Материалдар / Дамыған Орта ғасырдағы Византия тарихына қатысты зерттеулер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дамыған Орта ғасырдағы Византия тарихына қатысты зерттеулер

Материал туралы қысқаша түсінік
ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Византия империясына қатысты заңнамалық құжаттар мен аграрлық мәселелер жайында жазба деректер мен зерттеулер қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
398
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ВИЗАНТИЯ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕР



Түйіндеме. Бұл мақалада автор ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Византия империясына қатысты заңнамалық құжаттар мен аграрлық мәселелер жайында жазба деректер мен зерттеулер қарастырылған. Нарративті және эпистолярлы деректер мен хроникалар зерттеу нысанына алынып, сол кездің әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалына қатысты мәліметтер бейнеленді. Публицистикалық сипаттағы жазба әдебиеттер, әсіресе, императорлардың тарту грамоталары, хонсовулдар мен простагмалар, тіркемелер, опистер және көпестік грамоталар медиевистикалық Византия империясының тарихынан сыр шертетін құнды мәліметтер база болып табылады.

Кілт сөздер: империя, құжаттар, деректер, қала, заң, хроника, құқық, феодал.


Аннотация. В данной статье автор описывает письменные источники и исследования о законах, аграрных проблемах в Византийской империи в ХІ-ХІІІ вв. Также особые внимания были уделены социально-экономической и политической жизни данной империи с помощью нарративных, эпистолярных источников и хроник. Письменные источники публицистической формулировке, особенно грамоты императоров, хонсовулы и простагмы, заметки, описы, грамоты торговцев дает возможность раскрывать терра инкогниту истории Византийской империи.

Ключевые слова: империя, документы, источники, город, закон, хроника, право, феодал.


Summary. In this article, the author describes the written sources and the study of the laws of the agrarian problem in the Byzantine Empire in the XI-XIII centuries. Also, special attention was paid to the socio-economic and political life of the empire with the help of narrative, epistolary sources and chronicles. Sources journalistic formulation, especially ratification of the emperors, and honsovuly prostagmy, notes, inventories, traders ratification allows terra incognita to disclose the history of the Byzantine Empire.

Keywords: empire, documents, sources, city, law, chronicle, right, feudal.

ХІ-ХІІІ ғасырларда Византия империясы жөнінде деректер көп жиналған. Әсіресе, Византия қаласының тарихына байланысты бұл кезеңнің археологиялық және нумизматикалық материалдарының маңызы зор. Сонымен қатар Херсонес, Коринф, Афины, Пергам, Сард, Приена және басқа да қалалардың мәдени қабаттары кешенді түрде зерттелген. Ал Шығыс Рим империясы кезіндегі Константинопольдің аз ғана айлақтары зерттеушілердің еңбектерінде бейнеленген болатын. Оның ішінде азды-көпті керамикалық, шыны жасау, құрылыс істері жақсырақ зерттелген. Әсіресе, Византия қолөнері, мата және зергерлік бұйымдары жеткілікті зерттеліп, жаңа археологиялық материалдар IX-XI ғасырлардағы Византия тарихын тағы да айқындауға және толықтыруға мүмкіндік жасайды.

Сонымен бірге, ХІ-XIII ғасырлардағы Византия құқықтарына қатысты көптеген деректер кездеседі. Византияның заңнамалық естеліктері Рим құқығының тұжырымдарына сәйкес, ескірген заң ережелері ретінде қарастырылады. Әрине бұл ескірген заңдардан дәл сол кездегі Византия империясындағы қоғамдық қарым-қатынастың шын мәнін білу қиын. Бұған дәлел XІ ғасырдың аяғында шыққан құқықтар жинағы: «Василики» [1]. Ол грек тіліне нашар аударылған, онда Юстиниан құқығының негізгі ережелері берілген. Сондықтан «Василикиде» көптеген ескірген заң нормалары кездеседі. Олай болу себебі ескі аудармаларында ежелгі грек сөздері пайдаланылған.

Саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихқа байланысты маңызды деректерді біз әлі де болса нарративтік деректерден табамыз. Әрине, ол деректер көбінесе субъективтімен суреттелген және де жиі бұрмаланып отырады. XI ғасырдың екінші жартысы мен XII ғасырға жататын тарихи шығармалар мазмұны жағынан бұрынғы хроникаларға қарағанда өте бай.

Аграрлық қатынастар жөніндегі құнды мәліметтер Болгариядағы Бачков монастырынан басқа Энос маңында XII ғасырда ашылған әлем құтқарушысының монастырының типиконыңда да кездеседі; Констан-тинопольдегі Пандократор монастырының уставында монастырь ауруханасы жайлы өте бағалы деректер бар [2].

XII ғасырға қарай шіркеу тарихындағы oқиғаларға көп көңіл бөліп отыратын дүниежүзілік тарихи хроникалардың орнына тарихи баяндаудың басты түрі - қысқа мерзімді суреттеу келді. Сол кездегі дүние-жүзілік тарихи хроникалардың ішіндегі ең маңыздысының бірі XII ғасырдың І жартысында аяқталған Иоанн Зонараның «Қысқаша тарихы» болып табылады [7].

Аталмыш шығарма дүниенің пайда болуынан бастап 1118 жылға дейінгі оқиғаларды қамтыған. Иоанн Зонараның бұрынғы бүкіл дүние жүзілік тарихи хрониканың авторларынан айырмашылығы – антика жазушыларының еңбектерін және византия тарихшыларының да еңбектерін пайдаланғандығы және олардың көзқарасындағы қарама-қайшылықты да көрсетіп отырғандығы ерекшеленді. Зонара пайдаланған Византиялық авторлардың шығармалары бұрмалаусыз жеткізілген. Зонара кітабы Византия тарихынан гөрі Рим империясының тарихына арналған құнды дерек болып табылады. Тек XI-XII ғасырлар үшін ғана Зонара өте бағалы деректер келтірді.

Византиялықтар үшін өте маңызды басқа дүниежүзілік тарихи хроника – Георгий Кедриннің «Тарихқа шолу» кітабы больш табылады [6]. Бұл шығарма 1057 жылға дейінгі оқиғаларды қамтыған. Бірінші бөлімі: Феофанның хроникасына ұқсас формада жазылған. Ал екінші бөлімі – ХІ ғасырдың аяғындағы көрнекті Византия ақсүйегі Иоанн Скилицаның «Тарихты шолу» деген еңбегінің көшірмесі іспеттес. Оның соңғы шығармасы 811-1057 жылдар аралығындағы оқиғаларды баяндайды. Ол көптеген қолжазбаларда сақталған, өкінішке орай осы уақытқа дейін басылып шықпаған.

XI ғасырдан бастап тарихи шығармалардың жаңа түрі кездеседі. Тарихшы болған уақиғаны тек баяндап қана қоймайды, енді ол өз атынан сөйлей бастайды. Өзінің соғыс жағдайында немесе саяси күрестегі іс-әрекеттерін сипаттайды. Замандастарының іс-әрекеттеріне баға береді. Мұндай естеліктің бірінші түрі Михиал Пселлдің хронографиясы болып табылады. Ол 976-1078 жылдардың оқиғаларына арналған.

Сол кездегі Византия хронографиясындағы естеліктердің ішіндегі неғұрлым апологеттік сипаттағы шығармалардың бірі император I Алексей Комниннің үлкен қызы Анна Комнмнаның «Алексиадасы» болды [3]. Ол өз әкесінің қызметтерін мадақтап жазады. Алғашында көрнекті әскери қолбасшы болған І Алексей Комнин 1081 жылдан император болды. Алексейдің бейнесі тым Қаһарман етіп көрсетілген, ал жауларының бәрі – кресшілдер, богомильдер – өте айлакер, сұм дұшпан ретінде бейнеленген [3].

Атталиат сияқты Анна да рыцарлық ерлікті жоғары бағалайды және де ең қарапайым фактілерді құдайдың араласуымен болып отыр деп түсіндіреді. Бірақ Алексейдің ішкі және сырқы саясатынан өте жақсы хабардар болуы, жазушының бақылаушылығы және тартымды бейнелей білуі арқасында «Алексиада» византия хронографиясының құнды естеліктерінің бірі болып қалды.

Нарративтік деректер ретінде тұрмыстық әдебиеттер де византиялық тарихтың маңызды элементтерін құрайды. Тұрмыстық әңгімелер тарихи дерек ретінде ІХ ғасырдың ортасынан бері қарай маңызын жоғалта бастайды. Кейбір тұрмыстық әңгімелер саяси және шіркеулік күрестер тарихынан материалдарға бай. Мысалы, Никита Пафлагонның «Патриарх Игнатийдің өмірі» деген еңбегі IX ғасырдың екінші жартысындағы шіркеулік бүліктер тарихына қатысты маңызды деректерінің бірі болып табылады [8]. Көп жағдайда тұрмыстық әңгімелер саяси жағдайларға аз тоқталады. Оның орнына византиялық провинцияны зерттеу үшін құнды өмір нақыштары көп кездеседі.

Ақыры нарративтік деректер қатарына өлең және проза түріндегі беллетристикалық шығармаларды жатқызуға болады. Кейде олардың сюжеті болған тарихи оқиғаны баяндайды. Көп жағдайда оқиғалар ойдан шығарылған. Дегенмен осы естеліктердегі бейнеленген мәліметтер болған оқиғаны қалпына келтіру үшін, тіпті болмаса сол оқиғаға қоғамдағы топтардың көзқарасын анықтау үшін өте құнды зерттеу болуы мүмкін. Одан басқа Х-ХІІ ғасырлардағы Византия ақындарының (Йоанн Геометр, Федор Продром, Иоанн Цец және басқалар) өлеңдері византиялықтардың күнделікті өмірін және византия қоғамының көзқарасын түсінуде жеткілікті пайдаланылмаған деңгейдегі мәліметтер береді.

Деректердің өте ерекше тобын византиялық естеліктердің шешендік өнері құрайды. Шешендік өнерге хаттар мен сөздер жатады. Олар болып кеткен оқиғаны артынша жазып отырады. Сол себепті де шыңдыққа жақын тұрады.

XI ғасырдың ІІ жартысындағы эпистографиялық ескерткіштер қатары өте мол. Иоанн Мавранодтың хаттары мен сөздерінен біз саяси және идеялық күрестің сипатын көреміз. Сондай-ақ Пселланың көптеген хаттары қоғамдық қарым-қатынастар мен әкімшілік тарихы туралы маңызды дерек болып табылады.

Әсіресе XII ғасырдың аяғындағы көптеген шешендік шығармалар сақталып қалған. Сол кезге тән діни әдебиеттер империяның ішкі тарихынан үзінді хабарлар ғана береді. Дегенмен, полемикалық шығармалар халықтық қозғалыстар мен ішкі саяси күресті түсінуде нақты дерек болып табылады. XI-XIII ғасырлардағы көптеген византиялық шешендік және діни шығармалар күні бүгінге дейін қолжазбаларда сақтаулы тұр. Әсіресе, Эскуриалдық кодекс өте танымал. Онда әлі баспаға шығарылмаған XI ғасырдың ІІ-жартысындағы византиялық жазушылардың хаттары мен сөздері бар.

Сонымен қатар тарихқа байланысты әр-түрлі хабарлар Кекавменнің ақыл кеңестерінде де кездеседі. Оның шығармасы «Кеңестер мен әңгімелер» деп шартты тұрде аталады. Мұнда сарай қызметкерлерінің немесе провинция басқарушысының өзін қалай ұстауы керектігі жайлы кеңестермен қатар көрші елдермен қақтығыстар және провинциялық көтерілістер жайлы әңгімелер де кездеседі. Бұл оқиғалар кейінгі кездегі хроникаларда мүлдем кездеспейді немесе кездессе де үстірт қаралған.

Сондай-ақ византиялық естеліктерден басқа шет тілдегі құжаттарда да византия империясы жайлы деректер бар. Бұл таным славян ескі француз, скандинав және көптеген шығыс тілдеріндегі шығармалардан көрінеді. Бұл деректерден біз халықаралық қатынастарды кеңінен байқаймыз.

Шет тілдегі деректер бірнеше категорияларға бөлінеді. Оған бірінші орында византияның арнайы құжаттары кіреді. Мысалы: орыс-византия келісімдері тек орыс жылнамалары арқылы белгілі. Немесе І Алексей Комниннің граф Роберт Фландарскийге жіберген сәлемдемесі т.б. Византия тарихының сонғы кезеңі деректермен алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда жақсы қамтылған [4]. ХІІІ-ХV ғасырларда бір жағынан көп жазылса, екінші жағынан бұл кейін жазылған деректер жақсы сақталған. Бұл деректерді негізінен үш топқа бөлуге болады; императорлардың тарту грамоталары [4], (хонсовулдар мен простагмалар), тіркемелер [5], (опистер) және көпестік грамоталар [6]. Тіркемелер шаруалар мен феодалдардың жер көлемі, салық түрлері мен мөлшері және т.б. құнды мәліметтер береді. Ал хрисовулдар мен простагмалар византиялық құқықты қатынастырды зерттеу үшін құнды материал болып табылады.

Публицистикалық шығармаларға ұқсас көптеген хаттар да сақталған. Императорлардың, тарихшылар мек қоғам қайраткерлерінің бір-біріне жолдаған хаттры империяның саяси-қоғамдық, мәдени өмірінің кейбір жақтарын ашып көрсеткен.

Сонымен қатар византиялық тарихшылардың империяның соңғы жүз жылдығы жайлы көптеген шығармалары сақталған. Оның бірі Георги Пахимердің «Тарихы» [9]. Автор еңбекте 1259-1308 жылдардағы империя жағдайы жайлы өте құнды дерек келтірген.

Никифор Григораның «Ромей тарихы» 1204-1359 жылдар аралығын қамтиды. Григораның бұл еңбегіне қарама-қарсы жазылған Иоанн Кантакузиннің «Тарихы» 1320-1356 жылдар аралығындағы империяның әлеуметтік-экономикалық өмірі жайлы өте құнды еңбек болып табылады [10].

1391 жылдан 1462 жылға дейінгі Византия империясы, оның құлауы жөніндегі Дуканың шығармасы тарихшылар үшін өте құнды деректердің бірі. Түріктердің агрессиялық саясатын айыптай отырып, Дука Батысты Византияға, көмекке келмегені үшін қатты кінәлайды [11]. Дуканың замандасы Георги Сфарандзидің шығармалары 1413-1477 жж. аралығындағы оқиғаларды баяндайды.

Кейінгі византиялық тарихнаманың көрнекті өкілдерінің бірі - Лаоник Халкокондил. Оның "Тарих" деген еңбегінің негізгі бөлімі Византия тарихының 1298-1463 жылдар аралығына арналған. Империяның ішіндегі 1452-1462 жылдардағы оқиғалар түріктер талғамына сай грек тарихшысы Критовулдың шығармасында көрініс тапқан. Өзінің «Тарих» деген еңбегін ол империяны басып алған түріктердің сілтеген бағытымен жазған. Ол түріктерді де эллиндіктер тегінен шықты деген пікірді дәлелдеуге тырысқан.

Империяның құлауы алдында саяси публицистика қайтадан күшейді. Әсіресе, философ-гуманист Георгий Гемист Плифонның сөздері маңызды ескерткіш болып табылады. Ол мемлекеттің ХV ғасырдағы ауыр, келеңсіз жағдайын суреттей келіп, түбегейлі реформа бағдарламасын ұсынды. Бірақ оның жалынды сөздері мемлекет басшыларын дұрыс жолға түсіре алмады [12].

Қорыта айтқанда, Византия империясының ХІ-ХV ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөніндегі деректер жеткілікті. Дегенмен ол деректерде ауылдық жердің жағдайына, өміріне көп көңіл бөлінгенімен қала өміріне арналған деректер өте аз, саяси талаптардан гөрі шіркеу ішіндегі күрес жан-жақты бейнеленген. Әсіресе 1453 жылғы империяны түріктердің басып алуы кеңінен баяндалған.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ:


  1. А.П. Каждан. Василики как исторический источник – ВВ, ХІV, 1988, с. 56-66.

  2. История Византии. В трех томах. М., 1967, т. 2, С. 108.

  3. П.А. Яковенко. Исследование в области византийских грамот. Юрьев, 1917.

  4. Г.А. Острогорский. Византийские писцовое книги. ВС, ІХ, 1948.

  5. А.П. Каждан. Локальные формуляры поздневизантийских грамот. –ВВ, ІІІ, 1950г., с.387-393.

  6. Византийский словарь: в 2 т. / [ сост. Общ. Ред. К.А. Филатова]. СПб.: Амфора. ТИД Амфора: РХГА: Издательство Олега Абышко, 2011, т. 1, с. 236.

  7. Советская историческая энциклопедия. В 16 томах. — М.: Советская энциклопедия. 1973—1982. Том 6. ИНДРА - КАРАКАС. 1965.

  8. Две визант. хроники X в., М., 1999, с. 65-67.

  9. www.history.vuzlib.su/book_o113_9.html

  10. http://www.vostlit.info/Texts/rus17/Gregoras_Nic_2/frametext6.htm

  11. Буганов Р.Б. Дука, визант. историк XV в. // Православная энциклопедия. 2007. Т. 16. С. 326-327.

  12. Медведев И.П. Византийский гуманизм XIV - XV вв. - СПб., 1997. Гл. 8: Апофеоз Плифона.



                              






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!