Материалдар / Дәрілік өсімдіктердің түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәрілік өсімдіктердің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларының дені сау болып , үйлесімді түрде дамуы үшін оларға салауатты өмір салтын ұстанып , дәрілік өсімдіктерді пайдалану керектігін түсіндіру және сол дәрілік өсімдіктердің құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың ағзаға әсері бар екендігін айту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәрілік өсімдіктердің түрлері .

Виды лекарственных растений.

Types of medicinal plants.

Ғылыми жобаның авторы:

9-сынып оқушысы

Кицуль Алина Михайловна

Ғылыми жобаның жетекшісі:

Химия пәнінің мұғалімі

Тахиров Рифхат Ришатович

Мақсаты: Мектеп оқушыларының дені сау болып , үйлесімді түрде дамуы үшін оларға салауатты өмір салтын ұстанып , дәрілік өсімдіктерді пайдалану керектігін түсіндіру және сол дәрілік өсімдіктердің құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың ағзаға әсері бар екендігін айту.

Міндеттері: Салауатты өмір салтын сақтауға баулу, сауығудың практикалық әдіс-тәсілдерін қолдана білу .

Ғылымның соңғы жетістіктері негізінде денсаулық нығайту мен салауатты өмір салтын сақтау тәсілдерін оқып үйрену.

Зерттеудің әдістемесі: Емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» алоэны баптап күту.

Алоэ шырынын әр түрлі ауруларға қолдана білу.

Гипотезасы: Егер оқушының салауатты өмір сүру салтын арттырса, оның өмірге деген көзқарасы қалыптасады.

Денсаулық нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің бірі алоэны пайдалану жолдарын жүзеге асырады.

Жұмыстың өзектілігі: Туған жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің құпиасын ашып, зерттеу. Сауалнама жүргізіп қаншалықты емдік өсімдіктер қолданатының анықтап, адамзатты қоршаған ортаны қорғауға және оны аялай білуге шақыру. Табиғат әлемінің адамдарға берер нәрі мол екеніне көз жеткізу.

Кіріспе

Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды, далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген.

Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы ,шөптердің ,жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін сол кезден білген.


Әбу-Насыр әл-Фараби, Әбу-Әли ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген т.б. ғалымдар халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.

Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектің 78%, ішек-қарын, бауырды емдейтің дәрілерінің 75%, қақырық түсіретін дәрілерінің 80%, қан тоқтататын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады.

Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктерде жатады. Сондай-ақ, бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.

Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды. Сөйтіп қазіргі кезде адам баласы өсіріп шығарған мәдени өсімдіктердің арқасында көптеген дәрілер жасалуда.

Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.

Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділер, химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден қарағанда пайдасы өте зор.

Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттерін кеңінен қолдануға, ерекше назар аударылды. Қазіргі кезде шөппен емдеу-фитотерапиясын үй жағдайында қолдануға мүмкіндік жеткілікті.Сол үшін дәрісіз ем-дом жасау үшін , дәрілік өсімдіктерді көптеп қолдануымыз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білуіміз керек .Себебі олардың біздің өмірімізде алатын орны ерекше екенін білеміз.

«Мың теңге тұратын дәрі шарбағының дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сонымен қатар химиялық тәсілмен жасалатын дәрі-дәрмектерге қарағанда, дәрілік өсімдіктердің артықшылығы басым екені айдан анық .

Өсімдіктерден жасалатын дәрі-дәрмектердің адам организміне әсерін анықтау үшін, ең алдымен, оларды жан-жануарларға тәжірибе жасау арқылы зерттеп ,тексереді.

Қазақ емшілері ауру-сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектерінің қайнар көзі – ұлы табиғат және табиғат дүниесіндегі жануарлар мен жәндіктер. Нақтылап айтқанда бұлар 3 топқа бөлінеді.

  1. Өсімдіктер

  2. Жануарлар мен жәндіктер

  3. Минералды заттар

Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, шәйірі және тұқымынан дәрі-дәрмек жасалады. Жануарлардың сүйегі, еті, сүті, майы, жүні дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Мысалы:аю еті, бұғы мүйізі, жолбарыс сүйегі, сиыр сүті дәрі-дәрмекке көптеп қолданылады.

Сол сияқты мыс, сынап, күкірт, ашудас тәрізді минералдық заттардың да емдік қасиеттері бар.

Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі-өсімдіктер. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі-дәрмек алуға болады. Дәрілік өсімдіктерді жинап алғаннан кейін, жас күйінде пайдалану және кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады.

Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақтан арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай күнде кептіру, самалдатып кептіру әдістері қолданылады. Шөптік дәрі-дәрмекті ұзақ уақыт ұстағанда құрт түсуден, көгеріп шіруден сақтауға ерекше көңіл бөлу керек.

Осындай дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдіктердің бірі бөлмеде өсірілетін алоэ өсімдігіне тоқталайық.



Зерттеу барысы:

Дәрілік мақсатта көп қолданылатын өсімдіктердің бірі – алоэ. Оның осы күнде 350-ге жуық түрі бар. Шығыс елдерінде, Египетте бұл өсімдікті есіктен кіре беріс маңдайшасына іліп , ыдысқа өсіріп қоятын болған. Себебі дәл осылай өсірілген алоэ өсімдігі сол үй ішіндегілерге денсаулық тілеп, ұзақ өмір сүруге көмектеседі деп жорамалдайды. Сонымен қатар бұл өсімдік көп уақыт сусыз өмір сүре алады және соған қарамастан гүлдей беретін, өте шыдамды өсімдіктердің бірі . Сол себепті одан алынатын емдік шырынды арабша «сабыр», «шыдам» деп атайды екен.

Алоэ — суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы ”ащы” деген сөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдік қасиетіне байланысты ”Үй гүлдерінің королі” деген де балама атқа ие. 

Алоэның семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие.

Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэның жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.

Алоэның түрлері.

Алоэ вера

Үйде өсірілетін алоэның ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның  барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэнің бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.

Шұбар алоэ

Шұбар немесе жолбарыс алоэ (Aloe variegata) ең әдемі алоэ болып саналады, бойы да ұзын емес 30 см шамасында. Қошқыл (темный), қоңыр-жасыл , ақ түсті дақтар мен сызықтары бар.

Сол себептен де оны шұбар алоэ деп атаған. Жазда сарғылт-қызыл гүлдері болады. Гүлдері қарапайым әрі кішкентай болып шығады.

Сабын алоэ

Сабын алоэ (Aloe saponaria) – үйде өсірілетін бұталы алоэ. Жапырақ сабақшасы жуан болып келеді. Бойы 50–70 см., мамыр және маусым айларында гүлдейді. Гүлі ашық сары немесе қызғыш сары болып келеді.

Қорқынышты алоэ (Aloe ferox)

Бұл алоэның табиғи түрінің бойы 3 метрге дейін жетеді. Ал үй жағдайында өсірілетін түрінің бойы небәры 10-20 см. Жапырағының түсі көкшілдеу, кейде қызғыштау болып келеді. Жапырақтарының ұштарында тікірейген тікенектері болғандықтан оны қорқынышты алоэ деп атайды.

Ағаш тәріздес алоэ

Ағаш тәріздес алоэ (Aloe arborescens) — көбімізге белгілі, үйде өсетін алоэ. Бойы бір метрге дейін жетеді. Өскенде жан-жағына бұтақтары жайылып өседі.


Зерттеу нәтижесі:

Алоэ – үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы әрі кең тараған өсімдік түрі. Бұл өсімдік халықтық және медициналық тәжірибеде кең қолданылады.

Алоэ –лалагүлдер тұқымдасына жататын өсімдік. Отаны – Оңтүстік Африка. Жапырағы шырынды, кедір-бұдырлы, кейбіреуінің түрі алабажақ болады. Ұзындығы 60 см-дей. Шырыны алоэ негізінен Оңтүстік Африкада өсетін жабайы алоэдан алынады. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды , ол өсімдікті солып қалудан сақтайды. Үйде өсетін алоэның ағаш тәріздес түрі болады. Бүгінде алоэның ғылымға белгілі болған 180-дей түрі бар.

Алоэ шырынында ферментер, витаминдер көп, оның әр түрлі бактерияларды өлтіретін күші бар.

Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді. Алоэның қалыпты мөлшерде суғарып отыру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэны аммиак селитрасымен (1 литр 1 г қосып қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлес өзен құмы болуға тиіс. Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады.)қоректендіру керек .

Алоэдан алынатын дәрі-дәрмектер. Жас алоэ жапырағынан емдік – сабур ұнтағы алынады. Сабур қара, қоңыр түсті, өте ащы болады. Сабур басқа дәрі-дәрмектердің құрамына да араластырылады.

Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылу әдісі:

  1. Еркектер және балалар талма ауруына алоэдан 9 г, шикі пинелин 30г, байжу 30 г, қызылмия 15 г ұнтақтап оқ-дәрі жасап ішеді . Әр ретте 1,5 г ішеді.

  2. Түсті құрт жеп ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэны 1г ұнтақтап, оны тіске басады.

  3. Сыртқы жарақаттан қан шыққанда: алоэдан керекті мөлшерде алып, жаншып жарақатқа тамады.

  4. Кеңірдекшілер демікпесіне жас алоэны езіп, шырының күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

  5. Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағымен тіліп, жаның ауызына тартады. Шиқанның соқтасын соруға тез жазылуына, әрі қарай созылмауына, алоэ жапырағы көп көмектеседі.


Сондай ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына ем болып табылады.

Тұмау, бронхит, гайморит, фарингит, демікпе,өкпенің қабынуы,туберкулез – тыныс алу мүшелерінде болатын жұқпалы аурулар.

Бұлардың алдын алып, сақтық жасамаса, насырға шауып, індетке айналуы әбден мүмкін. Сондықтан туберкулезді - өкпе құрты деп тегін айтпаған.

Мәселен ғасырдың басында Қазақстанда әр жүз мың адамның 400-500-і туберкулез ауруына шалдығып, өмірлерімен қош айтысқан. Елімізде осындай індет жайлап кетпеуі үшін өкпе туберкулезінен қалай өтіп, әсер етуін зерттеп, оның алдын алып, сақтандыру шараларының әдісін жүзеге асыратын медицина саласы – фтизиатрия қажырлы еңбек етуде. Қазіргі фтизиатрияның негізгі мақсаты - өкпе туберкулезіне шалдыққандарды неғұрлым қысқа мерзімде құлан-таза емдеп шығару.

Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында дүниеге келген 17 жасқа дейін 5-6 жылда бір рет туберкулезге қарсы екпе егу нәтижесінде айтарлықтай күрес жүргізілді. Француз микробиологі Альберт Шарль Кальмет тұңғыш рет туберкулезге қарсы егілетін вакцина жасап, 1921 жылы нәрестелерге ең алғаш рет екті. Вакцина енген балаға туберкулез жұқпайтыны, жұққан жағдайда да баланың ауруға шалдыға бермейтінін ғалымдар анықтады. Егу нәтижесінде соңғы жылдары аталған сырқаттың 2,5 есе азаюына септігі тигендігі мәлім болды.

Өкпе туберкулезі – кедейлік кесепаты, соның салдарынан бүгінгі таңда әлжуаз адамдар туберкулезге жиі ұшырайды. Аурудың алдын алу үшін туберкулезге қарсы күрес жүргізу қажет. Халықты жылына екі рет арнайы дәрігерлік тексеруден өткізу негізгі міндет.

Денсаулығымыз мықты болу үшін мысқылдап кіріп, батпандап шығатын аурудан дәрісіз-ақ үй жағдайында емделіп шығуға болады . Мысалы, айналада өсетін дәрілік өсімдіктерді пайдалану арқылы емделіп щыққан адамдар саны жеткілікті .

Алоэны ел арасында емге ерте кезден пайдаланған. Оны Ұлы Отан соғысы кезінде жаралы солдаттарды емдеуге қолданған. Қазіргі кезде алоэдан әр түрлі препараттар даярлап көз, асқазан, ішек ауруларын емдеуге қолданады.

Бұл ауруды емдеуге алоэ сөлі төмендегідей жолмен дайындалады: Алоэның төменгі, болмаса ортаңғы жапырағын кесіп алып, қайнаған сумен жуып, тазалап 02-03 мм етіп уақтап,дәкеге орап, сығып сөлін жинайды.

Осылай алынған жаңа сөлді күніне 2-3 мезгіл тамақтанар алдында 20-30 минут бұрын 1 шай қасықтан ішу керек. Ал дәріханада алоэны сыртқы жараны емдеуге, ішкі жараны емдеуге арналған арнайы препараттары сатылады.

Алоэның тоқсаннан астам түрі бар. Табиғи алоэның отаны Африкадағы Капландия жері. Бұл жерде биіктігі 20 метр болатын ірі ағаш, қызғылт-сары шашақты, жағымсыз иісті гүл ашады. Оның иісінің нашарлығы сонша қасына барған адамның басы ауыра бастайды. Жергілікті халықтар алоэның кейбір түрлерінің талшықтарынан кілем тоқиды және теңіз кемелеріне керекті арқан жасайды. Алоэ талшықтарынан жасалған осы арқандар теңіздің тұзды суына өте шыдамды.



Сауалнама

Екібастұз ЖОББМ 4,6,10– сынып оқушыларына сауалнама сұрақтары.

Сұрақтар

Ия

Жоқ

1

Салауатты өмір салтын ұстанасын ба ?

+


2

Денсаулығынды нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктерді қолданасың ба ?

+


3

Өз туған жерінде өсетің дәрілік өсімдіктер жайлы білесің бе?

+


4

Шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерің білесің бе?

+


5

Бау-бақшамызда ,аяқ астында қаптап өсетің арамшөптерді дәрілік өсімдік ретінде пайдалануға бола ма?

+


6

Ауыл маңында, үйінде өсетін дәрілік өсімдіктерді қолданасын ба?

+


7

Медицинаның дамуына зор үлесің қосқан ғалымдар жайлы білесің бе ?


+






Сауалнама талдамасы .

4,6,10 сынып оқушыларының арасында өткізілген сауалнаманың талдамасына сүйенсек, оқушылар дәрілік өсімдіктер жайлы білгенімен , медицинаның дамуына зор үлес қосқан ғалымдар жайлы ақпараттар біле бермейді екен .


Қорытынды


Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия, Қытай, Жапон, Монғол елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрлері өте көп.

Фармаколог Ли Ши-Чжень Но алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, 52 томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.

Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни «Китаб – ас - сайдана» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық түрін жазған.

Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақытта басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік өсімдіктерді пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға, керекті оқулықтар жазып шығаруға көп көңіл бөлінген. Петр І кезінде Петербург қаласында дәрілік бау-бақша ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жұмыстары қолға алынды. Арнайы экспедициялар құрылып, табиғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы уақытта жергілікті жерде өсетін көптеген өсімдіктерді (кенеден, адыраспан т.б.) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.

Жалпы қолданылып жүрген препараттардың 40 проценті осы дәрілік өсімдіктерден жасалған.


Пайдаланған әдебиет



  1. «Жасыл аптека» Авторы: Л. К. Сафина,


Е. П. Петров.1995 жыл

2. «Өсімдіктер сыр шертеді» Авторы: Қ Сыбанбеков 2003 жыл

3. Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа. Авторы: М Османова

Ж.Лұқпанов 1997 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!