Материалдар / Дәріс "Баланың отбасындағы тәрбиесі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәріс "Баланың отбасындағы тәрбиесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
'Баланың отбасындағы тәибиесі' дәріс . Ата-ананың баланың тәрбиесіндегі ролі өте маңызды. Мектеп, ата-ана ұстаз болып саналы, білімді бала тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2022
683
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шағын дәріс «Баланың отбасындағы тәрбиесі»

Мақсаты: Мектеп, ата-ана ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, сауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімделуіне мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. «Отан отбасынан басталады» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзссіз.

Адамгершілік адамның рухани арқауы ал моральдық жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен атқарады.

Адамгершілік негізі имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған. Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие.

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсығада, жаманғада бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты со қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделініп отыр. Бүгінгі ұрпақ-еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз-қазіргі қоғам мұратына сай жан жақты жарасымды тұлға өсіру. Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күні сәулесі арқылы өсетін ситяқты қарастыруымызға болады.

Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ , оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқада қасиеттеріне байланысты.

Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата- бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату-біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың ідепті болып қалыптасу бабаларымыздың өнегі-өсиетін сабақта ұтымды пайдалан білуімізге байланысты деи ойлаймын

Әке-шешесі жақсы болса, балалары да жақсы тәрбие алып өседі.

Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те , «Жақсы әке-шеше» деген сөз қандай мағына беретін түсіндіре алмаймыз. Әке-шеше болатын адамдар жақсы ата-ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлаймын. Әрине педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксіз болып табылады. Адамның қандай да бір іс-әрекетін бағалағанда көбінесе біз белгілі бір нормалар мен идеяларға сүйенеміз, тәрбие іс-әрекетінде мұндай нормалар жоқ. Әйел болуды, күйеу болуды үйренген тәрізді немесе қандай да бір жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді әке-шеше болуды да үйренеміз. Жақсы әке-шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде қателіктер, сенімсіздіктер, сәтсіздіктер, жеңілістер сонымен қатар жеңістер де болуы мүмкін. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады. Және біздің жүріс-тұрысымыз, тіптібіздің балаға деген сеніміміздің өзі де, бірқалыпсыз, кейде қарама-қайшылықта болып келеді. Балалар бір-біріне қаншалықты ұқсамайтын болса, әке мен шеше де бір-біріне соншалықты ұқсас емес. Бала мен қарым-қатынаста терең жеке тұлғалық және бір-біріне ұқсамайтын болып келеді.

Әке-шешенің көбісі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды жоққа шығару керек. Осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керсінше, осы балаға деген махаббаттың жетіспеушігінен пайда болады.

Баламен үнемі терең психологиялық байланыс орнату-тәрбиенің әмбебап шарты болып табылады. Бұндай байланыс қай жаста болса да керек.

Ата-анасы мен байланысты білу, сезіну балаға әке-шеше махаббатын, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді. Осыған баланы сендіру керек. Тәрбие диалогын қалай құру керек. Оның психологиялық сипаты қандай болу керек. Ондағы басты мақсат-ортақ мақсатқа бірге талпыну, әр түрлі ситуацияларда әке-шеше мен баланың бір жақты бағыт ұстануы болып табылады. Бұл көзқарастар мен бағалаудың міндетті түрде бірдей болуы керек деген сөз емес. Көбінесе әке-шеше мен баланың көзқарастары сәйкес келе бермейді. Дегенмен мәселелерді шешеуде екі жақ бір бағыт ұстанатын бала әрқашан білуі, түсінуі керек [16].

Бала әке-шешенің тәрбиелеу обьектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің одақтасы болуы керек. Сондықтан отбасылық өмірге, мақсаттар мен жоспарларға ортақтас болғанда ғана біржақты тәрбие жойылып, маңызды диалог құрыла бастайды.

Диалогтық тәрбиелік қарым-қатынастың ең басты сипаты- бала мен ересектің позицияларын тең деңгейде қоюы болып табылады.

Тәрбие де диалогтан басқа өте бір маңызды ереже бар. Әке-шеше мен бала қатынасының бұл жағы психологиялық тілде-баланы қабылдау деп аталады. Қабылдау сөзінің мағынасы-баланың индивидуальды болуына, басқаға және әке-шешесіне ұқсамайтын болуына деген құқығын қабылдау. Баланы қабылдау-баланың өзіне сай ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерінің жақсы жақтары менжаман жақтарын бірдей қабылдай білу.

Ең алдымен әке-шешенің баламен қарым-қатынасын бағалауына назар аудару керек. Оның мінезінің ерекшеліктері мен тұлғалық қасиетіне жағымсыз баға беруден міндетті түрде бас тарту керек. Өкінішке орай көптеген әке-шешелерде «Өй миғұла қолыңнан түк келмейді, басқа балаларға қарашы қандай!», «Неге ғана сені өмірге әкелдім екен?» сияқты сөздер әдетке айналып кетті[14].

Қортындылай келе, тәрбиедегі ең басты ережелер-балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді.

  • Отбасында баланың жеке тұлға ретінде қарау;

  • Баланың өзін-өзі басқару (финанс, іс-әрекет т.б)

  • Баланың табиғатына сәкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру.

































Психологиялық тренинг «Жанұя бақыты »

Мақсаты: Ата –ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ –жауап ,топпен жұмыс,шығармашылық жұмыс

Қажетті құралдар: Ақ қағаздар А4 , фломастерлер, қалам,май шам,қалың қағаз,шар.

Тренинг бағдарламасы:

Психолог: Бүгінгі біздің отырысымыз ерекшк болады деген үмітпен тренингті бастаймыз.Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып ,ойымызды түйіндеп,өмір жолында пайдалану. «Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық.

Тренинг шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру.Яғни ата –ана баласымен бірлесе отырып,отбасы сурет арқылы көрсетіп,суреттің жан-жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.

«Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер. «Диаграмма құрастыру» жаттығуы.

Отбасы- сыйластық ,жарастық орнаған орта.Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қызығы,алтын тіреу діңгегі- бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп,не болмаса ата –ананың,баланың міндетін атқару ғана емес,береке-бірлік,сүйіспеншілікпен араласса,босағасы берік,шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп,оқушының ,ата –ананың бір күндік диаграммасын құру.

Ата –анаға:

1.Ұйқыға

2.Мектепке

3.Отбасымен қарым-қатынасқа

4.Үйірмеге

5.Достарына

6.Үй шаруасына

7.Жалғыз болуға

Диаграмманы қорытындылау.

«Тілек шамы»

Мақсаты: Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. «Міне ,қоштасатын да сәт жетті».Біз сіздермен жанұядағы ата –ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға,жан-жақты талқылауға тырыстық.Отбасы ,ұшқан ұя – жылылықтың жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы»жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.Бір –бірімізге мына шамды бере оьырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп,тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Ата –аналардың ,қатысушалардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.













































Семинар-тренинг «Ата-ананың мектептегі алатын орны»

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.

Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

Мақсаты: мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы, тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

  1. Сынып жетекшінің атқаратын міндеті;

  2. Ата-ананың атқаратын міндеті;

  3. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже.

Сынып жетекшінің міндеті:

  1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу;

  2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту;

  3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту.

  4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу;

  5. Ата-аналар комитетімен кездесу;

  6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайларын қорғауға кһмек көрсету;

  7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс;

  8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.

Ата-ананың міндеті:

  1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

  2. Сабақтан келген балаңның күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

  3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

  4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

  5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбен оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

  6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әртүрлі түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізумен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарымен барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушының ата-анасымен қалай байланыс жасаудың көптеген жолдары бар.

  1. Оқушының жаұнұясына барып тұру.

Бұл - ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі.Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанүяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде, сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендермен және кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.

Мұғалім ата-аналарды мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда, немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын үйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.

Ата-аналарға мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыруы пайдалы ғана емес,

сонымен қатар қажет. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

1. Ата-аналармен хат алмасу.

Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.

Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады.Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады.

Ата-аналармен хат жазысуға окушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.

2. Сыныптық ата-аналар жиналысы.

Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі.

Сыныптағы оку-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.

Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып,жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек.

Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б.

Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде,немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз,тіпті тілдеп те жібересіз.

Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.































Дөңгелек үстел «Бала өміріндегі жәбірлену»

Мақсаты: Жәбірлену мәселесі бойынша ата- аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және алдын алатын мүмкіндікке әкелетін ата -ананың тәртібінің алгоритмін дайындау /8/.

Міндеті:

*ата анаға бала өз балалық шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керектігін естеріне түсіру;

*жәбірлеу туралы нақты ақпарат беру;

*ата- аналарға бала тәрбиесінде есепке алатын ескертулер ұсыну.

Қатысатындар: 3 сынып оқушыларының ата аналары

Дөңгелек үстелдің дайындық кезеңі:

  1. Оқушылармен дөңгелек үстел өтпес бұрын алдын ала психолог «Мен өмірді таңдаймын» атты тренинг өткізу керек.

  2. «Қатыгездіктің, зорлықтың құрбаны кім?» тақырыбында пікірталас өткізу . Құрбаны болмау үшін уақытымызды бос жібермей, өзіміздің жетілуімізге жіберу керекпіз. Күн тәртібін құру.

  3. Ә радам жеке тұлға және ешкімге ұқсамайтынын жеткізу, өз өміріміз өз қолымызда екенін түсіндіру және өзін өзі бағалау декларациясымен таныстырып, өмір құндылығ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!