Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Даналық ұстаздан. Желідегі фейктер үшін жауапкершілік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Іс-шараның тақырыптары |
«Даналық ұстаздан» № 6 САБАҚ. «ЖЕЛІДЕГІ ФЕЙКТЕР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК» ЖЖЕ№2 «ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері» |
||||
Апта дәйексөзі |
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» |
||||
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
|
||||
Күні: |
|
||||
Сынып: |
9 « » |
||||
Сабақтың мақсаттары: |
-Әр баланың екінші анасындай көретін ұлағатты ұстаздардың ерен еңбектерін бағалау, құрметтеу. – ЖҚЕ-ні оқушыға қолжетімді түрде түсіндіру. - жалған ақпаратты таратудың салдарын түсіну және дереккөздердің дұрыстығын тексерудіүйрену. |
||||
Құндылық : |
Бірлік және ынтымақ |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сынып сағатының кезеңі\ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
бағалау |
ресурстар |
|
Ұйымдастыру 35 мин |
Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор. Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. ұстаз тақырыбында мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтады Ұстазы жақсының ұстамы жақсы Мектеп – білім тірегі,ұстаз – оның жүрегі. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. Ана баланың тәнін шынықтырса, Ұстаз баланың жанын шынықтырады. Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз. Ыбырай Жақаев Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы. Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады. Ұққаның жақсы болса — Жақының көбейеді. Ұстазың жақсы болса — Ақылың көбейеді. Өмірдің өзі — ұлы ұстаз. Шәкірті зейінді келеді. Ұстазы бейілді болса. Қорытынды Ережелерді қайталау Өтілген тақырыпты қайталау. «Тату отбасы» суретін салыңыз. - - Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білетін ойларыңызды көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. М — Мейірімді Ұ - Ұлағатты Ғ — Ғазиз А - Ақылды Л - Лайықты І - Іскер М — Маман- -Ән «Ұстазым» - Мұғалім: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздарға арналған сабағымызды аяқтаймыз. ЖЖЕ Автобус немесе басқа көлік құралы қауіпсіз қашықтыққа кетіп қалғанша күт, немесе жол екі жағынан да жақсы көрінетін басқа жерден өт.
Бұл ереже де ескірген және қауіпті жағдай тудырады. Жолдан өтпес бұрын – тоқта, екі жаққа да қара, және қауіпсіз екеніне көзіңді жеткізген соң, үнемі жағдайды бақылай отырып, жолдан өт.
Егер жолдан өтіп үлгермесеңдер «қауіпсіздік аралына» немесе жолдың ортасына тоқта. ЖҚЕ-де «қауіпсіздік аралы» деген түсінік жоқ. «Бағыттаушы аралдар» деп аталатын, бірақ жаяу жүргінші қауіпсіздігіне кепілдік бермейтін, көлік ағынының бөлінетін немесе қосылатын жерлеріндегі қозғалыс бағыты туралы жүргізушіге хабарлайтын аралдар ғана бар. Бөлгіш жолақта аялдауға болады, бірақ аялдамаған жөн. Өйткені жаяу жүргінші бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан көлік ағынының арасында қалып қояды. Сәл ғана абайсыздық немесе кездейсоқтық қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Өтуді жүру бөлігін жолдың ортасында тоқтамайтындай етіп кесіп өтуді есептеу керек. Бірақ жолдан бірден өту мүмкін болмай қалса, ортада, қарама-қарсы бағыттардың көлік ағынын бөліп тұрған осьтік сызықта, немесе «бағыттаушы аралда» тұру керек және жүргізуші бағдарлай алу үшін ешқандай қимыл жасамаған жөн. |
Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ассоцация құру
Ұстаз |
|
https://e.klassruk.mcfr.kz/488319 |
|
Қауіпсіздік сағаты 10 мин |
№ 6 САБАҚ. «ЖЕЛІДЕГІ ФЕЙКТЕР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК» Сабақтың мақсаты: жалған ақпаратты таратудың салдарын түсіну және дереккөздердің дұрыстығын тексерудіүйрену. Негізгі міндеттер:
Материалдар мен ресурстар:
Сабақтың барысы 1.Кіріспе (2 минут)
2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)
Оқушыларды топтарға бөліп осы чек парағы бойынша кез келген жаңалықты тексеруге тапсырма беріңіз:
ХХІ ғасырда ақпараттың көптігі соншалық, бәрін игеру мүмкін емес. Сондықтан онымен жұмыс істеу дағдысы өмірлік қажеттілікке айналады. «Фактчекинг» термині фактілерді тексеруді білдіреді. Факт – бұл нақты оқиға.
Негізгі себеп: жалған ақпарат оқырманға әлемнің дұрыс емес бейнесін жасайды. Бұл өз кезегінде беделге көлеңке түсіреді. Фактчекинг өнерін игеру үшін келесі негізгі ережелерді меңгеріп, ұстану керек: Бірнеше тәуелсіз көздерден ақпараттың бастапқы көзін немесе растауын табу керек: Дереккөз – бастапқы мәлімдеме немесе әрекет шыққан адам. Сондай-ақ, дереккөз оқиғаларға қатысқан (куәгер) немесе бастапқы дереккөзге жақын адам болуы мүмкін.
Кез келген жағдайда, кем дегенде, екі жағы бар. Кем дегенде барлық қатысушылармен және мүдделі тараптармен байланысуға тырысу керек.
Фейктер тек саналы жалғандықтарды ғана түсінбеуі керек. Бұл сондай-ақ немқұрайдылық, қателер және техникалық қателер, олар жаппай санаға еніп, жалған шындыққа айналады. Сондықтан аталған адамдардың есімдерінің, кәсіптері мен атақтарының жазылуын тексеру, күндерді, атауларды, мекенжайларды және т.б. тексеру өте маңызды.
Кейбір медиа фактоидтарды қуана шығарады, өйткені олар аудиториямен танымал. Эмоциялардың жанында немқұрайдылық, тезірек және әлемге бірінші болып соны жаңалықты айтуға деген ұмтылыс жиі кездеседі.
Әлеуметтік медиа жұмысты жеңілдетеді әрі қиындатады. Ең дұрысы, олардан табылған әрбір факт үшін кем дегенде екі-үш растауды табу керек. Барлық деректерге сүйене отырып, ақпараттың түпнұсқалығын тексеру мүмкіндігі медиа сауатты адамның маңызды дағдыларының бірідеп айтуға болады. |
|
|
https://youtu.be/bfdMQ3OBxy8?si=fDLiEXOK-ubcE-32 https://drive.google.com/file/d/1jBaUo3bG8fZ7Sq1vN9_O9NM8_pbR0LUM/vie w |
|
Қорытынды: |
3.Қорытынды (2 минут) Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/bfdMQ3OBxy8?si=fDLiEXOK-ubcE-32 https://drive.google.com/file/d/1jBaUo3bG8fZ7Sq1vN9_O9NM8_pbR0LUM/vie w |
|
|
|