Материалдар / дәрілік өсімдіктер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

дәрілік өсімдіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктермен танысу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
442
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға
болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың
жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына
ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға
жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану
туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер
мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті
бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен
ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен
қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн
көзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатындығы анықталып, кептіру жұмысы күн
көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген.

Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған.
Вавилондықтар мен ассириялықтар сол шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден
дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен.
Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған.
Египеттіктер олардан үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен
анықтай отырып алоэ, анис, мендуана, жалбыз т.б. өсімдіктердің дәрілік
қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар
ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп-өсіру мен айналысқан. Олар дәрілік
өсімдіктерді көбейту мақсатында шетелдерге арнайы экспедициялар
ұйымдастырып отырған. Түңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді
Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің
фармакологиялық әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын, қақырық түсуін
жеңілдететін топтарға бөлген.
Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек
бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді
емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды.
Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз роль
атқарған. Греция дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам
түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы
толық ғылыми түрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген
дәрігері өзінің Дәрілік заттар деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты
жүз түрінің қолдану жолдарын жазған.
Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы
деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим
дәрігерлерінің емдік қасиеті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізген
әсері де өте зор. Үлкен Плинийдің айтуы бойынша, римдіктер дәрілік
өсімдіктердің көп.


















Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар
жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа әрадан екі жарым
мың жыл бұрын жазылған.
Фармаколог Ли Ши-Чжень он алтыншы ғасырда өзінің жиырма жекті жылдық
зерттеу жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл
еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар
дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға
қалай пайдалануға болатындығы туралы көптеген мәліметтер берілген.
Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де
үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни
Китаб - ас - сайдана деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық
түрін жазған.
Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану
ерте уақыттан басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік өсімдіктерді
пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға,
керекті оқулықтар жазып шығаруға көп көңіл бөлінген. Петр I кезінде
Петербург қаласында дәрілік бау-бақша ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап
дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жұмыстары қолға алынды. Арнайы
экспедициялар құрылып, табиғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы
уақытта жергілікті жерде өсетін көптеген өсімдіктерді (кенедән, адыраспан
т.б.) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.
Совет үкіметі құрылғаннан кейін, 1921 жылы О сборе и культуре
лекарственных растений деген арнайы декрет жарияланып, дәрігерлік
мекемелерге дәрілік өсімдіктер өндіру жұмысын жақсарту міндеттелді. Бұл
жұмысты әрі қарай күшейту жұмысында 1925 жылы ССРО Мемлекеттік жоспарлау
комитеті дәрілік өсімдіктерді пайдалануға арналған Бүкілодақтық кеңес
өткізген. 1931 жылы дәрілік өсімдіктерді пайдалануға ғылыми негіз беру

...



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!