Материалдар / Дәрілік өсімдіктер зімбірдің емдік қасиеті.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәрілік өсімдіктер зімбірдің емдік қасиеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның денсаулығы үшін өте маңызда деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2021
1034
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Атырау қалалық білім бөлімі

39 жалпы орта мектебі.






Дәрілік өсімдіктер зімбірдің

емдік қасиеті.





Секция: Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау.






Аманжол Нұрай.

8-сынып оқушысы



Исркепова Алмагул

биология пән мұғалімі.



Атырау – 2020ж.





Мазмұны:



І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім:

1.1. Зімбір өсімдігінің сипаттамасы

1.2. Зімбір өсімдігінің емдік қасиеті, қолданылуы


ІІІ. Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер


















Зерттеу мақсаты: Зімбір өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді

пайдалану және насихаттау.


Болжамы: Зімбір өсімдігінің емдік ерекшеліктерін пайдалану арқылы

көптеген аурулардың алдын алуға болады.


Зерттеу кезеңдері: 1) Тақырыпты таңдау

2) Тақырыпқа байланысты ғылыми-әдебиеттерге шолу жасау

3) Табылған ақпаратты талдау және өңдеу

4) Жұмысты жазып, қорғау


Әдістемесі: Ақпараттарды жинау, жинақтаған материалдарды қорыту.

Зерттеу жаңалығы: Зімбір өсімдігінің бірнеше емдік қасиеттері ұсынылды.


Зерттеу нәтижесі: Ғылыми-әдебиеттерге шолу жасау арқылы зімбір өсімдігін

жан-жақты зерттеді және емдік ерекшеліктерін пайдалану

арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.


Қорытынды: Сонымен қорытындылай келе, денсаулылғымыз мықты болуы

үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ

үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп

жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды

сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат

байлығын қорғауға да атсалысамыз. Міне, осындай емдік қасиеті

бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне

қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Ало өсімдігі жанға

шипа, дертке дауа болады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін зімбір

өсімдігінің маңызы өте зор.


Кіріспе

Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайдан, орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі – дәрмектің 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі–дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген. Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі зімбір. Зімбір араб тілінен аударғанда «ащы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп те атайды. Зімбірдің қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасына пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден анағұрлым тиімді болады. Сол себептен жұмысымның құндылығы да осында.


Негізгі бөлім

    1. Зімбір өсімдігінің сипаттамасы

Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу - фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай білудің маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім.

Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер ХІІІ-ХV ғасырда жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды. ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдікдерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХVIII-ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдісі қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500-нің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.

Зімбір – тропикалық өсімдіктің хош иісті тамыры ,отаны – Солтүстік Үндістан болып табылады. Таралуы: Орта ғасырларда Еуропаға көпестермен бірге келіп, содан бері татымдылық ретінде және дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Сабағы тік, 1 м-ге дейін, тамыр сабағы ет-женді, құрамында эфир майы болғандықтан сүйкімді хош иісті, бірақ гингерол терпенінің әсерінен дәмі ащы.

Жапырақтары кезек орналасқан, қарапайым, үшкір. Жапырақ табаны жүректәрізді.







Гүлдері - масақ гүлшоғырына жиналған, 3 жеке сары-қызғылт немесе қоңыр-күлгін жапырақтан құралған.

Жемісі — үшжармалы қауашақ

Көбеюі вегетативтік жолмен. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Қолдану бөлігі:тамыр бөлігі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Зімбір өзінің көптеген пайдалы қасиетімен сарымсақ пен адамшөпке(женьшень) жақынырақ. Зімбірдің құрамына С дәрумені кіреді.Зімбірді вирустық аурулардың қозуында қолдануға ұсынылады. Зімбір мен сүт балаларға суық тигенде, бронхының қабынуының алғашқы белгілерінде аурудың алдын алуға көп көмегін тигізеді.


Химиялық құрамы:

Зімбір өсімдігінің негізгі компоненті - Эфир майлары (құрғақ тамыр сабақтарында 1,5—3 % болады), олардың 70 %-ын цингиберен (зингиберен) — сесквитерпені. Қалғаны 30 %-ы - басқа терпендер (камфен, цинеол, бисаболен, борнеол, цитраль, линалоол). Зімбірдің тамырында көптеген витаминдер: С, B1 , B2 және аминқышқылдар бар.

Қолдану бөлігі: Зімбірді шикілей болмаса кептірілген, қуырылған түрінде қолдануға болады. Зімбірдің тамырын үгітіп немесе кесектеп шаймен қайнатып ішкен ағзаның зат алмасуын жеделдетіп, сергектік сыйлайды.

Зімбірдің қарсы көрсетілімдері:

  1. Егер сізде күйдіргі (изжога ) болса.

  2. Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар дәмдеуіштер мүмкін емес.

  3. Сіздің аллергия болса.







1.2. Зімбір өсімдігінің емдік қасиеті


Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келед

Зімбірдің пайдасы

Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape2 Shape1 Shape7 Shape8 Shape9 Shape10

Шаш өсіру Иммунитет

Салмақ тұсіру.

Ангина тұмаудың алдын алу

Тістің жағдайын жақсарту

Күйік Жөтел

Жараларды жазу Суық тию







Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту Рак жасушаларының өсуіне

тосқауыл жасайды


Зімбірдің тамыры оның пайдалы қасиеттері үшін бұрыннан танымал болды. Бұл бірегей өсімдіктің адам ағзасына керемет әсері бар екендігі дәлелденді. Онкологиялық ауруларға қарсы қасиеттері бар, қан айналымын жақсартады, зат алмасуды жақсартады, токсиндерді жояды және ішектің ойық жарасының дамуына жол бермейді.


Зімбір шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Зімбір екіқабат әйелдер, аллергия, күйдіргі ауруларымен қиналатын адамдарға кері әсер етеді..




Зімбірдің қолданылуы:

Зімбірдің тамырының сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Зімбірдің тоник әсері ағзаға сергектік береді және көңіл-күйді көтереді. Токсиндерді жою және метаболизмді қалыпқа келтіруді ынталандыру арқылы имбир бет терісін жақсартады және артық салмақтан арылуға көмектеседі. Ми қан айналымын күшейту, зімбір тамыры еске түсіреді және ақыл-ой процестерін жылдамдатады. Сонымен қатар, зімбір тері ауруларының көпшілігін емдейді, бас ауруларын жеңілдетеді, стресстік жағдайлардағы ақыл-ой тұрақтылығын арттырады және жүрек айну мен теңізге қарсы тұра алады. Еркектерде зімбір әлеуетті жақсартады, бедеулікті қалпына келтіруге көмектеседі, бауыр мен қалқанша безінің пайдасына әсер етеді. Бұл ғажайып өсімдіктің емдік қасиеттері ең ескі және қазіргі заманғы медициналық жүйелер деп танылды.имиялық медицинада зімбір шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Африкада зімбірдің тамыры дезинфекциялық және анальгетиктер ретінде қолданылады. Біздің елімізде бұл әмбебап өсімдік барлық тағамдарды, шәй мен сусындарды дайындауға арналған. Зімбірдің құрғақ ұнтағы көптеген кондитерлік өнімдерде кездеседі, саңырауқұлақ суши және күріш ыдысқа қажет емес, ал жаңа зімбір тамыры сорпалар мен соустарға керемет қоспа болып табылады, бұл дәмді тағаммен қамтамасыз етеді және тағамды толық ассимиляцияға ықпал етеді

Зімбірдің басты ем болатын аурулары және қолданылуы




1.Асқорыту жүйесіне және өкпе мен қантамырлар жүйесіне.

Іштей қабылдау үшін бір стакан қайнақ суға 1/2 шай қасық зімбір және  1/2 шай қасық жұпар жаңғағын қосу керек. Күніне  1-2 стакан ішіп тұрған дұрыс. 2.Ауыз қуысы  үшін – 1 стакан жылы(қайнатылған) суға бір шымшым зімбір ұнтағын салып тамақтанып болған сайын шайып отырған дұрыс.

3. Тұмаудың алдын алу. Судың ішіне үккіштен өткізілген аршылған имбирь тамырын қосыңыз. Қант / бал қосып араластырыңыз. Бұрыш пен лимон да қосып, шамамен 5-10 минут қайнатыңыз.  Ыстықтай да салқындатып та ішкен жақсы.

4.Салмақ жоғалту үшін классикалық зімбір шайы.
су 1,5 литр зімбір тамыры, бал 3 ас қасық, 2 қара бұрыш бір шымшым және 1 ас қасық апельсин немесе лимон шырыны, сондай-ақ жалбыз (егер бар болса) туралған 4 ас қасық қажет
ет.

5. Суық тигізгенде жаңадан жасалған зімбір шырынын әрбір 3-4 сағат сайын лимон қосылған шаймен ішіп тұрыңыз.

6. Демікпеге зімбірді езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

7.Иммунитет үшін зімбір шайы. тұмаудың алдын алу тұмаудың алдын алу
Бұл шай жеңіл салмақ қана қоймай, иммунитетті арттырады. Сізге зімбірдің тамырынан басқа ит қажет. 50 граммдық жүгеріні жұқа жолақтармен бөліңіз, бір литр сумен 1 құйыңыз, қайнатыңыз. Содан кейін қайнатыңыз, 15 минут бойы пісіріңіз. Содан кейін итмұрын қосыңыз, бірнеше заттар

8. Бетке маска жасау үшін зімбірдің бір ас қасық шырыны мен қаймақты араластырасыз да, оған жұмыртқаның сарысын қосасыз. Қоспаны таза бетке жағып, 15-20 минут ұстаңыз да, жылы сумен шайып тастаңыз. Нәтижесінде, теріңіз жылтырап, сұлулана түседі.

Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған зімбірдің шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.



Қорытынды.


Сонымен, қорытындылай келе, денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп,мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.

Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады. . Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.













Ұсыныстар:

1. Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар немесе мұғалімдер топ серуендер ұйымдастырса;

2. Мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;

3. Тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;

4. Дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей іше алатын түрлі - түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса.






Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Адаев Ж.А., Нұрғалиев Р.Н. «Шаңырақ энциклопедиясы»

  2. Жатқанбаев Ж. «Өсімдік және адамзат» 204.бет

  3. Қожабеков М. «Дәрілік өсімдіктер», Алматы «Қазақстан», 1982 жыл.

  4. Оспанова М., Лұқпанов Ж. «Өсімдік жанға шипа, дертке дауа»

  5. Пышинский В.Г. «Лечение травами», Ленинград, «Наука», 1990 жыл.

  6. «Денсаулық» журналы, №8, 2006 жыл

  7. Интернет сайттары: www.google.ru, www. tabu.kz.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!