«Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты қалалық шешендік өнер байқауы
1 жүргізуші: Құрметті көрермендер «Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты қалалық шешендік өнер байқауына қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі байқаудың мақсатымен таныс болыңыздар.
Байқаудың мақсаты:
-
мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді, Қаздауысты Қазыбек бидің шешендік мұраларын насихаттау,тілге шешен, ділмар сөз шеберлерінің өнеріне қолдау көрсету.
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
2 жүргізуші : Ия, қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай - ақ білсін. Қазақ халқы – қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге - үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар – тәрбие құралы. Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би - шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі - өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті – айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту.
Соған орай, бүгінгі байқауға қатысушы үміткерлер мынадай тапсырмаларды орындауы тиіс: «Сәлем – сөздің атасы». Үміткерлер сәлемдесу кезеңінде шешендік элементтерді, шешендік өнердің өзіне тән сипаттарын, шарттарын сақтай отырып, қара сөзбен, яғни пернелі сөз, термелі сөз (бірақ терме емес), ділмәр сөз, тапқыр сөз арқылы өздерін көпшілікке таныстырады (3минутқа дейін);
-
«Даналар сөзі – ақылдың көзі». Қазыбек бидің шешендік сөздерінен үзінділерді мәнерлеп жатқа оқу (3минутқа дейін);
-
«Шешендік – шеберлік».Үміткерлер жеребе бойынша ұсынылатын шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау мәселелеріне байланысты тақырыптар бойынша бір-бірінен асып түсетіндей білгірлік, ділмарлық, шешендік таныта және тақырыпты бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып өз ойларын ортаға салады (3-5 минутқа дейін).
2 жүргізуші: Ендігі кезекте бүгінгі байқауға қатысушылардың әділ бағасын беретін қазылар мүшесімен таныса отырайық:
1.
2.
3
-
қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың
сөйлеу шеберлігіне, сөз қолданысына, байырғы сөздерді орнымен түрленте пайдалануына, ойының жүйелігіне, тіл байлығына, шешендік шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, сахнада өзін-өзі ұстауына және киіміне баса назар аударулары керек.
1 жүргізуші:
- Ендеше кешегі Егемендік пен бірлік – Төле
бидің толғауында,
Қазыбек бидің қаз дауысында, Әйтеке бидің
шешендігінде көрініс тапқан
болатын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты қалалық шешендік өнер байқауы
«Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты қалалық шешендік өнер байқауы
«Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты қалалық шешендік өнер байқауы
1 жүргізуші: Құрметті көрермендер «Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты қалалық шешендік өнер байқауына қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі байқаудың мақсатымен таныс болыңыздар.
Байқаудың мақсаты:
-
мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді, Қаздауысты Қазыбек бидің шешендік мұраларын насихаттау,тілге шешен, ділмар сөз шеберлерінің өнеріне қолдау көрсету.
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
2 жүргізуші : Ия, қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай - ақ білсін. Қазақ халқы – қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге - үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар – тәрбие құралы. Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би - шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі - өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті – айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту.
Соған орай, бүгінгі байқауға қатысушы үміткерлер мынадай тапсырмаларды орындауы тиіс: «Сәлем – сөздің атасы». Үміткерлер сәлемдесу кезеңінде шешендік элементтерді, шешендік өнердің өзіне тән сипаттарын, шарттарын сақтай отырып, қара сөзбен, яғни пернелі сөз, термелі сөз (бірақ терме емес), ділмәр сөз, тапқыр сөз арқылы өздерін көпшілікке таныстырады (3минутқа дейін);
-
«Даналар сөзі – ақылдың көзі». Қазыбек бидің шешендік сөздерінен үзінділерді мәнерлеп жатқа оқу (3минутқа дейін);
-
«Шешендік – шеберлік».Үміткерлер жеребе бойынша ұсынылатын шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау мәселелеріне байланысты тақырыптар бойынша бір-бірінен асып түсетіндей білгірлік, ділмарлық, шешендік таныта және тақырыпты бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып өз ойларын ортаға салады (3-5 минутқа дейін).
2 жүргізуші: Ендігі кезекте бүгінгі байқауға қатысушылардың әділ бағасын беретін қазылар мүшесімен таныса отырайық:
1.
2.
3
-
қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың
сөйлеу шеберлігіне, сөз қолданысына, байырғы сөздерді орнымен түрленте пайдалануына, ойының жүйелігіне, тіл байлығына, шешендік шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, сахнада өзін-өзі ұстауына және киіміне баса назар аударулары керек.
1 жүргізуші:
- Ендеше кешегі Егемендік пен бірлік – Төле
бидің толғауында,
Қазыбек бидің қаз дауысында, Әйтеке бидің
шешендігінде көрініс тапқан
болатын.
шағым қалдыра аласыз













