«Мырзакент жалпы орта
мектебі мектеп – гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы:
Дәрілік өсімдік -
адыраспан
Оқушының аты –
жөні: Қанатбаева Қарлығаш
7 «В» сынып
оқушысы
Ғылыми жетекшісі:
Кундешова Нургул Кураловна
Бағыты:
Биология
Оқушы туралы
мәлімет
Оңтүстік Қазақстан
облысы,
Мақтарал ауданы, Мырзакент
кенті
«Мырзакент» ЖОМ МГ –
ның
7 «В» сынып оқушысы Қанатбаева
Қарлығаш.
Мейірімді, алғыр, өте зерек,
өз бетінше ізденіп,
көп оқитын, қабілеттілігімен
жақсы нәтижелерге
қол жеткізіп жүрген, үлгілі,
үздік оқушы.
Адыраспан (Harmal немесе Peganum
harmala) — түйетабандар тұқымдасына
жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы
өсімдік.
Гүлінде, сабағында уы болады.
Ерекше күшті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см болады,
бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Адыраспан жол бойында, жазық
далаларда өседі. Жаз - күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар.
Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның
шөл, сортаңды жерлерінде, сонымен қатар Сырдария, Сарысуөзендері бойында бір түрі –
кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м
тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен
топталып сабақ басында орналасады. Мамыр –шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ,
қара түсті болады.
Адыраспан балалар тұмауратып
ауырғанда ем болады екен. Мен кішкентай кезімде денеме бөртпе
шыққанда анам: «Адыраспан киелі, емдік өсімдік, оысыны қайнаттым,
соның суына шомылдырамын», - деді. Шынымен сол емдік шараны
қолданған соң денемдегі бөртпелер кетті. Адыраспан тағы басқа көп
ауруларға ем екенін естідім. Кітап, газет - журналдардан, интернет
желісінен мағлұмат іздестіріп, адыраспанды зерттей бастадым. Осы
емдік қасиеті бар өсімдік туралы жаздым. Жұмыс барысында жетекшім
Нұргүл апай қолдау көрсетіп, бағыт – бағдар беріп отырды. Ғылыми
зерттеу жұмысы тақырыпты бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізіп,
ойыңды толықтырып, дамытуға мүмкіндік береді
екен.
Емдік өсімдік- адыраспанның
пайдасы
Халық емінде адыраспанды әр
түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің
қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында
адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт
мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы
ықтимал.Адыраспан ертіндісі ауылшаруашылық зиякестерімен күресу
үшін қолданылады. Ежелгі бояғыш өсімдік. Тұқымынан қызыл түске
бояйтын әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады.
Туркияда ерте заманнан – ақ адыраспаннан қызыл бояу алып онымен
ұлттық бас киімі – фесканы бояған.
Ши тоқымасында әлі күнге дейін
адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Тұқымда 14 – 16 % май
бар, оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға
пайдаланады.Түйе табандар тұқымдасы ежелгі аты – грек тілінде
редапоп- рута, араб тілінде өсімдік деген мағынаны
береді.
Қазақстанда адыраспанның бір –
ақ түрі өседі.Ол – кәдімгі адыраспан.
Өсімдікке сипаттама: көп жылдық, шөптектес түйе табандар
тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры
діңгекті 2-3 м – ге дейін жетеді, жердің су қабатына тік
орналасқан.
Ем болатын ауру
түрлері
Аурудың
түрлері
|
Дайындау
әдісі
|
Ревматизм
ауруы
|
Ревматизм ауруларына, күніне 4-6 грамм 15 күн
ішсе ауруды басады. Оған зығыр тұқымын қосып жалғастырып ішсе
демікпені басады.
|
Тіс
ауруы
|
Тіс ауырған кезде адыраспанның шөбімен
ысқыласа, тістің қатты ауырып, қақсағанын
басылады.
|
Ұмытшақ ауруы,тарамыс
ауруы
|
Сабағы мен жапырағын қайнатып өлшем бойынша
ішсе талма, сал ауруы, ұмытшақтық, суықтан ми қабыну, тарамыс
ауруына ем болады
|
Асқазан
ауруы
|
Құстыруға, сабағымен жапырағынан 30 грамм
шаншып, 120 мг суға қайнатып шырынын сүзіп алып 90 грамм бал, 60
грамм күнжіт майымен араластырып ішкізсе дереу
құстырады.
|
Буынның
қабынуы
|
Буын қабынып ауырған кезде адыраспанның жас
сабағын жапырағымен белгілі бір мөлшерде жаншып, буынға тартып,
таңып қояды.
|
Бастың созылмалы
ауруы
|
Бастың созылмалы ауруына талмаға, 50 грамм
шөбін 05 литр қызыл араққа қайнатып күніне 30 грамм нан бір ай ішсе
жақсы нәтиже береді.
|
Тері
аурулары
|
Адыраспанды қайнатып, тұнбасын тері
ауруларына пайдаланады
|
Қаншама ауруғу ем болатынын білген соң, өзім
тәжірибе жасап көруге бел будым. Белгілі бір мөлшерде адыраспанды
алып, оған су құйып 10 минут қайнатып алдым. Қайнатып жатқанда бір
басқаша, қошқылтым иіс шығады екен. Отты өшіріп, қақпағын жауып
қойдым. Тұнбп суығаннан соң, оны басқа ыдысқа сүзіп құйдым. Бұл
тұндырманы жасауда себеп бар еді. Кешке әжемнің аяғына мақтамен
жағып, дәкемен орап, таңдым. Ертесіне әжем аяғының ауырғаны
басылғанын айтты. Бұл жағдай мені таң қалдырды. Өзім дайындап,
тәжірибе жасағаннан кейін, қызығушылығым бұрынғыдан да арта
түсті.
Адыраспан өсімдігі халық
ұғымында...
Адыраспан қазақ үшін қасиетті
өсімдік болғандықтан түрлі бәле - жаладан сақтайды, жамандықтан
қорғайды деген ұғыммен үйдің кересіне іліп қояды. Жаңа үйге
кірерде босағаға
жын-шайтан мүлдем жоламасын
деп, адыраспанмен аластаған. Сәбиді бесікке алғаш жатқызарда, келін
түскенде т.б. жайттарда адыраспанды түтетеді. Сондай- ақ, ауыл
әйелдері бірігіп текемет басқанда, дайындалып жатқан текемет,
киіздің қасына көз тимесін деп адыраспанды іліп және қызыл түсті
мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе,
салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түсіп, ойдағыдай шықпай қалады
деп сенген. «Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп
келетін магиялық формула - тіркес адыраспанның халық ұғымында
алатын орны ерекше екенін дәлелдей түсіп, айырықша қасиетіне
байланысты қалыптасса керек. Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен
бірге, емдік шипалығы да белгілі. Алайда, адыраспан - улы өсімдік.
Ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, қоректенген. Бірақ тыныстары
тарылып, уланған екен...
Зерттеу жұмысының
маңыздылығы:
Табиғаттың ластануына және басқа себептерге
байланысты туындаған ауру түрлерінің көбеюіне жол бермеу.
Өсімдіктердің емдік қасиетін білу, пайдалы және пайдасыз жағын
қарастыру. Өз тұрмыс – тіршілігімізде емдік өсімдіктерді кеңінен
пайдалану.
Зерттеу
нәтижесі: емдік қасиеті бар шипалы өсімдіктер туралы
мәліметтерді жинақтадым. Көп оқып, көп ізденіп, ой – өрісімді
толықтырдым. Көптеген сұрақтарыма жауап таптым. Зерттей келе дәрі -
дәрмек жасау жолдарын анықтап, қандай ауруларға шипа болатынын
білдім.
Ұсыныс:
Өсімдіктердің көптеген түрлері шипалы. Менің
ойым: химиялық әдістермен дайындалатын дәрілерді қолданбай, оның
орнына түрлі ауруларды табиғи өсімдіктермен емдейтін болса, адамзат
денсаулығына пайдалы болар
еді.
Қорытынды:
Жер шарындағы өсімдіктердің адамзат үшін
пайдасы орасан зор. Өсімдіктер медицина саласында пайдаланылатын
дәрі – дәрмектердің сарқылмас көзі болып саналады. Улы деген
өсімдіктің өзі пайдалы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік
өсімдіктерді пайдалы жағын қарастырып, денсаулықты сақтауға,
отбасының қаражатын үнемдеуге болады. Әрі табиғат байлығын қорғауға
да көмектеседі. Тұрғылықты жерімізде өсетін өсімдіктерді өз
уақытында жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ ауырған
адамдар пайдаланған кезде ем қонып, дертіне шипа болар
еді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Өсімдіктану Алматы «Рауан»
1997ж
Р. Әлімқұлқызы, Б.
Дүйсебайқызы, Е. Тұрбекқызы
-
«Жас ғалым» Балаларға арналған
республикалық ғылыми – танымдық журнал №09, қыркүйек 2012
ж
-
«Ана тілі» Ұлт газеті
12.11.2015ж
-
«Энциклопедия Эрудита» Москва
«Махаон» 2005г