Материалдар / Даланың дара ұстазы - Ыбырай Алтынсарин
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Даланың дара ұстазы - Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарымен бөлісу
Авторы:
07 Маусым 2023
286
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Күні

03.10.22

Мұғалімнің есімі:

Омбаева Б.М.

Сынып 8 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Даланың дара ұстазы - Ыбырай Алтынсарин

Тәрбие бағыты

Рухани-адамгершілік тәрбие

Сабақтың мақсаты:

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын,терең түсінігін қалыптастыру

Құндылықтарды дарыту

Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру; Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Музыкалық және бейне көркемдеу

Видео материалдар

Ресімдеу

Презентация, көрнекіліктер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Интербелcенді тақта,слайд

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс


Сабақ басы


(5мин)



Негізгі бөлім


ақпарат

(15мин)


Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру.

-Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.

I. Кіріспе

Біз мектеп тарихының жаңа кезеңіне қадам бастық.

Ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсариннің ізгілікті педагогикалық мұраларынан ақыл-ой, идеяларынан алатын нәріміз аз болмақ емес. Ы. Алтынсариннің «шапқан – озар, жатқан – қалар» дегеніндей, сол ұлы ағартушының мұраларын зерделеп, жасап, өзектіліктерін пайдаға асыруға қамдану жөн болмақ. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық ісінде бүгінде жаңа мектеп тәжірибесінде қолдану үшін өзекті идеялар бар.

Ы.Алтысарин- алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы. Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин этнография саласындағы еңбектері халқымыздың салт- дәстүр, әдет- ғұрыптарын қарастырады.Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.

1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Мектеп жанынан интернат ашылады.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты.

Берілген ақпаратпен танысып, өз ойларын білдіреді.


























Интербелсенді тақта


Тапсырмалар

(15 мин)



1-тапсырма.

«Сұрақ-жауап» әдісі

-Ыбырай Алтынсарин қай жылы және қайда туған? (Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы туған.) -Ыбырайды кім тәрбиеледі? (Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі).

-Мектеп бітірген соң, кім болып жұмыс істейді? (Мектеп бітірген соң, ол мұғалім болып жұмыс істейді).

-Ол қазақ балалары үшін не ашты? (Ол қазақ балалары үшін мектептер ашты)

-Ы. Алтынсарин кім болған? (Ы. Алтысарин педагог, ақын, жазушы болған).

2-тапсырма.

Иә/жоқ ойыны (Оқушыларға сұрақтар қойылады).

Ы.Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келді. (иә)

«Ғылым таппай мақтанба»өлеңін Ы. Алтынсарин жазған. (жоқ)

1879 жылы Ы.Алтынсаринның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы жарық көрді (иә)

Ыбырай Алтынсарин ағартушы, жазушы, ақын, фольклоршы, этнограф, қоғам қайраткері (иә)

1864 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. (жоқ)

1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді (иә)

Тақырыпқа қатысты тапсырмалар орындайды.

Слайд

Соңы (5 мин)



Рефлексия.


Қорытындылау


Стикерлер



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!