқушылардың тарихи – танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.

3. Тәрбиелік: Ұлттық рухани қасиетті жерлеуді білу арқылы оқушыларды өз отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта, плакат.

Сабақтың түрі: Теориялық

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

Пәнаралық байланыс: Тарих, саясаттану, қоғамтану т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеп, журналға белгі соғу

3. Оқу құралдарын реттеу

4. Жаңа сабаққа зейінін аудару


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық және рухани мұрасы

Жоспар:

1. Дәстүрлі музыкалық мәдениеті

2. Қазақтың дәстүрлі мерекелері

3. Патриотизм туған жерге, мәдениет пен дәстүрлерге ерекше көзқарас


1-тапсырма. Мықты болсаң, тауып көр.


Б асы бар денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.
Домбыра


Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап?
Қобыз



Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?
Жетіген


Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.
Сыбызғы


Тілі бар түймелі,
Кеңірдегі кернеген,
Ән менен күй кені.
Сырнай

2-тапсырма. «Тарсия» әдісі. Білмейтіндер ұғынсын, ал білетіндер тағы есіне түсірсін. Қағаз қиындыларға сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып жауабын құрастырады.

Қ. Сағырбайұлы

Балбырауын, Адай, Сары-арқа, Кішкентай

Дәулеткерей

Салық өлген”, “Қоңыр”, “Қоңыр екі ішек”, “Керілме”,

Т.Қазанғапұлы

Былқылдақ

Д.Нұрпейісова

«Той бастары», «Жеңісі», «Әсем қоңыры», «Сегізінші марты», «Сауыншысы»

Біржан сал

 “Жанбота”, “Жамбас сипар”,

Ақан сері

Құлагер”, “Сәулем-ай”, “Мақпал”,

Жамбыл Жабаев

«Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Зілді бұйрық».



3-тапсырма. Сергіту сәті. Қол күрес. 4 ер бала шығып қол күресіп, жеңімпазды анықтау.


ІІІ. Жаңа сабақ:

Дала өркениетінің тарихи және мәдени ескерткіштері

  1. Қазақстанның сакральді картасы

  2. Ұлттық рухани қасиетті жерлеуді білу не үшін керек?

  3. Тарих және мәдениет ескерткіштерін жіктеу

  4. Жалпыұлттық маңызы бар сакральді нысандар

  1. Қазақстанның сакральді картасы. Қазақстанның алдында қоғамды жаңғырту міндеті тұр. Ол қоғамдық сана мен ұлттың рухани қайта өрлеуінсіз мүмкін емес. 2017 жылы сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында рухани қайта өрлеуді ұлттың басты міндеттерінің бірі деп атады. Рухани қайта өрлеу жолдарының бірі Қазақстанның рухани қасиетті орындарында (сакральді орындарына) қоғамдық назарды аудару болып табылады. Олар рухани дәстүр негіздерінің бірі ретінде қарастырылады.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.

Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.

Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.

Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.

Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.

Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жанында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзеді.

Н.Ә.Назарбаев

Рухани қайта өрлеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылғы мамыр айында «Сакральды Қазақстан» («Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы») жобасы жасалды. Қалалар мен облыстарда әрбір өңірдегі сакральді орындарды анықтау бойынша жұмыс топтары құрылды. Тарихшылар мен өлкетанушылар сакральді ретінде танылатын мәдени, археологиялық нысандар, тарихи және мәдени ескерткіштер туралы ақпарат жинады және республикадағы облыстар бойынша сакральді нысандардың тізімдерін құрастырды. «Сакральді Қазақстан»картасы жасалып, онда барлық аса маңызды нысандар көрсетілді.

2.Ұлттық рухани қасиетті жерлеуді білу не үшін керек? Жоба ескерткіштердің рухани, құндылықтық мазмқнын тіркейді. Бұрынғы заман ескерткіштерін сақтаудың және қалпына келтірудің қажет екендігі түсінікті. Алайда материалдық нысанының өзі ғана емес, оның дәстүрлі халық санасымен мәдениетінде қандай мәнге ие болғаны маңызды. Табиғат пен мәдениеттің сакральді ескерткіштері - мәдени-тарихи жадының аса маңызды құрамдас бөліктері. Олар адамды өз халқының өткенімен байланыстырады. Ескерткіштер дүниетанымдық құндылықтар мен дәстүрлі білімді болашақ ұрпаққа беруді қамтамасыз етеді. Өткен заманда олар, әдетте дәстүрлі салттар мен жоралғылар өткізілетін орындар болды. Нақ осы дәстүр халықты біртұтас етіп біріктіреді.

Тарихи – мәдени ескерткіштерді, табиғи және қолмен жасалған нысандарды киелі деп қабылдау және оларды құрмет тұту ұлттық дәстүрге айналды. Басқа да фактормен қатар ұлттық ерекшелік негізін қалады. Киелі жерлерді және олармен байланысты сиыну мен құрмет тұтуды ұнатпау, тұтастай алғанда дәстүрді ұнатпау мәдени-генетикалық кодтың бұзылуына әкеледі. Бұл этнос (ұлт) және этникалық (ұлттық) бірлестік үшін тілді жоғалтудан кем болмайтын қауіп саналады.

Сакральді-ерекше құрметтелетін,қасиеті.Сакральді ескерткіштерді құрметтеу дәстүр болып табылады, оны сақтау біз үшін маңызды.

3.Тарих және мәдениет ескерткіштерін жіктеу. «Сакральді» сөзі тар мағынасында «құдайға, дінге қатысты», «ғұрыптық», «діни ғұрыппен байланысты» дегенді білдіреді. «Сакральді Қазақстан» жобасында рухани қасиетті орындар мен сакральді нысандар ретінде мифологиямен, дәстүрлі дін мен наным сенімге байланысты нысандар ғана емес,сондай-ақ бірегей табиғи ландшафтылар, мәдени мұра мен зайырлы сәулет өнерінің ескерткіштері, ауызша тарихнамамен, халқымыздың жадында сақталған құндылыққа ие тарихы және саяси оқиғалармен байланысты нысандар да түсіндіріледі.

Маңызы бойынша сакральді орындар жалпы ұлттық маңызы бар макросакральді және микросакральді (мысалы, сол жердегі ауыл тұрғындары үшін ғана маңызы бар және солар ғана баратын киелі, қасиетті жерлер болып табылады.Өз үлгісі бойынша қасиетті орындар 4- топқа бөлінеді.

1-топ -табиғи-ландшафтылы нысандар;

2-топ-археологиялық және сәулет өнерінің ескерткіштері;

3-топ-қасиетті діни қажылық орындары;

4-топ- тарихи тұлғалар мен саяси оқиғаларға байланысты жерлер;

Жалпыұлттық маңызы бар 100 сакральді нысан бар.

«Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері» санаты бойынша тізімге 9 орын - Ұлытаудағы Ақмешіт Әулие биігі, «Хан Тәңірі» шыңы, Алтайдағы Мұзтау шыңы, Шарын шатқалы, Қазығұрт тауы, Жамбақы тауындағы және Абай ауданындағы «Қоңыр әулие» үңгірлері, «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені, «Бектау ата» тауы және үңгірі және Жылаған-ата үңгірі енгізілді.

«Археологиялық және архитектуралық ескерткіштер» бойынша 11 орын - «Бозоқ»  ортағасырлық қалашығы, «Боралдай сақ қорғандары», «Есік-сақ» қорғаны, Таңбалы (Тамғалы) археологиялық кешені, Теректі әулие, «Беғазы» археологиялық кешені, Ботай қонысы, Берел қорымы, Шілікті қорымы, Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені, Қосбатыр - Қумай ескерткіші (шамамен VI-VIII  ғғ.) және Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.) іріктеліп алынды.

«Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары»  санатымен 13 орын: Қойлық қалашығы, Жанкент қалашығы (V-ХV ғғ.), Сығанақ қалашығы (VІ-ХІХ ғғ.), «Шірік-Рабат» қалашығы, «Жент» қалашығы, «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.), Сарайшық қалашығы (ХІІІ-ХVI ғғ.), Сауран қалашығы (ХІІІ-ХVІІІ ғғ.), Отырар қалашығы (І-ХVІІІ ғғ.),

Созақ қалашығы (Х-ХVІІІ ғғ.), Сайрам (Исфиджаб) қалашығы  (XIII-XVII ғғ.), Ақкөл-Жайылма қалашығы және «Жайық» (Теке) қалашығы тізімге енді.

Сонымен бірге, аталған тізімге «Діни және ғибадат орындары» болып табылатын Қазақстанның 32 орны енгізілді:  Қ.А.Яссауи кесене-кешені (Рабия Сұлтан Бегім кесенесі XV ғ., Үлкен Қылует ХІІ ғ., Күлтөбе (Ясы) қалашығы, Гауһар ана кесенесі), Арыстан баб кесенесі (ХII ғ.), Ибраһим ата кесенесі (XI-XII ғғ.), Қарашаш ана  кесенелері (XI-XII ғғ.), Қарабура кесенесі, Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі, Бәйдібек би кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Үкаш ата мазары (ІХ-Х ғғ.), Исмайл-ата сәулет кешені (ХІ-ХІХ ғғ.), Маңғыстау жеріндегі қорымдар мен жерасты мешіттері  (Оғыланды жеріндегі Бекет ата ХVIII ғғ., Шопан ата Х-ХIХ ғғ., Көне Бейнеу және Бекет-ата ХI-ХIХ ғғ., Қараман ата, ХIII-ХIХ ғғ., Масат ата, Х-ХIХ ғғ., Шақпақ ата IХ-Х ғғ., Сұлтан-епе б.д. Х- ХIХ ғғ.), Сисем ата қорымы (ХIII-ХIХ ғғ.), Абат-Байтақ кесенесі (ХІV-ХV ғғ.), Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі, Домбауыл кесенесі, «Екідің» (Сарыторғайдағы ерте кезең ескерткіштері), Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесі, «Оқшы ата» кесенесі, «Қорасан Ата» кесенесі мен «Төлегетай-Қылышты ата» кешенді-мазары (ХІ-ХІІ ғғ.),Тектұрмас кешені (ХІV ғ.), Қарахан кесенесі (ХІІ ғ.), Айша бибі кесенесі мен Бабажы Хатун мазары (ХІ-ХІІ ғғ.), Бегім ана мұнарасы (Х-ХІ ғғ.), «Қорқыт ата» мемориалды кешені, Ұшқан

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!