Материалдар / Дарабоз биолог
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарабоз биолог

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың биология пәнінен қызығушылығын арттыра отырып дарабоз оқушыны анықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2018
709
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дарабоз биолог» сайыс сабағы

Сабақтың жоспары:

  1. Таныстыру, ұранын айту

  2. Ой маржан (бәйге)

  3. Білім биржасы

  4. Білгенге маржан

  5. «Сұрақ бізден – жауап сізден»

  6. «Ғажайып биология»

  7. «Ойлан, тап» сайысы

  8. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (пікір алмасу)

  9. Қорытынды



  1. Таныстыру, қарсыластарына сәттілік тілеу

Ағыңнан жарыл, сыр бүкпе

Жол тапқан қиын тірлікте.

Досыңа адал бола біл

Береке басы бірлікте!

  1. 11в сынып оқушысы Танабай Думан

Ұраны: «Білікті бірді, білімді мыңды жығар»

  1. 2. 11в сынып оқушысы Шүкірбаева Салтанат

Ұраны: «Оқуда озат, еңбекте алда!»

  1. 11в сынып оқушысы Кәнібаева Ұлнәзік

Ұраны: «Оқы, оқы және оқы!»



  1. 11в сынып оқушысы Жолдас Аякөз

Ұраны: «Білімнен асар – байлық жоқ»

  1. 11в сынып оқушысы Құрал Балнұр

Ұраны: «Білім таусылмас – кен!»



  1. «Ой маржан» бәйге

Тапқыр, білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін орынды.

Сүйсең туған жеріңді

Ортаға сал барыңды

Оқушыларға ортақ 20 сұрақ қойылады.



  1. Жануар атымен аталатын құс? (түйеқұс)

  2. Картопты Голландиядан Ресейге кім әкелді? (І Петр)

  3. Алқа тұқымдастырының ішіндегі ең улысы? (сасық меңдуана)

  4. Тірі ағзалардың ортақ белгісі? (жасуша)

  5. Қара бидай гүлдеген кезде ауа райының желсіз болуы астықтың түсімін төмендетеді. Бидайға мұндай ауа-райының әсері болмайды. Не себепті? (өздігінен тозаңданады)

  6. Шөпті көбінесе таңертең ерте орған дұрыс деп есептеледі, неге деп ойлайсың? (себебі, таңертең шық түседі)

  7. Әр пенденің ең қымбат саналатын ақыл ойының алтын сандығы? (ми)

  8. Ұлтабарға өз гормондарын құятын екі без? (бауыр және ұйқы безі)

  9. Асқазан сөлінің негізгі ферменті? (пепсин)

  10. Фенология ғылымы нені зерттейді? (табиғаттың маусымдық

өзгерістерін зерттейді)

  1. 11-13 см бұлшық етті мүше? (жұтқыншақ)

  2. Гипофиздың ортаңғы бөлігі түзетін тері пигменті? (меланин)

  3. Ғылыми анатомияның негізін қалаған адам? (Андреас Везалий)

  4. Неге «өгейшөп» аталған? (өйткені, жапырағының үстіңгі беті салқындық, астыңғы беті жылылық сипатын білдіреді)

  5. Қосарлы атау тізімін қай ғалым ұсынды? (Карл Линней)

  6. Ұйқы безінің сөлі? (панкреатин)

  7. Ноосфера терминіні енгізген ғалым? (В.И.Вернадский)

  8. Ағзалардың таралу аймағын зерттейтін жаңа ғылым биогеографияның негізін қалаған ғалым? (А.Гумбольдт)

  9. Ең жуан сабақ? (баобаб)

  10. Барометр гүл? (акация)

  11. Суықтан да, биіктен де қорықпай таудың ұшар басында өсетін қай өсімдік? (бәйшешек)

  12. Дүние жүзіндегі ең биік өсетін ағаштар? (пальма, эвкалипт)

  13. Қар астында қандай гүлдер қыстайды? (қоғажай)

  14. Ең аласа өсімдік? (балықоты)

  15. Тамырда болмайтын үрдіс? (фотосинтез)



  1. «Білім биржасы»

Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады.

Алдағы білім шыңына

Ең білімді жас шығады.

  1. Нобель сыйлығы И.И.Мечниковке қашан берілді? (фагоцитоз процесін ашқаны үшін )

  2. 1928-1939 жылдары И.И.Вавилов дүниежүзілік экспедицияның нәтижесінде нені зерттеп дәлелдеді? (өсімдіктермен жануарлардың жеті шығу орталықтарын ашты)

  3. 1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер қандай тәжірибе жүргізді? (қарапайым тәжірибесі арқылы

«организм тек тірі организмнен

ғана пайда болады» - деп дәлелдеді)

  1. 1898 жылы орыс ғалымы С.Г.Навашин қандай зерттеулерді жарыққа шығарды? (қосарланып ұрықтану)

  2. Биогенетикалық заңды кім ашты? (Э.Геккель, Ф.Мюллер)

  3. Рибосоманы кім ашты? (Дж Палладе)

  4. Өсімдік жасушасының митоздық жолмен бөлінетінін кім ашты? (И.Д.Чистяков)

  5. 1901 жылы шартты рефлекстерді кім ашты? (И.Павлов)

  6. ДНК қос тізбегінің моделі жасалып, құрылымын кімдер анықтады?

(Дж Уотсон, Ф.Крик)

  1. Нуклеин қышқылдарын кім ашты? (Ф.Мишер)

  2. Қай саладағы зерттеулер үшін Павлов Нобель сыйлығын алды?

(қан айналым және ас қорыту салаларындағы зерттеулері үшін)



  1. «Білгенге маржан»

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емеспе тілегі елдің

Бүгін осы сайыста жеңіске жет

Білімді, әрі білікті жас жеткіншек.

  1. Микробиология – ұсақ ағзаларды

  2. Орнитология – құстарды зерттейтін ғылым

  3. Микология – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым

  4. Бриология – мүктерді зерттейтін ғылым

  5. Лихенология – қыналарды

  6. Энтамология – ішкі паразиттерді

  7. Гельминтология – құрттарды

  8. Гематология – қанды және оның құрамын,

қызметін зерттейтін ғылым

  1. Герпетология – жорғалаушыларды

  2. Палеонтология – қазба қалдықтарды

  3. Физиология – тірі ағзалардың қасиеттері

  4. Селекция – өзгергіштікті

  5. Маммология – сүтқоректілерді

  6. Ихтиология – балықтарды

  7. Антропология – адамның шығу тегін

  8. Серпентология – жыландарды



  1. «Сұрақ бізден – жауап сізден»



І топ сұрақтары:



  1. Ең ұзақ жасайтын ағаштар? (секвоя, тис, баобаб, арша, т.б.)

  2. Басы жоқ тарақанда неше күнге дейін өмір сүре алады? (9 күнге дейін өмір сүреді, содан кейін аштан өледі)

  3. Адамның аузында қанша бактерия бар? (40 мың бактерия)

  4. Өзін-өзі айнадан танитын жалғыз аң? (шимпанзе)

  5. Бал ара балының емдік қасиеті? (ішек қарын ауруларына, бауыр, тыныс жолы, өкпе, жүрек қызметі нашарлағанда)

ІІ топ сұрақтары:

  1. Қолтырауынның майы қандай түсті? (жасыл түсті)

  2. Көбелек тамақты алдымен қай мүшесімен байқап көреді? (аяғымен)

  3. Нәсіл ұғымын алғаш қандай ғалым енгізді? (Бернье)

  4. Иттерде болмайтын сүйек? (бұғана)

  5. Жер жүзіндегі ең биік ағаштар? (пальма, емен, эвкалипт, шырша)

ІІІ топ сұрақтары:

  1. Өсімдік пионері атанған өсімдік? (қына)

  2. Дүние жүзіндегі ең үлкен гүл? (А.Раффлезиясы)

  3. Дермене жусанының дәрілік қасиетін ашқан қазақтан шыққан алғашқы ғылым докторы? (Гүлбахрам Тарабаева)

  4. Түн аруы атанған өсімдік? (кактус)

  5. Секіре алмайтын аң? (піл)

ІV топ сұрақтары:

  1. Шегіткенің қанының түсі? (ақ)

  2. Жыландар қоректенбей неше жыл ұйықтай алады? (3 жыл)

  3. Зебраның түсі қандай? (қара жолағы бар ақ аң)

  4. Дүние жүзіндегі ең үлкен жеміс? (асқабақ)

  5. Екінші нан атанған техникалық дақыл? (картоп)

V топ сұрақтары:

  1. Сырдың ақ маржаны? (күріш)

  2. Дельфин қалай ұйықтайды? (бір көзін ашып ұйықтайды)

  3. Қандай құс ұя салмайды? (көкек)

  4. Бегемоттар қайда баласын дүниеге алып келеді? (суда)

  5. Қызыл кітаптың неше санаты бар? (5 санат)















  1. «Ғажайып биология»



Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып.

Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,

Қызықты қып «ғажайып биология» сұрағын

20 30 40



20 30 40



20 30 40



20 – Қағаз өндірісінде пайдаланылатын балдыр?

30 – Локус дегеніміз не?

40 – Жыныспен тіркес тұқым қуалау заңын кім ашты?



20 – Рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы?

30 – Жұлынның диаметрі қанша?

40 – Қай мүшесі балықтың,

Су түбіне батырар.

Қанат болса егерде,

Су бетіне шығарар. (торсылдақ)

20 - Өсімдіктер тәрізді қоректенетін жәндік?

30 - Қыста жәндіктер неге өлмейді?

40 - Жержаңғақ Ресейге қай елден әкелінген?

  1. «Ойлан, тап сайысы»

Өмірің болсын десең сенің сәнді,

Ойланып айналаңа қара мәнді.

Адал бол, Білім тасқын, өнері асқан!

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

1-оқушы:

Бұл өсімдікті дала патшасы деп атайды. Оның жапырағы болмайды, оның рөлін бірте-бірте қатты бұтақтарға айналатын жас, әрі жасыл сабақ тамыры атқарады. Өсімдік тас көмірмен бірдей бағаланатын жақсы отын болып есептеледі. Бұл өсімдіктен тұратын тоғай көлеңке бермейді, одан сахар деп аталатын дәрі алынады. Бұл қандай өсімдік? (сексеуіл)

2-оқушы:

Бұл өсімдік құлқайырға өте ұқсас ағаштекті өсімдік. Ол 18-25 м, діңінің жуандығы 4-10 метрге дейін жетеді. Кейбіреулері 5000 жылға дейін өмір сүреді. Оның қышқылтым шырынды, жұмсақ, жемісі мен тұқымдары жеуге жарамды, қалың қабығы қағаз жасауға қолданылады. Бұл қандай өсімдік? (баобаб)

3-оқушы:

Латынша бұл гүл GALAKTUS – сүттей ақ деген мағынаны білдіреді. Ертедегі аңызда Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суытып кетіп, Хауа ананы жылытуға бірнеше қар кристалдары гүлге айналыпты. Осыдан бұл гүл – үміт символы болып саналады. Ерте көктемде гүлдейтін бұл – қандай гүл? (бәйшешек)

4-оқушы:

Бұл өсімдікпен, Ежелгі Египетте пирамида салып жатқан құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған. Жуаның туған інісі? (сарымсақ)

5-оқушы:

Гүлдердің патшасы атанған гүл? (райхан гүлі)



  1. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» (пікір алмасу)



Өмірден мысалдар келтіріп, қорытындысын мақалмен түсіндіру қажет.



1-оқушы:

«Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас».



2-оқушы:

«Өзім білем деген өрге баспас»



3-оқушы:

«Ағаш тамырымен,

Адам досымен мықты»



4-оқушы:

«Жақсыдан қасиет қалар,

Ұлыдан өсиет қалар»



5-оқушы:

«Баланың жақсысы - сүйініш,

Жаманы - күйініш»







  1. Қорытынды

Сайыс соңында әділ қазылар алқасына сөз кезегі берілді. Оқушылардың білімі мен жетістіктеріне және кемшіліктеріне талдау жасалынды. Сайыстың жеңімпаздары анықталып, марапатталды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!