Дара тұлға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дара тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайлаубай Жұбатырұлының ерен еңбегі жайлы мағлұмат алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дара тұлға


Ж. Махамбетов атындағы

43 орта мектептің

биология пәні мұғалімі:

Тойшыбаева Лаззат Атымтаевна


Осынау   толассыз дүниенің сырын ұғына зерделеп барып, тереңіне үңіліп, адамзатқа пәлсапаның дәнін егіп кеткен, терең де мағыналы ойлар қалдырған, тұщымды сөздер айтқан ұлы ғалымдардың, ойшыл-кемеңгерлердің мұралары, шығармалары кейінгі ұрпақ үшін құнды дүние, баға жетпес байлық. Қазақ даласынан шыққан аты әлемге мәшһүр ойшылдар, кемеңгерлер, даналар аз емес Сондай кемеңгерлердің бірі, дархан даланның дара жазушысы- Сайлаубай Жұбатырұлы – 1948 жылы 11 қаңтарында Қызылорда облысының, Арал ауданы Бөген ауылында дүниеге келген. Балалалық шағын сонда Бөген ауылында өткізген. Мектеп бітіргеннен кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, журналистика мамандығы бойынша білім алған. Өмір жолында «Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан») газетінде, «Қазақфильм» киностудиясындаҚазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ телевидениесінде, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жауапты қызметтер атқарған. «Сайлаубай Жұбатырұлы - қарапайым, ал, табиғатында тым жұмбақ жазушы. Алғаш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен, «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Боз айғыр» әңгімесімен көрінді. 1971 жылы жастарға арналған шығармалардың жабық бәйгесінде «Алыстағы аралдар» повесімен 2-орынды жеңіп алды. «Отты еткел», «Бумеранг» повестері, бірсыпыра әңгіме-новеллалары «Жасыл сағым» (1978), «Алыстат аралдар» (1980), «Зеленый мираж» (орыс тілінде, 1984) жинақтарында және бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрді. «Алақандағы ұя» әңгімесі әлемнің бес тілінде жариялайды.

1967 жылдан бастап Арал, Сырдария, Байқоңыр, Балқаш көлі мәсе­лелерін көтерген эколог-жазу­шы. «Кіші арал», «Қазақстан арнасы» идеяларының авторы. Қазақ елінің жанашыры, теңіз жеп соққан жүректі жазушы өмір жолын, тағдырын теңізбен байланыстырған, Аралды зерттеуге бақандай 25 жылын арнаған, әсем Алматыдан жырақта жүрген Сыр елінің қаламгері, эколог-жазушы, публицист, «Парасат» орденінің иегері Сайлаубай Жұбатырұлының 2018 жылы «Абыржы» атты трилогиясының ІІІ томы жарық көрген болатын.

«Сайлаубай Жұбатырұлы - қарапайым, ал, табиғатында тым жұмбақ жазушы. Кезінде туған жерім деп, Арал проблемасын зерттеймін деп, Алматыдағы қызметін де, үй-жайын да тастап, еліне кеткен болатын. «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен танылған. Шығармашылық ғұмыры Аралмен байланысқан ол жерлестерін әрдайым рухани демеумен келеді. Бұл Азаматтық миссиясынан ешқашан айныған емес және оны әлем жұртшылығына таныстырудан да жалыққан кезі жоқ. Бүгінде біреу білсе, біреу білмес, Кеңестер Одағы кезінде әлемге әйгілі жиһангез Жак Ив Кустоға хат жазып, толғандырған теңіз мәселесін қозғады. «Кіші Арал» идеясы мен Қазақстан өзендерінің бір бөлігін Арал өңіріне жеткізу туралы батыл ұсыныстары араға жарты ғасырға жуық уақыт салып орындалып жатыр. Осылайша Арал экологиядағы планетарлық проблема екенін айқындады. Бұл қаламгердің уақыт көшінен қашан да озық жүретінін аңғартса керек. Бірақ Арал экологиялық-әлеуметтік дағдарысын эколог ретінде ұзақ жыл зерттеп, теңіз­бен күнелткен халықтың тыныс-тіршілігін қаламгерлік көсем­ сөзімен өрнектеген жазу­шының бұл жолғы «Абыр­жысының» айтары басқа болатын. Абыржы. Ол бір келеді. Жәй келмей, тұтқиыл­дан, дауылымен, лайсаң тасқы­нымен келеді. Су жағалап күн көрген, балық аулауды кәсіп еткен жұрт ашқұрсақ тарығу күн кешеді. Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзіледі. Өліара шақ. Мұны сол бір су бойындағы ел абыржы деп атаған. «Абыржы» – қаламгер­дің ұзақ уақыт бойы аса ыждағатпен, тынымсыз ізде­ніс үстінде дүниеге әкелген сом дүниесі. Әдебиетімізге романтикалық соны серпінде келген қазақтың танымал жазушысы Сайлаубай Жұба­тырұлы бұл көлемді туын­дыны ел-жер жолындағы көп жылдық экологиялық-әлеу­меттік ізденістер соңында дүниеге әкелді. Роман заты - алып империя күйреп, тәуел­сіз ел тұңғыш қадамдар жа­сап, формациялар қинала ауысып жатқан күрделі кезеңдегі ойлы адамның жан дүниесі, өтпелі кезең шын­дық­тары. «Абыржы» атауы­ның өзі – осындай өліара сәттің жәдігер сөзі. Осы бiр ақиқатты сезiну мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады. Сайлаубайдай даналарын қастерлейтін қазағы барда жазушы есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек. Сөз қадірін түсінетін қазақтай елі барда оның шығармалары құндылығын жоймақ емес.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
685
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі