Материалдар / Дарабоз-2017
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарабоз-2017

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адамға ең алдымен білім емес тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» Міне, ұлы ғұламаларымыз айтып кеткендей еліміздің болашағы білімді, тәрбиелі шәкірттеріміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2018
567
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптар: 9 А,Б,10А,11А

Сабақтың тақырыбы:  «Дарабоз - 2017» сайысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдету, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, білімдерін шыңдау

Дамытушылық: Танымдық ойындар арқылы логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін,өздігінен іздену біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ұжымдыққа, татулыққа,салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, слайд

Сабақтың жүру барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі: сыныптарды топқа бөлу.

Ғылымның сырын ұғына,

Бөленген әр кез нұрына.

Жастармыз біз ұмтылар,

Жеңістің биік шыңына, - дей отырып білім сайысына түсетін 9а,9б,10а,11а сынып оқушылар сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Дарабоз-2017» атты сыныптар арасында биология  пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен  таныстырып өтейік:

1.___________________________________________________________

2.___________________________________________________________

Сайыс кезеңдері:

І. кезең. "Таныстыру"

ІІ. кезең. "Табалдырық"

ІІ. кезең. "Бел асар"

ІV. кезең. "Жол айрық"

IV.кезең "Қозы көш"

V. кезең "Логикалық ойындар"

VI. кезең "Алтын көмбе"

VIІ. кезең "Сыр сандық"

VIІІ. кезең. Қорытындылау

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Биология пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды- деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ

1 кезең

Ортамызға келіп тұр

Әр сыныптың жұлдыздары

Танысатын сәт келді

Жұлдыздардың сөзімен

«Таныстыру» кезеңінде әрбір топ өз атауларын,эмблемасын,ұранын айтады. 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.

ІІ. кезең. «Табалдырық»

1.     Цитология пәні нені зерттейді?    (Жасушаны)

2.     Тірі ағзалар арасында туындайтын және олардың жанасуына кедергі жасайтын тосқауылдар не деп аталады? (оқшаулану)

3.     Ең ұшқыр әрекет. (Ойлау)

4.     Адамдағы хромосома саны?  (46)

5.     Қазақ елінің ең алғашқы академигі. (Қ. Сәтбаев)

6.     Үстірт қорығы қайда орналасқан. (Маңғыстауда)

7.     Ататектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі ағзалардың ортақ қасиеті. (Тұқым қуалаушылық)

8.     Инфекциялық аурудың қоздырғышы не?   (Вирус)

9.     Ертедегі қазақ халқында сүйек сынғанды, буын шыққанды емдейтін адам.   (Сынықшы)

10. Генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы (Фенотип)

ІІ. «Бел асар»

Танымдық тапсырмалар

  1. Скрипкашының мишығында ісік пайда болды. Ол бұрынғыдай ойнай алама?

  2. Егер ғарышта адам құлағының дәл түбінен зеңбірек атылса, ол оның даусын естімейді. Неліктен?

  3. Адамды жақсарту мақсатында қан ішкізуге бола ма? Бұл адамға қан құюдың орнын алмастыра алар ма еді?

  4. Неліктен серикашылардың сол құлағы естімейді?

  5. Мешел ауруы қандай витаминнің жетіспеуінен болады? Осындай науқасты бұл витаминді ішке қабылдамастан емдеп жатқызуға бола ма?


Бұл бөлім ғалымдардың еңбегіне арналған. Қойылған сұрақтың қай ғалымның еңбегі екенін табу керек.

1.     Популяциялық толқындар ұғымын ғылымға енгізген ғалым?

(С.С. Четвериков)

2.     1868 ж. Швейцариялық биохимик нуклеин қышқылдарын ашты.  (Ф. Мишер)

3.    Эволюцияның қозғаушы күштерін ашты?(Ч.Дарвин)

4.     1951ж. Нуклеин қышқылының құрамында 4 нуклеотид кіретінін ашқан америкалық ғалым? (Э. Чаргафф)

5.    "Зоология философиясы"еңбегінің авторы. (Жан Батист Ламарк)

6.     1850 ж. «митохондрияны» ең бірінші тауып «саркосома » деп атаған ғалым. (Р. Келликер)

7.  Генетиканың атасы?    (Г. Мендель)

8.  Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын зерттеген ғалым. Н.И. Вавилов)

9. «Табиғатты жүйелеу» атты еңбектің авторы.    (К.Линней)

10. «Жоғары дәрежелі жүйке қызметі» деген ұғымды ұсынған ғалым. 

(И.П. Павлов)

ІІІ. «Жол айрық»

1минутта 20 сөз оқылады да, сол сөздерді есте сақтап, параққа жазу ұсынылады. (қанша сөз жазылса сонша ұпай беріледі).

1.     Үй                6.  Ауа                   11. Жалбыз         16. Құлпынай

2.     Орман          7. Митохондрия   12. Тұқым           17. Кептер

3.     Жаңбыр       8. Лизосома          13. Экология       18. Мүйізтұмсық

4.     Күнбағыс     9. Жапырақ          14. Қоян               19. Кесіртке

5.     Жасуша       10. Шегіртке         15. Барыс             20. Микроскоп

IV. «Қозы көш»

«Ең, ең, ең ....». Бұл кезеңде табиғаттың ең ерекше ағзаларын дұрыс анықтап айту керек.

1. Ең алып құс.    (Түйеқұс)

2. Ең кішкентай өсімдік. (Австралия орхидеясы)

3. Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)

4. Ең тереңде өсетін балдырлар тобы.    (Қызыл балдырлар)

5. Ең әдемі құстар. (Жұмақ құстары)

6. Ең үлкен өсімдіктер класы. (Қосжарнақтылар)

7. Ең ежелгі астық дақылы. (Бидай)

8. Ең үлкен жұмыртқа. (Түйеқұстың жұмыртқасы)

9. Ең жүйрік аң.   (Қабылан)

10. Ең улы сарғалдақ тұқымдасына жататын өсімдік. (Уқорғасын)

V. «Логикалық ойындар»

1. 5 адамға 5 алманы бөлу керек, әр адам 1 алманы алса, 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз?  (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен қоса алады)

2. 9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық)

Қайыңда төрт бұта бар. әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма болды?  (Қайыңда алма өспейді)

3. Биіктігі 1,5 см шырмауық сабағы ұзын ба, әлде 1,5 м асбұршақ сабағы ұзын ба?   (шырмауық)

4. Биіктігі 27м бамбук өсімдігінің өсуіне 40 күн уақыт кетті. Бамбук өсімдігі бір күнде шамамен қанша өсті?    (67,5см)

5.   Адамның көзі ыстықты, суықты сезбейді. Себебі

А) соқыр адам ғана сезбейді

В) көзде суық, жылуды сезетін рецепторлар жоқ

6. Суды жиі ішетін құстар

А) тек дән, дәнекпен қоректенетіндер құстар

В) аралас қоректенетін құстар

7.  Тауық жұмыртқасының піскен, шикі екенін сыртынан анықтауға болады.

А) түсіне, иісіне қарап ажыратамыз

В) айналдыру, піскен жұмыртқа тез тоқтайды

8. Суықта жаураған адам еріксіз секіреді, қозғалады. Себебі

А) амалсыздан еріксіз секіреді

В) қозғалу секіруіне көп бұлшық еттер қатысып, энергия бөледі, денесі жылынады.

9. Ең еңбекқор, сезімтал, қоғамшыл жәндік:

А) құмырсқа                     В) қанқыз

10. Шыбынның дәм сезімі орналасады:

А) ауызында                     В) аяғында

VI.  «Алтын көмбе»

1.     Шарты: алдарыңызға сырлы әріптер беріледі.  Сол әріптерден сөз құрап,

«Менің қосар үлесім» деп көрермендерге сұрақ қояды. Дұрыс жауаптарын кімге береді өздері біледі?

1. Адамның «зертханасы»    (Бауыр)

2. Бақада болмайтын сүйектер     (Қабырғалар)

3. Нанның анасы              (Бидай)

4. Дүние жүзіндегі ең биік шөп. (Бамбук)

5.  Үндістан ненің отаны:     (Күріш)

VII. «Сыр сандық»


Ауызы құлып сандықты , кілт ашпаса кім ашар,

Түйін-түйін сырыңды түбінде келіп тіл ашар,- дей отырып . Шарты: конверт ішінде жасырын үш тақырып беріледі.  Сол тақырыпқа өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.   («Тарихи тұлғалар», «Туған жер»)


«Ең,Ең...»

Оқушыларға мазмұны күлкіге құрастырылған сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Мамандықтарды атаңыз:

Ең жасыл (бағбаншы, орманшы...)

Ең тәтті (кондитер, аспазшы...)

Ең ақшалы (банкир, бухгалтер, модельдер...)

Ең балалы (тәрбиеші, педиатр, мұғалім...)

Ең күлкілі (клоун, актер...)

Ең сабырлы (хирург, полиция қызметкері, саясаткер, сот...)

Ең қарым-қатынасты (журналист, мұғалім, асаба...)

VIII.кезең "Мықты болсаң,тауып көр"

1. Теңіз орамжапырағы тағамдық өсімдіктер болып табылатын крестгүлділер тұқымдастарының туысына жата ма?

Ж: Теңіз орамжапырағы – ламинария деп аталатын балдыр, ол төменгі сатыдағы өсімдіктер патшалығына, қоңыр балдырлар бөліміне жатады.

2. Қара бидай гүлдеген кезде ауа райының желсіз болуы астықтың түсімін төмендетеді, ал бидайға мұндай ауа райының әсері болмайды. Неліктен?

Ж: Себебі, қара бидай желмен тозаңданады, ал бидай өздігінен тозаңданады.

3. «Тірі табиғат ескерткіші» деп аталатын жорғалаушыны атаңыз. Ол қандай отрядқа жатады?

Ж: Гаттерия. тұмсық бастылар отрядына жатады.

4. Ақ дегелектер балапанын неге өлтіреді?

Ж: Ақ дегелектер жұмыртқадан шыққан әлсіз, ауру балапандарын, жылы жаққа ұшқан кезде кедергі келтірмеу үшін лақтырып тастайды.

5. Шылым шегетін адамның қанын сорған сүлік өліп қалады. Неге?

Ж: Шылым шегетін адамның қанында никотин болады.

6. Мен «емші элементпін».

Жарақат болған жерді жазып, залаласыздандырамын. Мен ақыл – ойдың дұрыс дамуына, жадының керемет қалыптасуына жәрдем беремін.

Ж: Йод

7. Атақты американдық экономист А.Смит осы зат туралы былай деген екен: «Бұл заттың қажеттілігі соншалықты, онсыз өмір сүру мүмкін емес және ол өте арзан, ал өмірге соншалықты пайда келтірмейтін алмаз өте қымбат бағаланады» Бұл қандай зат?

Ж: Су

8. Бұл ерекше ағза - саңырауқұлақ пен цианобактериялар симбиозы.

Зерттейтін ғылым – Лихенология. 3 топқа бөлінеді: қабыршақ пішінді, жапырақ пішінді, бұта пішінді

Ж: қына


IX. қорытындылау:  Сайысымызды Әл- Фарабидің мына сөздерімен аяқтаймыз.

«Адамға ең алдымен  білім емес тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы»

Міне, ұлы ғұламаларымыз айтып кеткендей еліміздің болашағы білімді, тәрбиелі шәкірттеріміз.

Әділқазыларға сөз беру. Жеңімпаздарды анықтау




Ерте,ерте,ертеде....

Осыдан көп жыл бұрын су болмапты. Қарлығаш шөлден қаталапты.Ағаш қурап қалады,гүл солады. Шаршаған қарлығаш желден көмек сұрайды.Көмектесуге уәде берген жел Күнге келеді.Күн көлдердің суын қыздыра бастады.Су тамшылары буға айналып,аспанға көтерілді.Ол жерде тамшылар бір-бірімен қосылып,бұлтқа айналды.Жерге жаңбыр жауды.Жер рақаттана демалды. Жаңбыр суына шөлі қанған өсімдіктер қуанды.



Бұл бөлім ғалымдардың еңбегіне арналған. Қойылған сұрақтың қай ғалымның еңбегі екенін табу керек.

1.     Популяциялық толқындар ұғымын ғылымға енгізген ғалым?

(С.С. Четвериков)

2.     1868 ж. Швейцариялық биохимик нуклеин қышқылдарын ашты.  (Ф. Мишер)

3.    Эволюцияның қозғаушы күштерін ашты?(Ч.Дарвин)

4.     1951ж. Нуклеин қышқылының құрамында 4 нуклеотид кіретінін ашқан америкалық ғалым? (Э. Чаргафф)

5.    "Зоология философиясы"еңбегінің авторы. (Жан Батист Ламарк)

6.     1850 ж. «митохондрияны» ең бірінші тауып «саркосома » деп атаған ғалым. (Р. Келликер)

7.  Генетиканың атасы?    (Г. Мендель)

8.  Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын зерттеген ғалым. Н.И. Вавилов)

9. «Табиғатты жүйелеу» атты еңбектің авторы.    (К.Линней)

10. «Жоғары дәрежелі жүйке қызметі» деген ұғымды ұсынған ғалым. 

(И.П. Павлов)









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!