Материалдар / "Дарабоз -2017 "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дарабоз -2017 "

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой – өрісін кеңейту,білімге құштарлығын арттыру,оқушылардың арасынан озық ойлы дарабоз топты анықтау, оқушылардың алған білімдерін қорытындылау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты :

Білімділік : Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой – өрісін кеңейту,білімге құштарлығын арттыру,оқушылардың арасынан озық ойлы дарабоз топты анықтау, оқушылардың алған білімдерін қорытындылау.

Дамытушылық : Оқушылардың дүниетанымын,тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.


Түрі : Танымдық ойын


Сайыстың барысы :

1) “Сәлем сөздің анасы ”

( топтың аты, ұраны, төс белгісі)

2) “Бәйге”

( сұрақтарға тез жауап беру, әр топқа 15 сұрақтан)

3) “Кім тапқыр”

( тарихи сынақ хат ( жылдар )

4) “Мені түсін ”

( мәтін кім туралы екенін анықтау)

5) “Егерде мен .... болсам ”

( президент, аудан әкімі, мұғалім, дәрігер)

6) “Менің білім деңгейім ”

( тест тапсырмаларын орындау)


Жүргізуші :

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, көрермендер, оқушылар!

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына – деп бүгінгі бақ сынасар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық \ ортаға сайыскерлер шығады\

Жүргізуші :

Тұлпармыз тұяғы асыл болаттан

Жақсылыққа арқашанда қол артқан

Жалғасымыз бабалардың мәңгілік

Батыр етіп Алла өзі жаратқан

ұранымен « Тұлпар » тобын ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

Мен қазақ «қазақпын » деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш » деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын. – ұранымен «Қазақ хандығы » тобын ортаға шақырайық.



Жүргізуші :

Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілейміз!

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар

Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нық сын алар – дегендей кез келген сайыс бағалануы тиіс. Осының аражігін ажырататын қазылар алқасы деген болады.Бұл жарыстың ажырамас бір бөлігі, біз де сол үрдіс бойынша әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасын сайлап алсақ. \әділ қазалар алқасын сайлау\


Оқу ісінің меңгерушісі : Нығызбаева Жаңыл Жұмабаевна

Психолог : Атыгулова Анар Самархановна


1) «Сәлем сөздің анасы » \топтың аты,ұраны, төс белгісі\

Армысыздар, айналайын дана халқым

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын

Тіл ұшына оралар кездескенде

«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Өнерлерін паш етер өнегелі

Сәт те келіп қалғандай танысатын – дей отырып , сөз кезегін сайысқа түсуші топтарға берейік.


2) «Бәйге» \ сұрақтарға тез жауап беру, әр топқа 15 сұрақтан\

Көңілін халқыңның таптың бүгін

Елес қой мынау бізге жат күн бүгін

Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық

Байқайық оқушылардың тапқырлығын.

1 – топ

1)Шыңғысхан тұсындағы негізгі заң жинағы ( Ясы)

2)«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады»-деп күйінішпен жазды:

(С.Сәдуақасов.)

3) Алғашқы құралдарды адам неден жасады? ( тастан)

4) Қасым хан тұсында Қазақ хандығындағы адамдар саны шамамен: ( 1 млн)

5) Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы.

(Еңбек құралдарын жасай білуі)

6) Ғалымдырдың есептеуінше мұздықтың ери бастаған уақыты

(13 мың жыл бұрын)

7) 1938 ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір ( Тесіктас)

8) "Тотемизм" дегеніміз не? (Шығу тегін жануарлармен байланыстыру.)

9) Жеке меншік қалыптасқан дәуір .( қола дәуірі)

10 ) Астана қаласының символы (Бәйтерек)

11) 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға

( ұлттық теңге айналымға енгізілді)

12) Батыс Қазақстандағы атом полигоны ( Капустин Яр)

13) Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел (Түркия)

14) Аты аңызға айналған қазақ хандары ( Алаша хан, Уыз хан, Жошы хан)

15) XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан

( Тоғылық - Темір)



2- топ


  1. 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазған : (E Т.Рысқұлов.)

  2. Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институт ашылды:

( 1928 ж)

  1. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»: ( М. Дулатұлы)

  2. Кіші жүзді Ресей құрамына қосу туралы грамотаға орыстың қай патшасы қол қойды? (Анна Иоановна)

  3. Қазақстан Республикасы халқының саны шамамен: ( 17 млн)

  4. Тас дәуірі адамдарының ине жасаған заты. (Үшкір сүйек)

7)Ең бірінші қолданылған металл .( мыс)

8) Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан белгілі ғалым.

( Қ. Сәтбаев)

9) Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? (1992ж 4 маусым)

10 ) Елбасымыздың мамандығы (Инжинер- металлург)

11) «Батыр » деген кім ?

( адам жеке ерлігімен ерекше көзге түскенер жүрек, қаһарман )

12) Геральдика нелерді зеттейді? ( елтаңбаларды)

13) Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел (Соғды)

14) Тұңғыш қазақ академигі . ( Қ. Сәтбаев)

15) Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған ? ( Арыстан Баб)


3) « Кім тапқыр » \ көрсетілген оқиға қай жылы болғанын анықтау\


Жылдар

Болған оқиға

1

552 ж

Түрік қағанатының құрылуы

2

1914- 1918 ж

Бірінші дүниежүзілік соғыс

3

1961 ж. 12 сәуір

Байқоңыр космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы

4

1934 ж

С.М Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды:


5

1837 – 1847 жж

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс

6

1924 ж

«Сауатсыздық жойылсын » қоғамы ұйымдастырылды .

7

1923 ж

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның » басталуы

8

960 ж

Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады

9

1731 ж

Қазақстанның Ресей империясына бодан болуы басталды.

10

1995 ж 30 тамыз

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы

Қабылданды.



4) “Мені түсін ” \ мәтін кім туралы екенін анықтау\

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ баға беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарып

Бәйге, бәйгелерді көріңіз - дей келе келесі кезеңді бастаймыз .


Бұл кім ?

Қазақтың ұлы хандарының бірі, аса көрнекті мемлекет қайраткері,қолбасшы және дипломат. Ол 1711 жылы дүниеге келген. Әкесі Түркістанды билеп тұрған кезінде бір шаойқаста қаза тапқан. Жау қолынан туған - туыс , үй іші қырылғанда ханның сенімді көмекшілерінің арқасында аман қалды. Көпке дейін шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келді. Бөгенбай батасын беріп, астындағы Нарқызыл атты тұлпарын сыйға тартты.

-------------------------- ( Абылай хан)



Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, мәмлегер, Орта жүздің бас биі. «Жеті жарғыны » жасауға қатысқан. Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі қағидалары болып табылатын қанатты сөздердің авторы.

Елші ретінде бірнеше рет Жоңғар хандығына барды. 1740 жылдары Малайсарымен және басқалармен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкелді . ---------------------------------------- ( Қазыбек би)


Ержүрек қайсар малшы парсылардың алдынан шығып, өзінің көрген қорлығына шағынады. Енді кек алуды ойлайтындығын айтыппарсыларды нандырады. Үсті – басы қан , құлақ – мұрны кесілген жігітке парсылар сеніп қалады. Шөл далада парсы әскерін түгел адастырып, қырғынға ұшыратады. --------------------( Шырақ)


5) “Егерде мен .... болсам ”

( президент, аудан әкімі, мұғалім, дәрігер)


6) “Менің білім деңгейім ” \ тест тапсырмаларын орындау\

Тест .

1. Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:

А) Византия В) Соғды С) Үндістан D) Иран E) Жапония

2)Қытай императоры У-Дидің 138ж. Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды:

А) 13 жылдан кейін В) 15 жылдан кейін С) 10 жылдан кейін D) 18 жылдан кейін E) 5 жылдан кейін

3) Ғаныш деген не ?

А) күйдірілген бор тас В) сылақ С) сары топырақ Д) шикі кірпіш Е) сары балшық

4) XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан:

А) Тәуке хан В) Тоғылық-Темір

С) Хақназар хан Д) Әбілқайыр хан Е) Тәуекел хан

5) Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы?

А) Әл –Марвази В) Идриси С) М.Х. Дулати Д) Рашид ад - Дин

6) Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы:
А) қазақ-қырғыз
В) өзбек-қазақтар С) қырғыздар D) қыпшақтар Е) ноғайлар

7) 1960 жылдардың ортасынан бастап 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы:

А) «Тоқырау жылдар» В) «Ұлы нәубет жылдары»

С) «Қуғын-сүргін жылдар D)«Индустияландыру жылдары» Е) «Аштық жылдары»

8) Қазақстан КП Орталық Комитетінің 1960 ж. қаңтардаболған пленумында республика ұйымының бірінші хатшысы болып сайланды:

А) Л.И. Брежнев В) Голощекин С) В.И. Ленин Д) Губкин Е) Д. Қонаев

9) Генерал-майор И.В. Панфилов басқарған дивизия:

A) 73-ші гвардиялық дивизия. B) 8-ші гвардиялық дивизия.

C) 238-ші атқыштар дивизиясы. D) 30-шы гвардиялық дивизия. E) 316-шы атқыштар дивизиясы.

10) 1932 жылдың шілдесінде жазылған "Бесеудің хаты" кімге жолданған еді?

A) I. Құрамысовқа. B) Г. Рошальға. C) И. Сталинге.

D) С. Меңдешевке. E) Ф. Голощекинге.

11) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде?

A) Түркістанда. B) Сығанақта. C) Таразда. D) Меркеде. E) Отырарда.

12) .Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң

А) «Төре бітігі» В) «Жеті Жарғы» С) «Қылмыстық заң»

Д) «Қасым ханның қасқа жолы» Е) «Есім ханның ескі жолы»

13) .Абылай ресми түрде хан болып сайланды

А. 1731ж Б)1771 ж С)1781 ж Д)1726 ж Е) 1711 ж

14) Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді

А.4 б.5 с.2 д.7 е3)

15) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі:

A) Қазақтардан көптеген жерлер тартып алу.

B) Патшалы Ресейдің тарапынан отарлық езгінің күшеюі.

C) 19- дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы .

D) Қазақтардан соғыс қажетіне тегін мал алу туралы патша жарлығы.

E) Салықтың шамадан тыс көбеюі

16) . Қайыр хан әскерімен Отырар қаласын неше ай қорғаған?

A) 5-6 ай. B) 4 ай. C) 10 ай. D) 12 ай. Е) 3 ай

17) 1938 ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір

А) Шақпақ ата В) Арыстанды С) Бөріқазған D) Шабақты Е) Тесіктас

18) «Тарих» сөзін алғаш қолданған кімдер

А)қытайлар Б) арабтар С) жапондар Д) орыстар Е) дүнгендер

19) Алтын киімді адамды кім тапты?

А.М. Қадырбаев Б) К. Ақышев С) Ә. Марғұлан Д) Қ. Сәтпаев Е) Алексеев

20) Алғашқы адамдардың аулаған аңдары

А) Қоян, арқар В) ) Мамонт мен бизон С) Қой, жылқы D) Ұсақ аңдар Е) Елік, ешкі














































Shape1










Shape2















Дайындаған : М. А. Жусупова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!