Материалдар / "Даланың алып қоңырауы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Даланың алып қоңырауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы тұлғамыз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жылдығына орай дайындалған материал. Ыбырай Алтынсарин тарихтан ойып орын алатын алып тұлға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
604
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Даланың алып қоңырауы

Шетсіз де шексіз сара жол. Әдебиет жолы. Осы соқпақты бойлай мыңдаған алып ағаштар бой түзеген. Асықпай әр ағашты, қазақ әдебиетінің нар тұлғаларын зерделеп келе жатырмын. Кенет, діңгегі бірнеше адамның құшағындай алып, биіктігі көкпен таласқан, жапырағы жайқалып, күн сәулесіне шомылып тұрған ерекше бәйтерекке еріксіз көзім түсті. Бұл -қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, Ыбырай Алтынсарин еді. Оның түп тамыры тарихтағы сонау қиын кезеңдерде Ыбырай атамыздың қазақ халқының көзін ашып, көкірегін оятуға қосқан үлкен үлесінен басталған еді.

Ыбырай Алтынсарин - туған елінің игілігі үшін бар күш- жігерін жұмсап, тарихтан ойып тұрып орын алған ақын- жазушыларымыздың бірі әрі бірегейі. Оның қазақ халқының көзін ашып көкірегін оятуда еткен еңбегі ұшан теңіз. Атамыз халықтың жүрегінде, елдің тарихында, әдебиет саласында ерекше сақталғаны сондай, «Даланың алып қоңырауы» деген қадірлі атауға ие болған. Мұндай ерекше атауға ие болуының басты себебі – ол кісінің қазақ елінде тұңғыш мектеп ашуы болды. Бұл ұлтымыздың санасын жаңғыртып, жаңа деңгейге көтерудегі аса ұлы, өте маңызды қадам деп есептеймін. Себебі, бұл мектепте тағдырдың тауқыметін тартқан халқымыз алғаш білім нәрімен сусындап, әлемнің қыр- сырын ұғынып, сапалы өмір сүруді үйренді. Соның арқасында, қазақтың қарапайым ұл- қыздары келер шаққа зор сеніммен қарай бастады. Ол ағартушылық жолында аянбай тер төгіп, «Қазақ христоматиясы» атты теңдессіз еңбекті дүниеге әкелді, ел жастарына іспен де, қанатты сөзбен де рух беріп, сауатты болудың маңыздылығын ескертіп, білімге шақырып отырды. Оны барлығымызға белгілі мына өлең жолдарынан байқай аламыз:

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Ыбырай Алтынсариннің қаламынан туындаған әдеби шығамалар – қазақ ұлтының алтынға бергісіз асыл мұрасы, рухани білім қайнары. Оның өлеңдерінің әрбір жолы ешқашан өзектілігін жоймайтын мән- мағынаға толы. Ал, мысал, әңгімелері қай заманда да септігін тигізетін теңдессіз әрі ерекше тәрбие құралы болып саналады. Яғни, атамыздың барлық туындылары жастарды оқуға, білім алуға үндеп қана қоймай, жақсы мен жаманның аражігін ажырату, еңбекті сүю, жаңашылдыққа ұмтылу, қанағат ету, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу секілді адамгершілік қасиеттерді насихаттауға бағытталған. Мысалы, «Әке мен бала» әңгімесінде азға қанағат етпеген, көптен құр қалатынын, жалқаулықтың соңы жақсылыққа апармайтынын, оңай істі орындамау, одан да қиын жұмысқа әкеліп соғатынын баяндаған. Шынымен де, сәл нәрседен ұялып, оған көңіл бөлмеу, аз жұмысты қиынсынып, еріншектікке салыну қазіргі кезде де өте жиі кездесіп жатады. Әрине, бұл – жағымды әдет емес. Сол себепті, Ыбырай атамыз балалардың жалқау болмауына, еңбекқор болуына ерекше мән берген. Осы шығармалардағы көптеген мәселелердің қазіргі қоғамда да жиі кездесіп жатады. Ал, Ыбырай Алтынсариннің жазып қалдырған еңбектері -қай уақытта да сол мәселелерді шешуге үлес қосатын, ешқашан өзектілігін, маңыздылығын жоғалтпайтын тәлім- тәрбие әдістемесі.

Ыбырай Алтынсариннің ерен еңбегі мен шығармашылық жолын өскелең ұрпақ ешқашан да ұмыт қалдырмауы тиіс. Себебі, Ыбырай Алтынсарин - қараңғылық шырмауында қалған қазақтың көгіне шыққан күн, ұзақ уақыт сауатсыздық құшағында жатқан халықты оятқан қоңырау іспеттес асыл адам, аңыз адам. «Ақынның аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»,- демекші, Ыбырай атамыздың өмірден озғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, ақын артына өшпес із қалдырды. Ол, қазақ халқының дамуына қосқан теңдессіз үлесі, қайталанбас туындыларының арқасында мәңгі жасай бермек! Ал, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, біртуар тұлғаның есімін дәріптеп, мақтана айту, келер ұрпаққа таныстыру – әр қазақ үшін маңызды міндет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!