Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
дәріс жобалау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Дәріс №1
Дәріс тақырыбы: Қоғамдық-әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы
ХХ ғасырдың екінші жартысында интеллектуалдық әрекеттерді ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыруды жүзеге асырыла бастады және оның негізіне теориялық білімдер ғана емес, көбіне тәжірибелік талдау қызметтері алынатыны белгілі болды. Бұған дейінгі кездері ұйымдастырушылық мәдениеттің теориялық дамуы негізінде таңбалаудың жаңа түрлері – модельдер, алгоритмдер, ақпараттар қоры, т.б. жасаудың көптеген жолдары пайда болып, кейін бұлар жаңа технологиялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша, жаңа модельдер мен технологиялар өнім күйінде ғана емес, таңбалар түрінде шығарылып, олар жобалауды ұйымдастырудың басты элементтеріне айналды.
Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Кейін өзінің кең таралуына байланысты жобалау әмбебаптық сипат алды. Мысалы, экстенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жоба жасау және оны ендіру барлық салаларды: өнеркәсіп пен құрылысты, мәдениет пен саясатты, білім беруді қамтитынын көруге болады. Интенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жобалау объектісі мен тақырыбы, проблемасы мен әдістері, құрылымы бірдей болып келетін рефлексиялық құралдар арқылы (логикалық, семиотикалық, психотехникалық) ұйымдастырылатыны да байқалады. Осындай біртұтас не бірегей тұрғыда түрлі салаларда қолдануға болатыны жобалаудың әлеуметтік тиімділігінің көрсеткіштері болып табылады. Сонымен қатар, жобалаудың автономдығы басқа интеллектуалдық және әлеуметтік-мәдени әрекеттер түрлерінен, мысалы, ғылыми зерттеулер мен бағдарламалау, жобалау мен басқару, құрастыру мен т.б. қарым-қатынастардан өзгешелігін көрсетеді.
Бұдан бірнеше жылдар бұрын, қоғамның тұрақты дамуы кезеңінде қалыптасқан дәстүр бойынша, практикалық сала қызметкерлері, инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, технологтар мен басқа да маман иелері–ғылымнан, ғалымдар мен ғылыми –зерттеу орындарынан түсетін жаңа нұсқаулықтарды, ұсынбаларды сынақ–эксперименттен өткізетін, соған сәйкес құрылымдар мен технологиялар құрастырып, көпшілік тәжірибесіне ендіретін еді. Бүгінгі таңда, ақпараттар мен жаңалықтардың пайда болу жылдамдығы калыптасқан жағдайда бұлай жұмыс жасау тиімсіз екені белгілі болды.
Осыдан келіп, адамдар тәжірибесінде жаңа табиғи даму жолдарын пайдалану – әлеуметтік, экономикалық, технологиялық, білім беру т.б. жүйелердің өзіндік инновациялық модельдерін құрастыру: авторлық модельдер, технологиялар мен әдістемелер, т.б. жасап, жобалар түрінде тәжірибеге ендіру кеңінен тарай бастады. Зерттеушілер пікірінше, жобалау «сызба арқылы көрсету шеңберінен асып болашақ ситуацияны көзге көрсететін және адам баласын қоршаған жаңа жағдайларды өзгертудің негізін салады». Жаратылыстану ғылымы парадигмасы логикасындағы дәстүрлі жобалау техникалық, инженерлік, архитектуралық салаларда жоспарлау, модельдеу, «болашақ бейнені» құрастыру мақсатында қолданылып келді.
Жобалау институттары элитарлық түрде құрылып, оны жүзеге асыру олардан бөлек «технологтардың» міндеті болды. Жобалау мен технологиялық білімдердің біріктірілуі жүзеге асырылған елдерде (АҚШ, Жапония және т.б.) постиндустриалдық қоғамға қарышты қадамдар жасалғаны белгілі. Басқарудағы мұндай өзгерістер мен жаңғыртулар жобалау әрекетімен байланыстырылып, әуелі оның сұлбасын немесе идеалдық бейнесін белгілеп алу, оған жетуге қажетті әлеуметтіктехникалық әрекеттер құрылымын жасаудың маңызы атап көрсетіледі. 10 Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы. Жобалау әрекетінің ықпалымен ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық әрекеттердің басты түрі ретінде қарастырылуы азая бастады, сондай-ақ, жоспарлау түрі де жобалауға сәйкес өзгеріске түсті.
Ақпараттық технологияның дамуына сай компьютерлік бағдарламалау мен басқару тетіктері, оның құралдары өзгерді, осыдан келіп, жобалау түсінігі үнемі өзгеріп отыратыны белгілі болды. Солай бола тұрса да, жобалау мен зерттеуді біріктіретін нәрсе – олар үшін шынайы объектілердің ортақ болуы, ал объект өзін нысан ретінде алып отырған жағдайға сай ғылыми танымдық немесе жобалау қатынасы болған кезде ғана шынайы объект бола алады. Жобалаудың жаңа сипаты оның жүйелі зерттеу әрекетімен тығыз байланыстылығында, яғни, жобалау мен зерттеудің біріктірілуі бүгінгі өркениет тудырып отырған құбылыс. Өндірістің жүйелі құрылымына зерттеушілік, құрастырушылық және ұйымдастыру, басқару әрекеттерінің енуі өндіріс барысында өнім өндіру мен қатар оны ойлап шығару, өзгертіп отыру және қайта құру технологияларының қатар жүретінін көрсетеді. Бұл жағдайда әрекетті ұйымдастырудың біртұтас түрі қалыптасуына қызығушылық пайда болады, өйткені ол тұтастық жаңа технологиялар мен жаңа әрекеттердің пайда болуы, дамытылуы және құрастырылуы қызметтерін қамтиды.
Әлеуметтік жүйе құрамындағы қызметтік және адами компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі–жобалау болып табылады. В.М. Розиннің айтуынша, жобалау қызметі әрбір кіші жүйенің құрылымы мен деңгейлеріндегі дербес мақсат пен міндеттерін нақтылауды және оның орындалуын ресурстық қамтамасыз етуді көздейді, сонымен қатар, кіші жүйелердегі мақсат–міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жүйелерді жобалау шын мәнінде әдіснамалық–теориялық контекст ретінде қолданыла алады, өйткені, оның шығу көзі әдіснамадан, нақтылап айтқанда жүйелі ой–әрекеттері әдіснамасында пайда болған болатын. Жобалауды бүгінгі оның идеологтары «технологиялық универсум» - лат. universum.summa rerum- деп бағалайды, ал жобалауды жүзеге асыру кезеңі адамның қайта құру әрекеттері деп бағаланады.
Осы тұрғыдан алғанда кез келген жобалау қызметі әлеуметтік жаңғыртуды жобалау болып табылады. Жобалаудың негізіне трансцендентік (transcendensлат.мүмкіндіктің шегінен өту) міндет жатады, сөйтіп, кез келген жоба трансцендентік, өйткені ол осы шақтан болашақты жоспарлайды. Жобалаудың мәні оның келесі қайшылықтарды (антиномияларды) шешуге бағытталғандығында:
− әлеуметтік жүйедегі мүмкіндіктер мен қабілеттіліктердің арасындағы;
− идеалдық құрылым мен (идея) шектелген түрдегі құрылымның (нормаланған) арасындағы;
− әлеуметтік жүйенің потенциалдық мүмкіндіктері мен құндылықтардың мақсаттарға ауысуының және мақсаттың құралдарға ауысуының арасындағы.
Осыдан келіп әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалаудың адам қызметін жүзеге асыру және әр адамның өз идеясын ұсыну және орындаудың негізгі құндылық екендігін мойындайтын жаңа сананы бекітеді. Жобалаушының қоршаған ортаға қатынасы төрт мазмұндағы кеңістікке шығуы деуге болады. Олар: ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық. Осы тәрізді трансценденттік кеңістікке шығу жобалаушыға жобаның тұтас үрдістігін және болашаққа бағытталғандық сипатын сақтауға мүмкіндік береді.
Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы мен оның өлшемдері біздің ойымызша кез келген жүйедегі жобалау әрекетіне көшіруге мүмкіндік береді. Олар:
− трансцендентік жобалау берілген материалдық және интеллектуалдық мәдениет деңгейінде пайда болатын мүмкіндіктерге сәйкес болуы тиіс;
− трансцендентік жобалау өзінің тұтастығын сақтау үшін жоғары тиімділікке құрылуы тиіс:
− жетістіктерді сақтау мен оларды жақсартып отыру әдістерін ұсынады;
− құрылымның өзіндегі тұтастықты және ондағы негізгі бағыттар мен қатынастарды анықтайды;
− оны жүзеге асыру адамның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін белгілі бір әлеуметтік институттар арқылы қамтамасыз етіп отырады.
Жобалау қызметі оған қарама-қарсы, болашақ модельдерді ғылыми негізделген дәл есептеулермен қамтамасыз ететіндіктен, қайта құру және өзгерістер жағдайында басқарудың басты қызметтерінің бірі бола алады. Сонымен қатар, жасалатын әрекеттің мақсаты мен оған қажетті стратегияны айқындау да өзгерістер жоспарын нақтылауға мүмкіндік береді. Кейбір зерттеушілер басқарудың жобалау және жобаны жүзеге асыру қызметтерін біріктіре жүргізуіне көңіл бөлінген, оның бірден бір жолы ретінде жобалау әрекетін ендіру және қолдану кезеңдерін есепке ала отырып, одан әрі дамыту деп есептеледі. Осылайша, әлеуметтік – техникалық тәсілдер мен қызметтер ретінде дамытыла және рәсімделе отырып, басқару жобалаумен екі түрлі байланыста болады.
Оның мәні, біріншіден, жобалау–басқарудың бір элементі, құрамдас бөлігі болып табылады және соған сай әрекеттер жүйесінде жобалаудың өз орны бар. Бұл жағдайда жобалау мен басқару компоненттері өзара ерекше байланысқа және ассимиляцияға түсе алады. Екіншіден, басқару қызметі жобалау әрекетін түгел қамти алады. Бұл жағдайда жобалау бөлек автономды жағдайда жүргізіледі және басқару оның қызмет етуіне, одан әрі дамуына, жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Бірақ оны басқаруға бағыныштылық деп қарауға болмайды, осы жерде басқару мен жобалау өзара күрделі байланыс пен қатынаста болады дей аламыз. Жобалау әрекеттерін басқару жоғарыда аталған қазіргі заманғы әлеуметтік техникалық амалдардың басты көрінісі болып табылады. Осы жаңа ұйымдастырушылық мәдениеттің тірек ұғымдары: жоба, жобалау, технологияландыру, рефлексия – пайда болып, бүгінгі күні кеңінен қолданылысқа енуде.
ХХ ғасыр аяғындағы қоғамдағы саяси -әлеуметтік қарқынды өзгерістер жобалауды әлеуметтік мәдени өзгерістерді басқару контекстінде де қарастырудың маңыздылығын айқындауда. Өйткені, бүгінгі ақпараттық жаңғыртулар ұдайы жүріп отырған қоғамдық өндірістің қуатты күші ауқымы жағынан табиғи үдерістермен барабар келіп, осы жағдайда адамдардың өзгермелі жағдайларға уақытында тез жауап бере алатын жаңа әрекеттерін ұйымдастыруды қажет ететін ортаны қалыптастыруда. Қазіргі заманғы ғылым мен өркениеттің жаңа парадигмасына сай әлеуметтік жүйелердің өзгерістері, ондағы адамның орны мен ұйымдастырушылық рөлі туралы мәселелер философиялық, мәдениеттанушылық және психологиялық тұрғылардан қарастырылуда. Бұл бағытта отандық ғалымдар бүгінгі әлеуметтік–мәдени жағдайларға қатысты жан-жақты зерттеулер ұсынуда.
Бекіту сұрақтары:
1. Жобалаудың пайда болуы және эволюциясы.
2. Жобалаудың әлеуметтік– мәдени қызметі.
3. Жобалаудың универсалдық қызметін мысалдар арқылы дәлелдеп көріңіз.
4. Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы.
5. Күрделі жүйелерді дамытуды жобалау қызметі негізінде ұйымдастырудың алғы шарттары
6. Әлеуметтік жүйелерді дамытудағы адами ресурстардың маңызы.
7. Жобалау неліктен «технологиялық универсум» ретінде жоғары бағаланады?
8. Г.Маркузенің «трансцеденттік жобалау» тұжырымдамасының мәнін түсіндіріңіз?
Дәріс №2
Дәріс тақырыбы: Педагогикалық жобалаудың зерттелуі мен түрлері
Белгілі жүйетанушы О. Г. Прикоттың ғылыми зерттеулерінде педагогикалық жүйелер қазіргі білім берудегі жобалаудың қолданбалы қызметінің әдістемелік базасы бола алады және білім беру саласын дамытудағы ізденістерді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық жобалауды жүйелік тұрғыдан қарастыру тұжырымдамасы негізінде өткен ғасырдың 80-жылдары ене бастады. Олар Ю. К. Бабанский, В. С. Ильин, В. П. Беспалько,т.б. педагогикалық үдерістегі жүйе құраушы идеялары негізінде пайда болды. Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қарастыру олардың педагогикалық әрекеттерді жобалауға жаңа көзқарастарын көрсетеді. Ондағы мақсат мұғалімнің жобалық әрекеттері оқушыны дамытуға бағытталғандығын байқатады. И. П. Волков өз еңбегінде болашақ педагогтың үш кәсіби сапасы – пәндік, педагогтық және жобалау кәсіптерін болуын құптайды. Жобалау білім саласындағы кәсіби әрекеттердің жетекші компоненті болып табылады, сонымен қатар ол білім беруді басқаруға да бағытталады.
М. А. Данилов педагогикалық үдерістегі жобалаудың негізгі бағыттарын жасай отырып, П. Ф. Каптеревтің идеяларын қайта жаңғыртты. Оның мазмұны педагогикалық үдерістің ішкі жақын – педагогикалық үдеріс логикасын, педагогикалық зерттеу логикасын, педагогикалық перспектикалық ойлау логикасын болашаққа қатысты құрастыру болатын. Автордың ойынша болашаққа бағытталған педагогиканың басты шарты жаңа жаңарған педагогикалық сана болып табылады. Жобалау өзгермелі кезеңдердегі даму тенденцияларының жан–жақтылығы жағдайында педагогикалық жүйенің стратегиялық бағдарларын үнемі қамтамасыз етіп отырады.
Олар:
- жүйені белгілі бір қызметтері, қарым –қатынастары және қасиеттері деңгейінде жетілдіріп отырады;
- жүйенің жаңа қарым – қатынастарын, қасиеттерін және икемділігін қалыптастыратын компенсаторлық қызметтер дамытып отырады;
- тұтас құрылым құрамында пайда болатын жаңа жүйелердің қызметі мен орнын қарастырады;
- белгілі бір қызметтердің, қарым –қатынастардың және қасиеттерінің өзгерістерге түсуіне сәйкес жүйенің түрленіп отыруын қамтамасыз етеді;
Көрсетілген бірінші және екінші қызметтер арқылы жүйенің типтік ұқсастығы қамтамасыз етіледі, жобалау нәтижелерінің алдын ала белгіленетіндігі де, бірегейленетіні да осыдан. Бүгінгі таңда жобалау әрекеті педагогикалық жүйелерді жаңартатын, ондағы оқыту мен тәрбие үдерісін үшін жаңа жағдайлар жасай алатын көп функционалдық педагогикалық әрекет деп қарастырылуда. Жобалаудың білім берудегі қызметін анықтауда В.П.Беспальконың пікірлеріне сүйене отырып, зерттеушілік, талдаушылық, жобалаушылық, жаңартушылық, нормалаушылық, құрастырушылық, т.б. көптеген сипаттағы мәндерін белгілей аламыз.
Өзінің көпфункционалдық сипатына сай педагогикалық жобалауды төмендегі сапаларда қолдануға болады:
Білім беру құралы ретінде әлеуметтік–мәдени контексте пайдалану, мысалы, білім алушылардың корпоративтік мәдениетін, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыруда қолдануға болады;
Оқыту/тәрбиелеу құралы ретінде–білім берудің дәстүрлі түрлерінен бөлек қосымша, сабақтан тыс түрлерінде, мысалы, дипломдық жұмыс, ғылыми жобалар жазуда пайдалану;
Процедуралар ретінде–мысалы, басқару үдерісінде пайдалану;
Дамыту түрі ретінде – инновациялық жолмен дамыту сипатында жүйелерді, құбылыстарды, үдерістерді дамытуда пайдалану.
Дамыту–педагогикалық жүйенің әлеуметтік қызметін жоғары деңгейде жүзеге асырудағы немесе жаңа функцияны іске асырудағы білім беру жүйесіндегі (құрылымындағы, жүйеаралық байланыстардағы, әлеуетіндегі) сапалы өзгерістер.
В. И. Слободчиков педагогикалық жобалаудың екі түрін ажыратады, олар: Біріншіден, оқытуды әрекеттердің тәсілдерін игеру ретінде қарастыра отырып, білім беру үдерісін педагогикалық – психологиялық жобалау; Екіншіден, білім беру үдерістері жүргізілетін институционалдық құрылымдар мен білім беру ортасын әлеуметтік –педагогикалық жобалау; В. П. Бедерханова да жобалаудың көптеген тәжірибелік нұсқаларын талдай отырып, жобалауды екі үлкен бағыттарға ажыратады. Біріншісі, интенсивтік сипаттағы жобалар жасау және жобалау әрекеттері. Оларға ұйымдастырушылық– әрекеттік, инновациялық ойындар мен жобалау жиындары. Екіншісі, жобалау әрекеттері негізінде ұжым мүшелерінің бірлесе отырып қадамнан–қадамға аяқ басуы арқылы білім беру мекемесіне гуманитарлық бағдар беру.
Педагогикалық жобалаудың жаңарту нысанына, мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты бүгінгі таңда негізгі үш түрі белсенді дамып келеді:
– әлеуметтік–педагогикалық жобалау, олар әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;
– психологиялық–педагогикалық жобалау, оның мақсаты адамдар мен олардың қарым– қатынастарын білім беру үдерісі барысында жаңарту;
– білім беруді жобалау, ол білім сапасы мен нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның институттарын инновациялық өзгертуді жобалау деп белгілей аламыз.
Білім берудегі жобалау және педагогикалық жобалау түсініктерінің өзіндік мәні жөнінен де, мағынасы жөнінен де бір бірінен айырмашылығы бар. Білім берудегі жобалауды менеджменттік, экономикалық және құқықтық, т.б. салаларда қолданылу мүмкіндігіне қарай оны педагогикалық шеңберден тыс қарастыруға болады. Сөйте тұра, гуманистік педагогика қағидаларына сай алатын болсақ, білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған кез келген әрекет педагогикалық құндылықтармен, адамилық тұрғылармен сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, білім берудегі жобалау әрекетінің педагогикалық қызметтерді де атқаратыны белгілі. Жобалау әрекетінің мүмкіндіктері ақпараттық– коммуникативтік технологияның дамуымен де кеңейді, сөйтіп, білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі қалыптасты деп айта аламыз. Педагогикалық жобалау–педагогтар мен оқушылардың, педагогикалық қоғамның қарымқатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үдерісі деп анықталады.
Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, жобалау әрекеті негізінде пайда болатын өнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға орай білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық (үрдістік) деңгейлерде жүзеге асырылады. Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі жобалау нысанының тұжырымдамасын немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады. Мысалы, білім стандартының моделі, бағдарлама тұжырымдамасы, оқу жоспары жобасы, т.б. бұл деңгейдегі жоба нәтижесі универсалдық сипатта болып, келесі деңгейлердегі осыған ұқсас өнімдерді құрастырудың әдіснамалық негізі бола алады.
Жобалаудың мазмұндық деңгейі нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді, мысалы, бастауыш білім стандартын жасау, лигвистикалық гимназияны дамыту бағдарламасы, әлеуметтік педагогтар мамандығының оқу бағдарламасы, т.б.
Жобалаудың технологиялық деңгейі берілген контексте қолданылатын тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді көздейді, мысалы, тұлғалық–бағдарлы оқыту технологиясы бойынша сабақ жоспарын құру, топтық әрекеттер әдістемесінің алгоритмі, т.б.
Процессуалдық, үрдістік деңгей жобаның тәжірибеде қолдануға дайын түрін сипаттайды, мысалы, сабақтардың әдістемелік жоспары, шараларды өткізу сценарийлері, тәрбие жұмысының әдістемесі, т.б. Егер жоба тұрақты күйдегі ұғымды білдірсе, онда жобаны жасау оны құрастыру қозғалыстары болып табылады, өйткені, ойлау әрекеттері ұйымдастырушының бірқатар ізденістік–зерттеу қызметтерін, ойлау операцияларын көздейді, олар – болжау, жобалау, модельдеу, құрастыру.
Ал жобаны жүзеге асыру – ұйымдастырушының басқарушылық әрекеттеріне қатысты операцияларын– бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау, т.б. қажет етеді. Олай болса, болжам жасау, жобалау, модельдеу, құрастыру, бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау әрекеттері жобалау қызметінің өз алдына жеке түрлері ретінде қарастырыла алады. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының бойында аталған әрекеттер жүйесі көлемі жағынан шағындау деңгейде осы ретпен орындалып жатады.
Мысалы, белгілі бір ауқымды мәселені болжау барысында төмендегі жобалау алгоритмі рет –ретімен орындалады:
– мәселені нақтылау;
– оның «болашағын» болжау – қазіргі жағдайдағы мәселелер, күні ертең шығуы айқын және алдағы уақытта пайда болуы мүмкін проблемалар;
– оларды ескере отырып, басқару әрекетін дамытудың тиімді жолдарын жобалау;
– қолайлы нәтижеге жету жолдарын жоспарлау;
– қабылдануы қажетті шешімдерге баға беру;
Осы әрекеттердің ішіндегі ең маңызды рөлді жобалау атқарады, өйткені,ол оған қатысты барлық әрекеттермен тығыз байланыста, сонымен қатар, аталған әрекеттердің барлығы да жобалау объектісі қызметін атқара алады. Білім беруді дамыту стратегияларына жасаған талдаулар көрсеткендей, бүгінгі өзгерістер реформалау, жаңарту деген түсініктер шеңберінде жүргізілуде. Олардың мәні өзгерістердің нақты нәтижелік мақсаты болуын, нақты идеяға негізделген әрекеттер бағдарламасы болуын көздейді. Осылайша, қазіргі заманғы әдіснамалық, мәдениеттанымдық, ғылымтанымдық және психологиялық– педагогикалық–әлеуметтік ғылымдар қағидаларына сүйене отырып, жобалау – педагогикалық феномен дей аламыз және оның негізгі сипаттамаларын төмендегідей көрсетуге болады:
1) жобалаудың мақсаты мен соған сай педагогикалық іс -әрекеттер қайта жаңартуларды көздейді;
2) жобалау педагогикалық рефлексия арқылы қамтамасыз етілетін болашақтың нақты бейнесін жүзеге асырады;
3) педагогикалық жобалау жобалау нысанын ғана емес, оған қатысушы жобалау субъектілерін дамытуға бағытталады. Жобалаудың мүмкіндіктері педагогикадағы ақпараттық - коммуникативтік технологияның дамуымен де кеңейеді, сөйтіп, білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі одан әрі дами түседі деп айта аламыз.
Бекіту сұрақтары:
1. Педагогикалық жобалаудың бүгінгі қолданылу аясы.
2. Жобалауды педагогикалық жүйелер тұрғысынан қарастырудың мәні.
3. В. И. Слободчиков бойынша педагогикалық жобалаудың түрлері.
4. В. П. Бедерханова белгілеген педагогикалық жобалау бағыттары.
5. Педагогикалық жобалаудың нысанына, мақсаты мен нәтижелеріне байланысты түрлерін сипаттаңыз.
6. Білім берудегі жобалау және педагогикалық жобалау түсініктерінің айырмашылығы неде?
7. Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру деңгейлерін атаңыз.
Дәріс №3
Дәріс тақырыбы: Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты. Ғылыми еңбектерді талдау
Өркениет дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде ұйымдастырушылық әрекеттердің негізгі түрлері пайда болды, оны бүгінгі зерттеушілер ұйымдастырушылық мәдениет деп белгілеп отыр. Қазіргі әлеуметтік жүйелерде ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалауға негізделген түрі пайда болуын ғалымдар түрліше түсіндіреді. Мысалы, ХХ ғасырда әлеуметтік–мәдени жүйелерді интеллектуалдық ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыру мен жүзеге асыру теориялары кеңінен тарай бастады. Сонымен қатар, оның негізіне тек теориялық білімдер емес, көбіне осы бағыттарда тәжірибелік талдау қызметтері алынғаны байқалады.
Бұған дейінгі ұйымдастырушылық мәдениетте теориялық таңбалаудың жаңа түрлері – модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б. жасалған болатын, кейін бұлардың барлығы да жаңа теориялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша таңбалар түрінде пайда болған жаңа теориялар мен технологиялар алынатын өнімді ғана емес, жалпы технологияларды, бағдарламаларды жобалау қызметін ұйымдастырудың басты түріне айналды.
В. А. Никитин дәстүрлі ұйымдастырушылық мәдениетті адамзат қоғамы дамуының ең алғашқы кезеңдері деп қарастырып, ондағы әрекет жолдары мен амалдарын сол қоғам тұрғысынан сипаттайды. Корпоративтік - қолөнерге бағытталған ұйымдастырушылық мәдениеті ортағасырлық діни иерархия құрылымы, қалалар мен университеттер жағдайларындағы білім мен дағдыларға үйрету әдістері түрінде қарастырылады. Одан кейінгі кәсіби (ғылыми) ұйымдастырушылық мәдениетті барлық бағыттардағы кәсіби орталарды біріктіретін әрекет ретінде ғылым алынады, кәсіби мәдениеттің негізіне ғылыми білім қойылып, барлық материалдық және рухани өндірістердің негізіне білім мен ғылым жатқызылды.
Сөйтіп, бірнеше ғасыр бойына ұйымдастырушылық мәдениеттің кәсіби түрі жетекші рөл атқарып келді. ХХ ғасырдың аяғына қарай ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуында қайшылықтар пайда бола бастады, олар: − ғылыми құрастырылған дүниенің біртұтас бейнесі мен ғылымның өзі туындатқан парадигмалар ауысуынан пайда болған ғылыми білімнің құрылысы арасындағы қайшылық; − ғылыми білімнің қарыштап дамуы, оны өндірудің технологияландырылуы, дүниенің біртұтас бейнесінің өзгеруіне, соған сәйкес, кәсіби бағыттардың бірнеше мамандықтарға бөлшектеніп кетуі; − қоғамның тегіс салалануымен қатар, көпмәдениеттіліктің дамуы, әр мәдениеттің өз тарихы мен өзін танытуға ұмтылуы бұрынғы «жаппай европалану» үрдісінен мүлдем бөлек қалыптасуда.
Сонымен қатар, дәстүрлі ғылыми модельдер мүмкіндіктерінің шектеулі, әмбебап болмауы ұйымдастырушылық мәдениеттің технологиялық (жобалық -технологиялық) түрін қажет ете бастады. Осы үдерістер өзімен бірге әлемдегі саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени ситуациялардың тұрақсыздануы мен өзгермелілігін алып келді, сөйтіп, бірінен соң бірі пайда болып жатқан жаңа жағдайлар тәжірибенің де үнемі өзгеріп отыруын қажет етіп отыратыны белгілі болды. Жобалаудың инновациялықты дамытудағы рөлі.
«Инновация» термині ғылымға XIX ғасырдан бері қоғам дамуын көрсететін қажетті көрсеткіштерінің бірі ретінде белгілі болды. Ең әуелі бұл ұғым антропология және этнография ғылымдарында пайдаланылып, мәдени өзгерістерді зерттеулер барысында «дәстүрлі» деген түсініктің қарама қарсы мәні ретінде қолданылды. XX ғасырдың басында «инновациялық жаңғыртулар» терминін экономика саласы кеңінен пайдаланып, шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік табыстарын қамтамасыз ететін элементтер комбинациясы ретінде қарастыра бастады. 30- жылдардан бері бұл түсінік менеджерлер арасында белгілі бір «фирманың инновациялық саясаты» термині ретінде кеңінен тарап, инновация «дәстүрлі» ұғымына қарама қарсы қолданылатын болды. Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы екі кезеңді бөліп көрсетеді. Оның бірінші кезеңі қоғамдағы жалпы өзгерістермен тығыз байланысты болып, жобалау қызметінде еркіндіктерге ие болған кездермен сипатталады.
Бұл кезеңде стихиялық жобалау тәжірибесі, әсіресе білім беру саласында, кеңінен қанат жайып, өз «жобаларын» құрастыру мен ұсыну жаңашыл мұғалімдерден бастап білім мекемелеріне дейін орын алды. Осы жағдайларды талдау қорытындылары жобалау тәжірибесі мен оның мәдениеті қалыптаспағандығын көрсетіп, жобалауға мәдени түр беру, оны мәдени тәжірибеге айналдыру міндетін алға қойған болатын. Сөйтіп, жобалаудың екінші кезеңі басталды, ресейлік және отандық ғалымдар осы кезеңнен бастап жобалаудың педагогикадағы инновациялардың мәдени түрі деп белгіленуіне негіз қалыптасты деп санайды.
Жобалаудың мәдени контекст алуы оны басқа ғылымдар тұрғысынан, соның ішінде, педагогикалық - психологиялық тұрғыдан, педагогика тарихында қалыптасқан үрдістерге сай зерделеуге мүмкіндік берді.
Инновациялық үрдістерді жобалау негізінде мәдени дамыту тәжірибесі екі түрлі бағытта қалыптасқандығын айта кету керек. Біріншісі, эмпирикалық деуге болады, ол– бәсекеге қабілетті жобаларды таңдау мақсатында тиімді жобаларды құрастыруға үлгі ретінде қолдануға болатын жобалаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іріктеп алу жолы. Екіншісі, үдерістерді дамытуды көздейтін жобалар үшін қажетті арнайы заңдар мен заңдылықтарды теориялық зерделеу болып табылады. Даму барысында жобалау басқару қызметі контекстіне де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым контекстіне және инновациялардың мәдени түрі ретіндегі контексте қарастырылады. Осы аталған үш контекст өз сипаттамаларына сай ортақ негізге ие бола тұра, теорияда да, тәжірибеде де бір-бірінен бөлек талданып келеді.
Қазіргі замандағы қоғам мен әлеуметтік құрылымдар реформаларының, соның ішінде білім беруді жаңартуға қатысты өзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты берілген контекстерін синтездеу арқылы жобалауды негіздеуге болатыны айқындалады. Бұл жобалау қызметін басқарудағы инновациялардың мәдени түрі ретінде де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым ретінде даму жолдарын айқындаудағы негізгі әдістер мен технологиялар ретінде де, басқарудың негізгі процедурасы ретінде де қарастыруға мүмкіндік береді. Аталған синтезді жүйелі ой-әрекеттері теориясының әрекетті өзгерту және мәдениет тудыру схемасына сүйене отырып көрсетуге болады. Осы схема бойынша өзгерістердің түрлі әлеуметтік-мәдени ситуацияларда пайда болатын қайшылықтарын жаңа инновациялық қызмет ендіру арқылы реттеуге болатыны дәлелденген, бұл инновациялық қызмет жобалау болып табылады.
Н. Г. Алексеев атап көрсеткен білім берудегі инновациялық қозғалыстарды мәденилендіру жолдары осы көтерілу үдерісіне де, жүзеге асырылу үдерісіне де сәйкес келеді дей аламыз. Өйткені, жобалау қызметі үздік үлгілерін іріктеп алу көтерілу үдерісіне, ал жобалауды технологиялық құрастыру мен теориялық зерделеу жүзеге асырылу үдерісіне тән құбылыстар. Жобалаудың жоғарыда аталған үш аспектісінің синтезі осы екі үдерісті қамтиды. Мысалы, білім беру ұйымын басқарудың мәдени–инновациялық сипатын алатын болсақ, оның технологиялық циклі білім берудегі тәжірибені қайта жаңғыртуға деген әлеуметтік сұраныс қабылдаудан басталып, инновациялық жобалау арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы үшін, педагогикалық тәжірибенің даму барысында кем дегенде үш мәдени - инновациялық құрылым қалыптасты деп айта аламыз. Біріншісі, катехезистік, діни педагогика деуге болады, оның базалық мазмұны діни ритуалдар мен символдар аясындағы тәртіп пен әрекеттермен байланыстырамыз. XVI ғасырдың аяғында Ян Амос Коменский идеяларының ықпалымен екінші, эпистемологиялық педагогикалық құрылым қалыптасты. Оның негізгі мазмұны объектіге бағытталған оқыту болса, басты девизі «барлығына да барлық білімді беру» болып танылды. Бұл құрылым осы күнге дейін оқытудың негізіне алынып келеді, яғни, мәдениет тасымалдау құралы ретінде теориялар мен модельдерді оқытуды, білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік-мәдени түрі ретінде сыныпсабақ жүйесін негізге алады. Үшінші, педагогикалық құрылымды инструменталдық немесе технологиялық атауға болады.
XVIІІ ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында пайда болған құрылым білім мазмұнына негізінен құралдар мен әдіс- тәсілдер ұсынған болатын. Бүгінгі кезең педагогикада мүлдем жаңа құрылым қалыптасып келе жатқанын көрсетіп отыр, оның негізіне жоғарыда аталған құрылымдарға қарағанда білім, білік, дағдылар мен қажетті сапалар синтезі ретінде қалыптасып келе жатқаны белгілі. Жобалауды дайындау және құрастыру кәсіби мәдениеттерде пайда болған таңбалар түрлері–теориялар, модельдер, түсініктер, ұғымдар, формулалар мен алгоритмдер негізінде жасалады. Бұлардың барлығын ұйымдастырудың ең жаңа және тиімді құрылымы барлық бұқаралық қарым–қатынас саласында, басқару мен экономика саласында, ақпараттық қызмет көрсету мен білім беру салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан – технологиялар сипатында болады. Жеке–даралық жағдайда бірде–бір ғылым саласы, теория мен тәжірибе немесе бір мамандықтың ғана шеңберінде барлық технологиялық цикл қамтамасыз етілуі мүмкін емес, сонымен қатар, олардың әрқайсысының өміршеңдігі өз қызметінде сыртқы әрекеттерді қабылдай алушылық қабілеттілігіне тығыз байланысты. Осыдан келіп, қазіргі заманға тән технологиялық мәдениеттен алатын орнын анықтау субъектінің жобалауды немесе бағдарламалауды құрастыру мен жүзеге асырудағы рөлін белгілеуі болып есептеледі. Субъектінің өз мүмкіндіктерін анықтау немесе жүзеге асыру үшін мәдени-техникалық деп шартты түрде аталатын циклдың төмендегі позицияларының бірін өзіне алуға қабілетті болуы тиіс.
Егер жобаны жүзеге асыру жүйенің белгілі бір бөлігіне өзгеріс әкелетін болса, бағдарламаларды жүзеге асыру жүйеге белгілі бір үдерісті, әрекеттерді алып келеді. Мысалы, жобалық бағдарламалар күрделі, кешенді жобаларды құрастырумен қатар оларды ұйымдастырушылық-технологиялық жүзеге асырады.
Бекіту сұрақтары:
1. «Ұйымдастырушылық мәдениет» нені білдіреді және оның өзгерістерін немен түсіндіруге болады?
2. Ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалауға негізделген түрі қалай пайда болды?
3. Ұйымдастырушылық мәдениеттің даму кезеңдеріне В.А.Никитиннің сипаттамасы.
4. ХХ ғасырда ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуында қандай қайшылықтар анықталды?
5. Н.Г.Алексеев бойынша жобалауды жүзеге асыруда қандай кезеңдер болды?
6. Жобалау негізінде инновациялық үрдістерді мәдени дамыту тәжірибесінде қалыптасқан бағыттар.
7. Жобалаудың негізгі қарастырылатын контекстері мен оларды синтездеу үлгілерін сипаттаңыз.
8. Жобалау арқылы жаңа мәдениет тудыру және білім беру мен ғылыми әрекеттердің мәдени инновациялық түрі ретіндегі схемаларына талдау жасаңыз.
9. Педагогикалық тәжірибенің даму барысындағы үш мәдени-инновациялық құрылымға сипаттама беріңіз.
Дәріс №4
Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік жобалау
Бүгінде әлеуметтік басқару, әлеуметтік жоспарлау, әлеуметтік және ұйымдастырушылық үдерістер мен құрылымдарды құрастыру және жобалау, дизайнерлік және архитектуралық жобалаулар топтарының тәжірибелері қалыптасып, жедел дамуда. Олардың басты ерекшелігі-бір жағынан, ондағы объектілер әлеуметтік тұрғыдан сипатталғанымен, екінші жағынан, әрекеттердің орындалу стратегиялары жүйелік-техникалық, квазиинженерлік және жобалық сипатта орындалады.
Осындай ғылыми ізденістерде пайда болған жаңа бағыттарды әлеуметтік құрастырулар деп атау шартты түрде болады, өйткені, әлеуметтік зерттеулер көмегімен біз әлеуметтік объект туралы біле аламыз, әлеуметтік құрастыру (модельдеу) оның даму бағыттарын айқындап береді, ал әлеуметтік жобалау оны жүйелік тұрғыда тиімді түрде қайта құру жолдарын көрсетеді. Олар әлеуметтік құрастырудың бірнеше принциптерін белгілейді.
Олар, жоғарыда айтылған-алдын-ала талдау жасау, объектіге жүйелі сипаттама беру, мақсат қою және оған жету жолдарын анықтау, жүзеге асыру әрекеттері. Бұл жерде құрастыру идеясын көздейтін түйінді сөздер де анықталған - әлеуметтік зерттеулер, болжау, тиімді түрде қайта құру, жүйелік тұрғы. Осылайша, әлеуметтік инженерия саласын құрайтын жаңа әрекет негізделіп, ол жалпы түрде әлеуметтік жобалау деп көрсетіліп жүрсе де жаңа әрекеттің нақты атауы болған жоқ. Жаңа атаудың қажеттігі сол кездегі қоғамдық санада пайда болған жаңа құбылысты – ұйымдастыру әрекетіндегі инженерлік парадигманың орнына келіп жатқан жобалау парадигмасын-әлеуметтік құрастыру терминімен түсіндірудің жеткіліксіз болуынан еді. Сөйтіп, 70 - 80– жылдары бұл әрекеттің жаңа атауы - әлеуметтік жобалау ретінде қалыптасты.
Әлеуметтік жобалау бір-біріне теориялық қағидалары бойынша тығыз байланысты екі бағытта дамуда. Бірі, философияға негізделсе, екіншісі, әлеуметтану ғылымына сүйенеді. Олардың екеуіне де ортақ болып отырған тұжырым - әлеуметтік жобалау, әлеуметтік инженерияның бір түрі ретінде өзекті әлеуметтік проблемаларды шешудің тиімді құралы ретінде қызмет етуі қажет деп есептелуі. Осылайша қарастыру арқылы әлеуметтік жобалаудың мәнін өз қайшылықтары, проблемалары мен дағдарыстары бар қалыптасқан қоғамдық тәжірибе емес, алға мақсат қылып қойылған, таңдап алынған идеалды деп есептелетін тәжірибе деп түсіндіреді.
Т.М.Дридзенің айтуынша, болжаулық немесе проблемалық-мақсаттық жобалау әлеуметтікэкономикалық даму мақсаттарына сай болашақтағы әлеуметтік проблемаларды қолда бар ресурстарды ескере отырып шешу жолдарын жасауға бағытталған әлеуметтік технологияға жатады. Жобалаудың мақсаты-басқарушылық шешімді алдын ала ғылыми негіздеу. Автор сонымен қатар, аталған технологияның ғылым мен тәжірибеде сол кезде терең қарастырылмағанын үш бөліктен тұратын - болжау - жобалау – бағдарлама немесе жоспарлау басқару жүйесінде ортаңғы бөліктің, яғни әлеуметтік жобалау бөлігінің болмауынан-деп түсіндіреді, өйткені, дәл сол бөлікте әлеуметтік үдерістерді басқарудың тиімділігін арттыратын ғылыми негіздемелердің үлкен резерві жатыр – дейді.
Жобалаудың осы сипаттары әлеуметтік басқаруды ғылыми негіздеумен тығыз байланысты әлеуметтік проблемалар мен міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобалар құруға мүмкіндік туғызады. Жобалау қызметі мен әлеуметтік жобаларды басқару бағдарламалары алдын ала жасалатын болғандықтан жобалауды болжау мақсатында да пайдалануға болады, оны болжаулық жобалау деп те атайды. Жобалауды әлеуметтік ортада шағын топтарда қолдану әрекеті басқарушылық ықпал етудің бір түрі деп қарастырылады, бұл жерде жобалау басқарудың бөлігі деп есептеледі.
Жобалау идеялары мен әлеуметтік жобаларды басқарудың жақындастырылуы әлеуметтік жобалаудың пайда болуына әкелуде, бұл көптеген әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарының нақтылануға әсер етеді. Жобалаудың тағы бір қызметі – келісу, келісіп әрекет жасауды қамтамасыз ету. Қалыптасқан үдеріс негізінде қызмет атқаратын кез келген сала, соның ішінде, әлеуметтік салалар бірнеше әрекет түрлерінен тұратын күрделі ұйымдастырылған жүйеден тұрады. Әлеуметтік жүйелердің әрбір бөлігі үшін өз нормативтері мен заңдылықтары біртұтас әрі мызғымас сипатта болады. Бірақ жобаны басқарушы үшін жүйенің әрбір бөлігі тұтас жүйенің компоненттері болып есептеледі. Осы жағдайларды есепке ала отырып, жобаны басқарушы түпкілікті нәтижеге жету барысында немесе оған жеткен жағдайда жүйенің әрбір бөліктерінде болуы мүмкін өзгерістерді алдын ала ескеріп, өзара сәйкестендіру қызметтерін үнемі жүргізіп отыруға міндетті. Жобаны басқарушының іс – әрекеті бағдарламасы немесе әрекеттерді дамыту бағдарламалары құрастырылған соң жобалау қызметі басталады. Әлеуметтік жобалаудың бірнеше механизмдері бар. Мысалы, жүйедегі негізгі үдерістің күрделендіруі оның барлық бөліктерінде де сол әрекеттердің белгілі бір деңгейде жүргізілуіне, әр бөліктің өзіндегі әрекеттердің нәтижесін қамтамасыз етуге әкеледі.
Мысалы, педагогикалық жүйелерде бұл сипатты мектепке дейінгі, бастауыш мектептегі, орта мектеп, одан әрі жоғары мектеп бөліктеріндегі оқыту әрекеттерімен қамтамасыз етілуінен көруге болады. Ал олардың біріктірілуі негізінде біртұтас талап пайда болатыны белгілі. Басқарудың жоғарыдағы үдерістік қасиеттері жобалауға да тән, сонымен қатар, қазіргі жағдайда жеке адамдар шешімін ғана емес, ұжымдық қарым-қатынасты, бірнеше адамдар мен топтардың көзқарастарын ескеруді қажет етеді. Оның бүгінгі күн талаптарына сай сипаты– топтық, алқалық немесе клубтық басқару түрінің кеңінен қанат жаюынан көрінеді. Әлеуметтік жүйелерде мемлекеттікке қарағанда қоғамдық фактор бағдарламалық тұрғысынан жетекші рөлге ие болса, онда басқарудың қоғамдық түрі мемлекеттікке бағынышты позицияда болса, мемлекеттік-қоғамдық басқару сипатына ие болады. Бұл жерде «қоғамдық» деген түсінік тұрғындардың тарихи, мәдени–ұлттық және тілдік қоғамдасуы ретінде қарастырылады, оны бүгінгі жағдайда әлі де дамыту қажеттігі белгілі. Сондықтан, қазіргі кезеңдегі басқарудың тек мемлекеттік түрінен гөрі, мемлекеттікқоғамдық және қоғамдық-мемлекеттік түрлері болғаны жөн. Осылайша, жобалау қызметінің басқаруға объект болатын басқарылушы әрекетті дамыту, қайта жаңғыртуды көздейтін негізгі қызметі ретіндегі үдерістік сипаттамасының әдіснамалық негіздері қалыптасуымен қатар, жобалау қызметі технологиялық жағынан да қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жобалау даму барысында мәдениет пен ғылымға қатысты ерекше қатынастарымен сипатталады.
Мысалы, О. И. Генисаретский мәдени үдерістерді тиімді басқаруда әлеуметтік жобалауға сүйену арқылы мәдениеттің әлеуметтік қызметін жетілдіру, рухани мәдениетті әлеуметтік-мәдени жүйенің дербес саласына айналдыру мүмкін болады дейді. Осылайша, жобалау феномені мен оның дамуын тек басқару тұрғысынан ғана емес әлеуметтік-мәдени көзқарастар тұрғысынан қарастыру қажеттігіне назар аударылуда. Мысалы, жобалау барысында мәдени үдеріс бізге тәуелсіз күйінде емес, біз ықпал ете алатын объект жағдайында қарастырылады, бірақ бұл жерде біздің әрекетіміз-жобалар мен бағдарламалар - сол объектінің табиғатына сай болуы міндетті - дейді.
Бұлар жобалаудың бүгінгі педагогикалық парадигмасына сәйкес келеді және әлеуметтік дамудың абстарктілік болашағында емес, әрекеттің жақын даму аймағында орындауға толық мүмкіндігі бар қызмет деуге негіз болады. Жобалаудың әлеуметтік-мәдени тәсілдеріне тән белгілері:
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер конструктивті және нақты болуы тиіс;
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер тұтас объектіге дербес бағытталып, жобалау амалдарының көп варианттылығы мен мүмкіндіктерін көбейтеді;
– әлеуметтік құбылыстар жай ғана қайта құру объектілері болып қарастырылмайды, сондықтан үдеріске тартылған әрбір адам ұжымдық әрекеттің белсенді қатысушысы болып табылады және әрбір субъектімен тығыз байланыста болады.
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер өз объектілері мен субъектілері қатысатын үдерістерді өмір сүру ортасынан бөлек қарастырмайды, ол нақты қалыптасқан тарихи ортадағы әлеуметтік үдеріс пен құбылыс тұрғысынан зерттеледі.
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер мен оған қатысты жобалау әрекеттері көп вариантты, өзгермелі болады, және үдеріс барысында да пайда болған жағдайларды есепке алу арқылы жаңа жобалық шешімдер қабылдануы, басқа нұсқаларды негізге алуды да жоққа шығармайды.
– әлеуметтік-мәдени тәсілдер әлеуметтік саясат, бағдарламалар, жобалаулар механизмдері негізінде жүзеге асырылады, олар өз кезегінде ұйымдастырушылық, басқарушылық, инновациялық бағдарламаларды қажет ете алады.
Бұл жағдайда әрбір әлеуметтік-мәдени тәсілдің тиімді қызмет етуі соған сәйкес технологияны жүзеге асыруға байланысты болады.
Мысалы, жүйені жаңарту қажет болса, оны түгелдей өзгерту ме әлде жартылай жаңарту ма немесе бұрынғы жүйе сипатына қайта оралу ма, нақтыланып алынады, сөйтіп, барлық әрекеттер мақсатқа сай құрылады. Осы жерде жаңарту - модернизациялау түсінігін нақтылайтын болсақ, түгелдей жаңарту үшін - алдыңғы қатарлы мәдени үлгіге бағытталу, оны құрастыру және жүзеге асыру бағдарламасын жасау, ресурстарын айқындау, орындалуын қамтамасыз ету әрекеттері жасалады.
Ескеретін нәрсе, түгелдей жаңарту бағдарламасы реформаны жақтаушы күштер мен қоғамды жаңартуға мүдделі элиталарға сүйенеді. Жартылай жаңарту таңдалған жағдайда бірнеше факторларды назарға ала отырып, инновациялық ұсыныстарға түзетілулер жасалады. Ол факторлар қатарында: тарихи жағдайлар, дәстүрлер мен құндылықтар, түрлі топтар мүдделерін ескеру, ұжым дайындығы мен бейімділігін анықтау т .б. жатады. Бұл жерде назарға алынуы тиіс екі жағдай бар, олардың бірі - әлеуметтік амалдардың негізгі субъектілерінің белгілі бір деңгейдегі мәдениеті болуы, екіншісі, олардың жаңартуға бағытталған өзгерістердің қажеттігін түсінуі және қолдауы. Өтпелі кезең тұрғысынан алғанда жартылай жаңарту проблеманы шешудің дәстүрлі сипаттарымен де, түгел жаңартудың кейбір талаптарымен де мәмілеге келе алады, өйткені, ол бейімделу сипатын да көздейді.
Жобалау қызметін тиімді ұйымдастыруды қарастыратын болсақ, оны екі бағытта түсіндірушілер барын көруге болады. Біріншісі, нормативті болжау нақты әлеуметтік зерттеулерге сүйенетін болғандықтан, ол жобалау мен басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді десе, екінші бағыттағылар - жобалау барысында әлеуметтік ғылымға тым сүйенбеу керек деп есептейді. Әлеуметтік жобалаудың негізгі бағыттары мен стратегияларын талдау, жобалау қызметінің түрлері туралы білімдерді нақтылайды. Жоғарыдағы екі бағыт та жобалау онтологиясы туралы ортақ түсінікке келе алады. Мысалы, дизайнды жобалауды алсақ, ол заттар әлемін түсіндіреді, ұйымдастырудағы жобалауды алсақ, ол-шешім қабылдау, әрекеттер жүйесі, басқару процедуралары, ақпараттар желісі сияқты ұйымдастырушылық түсініктерді береді.
Аталған екі түрлі жобалау әрекетінде де әлеуметтік проблемалар шешіледі, әлеуметтік үдерістер жүреді, бірақ, біріншісінде заттық әлемдегі жобалау, екіншісінде ұйымдастырушылық жобалау әрекеттері орындалады. Осыдан келіп, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауды қарастырғанда да оның онтологиясына-әрекетке, өзара қатынасқа, педагогикалық жүйе мен талаптарға, педагогикалық ұйымдастыруға-басты назар аудару қажеттігі туындайды. Сөйтіп, жобалау әрекетінің әлеуметтігін оның жобалау онтологиясы болуы қажеттігімен түсіндіре аламыз. Дәстүрлі және дәстүрден тыс жобалау әрекеттерін қарастыратын болсақ, әдіснамалық тұрғыдан қарағанда олар қарама-қарсы ұғымды береді. Дәстүрлі сипатта жобалау мен оны құрастыру, дайындау үдерістері бір-бірінен ажыратылады, жобалау объектісінің барлық қызметтері белгіленеді, олар морфологиялық құрылымына сәйкес жоспарланады, ең соңынан, жобаланған объектіге қажетті техникалық конструкциялар жасалады. Ал, дәстүрден тыс жобалау әрекеттері үшін дәл осы амалдардың барлығы да орындалуы шарт емес, оның негізгі сипаттамасын былайша бере аламыз:
− жаңа объект не объектінің жаңа сапасының идея түрінде ойластырылуы;
− берілген идеяны талдау, синтездеу, құрастыру, үйлестіру, нақтылау процедуралары негізінде жоба құрастыру;
− жобаны жүзеге асыруға дайындық;
− жобалау онтологиясы (жобаның тәжірибедегі әрекеттермен байланысы, ғылыммен қарым-қатынасы, құндылықтарға қатынасы, т.б.)
Әлеуметтік жобалаудың әлеуметтік жоспарлаудан, әлеуметтік бағдарламалаудан, мақсаттық–бағдарламалық әдістен айырмашылықтары қандай десек, тәжірибеде олардың барлығы да араласып, тіпті өзара біріктіріліп те келетіні белгілі.
Мақсаттық – бағдарламалық әдісті бағдарлама мен жоспардың өзгеше жүйелік – құрылымдық нұсқасы деуге болады. Әлде де нақтылай түсу үшін жобалаудың тағы бір сипатына тоқталу қажет, атап айтқанда, әсіресе дәстүрден тыс жобалау әрекеті барысында ғылыми-зерттеулер жүргізу, инженерлік есептеулер, жоспарлау мен бағдарламалау элементтері үнемі қолданылады. Осы сияқты бағдарламалау барысында да осындай әрекеттер жүргізіліп отыратыны белгілі. Бірақ, оны жобалаудың ғылыми зерттеушілікке, бағдарламаның жоспарлауға айналуы дей алмаймыз, өйткені, әрбір әрекет өз үдерісінің кезеңдері мен құралдары ретінде басқа сапалардың белгілерін пайдалана алады. Сондықтан, жобалауды жоспарлаумен немесе бағдарламамен ғана түсіндіруге болмайды.
Бекіту сұрақтары:
1. Әлеуметтік жобалаудың қалыптасуы және дамуы.
2. Т. М. Дридзенің әлеуметтік жобалау технологиясына берген сипаттамасы.
3. Әлеуметтік жобалар және оларды басқару.
4. О. И. Генисаретскийдің мәдени үдерістерді тиімді басқарудағы әлеуметтік жобалаудың рөлі туралы анықтамасы.
5. Жобалаудың әлеуметтік-мәдени тәсілдеріне тән белгілерін атаңыз.
6. Жобалау барысында жаңарту, түгелдей жаңарту, жартылай жаңарту түсініктерінің нақтылануы.
7. Әлеуметтік жобалаудың негізгі бағыттары мен стратегиялары.
8. Дәстүрлі және дәстүрден тыс жобалау әрекеттеріне сипатама.
Дәріс №5
Дәріс тақырыбы: Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны
Адам ресурстарын дамыту мәселелері соңғы кездердегі зерттеулерде кеңінен қарастырылуда. Әлеуметтік жүйелерді зерттеумен айналысатын «Мак Кинзи» компаниясы адам ресурстарын дамытудың бүгінгі заман талабына сай жеті факторын ұсынып отыр, олар ағылшын тілінде «7S» моделі ретінде ұйымдар тәжірибесіне енгізілуде. strategy – стратегия; skills – құзыреттік, қабілеттілік; shared values – ортақ құндылықтар; structure – құрылым; systems – жүйелілік; staff – қызметкерлер; style – басқару стилі.
Бұл модель Бенг Карлофф атап көрсеткендей, ұйымды дамытудың нақты жолдарын беруімен емес, қазіргі кездегі ұйымдарды дамытудың жүйелік моделін ұсынуымен құнды болып табылады. Шетел компаниясының осы әдісіне сүйене отырып, ресей ғалымдары да адам ресурстарын тиімді басқарудың «5С» деп аталатын моделін құрастырған. Оның мазмұнын төмендегі түсініктер құрайды: Стратегия. Адам ресурстарын басқарудың стратегиясын жасау; Жүйелілік (система). Адам ресурстарын басқарудың жүйесі: мақсаты, қызметі, құрылымы, тиімділігін бағалау; Қызметкерлер (сотрудники). Қызметкерлерді таңдау, бейімдеу, баға беру, дамыту, босату; Ынталандыру (стимулирование). Басқарушылардың қызметкерлерді ынталандыру мен мотивациясын арттырудағы біліктіліктері; Ортақ құндылықтар (совместные ценности). Ұйымда корпоративтік мәдениет пен ортақ құндылықтарды қалыптастыру және оны басқару.
Әлемдік менеджмент теориясы соңғы кездері басқарудағы адам ресурстары мәселесіне өте көп көңіл бөлуде, оны ХХ ғасырдың аяғына қарай қоғамның экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуындағы өзгерістерге сай басқару тұжырымдамаларының жаңаруымен байланыстыра аламыз. Кестеден көрініп тұрғандай, 20- 40 жылдары кадрларды басқаруда адам тұлға ретінде емес, белгілі бір мақсатты орындауға жұмылдырылатын еңбек етуші күштер деп қарастырылды. Одан кейінгі 50-70 жылдары дами бастаған ғылыми-техникалық прогресс кезеңі өндірісті басқарудың жаңа технократиялық талаптарын туғызып, қызметкерлердің тиімді қызметін қамтамасыз етудегі, техникалық жаңалықтарды игерудегі біліктіліктерін арттыру қажеттігі пайда болды. Бұл кезде еңбек қатынастарының субъектісі, тұлға ретінде персоналды басқаруға негізделген жаңа тұжырымдамалық мазмұн қалыптасты.
Адам капиталы туралы теориялар алғаш рет Нобель сыйлықтарының лауреаты Г. Беккер, Т. Щульц, т.б. белгілі экономистердің зерттеулерінде қарастырылғаны белгілі. Мысалы, Гарри Беккер «Адам капиталы: теориялық және эмпирикалық талдау» еңбегінде адам капиталын білім, біліктілік, денсаулық, т.б. сияқты туа біткен және жүре пайда болған, белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір өнім жасауға қажет болатын қасиеттердің кешені – деп анықтайды. Адам капиталы теориясында шығын-адамға, ұйымға, қоғамға жоғары нәтиже алуға мүмкіндік беретін капитал есебіндегі салым шығындары, бұл шығындар адам капиталын дамытуға арналған инвестиция – деп аталады. Жалпы, адам капиталы туралы теориялардың ортақ мәні 50 адам факторын дамытуға жасалған инвестиция мен сол арқылы алынған табыстың арасалмағын, байланысын зерттеу деп түсіндіріледі.
Зерттеушілер бұл мәселенің өзектілігін қазіргі экономиканың түрінің өзгеруіне байланысты туған заңдылық деп түсіндіреді. Атап айтқанда, ғасырлар бойы экономикалық даму жер байлығына, өндірістік факторлар ретіндегі еңбек пен капиталдың өсуіне байланысты болып келсе, өткен ғасырдың аяғына қарай экономикалық факторлар қатарында адам ресурстарының жоғары деңгейін талап ететін – инновациялық экономика ұғымы қалыптасуда. Аталған мәселе бүгінде біздің елімізде де өзекті болып отыр. Білім мен ақпаратқа бет алған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні қазақстандық білім жүйесі өзінің фундаменталдық және сапалылық қасиеттерін сақтай отырып, нарық заңдылықтары негізінде пайда болып отырған өзгерістерге тиісті дәрежеде жауап бере алу қажеттігі туындап отыр. Соған орай, еліміздің білім беру жүйесін стратегиялық дамыту жоспарында төмендегі бағыттар белгіленіп отыр: Қандай да бір ел өзінің адами ресурстарының әлеуетінен артық бола алмайды.
Сондықтан Қазақстанның адами ресурстарының дамуы ұзақ мерзімді даму стратегиясының аса жоғары басымдығы болып айқындалады. Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес ортаны қамтамасыз ету мүмкін емес. Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру – мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып табылады. Осы бағыттардағы нақты жұмыстар жүзеге асырылуда, атап айтқанда, орта мектептер интеллектуалды ұлтты қалыптастыруға арналған база деп анықталып, елімізде бірнеше интеллектуалдық мектептер ашылды.
Болашақта оларда қалыптасқан инновациялық модель жалпы білім беретін мектептері желісіне тарайды деп күтілуде. Сонымен қатар, Астанадағы Назарбаев университеті - жоғары білім берудегі негізгі серпінді жоба болып табылады, оның негізіне алынатын әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер тәжірибелері зерделенуде. «Интеллектуалды ұлт» жобасының тағы бір бағыты ретінде ғылымды дамыту мен еліміздің ғылыми әлеуетін көтеру жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің ұсынысы мен оны бітірушілердің біліктілігіне деген жұмыс берушілердің сұранысы арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін адами капиталды дамыту жөніндегі ұлттық кеңес құру қажеттігі мәселесі қойылуда.
Аталған интеллектуалды ұлт пен білімдар экономиканы қалыптастыру бірқатар міндеттердің шешілуін қажет етеді, олар: педагогтардың мәртебесін көтеру; білім беру жүйесінің экономикалық тетіктерін жаңғырту; білім беруді басқаруды жетілдіру. Н.Назарбаевтың: білім реформасының басты көрсеткіші - біздің еліміздің белгілі бір бағытта білім алған және біліктілікті меңгерген әрбір азаматының әлемнің кез келген елінде қажет маман ретінде танылатын деңгейге жетуі – деген талаптарын білім берудің нәтижелерін анықтауға тікелей қатысты деп айтуға болады. Сонымен қатар, аталған жолдауда еліміздің дамуын «парасатты экономика» негізінде жүзеге асыру идеясы ұсынылып, отандық білім беру жүйесінің алдына «ол үшін, ең алдымен өзіміздің адами капиталымызды дамыту» міндеті нақты қойылған болатын. Осы міндеттерге сай, педагогикалық жүйедегі адам ресурстары- басқарушылар, педагогтар мен білім алушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастыру білім беру ұйымдары алдындағы өзекті мәселеге айналып отыр.
Жүйедегі басқа ресурстардан оның ерекшелігі төмендегідей белгіленеді: ең бастысы, бұл-тұлғалық және интеллектуалдық ресурс, сондықтан, оның өндірістік қызметі механикалық емес, эмоциялық, саналылық және ойлылыққа негізделеді; екіншіден, адамның шын мәніндегі әлеуеті басқа ресурстардай емес, бірден ашылмауы мүмкін, сондықтан, әр адамның жалпы ұйымның табыстылығын арттыруға үлес қосатын шығармашылық, кәсібилік қасиеттерінің мол екені сөзсіз; үшіншіден, бүгінгі даму жағдайларында адам ресурстарының да моральдық түрде үнемі жаңғыртып отыруды қажет ететіні белгілі. Сонымен қатар, олар өзіндік мотивациялары негізінде өзін дамытуды, өз біліктілігін көтеруді, жаңа құзыреттілік сапаларын қалыптастыруға назар аударып, өздері қызмет ететін ұйымдардың оған жағдай туғызуын, кәсіби шеберлігін дамытуға қолдау көрсетуін күтеді; төртіншіден, адамдардың қабілеттері, кәсіби білімі мен біліктіліктері әртүрлі болатындықтан оларды үнемі оқыту, үйрету, қайта даярлау қажет болады; бесіншіден, адам тұлға ретінде ішкі қажеттіктеріне қарай өздігінен шешім қабылдауымен қатар, қоршаған ортамен де санасып отырады.
Сондықтан, басқарудың басты міндеттерінің бірі- оның мотивациясын басқару болып табылады; Тағы бір назар аударарлық фактор-тек адам ресурстары ғана басқа ресурстардың барлығының өзара байланысын, тұрақты қызметін қамтамасыз етеді. Осылайша, педагогикалық жүйенің алдындағы мақсаттарын орындауға өз үлесін қосатын ең құнды активтері-педагогикалық ұжымды дамыта отырып басқаруды жүйенің оң өзгерістеріне ықпал ететін фактор дей аламыз. Білім берудің жаңа талаптары тұрғысынан қарастыру бүгінгі педагогикалық жүйелерді басқарудағы адам ресурстарын-педагогикалық ұжымды дамытуға шын мәнінде қалыптасқан стратегиялық көзқарас қажеттігін айқындап отыр.Өндірістік салаларда ұзақ уақыттар бойы стратегиялық бағдар ретінде өндіріс нәтижелері, қаржы мәселелері, инновацияларды ендіру, т.б. нысандар алынып келгені сияқты, білім беру саласын басқаруда да адам ресурстарын дамыту стратегиясы басты назарда болуы тиіс. Ұжымды дамыту стратегиясын құрастыру күрделігі жағынан кәсіпорындардың бизнес стратегиясын жобалаумен бірдей деуге болатын маңызды кезеңдерден тұрады. Олар:
1. Жүйенің, ұйымның мақсатына сәйкес даму стратегиясын нақтылау;
2. Жүйенің, ұйымның мықты және әлсіз, мүмкіндіктері мен «қауіпті» жақтарын анықтау үшін ішкі-сыртқы жағдайларына талдау жасау (SWOT –талдау);
3. Педагогикалық ұжымды дамыту стратегиясын жасау;
4. Педагогикалық ұжымды дамыту стратегиясын мақсаттық-бағдарлы жобалар негізінде жүзеге асыру;
5. Бақылау, бағалау, қажет болған жағдайларда түзету енгізу.
Осылайша, білім беру ұйымдарын басқарушылардың адам ресурстарын дамыту құзыреттіліктерін педагогикалық ұжымды дамыту жолдарын анықтай білуі, қажетті әдіс– тәсілдер мен технологияларды меңгеруі деуге болады. Ұжымда адам расурстарын дамыту жолдары:
– адамдарды нәтижелі еңбек етуге мотивациялау;
– олардың кәсіби дамуына ықпал ету;
– ұжымда шығармашылық жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;
– ұжым мүшелерінің ынталары мен мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу;
– ұжымда адамдардың өзара қарым-қатынасын тиімді ұйымдастыру;
– ұжымдағы келіспеушіліктерді байқай алу және дұрыс шеше білу;
– адаммен қарым-қатынаста әркімнің ерекшеліктерін ескеру.
Жобалау мәселелеріне соңғы кездері отандық зерттеушілердің назары аударыла бастады. Шетел ғалымдарымен бірлесе отырып, «Project Management: Kazakhstan» атты халықаралық симпозиумдар өткізіліп, «Жобалау менеджменті академиясы» қоғамдық қоры қызмет істейді. Оны ұйымдастырушылар әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқаруда дәстүрлі әдістерінің жеткіліксіз екеніне тоқталып, басқарудағы жобалау қызметін қалыптастыру арқылы адам әрекеттерінің әлеуметтік және саяси жақтарын қамту қажеттігіне көпшілік назарын аударуда. Олар, Қазақстанда бүгінгі жаңа инновациялық экономикалық жағдайлардың қалыптасуына сәйкес қоғамдық және өндірістік салаларды басқару қазіргі заманға сай әдіснамаларға негізделген болуы қажет. Соған байланысты жобалау немесе басқаруға жобалық-бағдарлық тұрғыдан келу мәселелері еліміздің 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы талаптарын орындауға мүмкіндік береді деп есептейді.
Жобалау-қазіргі заманғы ғылыми-техникалық, әлеуметтік-өндірістік және басқа да қызметтер саласының жетекші проблемасына айналып, оның өзектілігі өркениеттің постиндустриалдық қоғам дамуымен қатар жоғарылап отырған құбылыс. Бүгінгі өркениетке тән сипаттамалардың бірі-еліміздегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың қарыштап дамуы мен оның қоғамның барлық салаларының түбегейлі өзгеруіне ықпал етуі. Соңғы жылдары жобалау қызметін ендіруге, оны тиімді пайдалануға деген сұраныстың барлық жүйелік құрылымдарда да артып отыр. Сондықтан, бүгінде әлеуметтік және өндірістік салаларды стратегиялық дамыту мен жүйелік тұрғыдан басқарудағы жобалаудың ерекшеліктері мен тиімділігі туралы менеджерлерді арнайы даярлау қажеттігі бар. Бүгінгі өркениеттің ерекшелігіне сай әлеуметтік мәдени дамудың қайнар көзі білімді игерушіде емес, білімді тудырушыда болып отыр. Ол білімділік пен біліктілікке, кәсібилік пен құзыреттілікке ие адам капиталын құрайды. Адам капиталының шын мәніндегі бағасын қалыптастыратын оның игерген білімі емес, оны тәжірибелік әрекетте пайдалана білуі деген түсінік білімнің іс-әрекетке негізделетінін анықтайды, осылайша интеллектуалдық капитал теориясы пайда болады. Білімді жүзеге асыру оны басқару технологиясына тікелей байланысты, атап айтқанда, білім алуды басқару арқылы білім ұйымдастырушылық жобалауға айналады. Ұйымдастырушылық жобалаудың мәні білімді пайдалана отырып жоба жасау, жоспарлық бағдар құру, ресурстарды тиімді белгілеу мен орналастыруда болып табылады. Бұл жерде адам білімнің өзін игеруге күш салмайды, оны пайдалану арқылы ресурстар көзін мақсатқа сай ұйымдастыру әрекетін басқарады.
Басқаруда стратегиялық әрекеттерді алдын ала ойластыру және оны ретімен жүзеге асыру өте күрделі қызмет болғандықтан, оны 55 жобалауға негіз болатын тұжырымдамасын құрастыру, басқару жүйесін өзгермелі жағдайларға сай дамытып, өзгертіп отыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, адамдарды басқару жүйелі тұрғыдан, әдіснамалық негізде жүзеге асырғанда ғана тиімді болары сөзсіз. Осылайша, техникалық салада пайда болып, әлеуметтік жүйелерде дамытылған «жобалау» феномены дәстүрлі түрде гуманитарлық деп есептеліп келе жатқан салаларда, соның ішінде, әлеуметттік, мәдени, білім беруде кеңінен таратыла бастады.
Бекіту сұрақтары:
1. «Мак Кинзи» компаниясы ұсынған адам ресурстарын дамытудың «7S» моделіне сай факторлары.
2. Ресейлік ғалымдар жасаған адам ресурстарын тиімді басқарудың «5С» моделі.
3. ХХ ғасырда қалыптасқан адам ресурстарына көзқарастың эволюциясына сипаттама беріңіз.
4. Адам капиталы туралы теориялардың авторларын атаңыз.
5. Гарри Беккердің адам капиталы туралы анықтамасы.
6. Қазақстанда адам капиталын дамытуға бағытталаған «Интеллектуалды ұлт» жобасын жүзеге асыру бағыттары.
7. Бүгінгі білім беру жүйесінде адам ресурстарын дамыту қажеттігі.
8. Ұжымда адам ресурстарын дамыту стратегиясының кезеңдері.
9. Ұжымда адам расурстарын дамыту жолдары мен жобалары.
Дәріс №6
Дәріс тақырыбы: Педагогикалық жобалаудың мәні
Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды. Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды.
Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым – қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды. Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл-ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің рөлін негізгі талаптар ретінде қарастырған. Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.
Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж. Дьюи, К. Поппер, Г. Саймон, В. Х. Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д. Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В. Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.
В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:
– оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары; – мақсатқа бағытталған әрекет;
– оқытуды-өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.
Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты-оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс зерттеулердің әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. В. Х. Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:
1) өндірістік, немесе жасампаздық;
2) тұтынушылық;
3) интеллектуалдық немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;
4) жоба–жаттығулар.
Өткен ғасырдағы педагогикада гуманитарлық идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К. Роджерс, Э. Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық өсуіне, жеке әлеуметтік тәжірибесінің дамуына, шығармашылық еркіндігін көтермелеуге бағытталған педагогикалық жағдайлар туғызылады деп қарастырылды.
Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың өзі педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды. Мысалы, мектеп өмірінің демократиялануына байланысты жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен өнімді әрекеті түріне айналды, өзара тең дәрежедегі жаңа қарым– қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. С. И. Гессеннің айтуынша, педагогикалық ортада қоғамдық өмірдің сан алуан түрлеріндегі өзара әрекеттердің өркендеуіне, Килпатрик бойынша айтқанда, жобаға қатысушылардың белсенділіктері ағаш бұтақтарындай таралып өсуіне қатты ықпал етті. Сөйтіп, жобалау әрекетін алдыңғы қатарлы педагогтар жобалау үрдісіне тартылған әлеуметтік-білімдік кеңістіктегі демократиялық қарым–қатынас құралы ретінде пайдалана бастады. Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түрде дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады.
Посткеңестік елдерде, соның ішінде Ресейде және Қазақстанда жобалау әдістері негізінде оқыту шетел тәжірибесімен қатар жүрді деуге болады.Өткен ғасырдың басында-ақ С. Т. Шацкийдің жетекшілігімен оқыту барысында жобалаудың бірнеше түрлерін пайдалану жұмыстары ұйымдастырылды. Одан соң, В. А. Герд практикалық жұмыстағы жобалау әдістерін, А. П. Пинкевич жаратылыстану ғылымындағы сынақ-тәжірибелік жұмысында, Б. Е. Райков зерттеу жұмыстарында, К. П. Ягодовский зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін дамыта бастады.
Кеңестік мектептерде жобалауды педагогикалық ойлау логикасы тұрғысынан А. С. Макаренко қолданды, ол нақты бір тәрбиеленушінің қабілеті мен қызығушылықтары негізінде тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаның оқу-тәрбие әрекеттерін жобалау әрекеттерін қарастырды. 1970 жылдары Н. В. Кузьмина еңбектерінде жобалау компоненті педагог әрекеттерінің құрылымына енгізілді, қазіргі кезде терминологиялық аппараттан педагогикалық жобалау, мұғалімнің жобалау әрекеті, педагогикалық жобалау ұғымдары орын алды. Олардағы жобалау объектілері ретінде педагогикалық әрекеттің әдістері мен түрлері алынады. Жобалауды одан әрі зерттеген В. В. Давыдов, Генисаретский, Н. Г. Алексеев, А. В. Петровский, И. В. Якиманская, И. А. Колесникова, В. И. Безруков, т.б. жобалауды білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған әрекеттер негізінде қарастырады. Осылайша, кәсіби-педагогикалық ой-пікірдің даму барысында жобалау идеясы педагогикалық практикадан педагогикалық теорияға қарай ауыса бастады. Жобалау әрекетінің негізі болып табылатын «жоба» түсінігінің өзі де ғылымда түрліше қарастырылғанын көруге болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар (М. С. Каган) оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, әрекеттік тұрғыдан қарастыру (И. А. Колесникова) жоба–жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. Жалпылай келгенде, жоба – белгілі бір уақыт ішінде жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған, ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде өзгерту – деген (В. Н. Бурков, Д. А. Новиков) пікірге сай дей аламыз, өйткені, бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін көрсетеді. Жобаны құрастыру материалдары ретінде теориялар, модельдер, түсініктер, таңбалар мен формулалар, алгоритмдер мен парадигмаларды айта аламыз.
Ғылыми–әдістемелік әдебиеттерде жоба, жобалау ұғымдарынан тарайтын түрлі сөз тіркестері мен терминологиялық түсініктер көбеюде. Олар бір қарағанда мәндес сияқты болғанымен әрқайсысының қолдану аясы бар, сондықтан, жобалау әрекеті барысында пайда болуы мүмкін қайшылықтарды болдырмау мақсатында нақтылауды қажет етеді. Оларды төмендегі сипаттары бойынша ажырата аламыз:
− жобалық – бұл сипат белгілі бір нәрсенің жоба аясында қолданылатынын түсіндіретін, жоба категориясына жататынын білдіретін ұғым, мысалы, жобалық шешім, жобалақ құжаттар, жобалық тұрғы, жобалық мәдениет, т.б.
− жобалай алушылық–бұл сипат адамның ой түріндегі объект бейнесінің тәжірибеде іске асырылу моделін көре алатын қабілеті.
Ол белгілі бір әдістер мен процедуралар негізінде іске қосылатын тұлғалық сапасы ретінде көрінеді, мысалы, жобалай алатын ой-сана, жобалай алу әдістемесі, жобалай алуды тексеру, т.б. − жобалаушылық–бұл сипат ерекше әрекет ретіндегі жобалауға жататын ұғымдарды білдіреді, мысалы, жобалаушылық кезең деп белгілі бір үдерістегі жобалау әрекетін пайдалануға мүмкіндігі бар кезеңді, жобалаушылық біліктілік–жобалау қызметін іске асыру мүмкіндігін білдіреді. Жобалау түрлерін классикалық сипаттағы инженерлік - техникалық жобалау, әлеуметтік жобалау деп қарастырсақ, білім берудегі жобалау әлеуметтік жобалаудың бір түрі ретінде гуманитарлық жобалау деуге болады. Оны дәлірек түсіндіру үшін гуманитарлық жобалардың мәнісін айқындап алу керек. Атынан белгілі болып тұрғандай, гуманитарлық жобалаудың мән-мақсаты адам табиғаты мен адами қатынастардың ерекшеліктеріне сай жаңғыртулар жасау болып табылады. Ғалымдар білім берудегі жобалаудың екі стратегиялық түрін белгілейді, олардың бірі, әлеуметтік ортаға және оның жағдайларына бейімделу, басқаша айтқанда, педагогтардың білімнің әлеуметтік өзгерістерге жауап беру түрлері деуге болады; екіншісі, өз құндылықтарына, мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес жетілдіру немесе жаңарту, қайта құру. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде жобалау туралы бірнеше түсініктер берілген, мысалы, педагогикалық жобалау–оқушы мен тәлімгердің алдағы іс-әрекетінің негізгі құрылымдарының жасалымы, бұл оқытушы әрекетінің тиімділігін арттырады делінсе, жобалау әдісі–оқушыны бірте-бірте күрделене түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі деп түсіндіріледі.
Жобалаудың өзіне тән ресурстары бар, олар:
- интеллектуалдық, ерік – жігерлік;
- адами позициялық; - ұйымдастырушылық;
- басқару; - кәсіби – әрекеттік; - материалдық – қаржылық, т.б
Инновациялық жобалау төмендегі өзара байланысты қызметтерді қамтиды, олар: – ғылыми–зерттеу әрекеттері немесе жаңа білім ашу, игеру; – жобалау әрекеттері немесе жаңа білімді технологияда пайдалану арқылы тағы да жаңа білім құрастыру; – білім беру әрекеттері немесе субъектілердің өз тәжірибесі негізінде өзіндік білімді игеруі;
Осылайша, жаңа әлеуметтік–мәдени жағдайлар ұлттық білімнің жаңа бейнесін қалыптастыра бастады, оның мәні мен белгілері–қоғамдық тәжірибенің өз бетіндік түрі, тарихи тәжірибенің универсалды түрде берілуі, адамдық мәннің қалыптасуы мен күшеюінің жалпы тарихи–мәдени түрі. Білімнің аталған жаңа бейнесіне сәйкес оның құрылымы өзгереді, білім саласы құрылымының көрінісі үш қырынан байқалады, олар: білім беру ортасы–білімнің әлеуметтік–мәдени мазмұны ретінде; білім беру институттары–білім беру субъектілері әрекетінің ұйымдастырылған жүйесі ретінде; білім беру үдерісі–білім беру субъектілері әрекетінің мазмұны мен нақты жолдары ретінде; білім беру саясаты–білім беру қызметін басқа жүйелер арасында қамтамасыз ету; білім беруді басқару–оның тұтас қызмет етуін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Жобалаудың философия, мәдениеттану, әлеуметтану және психология ғылымдарының әдіснамасында орын ала бастауы оны гуманитарлық тұрғыдан қарастыруды алып келді. Н. Г. Алексеев, Ю. В. Громыко, В. А. Никитин зерттеулерінде жобалау туралы білім берудегі инновациялардың мәдени түрі деген түсініктер де берілді. Жобалау түрлерін классикалық сипаттағы инженерлік – техникалық жобалау, әлеуметтік жобалау деп қарастырсақ, білім берудегі жобалауды әлеуметтік жобалаудың бір түрі ретінде гуманитарлық жобалау деуге болады. Оны дәлірек түсіндіру үшін гуманитарлық жобалардың мәнісін айқындап алу керек. Атынан белгілі болып тұрғандай, гуманитарлық жобалаудың мән–мақсаты адам табиғаты мен адами қатынастардың ерекшеліктеріне сай жаңғыртулар жасау болып табылады.
Бүгінгі күні жобалау әдістерімен оқыту үдерісінен оқытудағы жобалауға немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге, жобалау негізіндегі білім беруге көшу жүзеге асырылуда. Бұл үдерісті жобалау ортасының білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типтік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжірибеге белсенді түрде еніп келеді. И. А. Зимняя білім берудің жобалылығын білім тенденциясының болашағы ретінде қарастыра отырып, оны айқын байқалып келе жатқан пәндік–бағдарлы оқыту жүйесінің тұлға әрекетіне бағытталған жобалық– құрастырушылық оқытуға ауыса бастауымен түсіндіреді.
Бекіту сұрақтары:
1. Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы
2. Д. Дьюи мен В. Килпатрик еңбектерінде «жоба» түсінігінің қарастырылуы.
3. Жобалау–педагогикадағы демократиялық қатынас құралы ретінде.
4. Посткеңестік елдер педагогикасында жобалау әдістерінің таралуы.
5. Педагогикалық әрекеттері құрылымына жобалау компоненті ендірілуі
6. Жобалау әрекетінің педагогикалық мәні.
7. Жоба, жобалау ұғымдарының педагогикалық мәнінің анықталуы.
8. В. В. Давыдов пен Ю. В. Громыко анықтаған жобалық– бағдарламалық үдерістің педагогикада қолданылу шарттары.
9. Педагогикалық жобалаудың логикасы мен ресурстары.
10. Педагогикадағы инновациялық жобалау әрекеттері.
Дәріс №7
Дәріс тақырыбы: Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі
Білім алушының білім, білік, дағдыларымен қатар, құзіреттілік сапаларының болуын қажет ететін тенденциялар қазіргі заманның білім алу заманына айналып келе жатқанын көрсетеді. Соған сай білім үдерісінде білім беруден – білім алуға, оқытудан – оқуға көшу парадигмасы білім беру жүйесі ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр. Олар: білім беру мақсатын, күтілетін нәтижелерін нақтылау, білім беру үдерісін басқару әдістері мен технологияларын жаңарту, білім мазмұны мен білім беру үдерісін ұйымдастырушылық – ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Біздің еліміздің білім беру саясатын айқындайтын, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету.
Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді. Соған сай, білім беруді жаңғырту, оны қаржыландыруды тұрақты түрде арттыру арқылы 2020 жылдарға қарай білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін жаңа жүйені қалыптастыру міндеттері нақтыланды. Осы міндеттер бүгінгі таңда еліміздің білім беру мазмұны мен нәтижелерін жаңартуды қажет етеді. Адам капиталын дамытуды көздейтін жаңа экономикалық қатынастардың нығаюы мен әлемдік өркениетке ықпалдасу білім берудің құндылықтарын жаңғыртуға ықпал етуде.
Білім саласындағы жаңа құндылықтар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының барлық буындарына арналған мазмұнында айқындалған. Ондағы негізгі өзгерістер білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қалыптастыру белгіленуінде. Мысалы, 2008-2009 жылдары талдауға ұсынылған Жалпы орта білім беру стандартының 5 бөлімінде орта білім беру мақсаты – білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабылеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету деп сипатталған. Аталған құжаттың 5.5 бөлімдегі базалық білім мазмұны және әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтауға бағдар болып табылады, түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, дамиды.
Түйінді құзыреттерге: ақпараттық құзырет; коммуникативтік құзырет, проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады деген жолдар еліміздегі білім нәтижелерінің жаңа сапасын қамтамасыз етудің нақты қадамдарын көрсетеді. 103 Сонымен қатар, стандарттардың Білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» туралы бөлімінде білім беруді ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар белгіленген. Мысалы, 9.4 бөлімде: білім алушылардың жеке және топпен өз бетінше іс-әрекетін жүзеге асыру үшін білім беру білім, білік және құзыреттердің кіріктірілуін қамтамасыз етуі тиіс. Білім беруді ұйымдастыруда білім алушылардың жетекші іс-әрекеті ретінде олардың өзбетінше зерттеу жүргізулері негізінде субъективті жаңалық ашуларын жүзеге асыратын тақырыптық және пәнаралық жобалар басымдық танытады делінген.
Ал, 9.5 бөлімдегі мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік қатынаста құрылған оқу ортасы білім беру үдерісіне қатысушылардың іс-әрекеттерінің өнімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жерде мұғалім ұйымдастырушы ретінде сыныптағы оқушылардың жеке білім беру траекториясын іске асыруды қамтамасыз етеді, олардың сыныптан тыс оқу-іс-әрекеттерде бағдарлануына көмектеседі, өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді деген міндеттер педагогикалық жүйелердегі білім беру үдерісін басқарушы педагогтардың жаңа әдістерді меңгеру ғана емес, алдымен осы бағытта қалыптасқан ой - пікірлерінің, жалпы педагогикалық біліктіліктері мен құзыреттіліктеріндегі жаңа сапалық өзгерістерді қажет етеді. Осылайша, жалпы қоғамдағы үдерістердің инновациялық сипат алуы және өзгерістердің басты ресурстары ретінде адам капиталы белгіленуі білім беру жүйелеріндегі барлық салаларды жаңаша ұйымдастыру талаптарын қоюда.
Қазіргі таңда білім беруді дамыту бағыттарын көрсететін бірнеше маңызды факторларды атауға болады. Олар:
1. Жаңа білімді туындату немесе жаңа білім түзілімдерін құрастыруға (бұрын тек мұғалім ғана жаңа білім көзі бола алатын) көптеген адамдардың, ұжымдардың қатысуына байланысты педагогтардың рөлінің, сонымен қатар, білім беру мазмұнының өзгеруі;
2. Педагогтардың бойында өз әрекетін интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін жаңа құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі;
3. Қазіргі заманда өмір сүру барысында кез келген адамның құзыреттік сапаларын бірнеше рет жаңартып отыру қажеттігін түсіну;
4. Бүгінгі білім берудің жекеленуге бағытталуы, яғни, әрбір білім алушы педагогтар мен тьюторлардың көмегімен, өзіндік білім алу траекториясын құрастыра алуы талап етілуі;
5. Педагогикалық жүйелерді басқарушылардың қатарында жаңа мәселелерді шеше алатын, ойлау мен инновациялық әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуын қажет етуі.
6. Ғылыми білімнің мектептегі сабақ–сыныптық, университеттердегі дәрістік–семинарлық формада жаттанды түрде берілуін өзгерту қажеттігі.
Білім берудің барлық деңгейлерінде жаңа білім нәтижелерін қалыптастыруды педагогикалық ұжымдардағы өзгерістердің өзегі деп қарастырсақ, ұйымның оны қамтамасыз ететін инфраструктурасы, ресурстары болуы тиіс. Өйткені, жаңа нәтижелеріне бағытталған өзгерістер мазмұны білім беру ұйымын басқарушылардың қалыптасқан көзқарасын, ойлау әрекеттерін өзгертуді, жаңа құзыреттіліктерін дамытуды талап етеді. Сонымен қатар, педагогтардың ойлау мен іс–әрекеттік дағдыларын, мотивациялары мен ұстанымдарын, басқару стилі мен әдістері өзгертуі тиіс. Педагогикалық ұжымды дамытуға қажетті өзгерістер. Кез-келген ұйым, соның ішінде білім беру ұйымы институционалдық сипатта болғандықтан, сондықтан оған қажет болатын өзгерістер деңгейі ұжымда қалыптасқан қарым - қатынастарға байланысты жасалады.
Педагогикалық ұжымға қатысты қарастырсақ, ондағы ұйымдастырушылық өзгерістерді білдіретін, біріншіден, ұжымның өзіндік ерекшеліктері, білім беруді ұйымдастыру тәжірибесі, педагогикалық дәстүрлері, әлеуметтік-психологиялық жағдайлары, т.б., екіншіден, ұжымның ішкі ұйымдастырылу тәртібі, педагогтардың кәсібилігі және жалпы деңгейі, ұжымның құрылымы, ондағы қарым - қатынастар, т.б. Қалыптасқан ұжымдық құндылықтар ұйымның мүшелеріне белгілі бір дәрежеде еркіндік пен сенімділік береді. Білім беру ұйымдарын дамыту өзгерістері қалыптасқан құндылықтардың өзгеруіне әкелетіндіктен, оларды енгізу ұйым мүшелерінің мақұлдауын қажет етеді. Сондықтан, ұйымдастырушылық өзгерістердің табысты жүзеге асырылуы оны ең әуелі сол ұжымдағы адамдардың дайындығын қамтамасыз еткен жағдайда ғана мүмкін болады.
Педагогикалық ұжымның жаңа талаптарға сай өзгерістерін қамтамасыз ету, ұйымдастырудың жобалауға негізделген жаңа моделін жасауды қажет етеді. Өйткені, педагогтарды бірлескен шығармашылық жұмыстарға тарту, олардың мүмкіндіктерін анықтай білу және пайдалану, өзгелермен қарым – қатынас жасау, мәселелерді талдау мен шеше білу жолдарын меңгеруде жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тиімді болады. Педагогикалық ұжымда жүзеге асырылатын жобалау әрекеті ең алдымен, педагогтардың құзыреттілігін дамытуға бағытталса, олар оқыту барысында білім алушылармен жаңа субъектаралық қарым-қатынастар орнату арқылы білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етеді деп күтіледі. Білім беру ұйымдарын дамытуда жобалауды жүзеге асыру тәжірибеде әлі де аз кездеседі, бүгінде бұл жұмыс педагогтарды дамыту қызметі негізінен әдістемелік семинарлар арқылы жүргізіліп отыр. Соған байланысты, педагогтарды жобалау қызметіне тарту олардың нақты іс - әрекетін жобалау арқылы өз тәжірибелері негізінде жүргізілуі тиіс.
Осылайша, педагогикалық ұжымдарда жаңа құзыреттілік нәтижелеріне сай мақсаттық-бағдарлы өзгерістерді жүзеге асыру үшін педагогтармен жобалау қызметін ұйымдастыру қажеттілігі және осы мақсатта ұжым мүшелерінің арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеттері отыр. Педагогикалық ұжымды жобалау әрекетіне тікелей қатыстыру арқылы оқытудың негіздемелері:
– жобалау барысында негізгі міндеттер қатысушылардың ойлау және іс - әрекеттерінің нәтижесі ретіндегі жобалар арқылы жүзеге асырылады;
– жобалауға қатысушылардың ойлау әрекеттері мен тәсілдерін өзгертуге мүмкіндік беріп, өзара тиімді қарым–қатынастар қалыптастыруға ықпал етеді, ал өзара түсіністік жағдайында ұжымды жаңарту жұмыстары нәтижелі болады;
– жобалау ұжымның әрбір мүшесі үшін құндылықтары мен қабілеттерінің, дағдылары мен ішкі сенімдерінің өзгеруіне ықпал етеді;
– жобалау педагогтарға жаңа іс - әрекет түрлеріне қатысуға, оларды игеруге мүмкіндік береді, сонда ғана олардың бойында өзгерістер жасауға қабілеттілік пайда болады;
Сөйтіп, қазіргі заман талаптарына сай болу үшін білім беру жүйелеріне қажет іс-әрекеттер: оқытудың жаңа идеялары, әдістері мен технологиялары, білім беру инфраструктурасының жаңартылуы, т.б. жобалауды игеру нәтижесінде мүмкін болатын өзгерістер. Педагогикалық ұжымдағы адам ресурстарының жаңа сапасын қалыптастыру мақсатындағы өзгерістер ең әуелі, педагогтардың инновациялық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталса, оның нәтижесі білім берушілермен қарым - қатынастың өзгеруіне әкеледі. Осылайша, педагогикалық ұжымды арнайы дайындау арқылы олардың педагогикалық қызметін жаңаша ұйымдастыруына қажетті құзыреттілік сапалары қалыптасады деуге болады.
Жобалау әрекетін жүзеге асыру оны ұйымдастыратын адамдардың құзыреттілігінің жоғары болуын талап етеді, өйткені, ұйымдағы педагогтардың жобалауды өз тәжірибелеріне ендіруі үшін қолайлы жағдай қалыптастыру қажет. Педагогтардың құзыреттілігін дамыту олардың оқытудағы жобалаудың мазмұны мен әдістерін, оның тиімділігін, бағалау көрсеткіштері мен өлшемдерін жасай білуді меңгеруімен тығыз байланысты. Ол үшін, алдымен, педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған бағдарламасының мазмұнын, соған орай, күтілетін нәтижесін құрастыру керек. Олар төмендегі құзыреттіліктер болып анықталады:
– жаңа нәтижелерге бағытталған оқыту үдерісін жобалай білу және оны жүзеге асыру жолдарын жасай білуі;
– оқушылардың жобалау қызметін ұйымдастыра білу;
– жобалардың тиімділігін бағалай білуі;
Алдын ала даярлық педагогикалық ұжымның тұрақты дамуына мүмкіндік береді, өйткені, бұл жағдайда төмендегі қызметтер жүзеге асырылады: педагогикалық ұжымды дамытудағы нақты жаңа өзгерістер алдын ала белгіленеді; ұжым мүшелерінің бірлескен әрекеттері барысында аталған өзгерістерді қамтамасыз етуге қажетті құзыреттіліктер анықталады; педагогтар бойында жүзеге асыруға қажетті кәсіби құзыреттіліктерін арттыратын жобалау арқылы оқыту бағдарламасы құрастырылады және жүзеге асырылады. Сөйтіп, жобалау негізінде педагогтар құзыреттіліктерін қалыптастыру олардың өзгерістер жағдайында нәтижелі жұмыс жасауына қажетті инновациялық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Білім берудің нәтижелеріне қойылатын жаңа талаптардың әлемдік деңгейде қарастырылуы.
2. Қазақстанда білім берудің жаңа нәтижелерінің айқындалуы.
3. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы білім берудің жаңа нәтижелері.
4. Жаңа білім нәтижелерін қамтамасыз етуде педагогтарға қойылатын жаңа талаптар.
5. Педагогикалық ұжымды білім берудің жаңа міндеттерін жүзеге асыруға теориялық, әдістемелік және технологиялық дайындау жолдары.
6. Педагогикалық жобалау негізінде педагогтардың арнайы құзыреттіліктері және оларды дамыту.
7. Педагогикалық жобалаудың жаңа білім нәтижелерін қалыптастырудағы рөлі.
8. Педагогикалық ұжымдағы жобалау нәтижелерін бағалау.
Дәріс №8
Дәріс тақырыбы: Педагогикалық жобалаудың ұйымдастыру мазмұны мен құрылымы
Бүгінгі білім беру жүйесінің қоғамдағы орны мен рөлі, құндылықтық бағдарының өзгеруіне байланысты, түрлі деңгейлерде педагогикалық жобалау нысандары ретінде, жаңа білім беру нәтижелерін қалыптастыруды, білім беру үдерісін жаңартуды, тәрбиелік шараларды ұйымдастыруды алуға болады. Жобалауды ұйымдастырушыларға көптеген жаңа бағыттардың ішінен болашақта нәтижелі өзгерістерді қамтамасыз ететін инновациялық (инвестициялық, дамытушылық, зерттеушілік) жобаларды таңдай білу, оның өзектілігі мен қажеттігін негіздей білу, жобаланатын өзгерістерді шын мәнінде тәжірибеде жүзеге асырылатынын болжау және бар мүмкіндіктерді бағалай білу керек. Сонымен қатар, оның сипаттамасын, рәсімдеуін, тиісті құжаттарын дайындау жолдары мен төмендегі алгоритмін терең меңгеру аса қажет.
Нәтижелер таңдау үшін идеялар жинақталып, түпкі ниет (мақсатміндеттер, күтілетін нәтижелер) айқындалды. Одан кейін, нақты жоба таңдалып, оны жобаны жүзеге асыру (жолдары, құралдары) белгіленеді, жоба жүзеге асырылғаннан кейін алынған нәтижелердің алдын ала белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкестігі бағаланады. Педагогикалық жобалау–инновациялық үдеріс. Ол өзгеріске қажеттілікті анықтаудан өзгерістерді жүзеге асыруға дейінгі нақты кезеңдерден өтеді.
Жобаның мазмұндық құрылымын төмендегі бөліктер құрады:
1. Қалыптасқан жағдайға сипаттама беру, бұл –жоба алды талдау;
2. Болашақта күтілетін нәтижеге сипаттама беру, бұл – жобаның тұжырымдамасы;
3. Қалыптасқан жағдайдан күтілетін жағдайға өтудің стратегиясы мен тактикасы, бұл–инновациялық үдерістің моделі, ресурстары, құралдары.
Жобалау құрылымы жаңалықтарды қалыптастыру, тарату және қолдану сияқты кезеңдерден тұрады, соған байланысты білім беру ұйымдарында төмендегі жұмыстар жүргізілді: әрбір ұжымдағы өзгерістерге қажеттіктерін анықтау; ұжымның өз ортасында алатын орны, білім беру сапасы, педагогтар деңгейі, ұжымның жетістіктері туралы мәліметтер жинақтау және қалыптасқан жағдайды талдау; мәселелерді алдын ала талдау, өзгерістерді қажет ететін бағыттарды таңдау; инновациялық өзгерістер ендіру туралы шешімді қабылдау; жаңалықты сыннан өткізу және ендіру; қажетіне қарай тәжірибеде бекіту, институализациялау ( лат. – орнықтыру) немесе жаңалықты үнемі қолдану, нәтижесінде ол күнделікті тәжірибенің элементіне айналады.
Жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзіндік дамыту ресурстарын мақсаттық-бағдарлы жобалар арқылы педагогикалық жүйені дамытудың күтілетін нәтижелер қамтамасыз етіледі. Инновациялық үдерістерді жобалау білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттарды, институционалдық өзгерістерді ендіруде теориялық және практикалық жағынан құндылық болып табылады. Жобалау негізінде педагогикалық ұжымның төмендегі өзгерістері қамтамасыз етіледі:
1. Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндігін дамытылып, нәтижелі білім беруге жағдайлар жасалады.
2. Педагогикалық қарым–қатынастар қайта құрылып, субъектілердің мүмкіндіктерін дамыту және субъектаралық қатынастар жүзеге асырылады.
3. Педагогикалық ұжымды дамыту бағдарламасы жасалып, әр құрылымның жаңа міндеттері нақтыланады;
4. Педагогикалық ортаның дәстүрлі құндылықтарының тиімділерін сақтай отырып, қоғам талабына сай өзгерген жаңа сапасы қалыптастырылады; Инновациялық өзгерістерді жобалауда төмендегі талаптар ескерілу қажет, олар:
- Жобаның күтілетін нәтижелері алдын ала белгіленеді;
- Жобаның тиімділігі мен оны жүзеге асыруға жұмсалатын ресурстар алдын ала сәйкестендіріледі;
- Жобалау барысындағы тәуекел жағдайлар алдын ала ескеріледі;
- Ұжымда жаңа құрылымдар жасалу мүмкіндігі қарастырылады. Жобалауды ұйымдастыру барысында ұжымдық жұмыстардың дәстүрден тыс әдістері қажет болуы мүмкін, олар: желілік басқару дағдыларын меңгеру; шығармашылық белсенділікті қолдау; командалық бірлестіктер құру, т.б. Мақсатты жобаларға тән белгілер:
– жобаның матрицалық құрылымы;
– жұмыс барысының уақытшалық сипаты;
– шешуін қажет ететін мәселелердің негізінен интегративтік болуы;
– ұжымды дамытудың синергиялық, желілік түрде ұйымдастырылуы;
– мәселелердің негізінен стандарттық қалыптан өзгеше болуы.
Педагогикалық мәселелердің негізінен стандарттық қалыптан өзгеше деңгейде шешілуі жобаның инновациялық деңгейін көрсетеді. Жобаның неғұрлым инновациялық деңгейде болуы, оны орындаушылардың құрамы басқа ұйымдардан бөлек, тәуелсіз команда болуын, көздеген нәтижеге жету үшін олардың жауапкершіліктерінің де жоғары болуын, сонымен қатар, оған жауап беретін жетекшінің де жоба шеңберінде билік ету құзіреттіліктерінің де жоғары болуын талап етеді. Жобалау жаңа педагогикалық қарым қатынастарды, оқытудың жаңа мазмұны мен технологияларын, ойлау және қызмет етудегі жаңа әрекеттерді тудырады.
Жобалау негізіне білім беру үдерісіндегі субъектілердің жаңа қарым –қатынас түрлері, білімнің жаңа мазмұны, жаңа білім беру технологиялары, т.б. алынады. Жобалау барысындағы өзгерістерге қажеттіліктің туындауы мен ендірілген жаңалықтың институализациялауға дейінгі кезеңдердің жиынтығы бір жобалық циклды қалыптастырады.
Жобаның аталуына көңіл аудару аса маңызды, өйткені оның нақты болуы және мақсатқа сай болуы жобаға қажетті адамдардың назарын аудара алады.
Түйіндемесі. Бұл жобалар үшін де немесе жобалық ұсыныстар үшін де міндетті бөлім, өйткені, онда жобаның атауы нақтыланады, мәні түсіндіріледі. Түйіндеме қысқа, айқын және нақты болуы тиіс, ол әдетте жазбаша мәтіннің мұқабасы сипатында беріледі. Онда авторлар туралы мәлімет, жобаның мақсат-міндеттері, қажет болса, қаржылану көздері беріледі.
Кіріспе бөлімі: жағдайды талдау, мәселе қою. Бұл бөлімде жобалау нысаны туралы жалпы баяндаудан бастап, жұмыстың орындалатын әрбір нақты қадамдары төмендегі ретпен көрсетіледі:
Алғашқы қадам. Жағдайды талдау негізінде мәселе нақтыланып, оны шешудің қажеттігі негізделеді. Ұйым үшін өзекті болып табылатын мәселені айқындау арқылы оны шешудің нақты жолдары көрсетіледі, сонымен қатар, олар қоғамдық-тарихи, ұлттық, жергілікті ерекшеліктер мен талаптарға сәйкес болуы міндетті.
Екінші қадам. Жағдайды талдау мен мәселе қою арқылы жобаның мақсат–міндеттері нақтыланады, ресурстарға баға беріледі. Оларға әдетте, адам ресурстары, қаржылық, материалдық, әкімшілік, қоғамдық, т.б. жатқызылады.
Үшінші қадам. Бұл қалыптасқан жағдайға сай мәселені шешу жолдарын, мақсат–міндеттерін, ресурстарын талдау негізінде жасалатын жобаны мазмұндық – құрылымдық сипаттау кезеңінен тұрады.
Жобалау идеяларын ұсынудың бірнеше әдістері бар, олардың ең қарапайымы ойға шабуыл. Бұл әдіс өзгеріс жасау бағыты анықталып, нақты іс-әрекеттерін белгілеу қажет болғанда пайдаланылады, яғни, осы өзгерістерді жүзеге асыру үшін не жасау керек деген сияқты сұрақтарға жауап ойға шабуыл жасау арқылы беріледі. Білім беруде бірнеше әлеуметтік топтар мүдделері тоғысатындықтан осы әдіспен жүргізілетін кездесулерде жобалаушыларға сан алуан құнды идеялар алу мүмкіндігі бар.
Бекіту сұрақтары:
1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру нысандары.
2. Жобалауды ұйымдастыру құрылымы мен компоненттері.
3. Дамыту жобасының мазмұндық құрылымы.
4. Жобалау негізіндегі педагогикалық ұжымның өзгерістері.
5. Инновациялық жобалауға қойылатын талаптар.
6. Мақсатты жобаларға тән белгілер.
7. Жобалау алды даярлық жұмыстарының құрылымы.
8. Жобаның негізгі бөлімдеріне талдау жасаңыз.
Дәріс №9
Дәріс тақырыбы: Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы
ХХ ғасырдың аяғына қарай ғалымдар білім беру жүйесіндегі мәселелерді анықтап, олардың пайда болуы мен шығу жолдарын қарастыра бастады. Педагогикалық ұйымдарды дамытуда синергетикалық заңдылыққа сай факторлардың бірі – оның өзін - өзі басқара алушылығы, яғни, педагогикалық жүйенің өзінде оның тұтастығын, қызмет етуін, жетілдірілуі мен дамуын қамтамасыз ететін тетіктер мен басқару факторларының болуы.
Жоғарыда айтылғандай, жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін - өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастырудың тиімді механизмі жобалау болып табылады. Жобалаудың басты ерекшелігі – оның объектіні дамытуға бағытталуы, жобалау белгілі бір объектіні жаңа түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту қызметін атқарады. Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен қатар, қоғамдық - саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады.
Педагогика тарихында орын алған сан алуан жобалар білім берудің мазмұнын ғана емес, оның институционалдық, технологиялық, ресурстық жақтарын, сондай-ақ, педагогтарды дамытуды да қамтығаны белгілі. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық деңгейлерін төмендегідей көрсетуге болады: Стратегиялық деңгей, бұл мемлекет деңгейіндегі білім беру жүйесінің өзгерістерін қамтиды, оның нәтижелерінің тиімділігін тарихи уақыт өлшемімен ғана бағалауға болады. Институционалдық деңгей, белгілі бір білім беру ұйымдары, басқару құрылымдары немесе белгілі бір білім беру жүйесіндегі салалық өзгерістерді қарастырады. Оның тиімділігі институционалдық деңгейде көзделген мақсаттың орындалуынан көрінеді. Технологиялық деңгей, оның нысандары болып білім беру үдерісіне ықпал ететін әдістер мен тәсілдер алынады. Олардың тиімділігі белгілі бір нақты іс-әрекеттер жүзеге асырылысымен - ақ көрінуі мүмкін.
Жобалау деген ұғымның өзі оның басқару қызметіне тән екендігін анықтайды, оның алға қарай қозғалыс бағытын білдіретін мәні, сонымен қатар, мақсатқа сай жүріп өтуге тиіс аралықты анықтайтын, алдын ала болжай алу қызметі. Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі – әрекеттің нәтижелілігі мен тиімділігі мақсатты алға қоймастан бұрын белгіленетіні. Сондықтан, жобалау – қайта құру туралы ойға алынған ниет пен оны құрастыруды, орындауды, нәтижелері мен салдарларын біртұтас етіп біріктіру қызметі. Педагогикалық жүйелер әлеуметтік жүйелердің ішіндегі болашақпен тығыз байланысты маңызды құрылым болғандықтан, оның қызметі мен мазмұны әлеуметтік үдерістердегі өзгерістерді басқаруға ықпал етеді. Соған орай, педагогикалық жүйелерді институцияландыру, технологияландыру, жаңаша ұйымдастыру ең әуелі қоғамдық дамуды жүзеге асырудың басты бір жолы ретінде жобалау түрінде орындалуы тиіс. Басқару әрекеттерін ұйымдастыруда жобалаудың инструменталдық қызметі айқын көрінеді.
Жобалаудың басқа да басқару құралдарынан айырмашылығын анықтау үшін оның білім беру саласында қолданылатын терминдеріне тоқталамыз: Жоспарлау. Ол әрекеттің перспективасын белгілейтіндіктен, бір жағынан, жобалауға ұқсайды, жоспарда іс әрекеттер уақытқа қатысты құрылымданады, жауапты орындаушылары, есеп беру түрлері көрсетіледі.
Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарының жоспары жобаның құрамдас бөлігі немесе басқару қызметінің өз алдына бөлек құралы ретінде де бола алады. Ал, стратагиялық жоспарлар уақытпен шектеліп қоймай, онда болашақта қол жеткізілетін нәтижелер мен оның белгілі бір сипаттамалары беріледі. Бағдарлама. Оның негізгі белгілері жобалауға ұқсайды, мысалы, әрекеттің мақсаты мен принциптерін, нәтижеге жету үшін іс - әрекеттің белгілі бір алгоритммен орындалуы, ресурстары белгіленуі. Тәжірибе барысында белгілі болғандай, белгілі бір бағдарлама жобалау барысында іске асырыла алады немесе белгілі бір бағдарлама шағын жобалау қызметін қамтуы да мүмкін. Бірақ, бағдарламада маңызды болып табылатын алгоритмдеу жобалау үшін міндетті емес өйткені, онда түрлі тәуекелдердің болу мүмкіндігі ескеріледі. Педагогикалық жобалаудың міндеттері:
− жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы мәселенің пайда болуы мен сипаттамасын жасау;
− мәселені шешудің түрлі жолдарын қажетті ресурстары және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау тұрғысынан іздестіру;
− мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолды таңдау және оны жобалық рәсімдеу;
− жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері мен оны жүзеге асырудың материалдық-техникалық, қаржылық, құқықтық-нормативтік шарттарын белгілеу;
Мәселені айқындау дегеннің өзі осы мақсатты көздейтін бұрыннан бар амалдардың белгілі бір себептермен нәтиже бермейтінін белгілеу немесе жаңа ситуация пайда болғанын мойындау. Жаңа ситуацияға сай өзгерістерді жүзеге асырудың мақсаты мен міндеттерін анықтау арқылы жобалаушы келесі кезеңге өтеді. Бұл кезеңде төмендегі жұмыстар орындалады: жағдайды талдау, шектеуліктерін белгілеу; талдау арқылы қалыптасқан жағдай мен күтілетін жағдай арасындағы қайшылықты белгілеу; Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды қарастыру аясын шектеп алу қажет, ол үшін мәселеге қатысы бар субъектілерді, қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық тудырып отырғанын белгілеу, қиындықтың мәнісі неде екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын алу себептерін анықтау қажет. Талдау пәніне қарастырылатын педагогикалық жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы, қызметі, байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты сипаттамалары жатады. Бұл жұмыстардың барлығы жобалау алды зерттеу кезеңін құрайды.
Жобалау барысында зерттеу әрекеттерінің жүргізілуі міндетті, өйткені, проблеманы айқындау және оны шешу жолдарын ұсыну үшін педагогикалық жүйеге қатысты ішкі және сыртқы орта жағдайларын, әлеуметтік топтар мүддесін, т.б. ескеру, жүйенің болашақ бейнесін тұтастық тұрғысынан қарастыру қажет. Жобалауда түпкілікті нәтиженің параметрлері, жаңа сапалық белгілері әуелі оймен құрастырылып, бастапқы жағдайдағы мәселені белгілеу, оны шешу әдістерін айқындау мақсаты қойылады.
Жобалауға қажетті ресурстардың анықталуы оның орындалу мүмкіндігін көрсетеді. Ресурс (франц. ressource – қосымша құрал), қаржылар, құндылықтар, мүмкіндіктер және бюджеттің кіріс бөлігі. Ресурстар экономикалық (материалдық, қаржылық); әкімшілік (құқықтық, биліктік); психологиялық (интеллектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық); табиғат (климаттық) және басқалар болып бөлінеді. Белгілі бір әрекетті орындауда пайдалануға болатын нәрселердің барлығы да ресурстарға жатқызылады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауға қажетті ресурстары қатарында білімдік, ақпараттық, материалдық-техникалық, қаржылық және адам ресурстары жатқызылады. Осыған сәйкес кез-келген деңгейдегі педагогикалық жүйе аталған ресурстардың біріне жауап беретін, басқаратын белгілі бір бөлімшелер немесе бөлімдерден құралады. Қалыптасқан тәжірибеде жоғары оқу орнының проректорлары оқу және әдістеме жұмыстары, ғылыми - зерттеу жұмыстары, тәрбие беру және жастар ісі бағыттарындағы салалардың қызметі үшін, кадр бөлімі профессорлық - оқытушылық құрамдағы, басқару - әкімшілік қызметкерлерден тұратын адам ресурстары үшін, есеп бөлімі қаржылық-экономикалық ресурстар үшін, шаруашылық бөлімі материалдық-техникалық ресурстар үшін жауап береді. Осыған ұқсас тәртіп мектептер мен орта кәсіби оқу орындарында да қалыптасып, мектеп директордың орынбасарларының, бөлім басшыларының әрқайсысы жауап беретін салалары белгіленген. Олардың әрқайсысының құзырлылығы өз саласы үшін жауапкершілікпен ғана шектеледі, олар өз жоспарларына сәйкес өз ресурстарын дамыта отырып, бір-бірімен қатар, көлденең түрдегі қарым қатынаста қызмет етеді. Бұл жағдайда жүйе басшысының (ректор, директор, т.б.) міндеті–барлық бөлімдердің өз бағытында қызмет етуіне қолайлы жағдайлар жасау. Сонымен қатар, ол ортақ мақсатты орындау қажет болғанда барлық құрылымдық бөлімдердің қызметін бір - бірімен байланыстыру арқылы ұйымдастырады. Педагогикалық жүйелерді басқарудың осы классикалық сипатында берілген ортақ мақсатты орындауға қажетті барлық ресурстарды жүйені басқарушы тікелей өзі ұйымдастырып, сала басшыларының атқаратын міндеттерін бөліп береді, ресурстардың жұмсалуын өзі қадағалайды.
Жаңа қоғамда адамның өз әрекетін ұйымдастыра алуы оның табысты өмір сүруіне қажетті өзіндік ресурсы болып саналады, ол дамыған сайын адамның тәжірибесіне еніп, өзін - өзі сарқылмас капиталға айналдыратын өмірдің басты мазмұнына айналады. Сондықтан, субъектінің өзіндік әрекетін ұйымдастыра білу, оның өздігінен білім алуына мүмкіндік туғызу жобалаушылық құзыреттіліктерді дамытуды қажет етеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық деңгейлеріне сипаттама беріңіз.
2. Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі неде?
3. Педагогикалық жобалаудың міндеттері.
4. Жоба құрастырудың жалпы логикасы.
5. Педагогикалық жүйелерді классикалық сипатта басқарудың мәні.
6. Педагогикалық жүйелерді басқаруда жобалауды ұйымдастырудың мәні мен ерекшеліктері.
7. Жобалау ресурстары мен оны ұйымдастыру
Дәріс №10
Дәріс тақырыбы: Педагогикалық әрекеттерді жобалаудың технологиясы
Педагогикалық жүйелердің инновациялық өзгерістері мақсаттық жобалау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаңа қызметтің өзіне тән орындалу алгоритмі мен технологиялық циклі, өзіндік ерекшеліктері болғандықтан, оны ұйымдастыру барысында белгілі бір тәртіп пен ережелер қатаң сақталуы тиіс. Соған орай, технология түсінігінің мәні жобалау әрекетін тұтастықпен және бірізділікпен орындаудағы ережелер мен нормалардың жиынтығы және олардың сабақтастығы деп қарастырылады. Жобалаудың басталуынан аяқталғанға дейінгі біртұтас технологиясы төмендегі кезеңдер мен іс– шараларды қамтиды:
Бастапқы кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау объектісінің қазіргі жағдайын талдау, диагностикалау, бағалау, орын алып отырған қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау, осы бағыттағы ғылыми– зерттеулерді талдау, мәселені теориялық негіздеу; жобаны ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл кезеңнің нәтижесі– жобалаудың қажеттігін анықтау, оны ақпараттық– материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, тиісті жағдайлар туғызу.
Негізгі кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау мақсатын айқындау, мақсатқа қол жеткізетін жолдарды болжау, жобаның шектелу аясын белгілеу, жобалау идеясын тұжырымдау немесе тұжырымдамасы, жобаның тұтас бағдарламасын, жоспарын жасау, бақылау түрлерін анықтау.
Екінші кезеңнің нәтижесі–объектінің құжаттық жобасын жасау, олар: тұжырымдамасы, моделі, бағдарламасы, жоспары.
Жүзеге асыру кезеңі. Бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан өткізу орындалады. Нәтижесі– жүйенің жаңа сапаға өткендігін назарға алу.
Қорытынды кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобаны және оны эксперименттік байқаудың сапалық нәтижелерін бағалау, жобаның тиімділігін тәуелсіз эксперттердің бағалауы, пайда болған мәселерге сыни рефлексия жасау, жобаның нәтижелерін қорытындылау, түзетулер енгізу. Бұл кезеңнің нәтижесінде жобаға қажетті өзгерістер ендіріледі. Жобалау технологиясы желілік түрде ұйымдастыруды қажет етеді.
Өйткені, педагогикалық мақсат қою, мотивациялар мен құндылықтық ұстанымдарында қалыптасқан түсініктерді өзгерту қатысушылардың іс– әрекет дағдыларын өзгертуден басталады. Ол үшін барлық дербес және ұжыммен орындалатын қызметтердегі әркімнің өзіндік дамуы мен ұжым дамуындағы ортақ мүдделерді айқындап, тиімді әрекеттерге жетелейтін жағдайды қалыптастыру қажет болды. Жобалау әр адамның ұжымдағы рөлі мен жауапкершілігін арттыруды көздейтін болғандықтан, иерархиялық–жоғарыдан төмен қарай басқару жүйесінің орнына жобалық командаларға негізделген өзара желілік байланыста болатын шағын топтар құрылды. Соған орай, бұрынғы құрылымдағы басқарудың негізгі құралы – қатаң бақылаудың орнына педагогикалық қызметкерлердің өзіндік тәртіпке, тапсырылған істі орындауға деген мотивациялық - стимулдық орта тудырылды. Қатаң бақылау мен әкімшілік әрекеттер қолдау көрсету, бірлесе орындау, нәтижені өзіндік бағалау әрекеттерімен ауыстырылады.
Жобалау технологиясы ұйымдастыру әрекеттерінің жаңа түрін қалыптастырады, оларға тән ерекшеліктер:
– жаңа қажеттіктерді қанағаттандырады;
– мәселелердің шешімін табу жолдарында дәстүрлі тұрғыға қарағанда елеулі айырмашылықтар болады;
– дамытушылыққа бағытталады. Инновациялық өзгерістер жағдайында білім беру ұйымында жүзеге асырылатын жобалау технологиясына төмендегідей талаптар қойылады:
1) Жобаның икемділігі;
2) Жобаның күтілетін нәтижесі инновациялық өзгерістерге әкелуі;
3) Өзгерістің тиімділігі мен оны орындауға кеткен шығындардың сәйкестендірілуі;
4) Жоба барысында болуы мүмкін қолайсыздықтарды есепке алу;
5) Жобалау барысында ұжымда құрылымдық өзгерістер жасау мүмкіндігін қарастыру.
Бұдан көрініп тұрғандай, басқарудағы жобалау әдістерінің қалыптасқан ұйымдастыру мен басқарудан өзгешелігі аз емес. Атап айтқанда, дәстүрден тыс әдістер:
– желілік ойлау дағдыларын қалыптастыру;
– шығармашылық белсенділікті көтермелеу;
– жобаны жүзеге асырудығы топтық (командалық) бірлестіктер. Олардың қажеттігі келесі факторлармен айқындалады: жобаның матрицалық құрылымы, жұмыс барысының уақытшалық сипаты; шешуін қажет ететін мәселелердің негізінен пәнаралық және интегративтік сипатта болуы; педагогтарды мен білім алушылардың шығармашылық әлеуетін желілік сипатында нығайту қажеттігі тууы; шешілуі қажет мәселелердің негізінен стандарттық қалыптан өзгеше болуы. Басқарушыларды жоба жетекшілері ретінде арнайы дайындағаннан кейін, олардың алдына өздері қызмет істейтін ұйымды дамытудағы өзекті мәселелерді анықтау, оны шешуге арналған мақсатты жобалар құрастыру, жүзеге асыру, нәтижесін талдау және бағалау міндеті қойылады.
Ол үшін, ең алдымен, сан алуан инновациялардың ішінен педагогикалық жүйелердің түбегейлі өзгерістерін қамтамасыз ете алатын ең негізгі бағытты таңдай білу, жүйені мақсаттық–бағдарлы дамытудың жүйеқұраушы элементі болып табылатын инновациялық жобаны анықтай білудің маңызды екені түсіндіріледі. Мақсаттың айқын болуы кез келген әрекеттің ең басты тетіктерін анықтап, соған күш салуға мүмкіндік береді. Тәжірибеде жиі кездесетін оқыту мен тәрбиелеу, білім беру ұйымдарын басқару қызметтеріндегі қиындықтар мен кемшіліктер негізінен педагогикалық әрекеттерді басқарушылардың іс–әрекеттің мақсатын нақты түсіне алмауынан және мақсаттың дәл анықталмауынан болатыны белгілі. Соған орай, мақсаттық–бағдарлы жобалардың негізгі міндеті–жүйенің барлық компоненттерінің қызметтерін күтілетін нәтижеге сәйкес ұйымдастыру болып табылады. Педагогикалық жүйелердің барлық деңгейлерін мақсатты дамыту мен оның бағдарламаларын жасау басқарудың инновациялық технологияларын тиімді қолдануды қажет етеді. Бұл қызметтерді жобалау технологиясы арқылы жүзеге асыру жаңа адами ресурстарды сырттан тарту емес, қолда бар ресурстардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды көздейді. Жобалау әрекеті басқару құрылымына белгілі бір деңгейде өзгерістер ендіруді қажет етеді, оны ұйымдастыруда жаңа өзгерістерге түсетін объектілер қатарына басқару құрылымы мен басқару әрекеттерінің бағдарлық жүйесі жатады.
Жобалау әрекетін ұйымдастыру арқылы білім беру ұйымдарындағы даму өзгерістері жүзеге асырылады. Жобалау технологиясын нақты мәселелерді шешуде жүзеге асыру арқылы педагогтардың ізденістікшығармашылық белсенділігін арттыруда, білім беру ұйымының пайдаланылмай жүрген түрлі ресурстар көзін анықтауда маңыздылығын анықтауға болады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылық жұмыстар барысында басқарудың қалыптасып қалған иерархиялық моделі өзгертіліп, жаңа бөлімшелер құрылады, тиімсіздігі анықталып отырған қызметтік, құрылымдық салаларды қайта құру, ішкі өзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, педагогикалық жобалауға дайындық барысында:
1) Жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы мәселенің пайда болуы мен сипаттамасы жасалады;
2) Мәселені шешудің түрлі жолдары қажетті ресурстар және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау тұрғысынан қаралады;
3) Мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолдар жоба ретінде таңдалады;
4) Жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері мен оны жүзеге асырудың материалдықтехникалық, қаржылық, құқықтық-нормативтік шарттары мен ресурстары анықталады. Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды қарастыру аясы шектелуі керек, ол үшін мәселеге қатысы бар субъектілерді, қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық тудырып отырғанын белгілеу, қиындықтың мәнісі неде екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын алу себептерін анықтау қажет.
Талдау пәнінде қарастырылатын педагогикалық жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы, қызметі, байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты сипаттамалары жатады. Бұл жұмыстардың барлығы жобалау алды зерттеу кезеңін құрайды. Бұнда бастапқы кезең талаптарына сай жобалау жұмысы кіші жүйе құрылымының өкілдерінен құрылған 171 шығармашылық топтар құрудан басталып, педагогикалық ұжымды инновациялық дамытуды жобалау алды зерттеулер мен қалыптасқан жағдайды талдау негізінде жұмыстың қажеттігін анықтап, жобаның тұжырымдамасын құрастырды. Нақты жобадан мысал. Тақырыбы: Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды жобалау. Қысқаша тұжырымдамасы: Қазіргі педагогикалық жүйелерді дамыту ондағы педагогтардың инновациялық өзгерістерді қабылдауға, жүзеге асыруға, нәтижелерін талдай, бағалай білуіне байланысты. Сондықтан, педагогикалық жүйелерді дамытудың маңызды факторының бірі–ондағы адам ресурстары ретіндегі педагогтардың инновациялық мүмкіндігінің жеткілікті деңгейде болуы. Педагогикалық ұжымның инновациялық деңгейі оның жаңа идеялар мен жобаларды, инновациялық технологияларды жүзеге асыру мүмкіндігінен көрінеді.
Осыған сай, білім беру ұйымдарының жүйелі өзгерістерін жүзеге асыру үшін ондағы педагогтардың инновациялық мүмкіндерін арнайы дамыту қажет. Тәжірибеде орын алған түрлі жаңа бағыттардың ішінен педагогикалық жүйелердің жаңа өзгерістерін қамтамасыз ете алатын негізгі бағыт, жүйенің адам ресурстарын дамыту болып табылады. Соған орай, педагогтарды инновациялық дамыту жүйенің жаңа өзгерістерін қамтамасыз ететін жүйеқұраушы элементі бола алады және осы бағыттағы инновациялық жобаны жүзеге асыру ұжымның одан кейінгі даму сатыларында өтуге мүмкіндік береді». Одан әрі ұсынылған мәселені шешуде бұрыннан бар амалдардың белгілі бір себептермен нәтиже бермейтіні негізделеді немесе жаңа жағдайлар туындағаны нақтыланады. Осыдан соң, жаңа жағдайларға сай өзгерістерді жүзеге асырудың мақсаты мен міндеттерін анықталып, жобалау технологиясының келесі кезеңіне өтеді. Осылайша, педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту жобасын жүзеге асыру жолдары белгіленеді.
Педагогикалық ұжымның бұл бағыттағы мәселелері мен оны шешу жолдарын, мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін айқындау нәтижесінде жобалау болжамы белгіленді. Болжам бойынша, егер, педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жұмыстарының мазмұны, әдістері мен түрлері оның әрбір кезеңінің мақсатына сай педагогтардың жаңалықтарға көзқарасын дамыту, оларды қабылдай алуы мен жаңалықтарды меңгеруін ұйымдастыру; ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі мен педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыру; өзара қарым қатынастарын дамыту педагогикалық-психологиялық, ұйымдастырушылық ресурстық тұрғыдан қамтамасыз етілсе, онда педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту тиімді жүзеге асырылады. Осы болжамға сай, ұжымның инновациялық өзгерістерге даярлық көрсеткіштері төмендегі сапалардан тұрады деп белгіленді:
1) Педагогтардың жаңалықтарға көзқарасы, оларды қабылдай алуы;
2) Жаңалықтарды меңгеруге және қолдануға даярлығы;
3) Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;
4) Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;
5) Өзара қарым қатынастарының деңгейі. Оны тәжірибеде жүзеге асыру кезеңдері анықталып, күтілетін нәтижелері төмендегідей белгіленді:
Дайындау кезеңінде–педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлығы;
Ұйымдастыру кезеңінде – теориялық даярлығы;
Жүзеге асыру кезеңінде – тәжірибелік даярлығы;
Бақылау бағалау кезеңінде – күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердің сәйкестігін анықтау, сәйкестендіру.
Одан соң, шығармашылық топ әрбір кіші жүйе құрылымында талқыланған педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жобасын ұйымдастыру бағдарламасын педагогикалық кеңеске ұсынып, бекітілген соң жүзеге асыру жұмысы басталды. Жобалауды жүзеге асыру оны кезеңдерге бөліп, және әр кезеңнің нәтижесін белгілеуді, соған сәйкес бақылап, бағалап отыруды қажет етеді. Осыған орай, барлық кезеңдерде дәстүрлі басқаруға тән емес өзгеше жұмыс түрлері пайдаланылады.
Жобалау арқылы педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту үшін, ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыруға жағдайлар туғызылды. Олар ұжым жағдайында тұрақты түрде қызмет істейтін арнайы семинарлар мен практикалық жұмыстың тәжірибелік алаңдары ретінде ұйымдастырылды.
І. Дайындық кезеңі.
Мақсаты: педагогикалық ұжымды инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлығын қамтамасыз ету.
Мазмұны:
1. Педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлық деңгейі диагностикалау.
2. Ақпараттық база төмендегіше құрастырылады: – білім беру саласындағы жаңалықтар базасы жасалады;
– тақырыптық семинарлар жүргізіледі, әдебиеттермен, жаңа әдістемелермен қамтамасыз етіледі;
– педагогтарды өз мәселелері бойынша қалалық семинарларға, ашық сабақтарға, облыстық институттың курстары мен теориялық семинарларына жүйелі қатысуы ұйымдастырылады.
3. Университеттен таңдалған ғылыми жетекшілермен және кеңесшілермен байланыс жасалып, оларды семинарларға тарту, инновациялар туралы ғылыми ақпараттармен танысу жүзеге асырылады.
4. Инновациялық жаңалықтар мен технология түрлері педагогтардың қажеттіктері бойынша таңдалады.
5. Педагогтар, сонымен қатар, өз пәндері бойынша білім алушылардың қажеттіктері бойынша ізденістік инновацияларды таңдауға да жағдай туғызылады.
6. Жобаны жүзеге асыруда болуы мүмкін кедергілерді, сәйкессіздіктер мен кері нәтижелеріне болжау жасалады.
7. Білім алушыларды, ата-аналарды жоба жұмысымен таныстырып, жұмысқа белсенді қатысуға мотивациялау жүргізіледі.
ІІ. Ұйымдастырушылық кезең
Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды теориялық қамтамасыз етуге даярлық жұмысын жүргізу.
Мазмұны:
1) Иерархиялық түрдегі әдістемелік қызмет құрылымына өзгерістер енгізу: матрицалық шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдарын, филиалдар, ғылыми–кеңесшілік топтар құрылады;
2) Педагогтардың ғылыми-әдістемелік, инновациялық білімдерін толықтыру үшін тақырыптық семинарлар мен тренингтер жүргізіледі;
3) Педагогтардың зерттеушілік сапаларын дамыту, зерттеу тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерін жүргізуге жағдай туғызылады;
4) Ғалымдармен байланыстар нығайтылып, жеке және топтық кеңес беру, семинарлар өткізу үшін филиалдық жұмыстар басталады;
5) Педагогтарды ынталандыру ережелерін құрастырылды;
6) Өзара шараларға, сабақтарға қатысу, дөңгелек үстел, жобаларын қорғау, шығармашылық есептер тыңдау, презентациялар жоспар бойынша орындалады.
ІІІ. Жүзеге асыру кезеңі
Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
Бұл кезеңнің мазмұны:
1) Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дайындық кезеңі бойынша аралық диагностикалау;
2) Бағдарлама бойынша теориялық білімді Д. Колб әдісімен тақырыптық семинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар, тренингтер түрінде жүргізу, оны келесі семинарға дейінгі аралықта тәжірибеде бекіту, талдау, әріптестерімен талқылау;
IV. Бақылау -бағалау кезеңі
Мақсаты: Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудағы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау.
Мазмұны:
1.Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудың қорытындыларын бағалау көрсеткіштері:
– Педагогтардың жаңалықтарға көзқарасы, оларды қабылдай алуы;
– Жаңалықтарды меңгеруге даярлығы;
– Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;
– Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;
– Өзара қарым қатынастарының деңгейі.
2. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудан күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктердің себептерін анықтау
3. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытуды одан әрі жалғастыру бағдарламасын жасау.
Сондықтан, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету рефлексиялық іскер ойындар арқылы да жүзеге асырылады. Бірлескен ұжымдық әрекеттер негізінде жобалардың іске асырылуы жариялылық пен белсенділік жағдайында орындалып, олар өз кезегінде ұжым мүшелерінің нәтижелі қызмет атқаруға, ортақ мүддені іске асыруға қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз.
Бекіту сұрақтары:
1. Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясының кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
2. Инновациялық үдерістерді жобалау технологиясына қойылатын талаптар.
3. Педагогикалық жобалауға дайындық мазмұны.
4. Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту жобасы негізінде оның барлық кезеңдерін қамти отырып, берілген үлгімен өзіңіз үшін өзекті тақырыптағы жоба құрастырыңыз және оны топпен талқылыңыз.
5. Жобаны бағалау көрсеткіштерін жасап, өз жобаңызды бағалаңыз.
6. Жобалаудың дәстүрлі әдістемелік шаралардан айырмашылығын мысалдар арқылы ажыратыңыз.
Дәріс №11
Дәріс тақырыбы: Педагогикалық әрекеттерді жобалаудың технологиясы
Оқытудағы жобалау. Әлеуметтік–мәдени контексте алғанда жобалауды оқыту әрекетін басқарудың түрі деп қарастыру және оның ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау арқылы оқушыны дамыту міндеттерін орындау мүмкіндігі белгілі. Бірақ бұл жағдайда жобалау әрекетін ұйымдастыру әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен бірдей деуге болмайды.
Жобалау әрекеті мектеп жасындағы оқушының барлығына да бірдей жүргізілмейді, ол әр сатыдағы (бастауыш, негізгі, жоғары сыныптар) оқушылар үшін түрлі қызмет атқарады, түрлі мақсаттар қойылады және түрліше орындалады.
Мектепте ұйымдастырылатын жобалаудың мақсаты өнім алу ғана емес. Оқушы үшін жобалау әрекетіне қатысу оның өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылуына ықпал етсе, мұғалім үшін ол педагогикалық міндеттерді орындау құралы болып табылады. Сондай–ақ, жобалау әрекеті оқу әрекетін түгелдей алмастыра алмайды және ол мектепте жүргізілетін жұмыстардың жалғыз ғана тиімді түрі деп те есептелмейді.
Жобалау–оқушылардың өз бетіндік оқу әрекеттерін ұйымдастыруда олардың белсенділігін арттыруға бағытталған құралдардың (технологиялардың) бір түрі. Оқушылардың жобалау әрекеттерінің басты ерекшелігі –оның білім берумен тығыз байланыстылығында. Жалпы білім берудің өзін әлеуметтік жобалауға жатқызуға болады, бұл жағдайда жобалау субъектісі – қоғам болып табылады. Нақтылап айтсақ, оқыту үдеріс–алдын ала белгіленген нәтиже, яғни белгілі бір сапаларға ие мектеп бітіруші тұлғасын қалыптастыру мақсатында арнайы ұйымдастырылатын үдеріс десек, білім берудің өзі жобалау әрекеті бола алады.
Оны төмендегі қасиеттерге қарап айтуға болады:
– мақсаты анықталынып алған (мектеп бітіруші моделі)
– құралдары, белгіленген (білім мазмұны, түрлері, әдістері, ұйымдастыру ресурстары)
– нәтижелік өнімнің болуы (мектеп бітірушінің белгілі бір сапалары)
Білім берудің осы сипатына қатысты алатын болсақ, педагог – жоба ретінде жүзеге асырылатын білім берудің мақсатын жүзеге асыратын агент. Өйткені, ол педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру арқылы күтілетін нәтижелерге сәйкес оқушының дамуын бағыттап отырады. Оның басты құралдары оқыту мен тәрбиелеу. Педагогты жай орындаушы деп қарай алмаймыз, себебі орындаушы белгіленген операцияларды рет–ретімен, бір тәртіппен орындайтын адам. Оқыту үдерісінде балалардың барлығы білім беру әрекеттеріне бірдей деңгейде араласа алмайды, сондықтан, педагог әрбір нақты оқушының ерекшеліктеріне қарай өз әрекеттерін ұйымдастырушы, яғни субъект рөлін атқарады. Осыған байланысты педагог – білім беру үдерісінің субъектісі деп айта аламыз. Өйткені, педагог субьект ретінде мақсат қояды, оған сай құралдарды анықтайды, нәтижені алуға күш жұмсайды, түрлі жағдайларды ескере отырып, өзінің ұйымдастыруының амалдарын орындайды, өзгертеді, түзетеді, бағалайды. Енді, осы жағдайда оқушы – білім беру үдерісінің субъектісі бола ала ма?
Соңғы кездері бұл өте кеңінен қолданылып жүрген мәселе. Оқушыларға жекелеген білім беру, тұлғалық–бағдарлы оқыту, субъект–субъектілік тұрғы деген түсініктердің ендірілуіне байланысты бұл мәселе кеңінен талқылануда, оқушының субъектілігі кеңінен қарастырылуда. Білім берудің әлеуметтік мақсатын қарастырсақ, оқушыға мақсат сырттан беріледі, бұл – оқушының мақсаты емес, әлеуметті құндылық. Ал оқушы оны өзі үшін құндылық деп қарастырмауы мүмкін. Бірақ оқушы өзін-өзі дамытуды өз міндетіне алса, онда білім алу оның мақсатына айналады. Айта кету керек, оқушыларды дәстүрлі оқытуды жүзеге асыруды педагогтың жобасы деуге де болады. Педагог оқыту барысындағы әрбір педагогикалық әрекеттің неліктен қажет екендігін, жаңа тақырыпты түсіндірудің мақсатын, бақылау жұмысын жаздырудың неліктен қажет екенін нақты біледі.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде педагогтың әрбір қадамы берілген әдістемеден ауытқымайды, өзінің не айтатыны, оқушының қалай жауап беру тиістігі алдын ала белгіленеді және дәл солай орындалуы талап етіледі. Жобалау әрекетін ұйымдастыруда да педагог оқушылардың жұмысын жоба түрінде құрады. Педагог білім беру мақсатын анықтайды, оған жетудің белгілі бір жолдарын ұсынады және қорытынды нәтиженің қалай болуы тиістігін алдын ала белгілейді. Осылайша, педагог әрекетінің өзі жобалық әрекет. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, жобалау әрекеті барысында педагогтың өз жауапкершілігі мен өзіндік іс-әрекеттері көбейеді, өйткені, ол оқушылардың жұмыстарын жоба жасауға бағыттайды, жоба жасау арқылы олардың түрлі қабілеттерін анықтайды, одан әрі дамытады. Ол өзінің оқыту жобасының нәтижесіне ғана емес, оқушылардың жобасы арқылы өнімінің нәтижесіне де жауап береді.
Педагогтың білім беру жобасы оқушылардың жобалары арқылы жүзеге асырылады, егер педагог оқушылардың жобаларын тиімді ұйымдастырып, олар өнімді және нәтижелі болған жағдайда педагогтың білім беру (оқыту) жобасы өз мақсатын орындайды. Бұл жерде оқушылар жобасының өнімі - шартты ұғым, ол оқушының белгілі бір білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық, т.б сапалары болып табылады. Оқушылардың жобасын ұйымдастыруда педагог осы сапалардың белгілі бір сипатын мақсат ретінде алады. Оқушылардың жобалау әрекеті қатаң реттелмейтін, көбіне олардың еркіндігін дамытуға бағытталғандықтан педагогтың жобалау іс-әрекеттеріне де еркіндік, өзгермелілік тән болады. Түрлі жағдайларға байланысты (топтағы болуы мүмкін түсінбестіктер, кейбір жобалардың сәтсіздігі, оқушының келмей қалуы, т.б) педагог көптеген өзгерістер ендіруі, ситуациялардан шығудың тиімді жолдарын анықтауы қажет болып отырады. Олардың барлығы да оқушылар жобасының, сонымен қатар, педагогикалық жобаның табыспен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, жобалау барысындағы педагогтың ісәрекеттерін жобалау әрекеті және басқару әрекеті деп екіге бөлуге болады: – білім берудің жаңа нәтижелерін (оқушылардың жаңа сападағы қабілеттерін дамытуды) жобалайды; – оқушылардың жобалау әрекетін басқарады; Сондай–ақ, бұл екі әрекет бір–бірімен бірге, айтылмай жүргізіледі. Айта кету керек, оқушылардың жобалау әрекеті жобалау түсінігінің қалыптасқан тәртіптеріне түгел жауап бермейтінін бүгінгі ғалымдар сөз етіп келеді. Оны квазижобалау деп атау керек деген ұсыныстар да бар. Оның себебі, жобалаушы жобаны белгілегенде өз мақсатын қойып, алатын өнімін белгілейді. Ал, оқушылар өз мақсаты емес, педагогтың немесе педагогикалық мақсат пен міндеттерді орындайды. Солай бола тұра, оқушылардың жобалау әрекеті педагог тарапынан «сауатты», тиімді ұйымдастырылса жоғарыдағы педагогикалық мақсатты емес, оқушылардың жобасының мақсатын олармен бірге анықтауға және орындауға әбден болады. Оқушылар жоба жасаудағы өз әрекеттерін еркін тыңдап, өз бетімен оның мақсаты мен міндетін, әдіс – құралдарын күтілетін нәтижеге сай анықтауға мүмкіндік жасалса–жобалау олардың өз әрекеттеріне айналады. Демек, олардың жауапкершілігі мен өз бетіндік әрекеттері дамытылады. Педагогикалық психологияда өзі үшін құнды мақсат қою және әрекеттерді өзі белгілеуі, нәтижеге жетуге ұмтылуы–оның субъектілігін білдіреді, яғни, бұл жобалаудағы субъектіліктің көрінісі болып табылады. Сонымен, оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудың бір–бірімен ажыратуға болмайтын екі түрі бар – білім берудегі жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.
Олардың қалыптасқан түсініктегі жобалау әрекетіне жатқызуға болатын төмендегі жобаға тән белгілері бар:
– мақсат – міндеттері еркін қойылады;
– орындау жолдары еркін таңдалады және іске асырылады;
– күтілетін нәтиже алдын–ала анықталады;
Жобалау кеңістігіне қарасты алатын болсақ: педагогтың білім беруді жобалауы-әлеуметтік білім беру жобасы кеңістігінде орындалып, сол деңгейде қадағаланатын болса, оқушылардың жобалау әрекеттері – педагогтың білім беру кеңістігінде орындалып, сол деңгейде қадағаланады, басқарылады. Бұл жағдай жобалау әрекетін қарастыру барысында оның шеңбері мен аясын белгілеу үшін маңызды болады. Жобалау әрекетінің құрылымы. Жобалау әрекетінің белгілерін төмендегідей анықтауға болады:
– нақты нәтиже алуға бағытталуы;
– алынатын нәтиженің, өнімнің алдын ала сипатталуы;
– эскиз түрінде тұтас және бөлігінің нақтылануы – нәтиженің орындалу мерзімдерінің қатаң белгіленуі;
– нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті шаралардың алдын ала жоспарлануы;
– жобаның түпкілікті нәтижесін қамтамасыз ететін жеке жұмыстардың нәтижелерімен олардың орындалу мерзімдері көрсетілген жоспарлы бағдарлама болуы;
– әрбір әрекеттің барысын қадағалау мониторингі мен түзетіліп отыратын жағдай болуы;
– жобалау әрекетінің нәтижесі ретінде алынған өнімнің алдын ала белгіленген нәтижеге сәйкестігі тексерілуі, талдануы және одан арғы жұмыстың жоспарлануы; Жобалау әрекеті барысында аталған жұмыстар бірінен кейін бірі кезекпен орындалады деп түсінуге болмайды.
Жобаны жүзеге асыруда бірнеше әрекеттер бір мезгілде жасалып, олар бір–бірімен үйлестіріліп отырады. Бірақ олардың ішінде негізгі әрекеттер мен қосымша әрекеттер болатыны, әрқайсысының жобадағы орны қатысушыларға түсінікті болуы тиіс. Жобаның ең маңызды ерекшелігі–жобалау алдындағы нақты жағдайдың талдану қажеттігі. Атап айтқанда, жобалау арқылы жүзеге асырылатын жұмыста сол кезге дейін қалыптасқан жағдайды талдау оны өзгертуге, 196 орындауға деген қажеттіктің нақтылануына мүмкіндік береді. Жобалаудың түпкі идеясы қалыптасқан жағдайды өзгертуге және түйінді мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан жобалау алды талдау өзгеріс енгізілетін нысанды жан–жақты зерделеуді қажет етеді. Олай болмаған жағдайда жобалау арқылы алынған нәтиже жобаның мақсатына сай болмайды. Жобалаудың түпкілікті нақты нәтижеге бағытталу ерекшелігі оның модельдеумен ұқсастығын көрсетеді. Қалыптасқан жағдайды өзгерту немесе белгілі бір құбылыстарға ықпал ету үшін, ең алдымен, оларды көз алдына елестету қажет. Осылайша, болашақ нәтиженің (жоба өнімінің) сұлбасы пайда болады. Берілген сұлбаны (бейнені) нақтырақ көрсету үшін оның мақсаты, орындау жолдары, т.б анықталады. Бұл – модельдеу үдерісі. Белгілі бір жағдайды модельдеу үшін оны толық білу, яғни ақпарат жинақтау қажет болады.
Ақпараттың жеткіліксіз болу модельдің толық бейнесін құрастыруға мүмкіндік бермейді, осы себепті жобалау мақсаты орындалмайды. Жобалау және ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеу туралы шешім белгілі бір сұраққа жауап іздеу немесе бір логикалық байланыстың кем болуы немесе ғылымда бар тәсілдер және түсініктердің қоршаған орта тануға жеткіліксіз болуы жағдайында пайда болады. Зерттеу идеясының өзінде оның пайда болуынан бастап–ақ түпкілікті нәтижесінің қандай да бір көрінісі, оған жету амалдары, бақылау және түзету жолдары орын алуы мүмкін. Бірақ зерттеу нәтижесі сол ғылымның түсініктік аясына (понятийный ландшафт) ене отырып, оның дамуына, өзгерістеріне ықпал етеді. Ғылыми зерттеудің осы салалары оны жобаның қасиеттеріне жақын екенін білдіреді. Солай бола тұра, жоба мен зерттеудің елеулі айырмашылықтары да бар. Оның ең негізгісі - әрқайсысының жүзеге асырылатын кеңістіктерінің біздей еместігі. Ғылыми зерттеуде түсініктік кеңістігі сол ғылымның теориясы болып табылады да, зерттеу нәтижесінде алынған жаңа ұғымдар теориялық кеңістікке өзгеріс енгізіледі. Ал жобалауда–практикалық әрекеттер жүзеге асырылып, тәжірибе өзгеріп отырады.
В. В. Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті квазизерттеу ретінде орындалады, сондықтан, оқу әрекеті барысында қалыптасқан ғылыми теория, түсініктік кеңістік өзгермейді, яғни оқушылар ғылыми теорияны дамытуға араласпайды. Солай бола тұра, субьектілік түсініктік кеңістік өзгереді, оқушыларда жаңа түсініктер пайда болады және олардың қоршаған ортаны тану амалдары мен жолдары өзгереді, яғни оқушының өз теориялары, өз көзқарастары пайда болады, дамиды.
Ғылыми зерттеу жобаға немесе оның құрамдас бөлігіне айнала алады. Бұл адамның жаңа білімі оның өзін ғана емес, оның өз ортасын, әлеуметтік ортасын да өзгерте алатын жағдайда пайда болады. Сондай–ақ, жаңа білім тәжірибеде жүзеге асырылғанда ғана жобаға айнала алады. Жаңа білім құралға, практикалық әрекеттің құралына (средство) айналуы арқылы жобаның бөлігі болып қызмет етеді. Ғылыми зерттеулер мен жобалардың көптеген ортақ жерлері бар, бір – біріне айнала алатын тұстары да бар. Зерттеулер жобаның бөлігіне айналып, оған еніп те кетуі мүмкін. Іргелі ғылыми зерттеулер жобаның бірнеше сериясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені, зерттеу нәтижелері белгілі болмай кейбір жобаларды орындау мүмкін емес. Керісінше, кейбір жобаларда өз алдына құндылықтары бар зерттеулер пайда болады.
Жобалау және жобалауға қабілеттілік. Жобалау мәселесінің тағы бір аспектісі бар, ол жобалаушы адамның қандай қабілеттері болуы қажет. Жоба нәтиже ретіндегі белгілі бір өнім алуға, жасауға байланысты қолданылатын ұғым, ол өнім материалдық немесе идеалдық тұрғыларда қарастырылады және ол белгілі бір мәселені шешу үшін қажет болады. Психология ғылымында Өнімді ойлау (продуктивное мышление) деген ұғым бар, ол шығармашылық ойлау деген ұғымның синонимі ретінде адамның жаңа тұрғыдағы, жаңа деңгейдегі интеллектуалдық міндеттерді шеше білуімен байланыстырылады.
Өнімді ойлаудың негізгі кезеңдері төмендегідей белгіленеді:
1) тақырыптың пайда болу кезеңі (жұмысты бастауға қажеттік), қалыптасқан жағдайды талдау;
2) мәселені анықтау кезеңі: тақырыпқа сәйкес идеялық–тұжырымдамалық немесе бейнелік– символикалық модель құрылуы, модель ішінде мәселе туғызатын қайшылықтарды айқындау арқылы мәселе нақты көрінеді;
3) мәселені шешу кезеңі: бұл кезеңде болжау жасалып қана қоймай, ол тексеріледі, дұрыс болған жағдайда мәселені шешу жолдары белгіленеді;
4) мәселені шешудің оны обьект ретінде қарастырудың, жүзеге асырудың техникалық, орындаушылық кезеңі; Бұл әрекеттер негізінен мәселені шешу жолдарын ойша іздеудің сипатталуы екені көрініп тұр. Өнімді ойлауды сипаттау барысында ең маңызды әрекет – ойлау актісі, өйткені, онда ойлану арқылы болжам құрылады, тексеріледі. Өнімді ойлаудың екінші кезеңінде мәселені анықтау, оны бейнелік, тұжырымдық немесе символдық тілде құрастырып, қайта қарау. Бұл – модельдеу кезеңі, оны түрліше құруға болады.
Жобалаушыға қажетті Өнімді ойлау қабілетінен басқа – креативтік ойлау әрекетін жүзеге асыра алу – аса маңызды. Креативтілік мәселені шешуде белгілі әрекеттерді орындауға бағытталған формальды түрдегі интеллектке жатпайды, ол – жаңа идеяларға бейімділік. Креативтілік деңгейін диагностикалау да адамның «дұрыс» жауапты таңдай білуі емес, мәселені анықтай алуынан бастап, оны шешудің бірнеше тың жолдарын күтпеген, бұрын қарастырылмаған жағынан ұсына білуі бағаланады.
Бекіту сұрақтары:
1. Жобалау–оқушылардың өз бетіндік оқу белсенділігін арттыру технологиясы ретінде.
2. Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың рөлі.
3. Оқушылар–жобалау әрекетінің субьектісі ретінде.
4. Жобалау барысындағы педагогтың іс – әрекеттері.
5. Оқушылардың жобалау әрекетінің түрлері.
6. Оқушылардың жобалау әрекетінің құрылымы.
7. Жобалау және ғылыми зерттеу.
8. Жобалау және жобалауға қабілеттілік.
9. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тақырыбы ұсынып, негізгі кезеңдерін анықтаңыз.
Дәріс №12
Дәріс тақырыбы: Оқу жобасының құрылымы мен түрлері
Жасөспірімдердің негізгі әрекеттері жобалаушылық тұрғысынан жасалады. Мектеп жағдайында жобалау әрекеттерін ұйымдастыру сол мектептің дәстүрімен, тарихымен, қалыптасқан үдерістерімен ерекшеленеді. Жобалаудың басты белгісінің өзі қалыптасқан жағдайды нақты сол кезең бойынша талдау арқылы оның күтілетін өзгерістерін анықтайды, жобаланады, жүзеге асырылады. Оқушылардың жобалау әрекеттерін жобалау теориясы айтылатын тәжірибелік мәдениеттің ең дамыған түріне толықтай жатады деп айтуға болмайды. Жобалау, жоғарыда айтылғандай қалыптасқан жағдайды қайта құруға бағытталады. Ол белгілі бір жүйені сапалық тұрғыдан өзгертуді қамтамасыз ететін әрекеттерден тұрады. Ал оқушылар жобалары қалыптасқан жағдайды өзгерту немесе жүйенің сапасын жаңару міндеттерін көздемейді. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың жобалау әрекеттері мен оқудағы жобаларды жобалық-ойындық әрекеттер деп атауға да болар еді. Кейбір ғалымдардың «квазижобалар» деп атауды ұсынатындары да сондықтан. Мектеп тәжірибесінде жобалау екі түрлі жоспарланады: білім беру жобалары немесе педагогикалық жобалар, оның субъектісі педагог немесе педагогикалық ұжым болады, екіншісі, мектеп оқушылары жобасы, оның субъектісі - оқушылар. Аталған жобалардың бір-бірімен байланыстылығы сондай, кейде оларды ажырату да қиын. Жалпы жобалау теориясында берілетін көрсеткіштердің дәл орындалуы оқушылар жобасының өз ерекшеліктеріне байланысты нақты болмауы мүмкін екенін ескерсек, онда мектептегі жобалардың ерекшеліктерін анықтап алу қажет.
Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы:
1. Жағдайды талдау, түпкі идея мақсатты анықтау:
- жағдайды талдау; (жобалау идеясын талдау, жаңа өнім алуға қажеттіліктің пайда болуы)
- мәселені нақтылау; (жобалау мақсатын құрастыру) - мәселені шешудің болжамын жасау,проблемадан шығатын міндеттерді анықтау;
2. Жобаны орындау(жүзеге асыру):
- жобаны орындаудың кезеңдерін жоспарлау;
- міндеттерді орындау жолдарын талдау; мәселені шешу жолын таңдау,
- зерттеу жүргізу, зерттеу әдістерін таңдау (статистикалық, эксперименттік, бақылау т.б;)
- жобаны орындау;
3. Қорытынды өнімді даярлау:
- қорытынды нәтижелерді рәсімдеу жолдарын талдау (презентация, жобаны қорғау, шығармашылық есеп т.б)
- алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту;
- қорытынды жасау, нәтижені рәсімдеу, топ алдында қорғау,
- презентациялау;
- қорытынды түйіндеу, зерттеу жобаларының жаңа мәселелерін ұсыну.
Берілген негізгі кезеңдерден басқа жобаның қосымша сипаттамаларыда бар, оны оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыруда ескеру қажет. Оқушылар жобасының сипаттамалары:
- оның нақты нәтиже алуға бағытталғаны;
- күтілетін нәтижелердің алдын ала эскиз, сұлба ретінде белгіленуі, белгілі бір деңгейде нақтылануы және детальдары анықталады;
- орындалу мезгілі нақтылануы;
- нәтижені алуға бағытталған іс-әрекеттердің алдын ала жоспарлануы;
- бағдарламаның жасалуы – жобаның жалпы өнімін алуды қамтамасыз ететін түрлі әрекеттердің белгілі бір мерзімде орындалатын нәтижелері анықталуы, жоспарлануы;
- жобалау әрекеттерін орындау барысында оның кезеңдері бойынша мониторинг жасалып, түзетулер жүргізіліп отыруы;
- жобалаудың қорытынды өнімін ала отырып, оны жоспарланған бастапқы жағдайға байланысты талдау, сәйкестендіру, одан арғы жұмыстарды жағдайға сай жоспарлау;
Жобалау типтері. Білім беру құралдары ретінде қолданылатын жобаларды бірнеше типке бөле аламыз. Мысалы, оқу пәндеріне сай типке бөлу, тәрбиелік немесе әдістемелік т.б. жобалар. Жалпы алғанда жобалар моножоба (бір пән аумағында), полижоба (пәндер аралық), пәннен тыс (сабақтан тыс) жобалар т.б. Осы бағытта қарастырсақ білім беру жобалары, тәрбие жобалары деп те бөлінеді. Жобаның басты белгісі–оның ұзақтығы.
Жобалар: қысқа мерзімді (мысалы, бір аптаға дейін), орта мерзім (бір айға дейін), ұзақ мерзім (1 тоқсаннан бастап – жарты жылға дейін). Одан ұзаққа созылатын жобаларды да жоққа шығаруға болмайды.
Ұзақ мерзімді жобалар бірнеше кезеңге бөлініп, әр кезең өз алдына бөлек жоба бола алады. Жобаның қатысушыларына қарап та оны типтерге бөлуге болады: топтық, жеке, ішкі топтар, кіші топтармен орындалатын жобалар. Жобалауға қатысушылар соны 12– ден асса, олар кіші топтарға бөлуге болады. Сондай–ақ, топтар туралы өзгеріп отыратын немесе құрамы өзгермей отыратын деп те бөлінеді. Өзгермелі құрамды топтар арнайы да ұйымдастырылады, оның құрамы белгілі бір кезеңдер үшін ғана құрылуы мүмкін. Басқару түріне байланысты жобалар педагогтың тікелей басқарумен орындалатын немесе педагог кеңес берушілік қызмет қана атқаратын жобалар болып та бөлінеді.
Жобаларды дифференциялаудың тағы бір түрі– жобалау әрекетінің түрлері. Мысалы, жобалар зерттеушілік немесе қолданбалы да болып бөлінеді. Сондай–ақ, шығармашылық, тәжірибелік болып та бөлуге болады. Жобалауды типтерге бөлу неліктен қажет? Әрине, тұрақты типтік түрлері болмаған соң оларды типке бөлмесе де болар еді. Жобалау әрекеті ұйымдастыруда да, орындауда да типтерге бөле аламыз. Мысалы, жоспарлау арқылы жобаның соңғы кезеңінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттері артатынын ескере отырып, оқушының жобалаудың барлық кезеңдерінен өтуін қадағалауға болады. Сондай–ақ, жобалау типтеріне сүйене отырып, педагогтың тікелей жетекшілік ететін жобаларынан–кеңес берушілік рөліне өтуге, сол арқылы қатысушылардың субъектілігін арттыру амалдарын жүзеге асыруға болады.
Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері Оқушылар жобаларының түрлері сан алуан идеялардан туындайды, пайда болады. Оған жаңа жағдайлар, жаңадан алынған ақпарат, жаңадан алынған құралдар да негіз бола алады. Біздің тәжірибеміздегі жобалау оқушылардың кітап шығару идеясынан туындаған түрін қарастырып көрейін. Ойша елестетуден (идеядан) пайда болған болашақ кітаптың (өнімнің) бейнесі оқушылардың осы жұмысты бастап кетуіне түрткі болды. Бұл жағдайды бақылау барысында балалардың тек қана кітап үшін мәтіндер даярлаумен ғана емес, кітапты тұтастай елестете отырып, онда болуы тиіс суреттер, фотолар, т.б кітаптың мазмұнына қарай құрастыруға тырысқаны байқалды.
Сондай – ақ, жобалау әрекетін бастау үшін белгілі бір тарихи оқиғамен танысу да себеп бола алады. Оның мысалы ретінде, біз бақылаған оқушылардың қаладағы «жұмбақ» үйдің тарихы туралы алынған аз мағлұмат қызықтырғандығын бір сынып үшін үлкен жобаны бастауға негіз болғанын айта кетуге болады. Оқушыларды өз әрекеттерін бақылауға үйрету, жобаның идеясын қайта құру, дамыту арқылы бастамасындағы жоба мүлдем өзгеріп те кетуі мүмкін. Оны да біздің тәжірибеміздегі балалардың, ең әуелі, өз күштеріне сеніп бастаған «компьютерлік ойындар құрастыру» идеясының өзгеріп кеткені туралы мысалмен түсіндіруге болады. Атап айтқанда, компьютерлік ойын бағдарламасын жасау барысында графикалық элементтер құру қажет болды. Оның бірнеше нұсқаларының сәтті жасалуы оқушылардың жаңа өнім жасауда шешім қабылдап, «компьютерлік ойындар құру» идеясы «графикалық өнімдер» жасап, тәжірибеге ұсынумен ауыстырылды. Міне, осылайша жобалаудың өте күрделі түрі таңдалатын болса, оған қызығу бірте – бірте азайып, басқа жобаға ауысып кету, не жобаны аяқтамау сияқты жағдайлар да болуы мүмкін. Бұған ұқсас жобалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, тым оңай, әрі тез орындалатын жобалар таңдағанда да бола алады. Осы мысалдар арқылы жобаның пайда болу идеясы оны жүзеге асыру процесі, нәтижесі немесе өнімі туралы идеяның өзгеру мүмкіндіктерінің арасындағы тығыз әрі күрделі байланыста екенін көрсетеді. Мысалдарға сүйене отырып, жобалардың өзгеру түрлерінің төмендегі нұсқалары бар деуге болады.
Идеяның пайда болуы:
а) белгілі бір құбылыстың немесе бейненің, обьектінің түрткі болуынан;
б) жоба нәтижесіне жеткізетін жаңа құралдар пайда болуынан;
в) тарихи оқиға, сипаты немесе ерекше тарихи тұлғаның түрткі болуынан;
Идеяны жүзеге асыру арқылы:
а) нәтижеге қол жетуі;
б) идеяның жұмыс барысында күрделенуі арқылы оның бір жақты бөлігі бөлініп, жоба ретінде алынады.
Идеядан бас тарту жағдайлары: орындау жасы тым жеңіл, әрі жедел орындалуы мүмкіндігі анықталғанда, орындау жолы өте күрделі, әрі қалыптасқан жағдайлар мен ресурстарға сәйкес келмеген жағдайда;
Аталған сипаттамалар-негізінен оқушылардың жобалау әрекеттеріне тән құбылыстар. Ал, егер оқушылардың жұмысына педагогтар немесе басқа да ересек адамдар араласқанда аталған жағдайларға өзгеріс енеді. Өйткені, педагог оқушыларға алға қойған жобалау әрекеті бойынша кездесуі мүмкін мәселелерді көрсетуі, ресурстардың шектеулілігі, т.б айқындап беруі. Мысалы, оқушыларға экскурсия алдында нақты тапсырма беруі арқылы мұғалім оқушыларға өз ойларын үнемі жинақтап отыруға үйренеді, сол арқылы экскурсия нәтижесінде жаңа жоба жасауға тартуға да мүмкіндік алады. Жобалау ситуациясының барлық қырларын байланыстыра отырып, педагог идея мен оны орындау жолдарының тиімді құрылымын жасақтауға ықпал етеді. Сондай–ақ, мұғалімнің үнемі бақылап, түзетіп отыруы оқушыны өз ісін аяқтай білуге үйретеді. Бұл жағдайлар, жобалау әрекетінде оқушымен қатар педагогтың жетекші рөлін тағы да дәлелдейді.
Мұғалім басшылығымен орындалатын жобалар да төмендегі өзгерістерге түсе алады, пайда болады, дами алады. Мұғалім ұсынған жобалау идеясы, тақырыбы, оқушының шығармашылық жұмысын айналып, оның ізденіс тақырыбына, баяндамаларына айналады. Мұғалім ұсынған шығармашылық жұмыс тақырыбы жобалау идеясына айналып, идея мен оны орындау бірігіп кетеді. Жобалау өнімі нәтиже ретінде айқындалып, ол орындау жолдары мен ресурстарын қамтиды. Бұл жағдайда идея мен оны орындау бірлігі тиімді болғанымен креативтік деңгейі төмен болуы мүмкін. Жобалаудың күтілетін нәтижеге қатысты құрылуы. Бұл кезде нәтиженің сипаттамасы нақты беріліп, оны орындауға барлық жағдайлар жасалады, бұнда шығармашылық аспект аз қаралып, өнімнің сипатына көп көңіл бөлінеді. Оның оқушылар үшін маңыздылығы, өз әрекеттерін ұйымдастыруда сыртқы талаптар мен жағдайларды ескеруге, үйренуге мүмкіндік жасалатынында. Қорыта келе, жобалау әрекетін ұйымдастыруда осы ерекшеліктерді ескере отырып топтар құру, оқушылардың өзгеріске түсетін жобаларға қатысуға мүмкіндік жасау қажет болады дейміз.
Жобалау және модельдеу.
Жоба ұғымына түрлі анықтамалар берілуде. Модельге қатысты айтсақ, жоба – белгілі бір орындалатын, бірақ дәл осы кезеңде жасалмаған ситуациялардың моделі деуге болады. Белгілі бір жағдайдың ең әуелі болашақ моделі құрастырылады, тек содан кейін ғана техникалық амалдар жасалады. Осылайша, жобалау әрекетінің маңызды жағы-қалыптасқан жағдайды таңдау, оның қайта құрудың негізгі сипаттамаларын жасау, немесе модульдеу болатынын көрсетеді. Оқушылар үшін жоба нәтижесі ретінде алынатын нұсқаның моделін жасау маңызды екенін айту керек. 218 Модельдеудің екі түрлі типі бар–ғылыми модельдеу және көркем модельдеу, олар танымның соған сәйкес екі түрі–ғылыми таным және көркемдік таным сипаттарын береді. Ғылыми таным, кеңірек қолданылып жүрген таңбалық–белгілік түрде белгіленетін құбылыстар мен қарым–қатынастар. Мысалы: графиктер, формалар т.б белгілерде берілген құбылыстың мәні, пәндік ерекшелігі беріледі. Оқушы мәтінді оқи отырып, ондағы құбылыстар мен оқиғаларды ойша модель құрастырады. Жалпы өмірде кездесетін кез келген құбылысты модельдеуге болады, бірақ ол модельдің барлығы да белгілі бір міндетті шешуге қажет болмауы мүмкін. Оқушылардың жобалау әрекетін белгілі бір пәндерде оқыту барысында ұйымдастыруда да модельді жаңадан жасаудан бұрыннан бар модельді өзгерту, оны нақтылау көңіл аударады. Қарастырып отырған құбылыстың күрделілігіне байланысты модельдің бірнеше нұсқасы сипатталуы мүмкін. Ғылыми танымға сүйенетін модельдеу талдауға құрылса, көркемдік модельдеу–жаңадан жасауға, қайта құруға негізделеді. Ғылыми модельдеуде құбылысты бір қырынан сипаттауға болатын болса, көркемдік модельдеу құбылыста тұтас қамтиды.
Сондай – ақ көркем модельдеуде жобалық өнім ғана емес, оның авторы да маңызды рөлге ие болады. Ю. И. Лотманның айтуынша автор модель жасағанда өзінің ой–санасының жетегімен әрекет етеді және модель оның дүниетанымы мен өмірге көзқарасы негізінде құрылады. Сондықтан, көркемдік модель де екі обьектінің– құбылыстың және автор тұлғасының моделі» бола алады. Көркемдік модельдеу барысында құбылыстың сұлбасы немесе формуласы арқылы ғана сипаттауға кейбір құбылыстардың күрделігі мүмкіндік бермейді. Соған орай, оқушылардың жобалауында сол құбылысқа олардың көзқарасын білдіретін модель жасау ыңғайлы және шығармашылық еркіндік береді.
Осындай әрекеттер арқылы оқушыны қарастырылып отырған белгілі бір пәндер шеңберінен шығып, жобаны кеңінен қарастыруға да жағдай туғызылады. Бұлар оқушылардан нақты пәндер талап ететін қатаң шешімді ғана емес, өз бетіндік әрекеттерін дамыту арқылы өзінің құралдарын, әдістерін құрастыруға да еркіндік алады. Оқушылар жобасының мәнісі, сипаттамасы неде, яғни жобалаудың ерекше қызметі ретінде сипаттайтын белгілері: - идеясы, түпкі ойы болуы; - жүзеге асыру жолы болуы; - нәтижесі белгіленуі, орындалуы; Жоба–белгілі бір уақыт аралығында орындалатын, нақты мақсатты орындауға бағытталған әрекет. Жобалау өнімі міндетті түрде қалыптасқан жағдайды өзгертуге ықпал етеді деп күтіледі. Жобалау мерзімі. Жоба белгілі бір мерзімге орындалатын болғандықтан уақыт факторын белгілеу– жобаның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оны жобалаушы адам (жобаның авторы) міндетті түрде жобаны жүзеге асыру үшін белгілеп алуы тиіс. Әсіресе білім беру кеңістігінде уақыт нақты орын алатын болғандықтан, оқытудығы жобалаудың мәні–белгілі бір мерзімде орындалу мүмкіндігі. Сонымен, оқу жобаларының басты сипаттамасы уақыт, бірақ оқушы үшін уақыт белгілі болғанымен ол уақытты бағдарлап отырмайды. Уақытты бағдарлап отыратын мұғалім, түрлі нормативтік актілер, құжаттар, т.б. Ал, жобалаудың ерекшелігі сол, онда оқушы белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуімен қатар, сол уақытпен жұмыс жасайды, уақытты басқарып отырады.
Жоба барысында уақыт бірнеше мерзімге бөлінеді.
Бірінші, жүзеге асыру мерзімі: онда кері қарай үдеріс жүреді, яғни, алдын ала белгіленген уақыт алға қарай емес, кері қарай қозғалысқа түседі, сөйтіп, бір мерзім жобаның аяқталу уақытынан кері қарай есептеледі.
Екінші мерзім, іс-әрекеттің жобаны орындау уақытындағы орындау барысы, яғни жобаның басы мен аяғындағы жобалаушының қозғалысы.
Үшінші мерзім, жобаның басталуы мен аяқталуының бірлігі, яғни жоба идеясы мен оның орындалу бірлігі. Жоба – идеясыз, идея – жобасыз бола алмайды.
Төртінші мерзім, жобадан тыс оқиғалардың өз ретімен орындалу мерзімі, тәртібі. Мысалы, сабақ өз ретімен сол уақыт ішінде өтіп жатады, түрлі өмірдегі оқиғалар өз уақытымен алға қарай жылжып жатуының көрінісі. Осы мерзімдер жобалаушылардың уақытын белгілей білуі, қадағалай білуі және уақытты басқара білуі қажеттігін көрсетеді.
Жобалауға әдетте бір емес, бірнеше адам топ болып қатысатындықтан олар өзара келісе білу, ортақ әрекеттер жасай білу, уақытты өлшей, есептей білу қажет болғанда кейбір тұстарын өзгерте білу, уақытқа сыя білу қажеттіктері де туындап отырады. Ал, өмірдің заңдылығына сәйкес әрбір әрекет үшін бөлек уақыт берілмейтіні, барлық әрекеттер, соның ішінде, жобалар да бір уақытта орындалатын болғандықтан, оқушыларға мектеп қабырғасынан осы сапаларды қалыптастыру өте маңызды. Оны білім берудегі жобалау әрекеті барысында жүзеге асыруға әбден болады.
Жобалау барысында кеңістіктегі әрекет, белгілі бір уақыт ішіне сыятын әрекет жасау дағдылары қалыптастырылады. Бірақ ол әр жастағы оқушыларда әр түрлі дамытылады. Мысалы, бастауыш сыныпта жобалау тапсырмаларын келесі сабаққа емес, келесі аптаға орындауға мүмкіндік берген дұрыс болады. Осындай жұмыстар арқылы оқушының өз жұмысын осы мерзімге дейін орындауды жоспарлауға үйретіледі. Егер осы аралықта ата–ана, аға– апалары көмек беретін болса тіпті жақсы, бірақ оны барлық отбасылардан бірдей күтуге болмайтыны аян. Жобаны белгілі бір мерзімге созып бере отырып, педагог оның аяқталу мерзімімен қатар, аралық нәтижелерді анықтайтын уақытты да белгілеуі тиіс. Осы аралық тексерулер кезінде оқушы жобасындағы олқылықтар мен қиындықтар анықталады, үлгермей жатқан тұстары түзетіледі.
Бұл сыныптардағы жобалар мен шығармашылық жобалар немесе микрожобалар түрінде ғана емес, белгілі бір пәнді оқыту барысындағы оқу материалдарын игеруін бақылау бағалау әрекеттері де жоба түрінде орындалады. Бастауыш сыныптағы жобалау әрекеттері осындай жеке тапсырмалар ретінде басталады.
Жоғары сыныптарда да жобалау арқылы оқушылардың өз уақыттарын меңгеру және оны басқару әрекеттеріне үйрету мақсаты қойылады. Соған орай, оқушылардың жобасы түгелдей оқушылар ғана қатысатын жоба болуы мүмкін емес. Оны үнемі мұғалім басқарып отырады, бірақ оны оқушылар байқамайтын етіп ұйымдастыра білу де шеберлікті қажет етеді. Сондай–ақ, кеңес беруге арналған арнайы уақыт та белгіленеді. Ол оқушыға көмек ретінде ұйымдастырылғанымен, мұғалім үшін мониторинг, яғни үнемі қадағалап, түзетіп отыру үшін қажет болады. Жобалау әрекетінің нақты мерзімде орындалуын қадағалау және талап ету ондағы шығармашылықты дамытуға кері ықпал етеді деушілер де бар. Әрине, педагог жобаны басқара отырып, қажет болған жағдайда қосымша уақыт бере алады, ал қажет болса қатаң түрде белгіленген мерзімде аяқтауды талап ете алады.
Бекіту сұрақтары:
1. Оқушылардың жобалау әрекеттерінің жобалықойындық сипаты.
2. Мектеп тәжірибесіндегі жобалаудың түрлері.
3. Мектеп оқушылары жбаларының құрылымы.
4. Оқушылар жобасының сипаттамалары мен типтері.
5. Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері.
6. Оқушылар жобасын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.
7. Жобалау және модельдеу.
8. Оқушылар жобаларының мерзімі мен ұзақтығы.
Дәріс №13
Дәріс тақырыбы: Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру
Мектепте білім беру негізінен үш сатыда жүзеге асырылады: бастауыш, негізгі және жоғары сатылар. Біз жоғарыда білім беру тек нормаланған білім, білік, дағдылардан жоғары тұратын оқушылардың белгілі бір қабілеттері мен сапаларын қалыптастыру екенін айтып кеткен едік. Енді осы жаңа сапаларды жобалау әрекеті арқылы қалыптастыру білім берудің сатыларында қалай көрініс алатынына тоқталамыз. Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын микро – жобалар беріледі.
Шығармашылық деп аталу себебі – жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей өз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете бастайтыны сөзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін–бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте қалыптасқан өзара қарым–қатынас, бірін–бірі тыңдау, бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола алады. Микрожобаларды ұйымдастыру оқыту ситуациясындағы жекелік тұрғыны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық әдебиеттерде жиі кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың өзіндік ерекшеліктерін, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. Сондай–ақ, микрожоба барысында олардың мінез–құлқында пайда болатын өз әрекетін ұйымдастыру, өзін-өзі басқара білу, өзгелермен санасу сияқты дағдылары да қалыптасатыны сөзсіз.
Жобалау әрекетінің жасөспірімдер үшін маңыздылығы зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі болмайды дегенді білдірмейді. Жасөспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және әлеуметтік міндеттеріне сай келеді. Ал, білім беру міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет. Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті оқу барысында өзінің мінез–құлқын реттеу, өзіндік әрекетін басқару құралына айналады. Оқушылар жобалау әрекеті арқылы жоғары сыныпта өзінің білім алу траекториясын таңдауға жауапкершілікпен, саналы түрде келуіне жағдай жасайды және өзінің оқу әрекеттері мен әлеуметтік қызметтерін басқаруға қабілеттілігіне айналады. Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті қызметтік рөл де атқарады, яғни оқушылар жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу әрекетінде, қарым–қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда, мәселені шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ бұлар негізінен оқу үдерісінде ғана қолданылады.
Білім берудің төмендегі сипаттамалары бар екені белгілі, олар:
- кеңістік пен уақыт ішінде орындалады;
- коммуникация түрлері арқылы орындалады;
- бағалау түрлері қолданылады;
Білім берудің әрбір сатысы белгілі бір деңгейде аяқталып отырады. Мысалы, бастауыш мектепті аяқтауда емтихан тапсырмайды, келесі сатыға өтуге таңдау жасалмайды. Ал негізгі және орта мектеп оқушылары өз сатысын аяқтауда квалификациялық сынақтан, емтиханнан өтуге міндетті. Сондықтан негізгі және орта білім сатылары белгілі бір білім мазмұнын игере отырып, осы нәтижені аяқтауға тиіс болады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін жобалау жұмысын сынып ішінде, бірнеше пәндерден ұйымдастыруға болады, бұл кеңістік олар үшін әзірге жеткілікті. Кейде мектеп ауласы, мектеп ішінде пайдаланылады. Негізгі және орта мектептерде білім беру кеңістігі сыныппен де, мектеппен де шектелмейді. Олар білім берудің түрлі бағыттары: қосымша білім, ЖОО даярлық, т.б. бағыттарда еркін оқи алады. Жобалау логикасында құрастырылған білім беру үдерісі оқушыларға оқу–тәжірибелік жұмыста еркіндік береді, бұлар әдетте пәндік кеңістіктің аясын кеңітуге жағдай жасайды.
Бастауышта оқушының барлық іс-әрекеттері мұғаліммен қатынаста құрылса, негізгі және орта мектептерде – пән бойынша оқшаулануы басым, яғни пәндік кеңістікте құрылады. Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді. Онда білім беру кеңістігі оқу жобасының құрылымына байланысты таңдалады. - жоба идеясы оқу үдерісінде немесе басқа да ситуацияларда пайда болуы мүмкін; - жобаны орындаудың өзі сыныптағы сабақтан тыс, жобаның мазмұнына сай орында атқарылады. Мысалы: зертхана, кітапхана, интернет–класс, т.б. - жобаның нәтижесін презентациялау. Бұл жобаның мазмұнына сәйкес арнайы тематикалық сабақ, не мереке, конференция, фестиваль, т.б. Бұлардың барлығы да алдын ала жоспарлау арқылы орындалады.
Мысалы, бастауышта 1–2 күн бұрын 237 жоспарланса, 5–6 сыныпта 2 апта айналасында (мысалы, бір пән көлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9 сыныпта – 1 тоқсан, одан да көп мерзімдік жобалар ұсынуға болады. Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін дамытылуын неден көруге болатынын қарастырайық.
Олар: Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы оны орындау мүмкіндігін ескере отырып жасалуында; Оқушы (топ):
- тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін дайындайтын уақытын, өз мүмкіндіктерін талдайды;
- тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның уақытын, орындаушыларын көрсетеді, уақыт бөледі;
- тапсырманың кейбір бөліктерінен мүмкіндікке қарай бас тарта алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, уақыт аз, т.б.);
Осылайша, міндеттерді орындаудан–оның кезеңдерін жоспарлау, бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру сияқты жұмыстар жалғастырылады.
Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар төмендегі жұмыстарды орындайды:
- тақырып таңдайды;
- жұмысты орындау жолдарын таңдайды;
- жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін жоспарлайды;
- жоба өнімін жасайды;
- қорытынды өнімнің нәтижелерін көрсетудің түрлерін анықтайды;
Жобалаудың әрбір кезеңіндегі әрекеттерін оқушылар өздері құруы тиіс, әр кезеңнің басталғанын көрсететін белгі де тұруы керек. Білім берудің әрбір кезеңіне тән жобалау әрекетінің ерекшеліктері бар. Жобаның идеясы мен оны жүзеге асырудың бірлігі–оның айнымас белгісі, ол–білім беру жобасына ғана емес, жалпы жобалардың бәріне тән белгі. Білім берудің үш сатысына да ортақ жобалау қабілеттілігін қалыптастыру – бұл:
- бастауышта: іс-әрекет амалдарын іздеу, анықтау (бұл кезеңде жоба идеясы оқушыға емес, мұғалімге тән);
- негізгі мектепте: идея мен оны орындаудың бірлігін қатаң сақтау, орындау туралы шешім қабылдау, жүзеге асырудың тиімді жолдарын таңдау, нәтижелік өнімді алу және оны презентациялау;
- жоғары сыныпта: өзінің білім алу траекториясын жобалау.
Осылайша, бастауышта пайда болып, жинақталған ісәрекеттер амалдары негізгі мектепте жобалау әрекетін ұйымдастыруға негіз болады. Негізгі мектепте оқушылардың оқу–тәжірибелік жұмысты өз бетімен орындау қабілетін дамыту жобалау кеңістігін құру арқылы жүзеге асырады. Негізгі мектепте алған жобалауға қабілеттілік жоғары сыныптардағы оқулықтың өзіндік білім алу траекториясын жасауға, жобалауға мүмкіндік береді. Бастауышта алған білім нәтижелері негізгі мектепте алатын нәтижелерінің құралына айналса, бұлар жоғары мектеп нәтижелерін орындауға құрал болады. Мектептің әр сатысындағы жүргізілетін осы жұмыстар жобалаудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жобалау мектепте ешуақытта оқу әрекетінен тыс болмайды және ол жалпы мектепшілік жұмыстарда бөлек ұйымдастырылмайды, бірлескен әрекет арқылы орындалады. Бұл жалпы тәрбие жұмысына тиімді ықпал етеді.
Мысалы:
1 – кезең: пәндік білімдер оқу барысында қалыптасады;
2–кезең: олар оқу жобасының құралына, ресурсына айналады;
3–кезең: одан жобаны орындау оқушының өз бетіндік оқу – тәжірибелік әрекеттеріне негіз болады;
Осылайша, оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланыс пен бірлесе жүргізуі оқушының өз бетімен оқу – тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыруға, қалыптастыруға негіз болады. Білім берудің тұтастығы принципі оқу және жобалау әрекетінің жоспарланған нәтижесін қамтамасыз етеді. Егер жобалау оқудан тыс болса білім нәтижелері қалыптасуы мүмкін емес.
Осы себепті жобалауды оқыту процесіне ендіру қажет, ол оқушылардың әрекеттерінің екі полюсін көрсетеді:
- оқу – жобалық; - өз бетімен, еркін – регламенттелген;
- бағаланады – бағаланбайды;
- еркін – қадағаланады;
- авторлық – нормативтік;
- сынаулық – нәтижелік.
Бастауыш мектепте бұл қарама–қайшылықтар тек көріне бастайды, олар оқытудың кеңістігіне, түріне, қарым – қатынасқа өзгерістер енгізіле бастағаннан көрінеді. Негізгі мектепте оқушы көптеген дамытушылықтық, өзбетіндік әрекеттерге пәндер арқылы емес, өзінің танымдық әрекеттері арқылы өзін, өз мүмкіндіктерін аша бастайды. Аталған қарама–қайшылықтың бір түрінен екінші бір түріне өту барысында оқушы көптеген оқу–танымдық әдіс–тәсілдер мен олардың түрлерін таңдай, түсіне алады, қажеттікке қарай қолдана бастайды. Олардың барысында өз бетіндік әрекеттерге үйренеді. Негізгі мектепте алған өз әрекеттерін таңдай білу, өзгелермен қарым–қатынасқа түсе білу тәжірибесі жоғары сыныптарда өз әрекеттерін қойылған мақсатқа байланысты ұйымдастыра біледі, жоспарлай алады және жүзеге асырады.
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныпта оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін бағыттар анықталады. Сондай–ақ оқушылар міндетті, нормаланған және еркін, өз бетімен жасалатын жұмыстарды ажырата алады және өз бетіндік әрекеттерін ұйымдастыра алады. Негізгі мектептің ерекшелігіне сай оқушылар оқу пәндері және сыныптан тыс жұмыстарда өзбетіндік әрекеттерін қалыптасқан жағдайына сай ұйымдастыра алады, мұндай әрекеттердің жиынтығы оқу–тәжірибелік жұмысында өз бетінше әрекет ету қабілетін қалыптастырады. Жоғары кластарда оқушы өз әрекеттерін, өздерінің оқу міндеттерін өздері ұйымдастыра алатын болады. Ол сабақтан, мектептен тыс жұмыстарды да қамтиды. Негізгі мектептің күтілетін нәтижелерінің орындалуы оқушының мектеп бітіру факті емес, негізгі мектепті нәтижелі бітірудің көрсеткіші – олардың жоғары сыныпқа барғанда, бұдан бұрын алған білімі жоғары сыныптағы оқу– тәжірибелік міндеттерді шешудің құралы бола алуы болып табылады.
Бекіту сұрақтары:
1. Жобалау әрекетін ұйымдастырудағы жас ерекшеліктерін ескерудің маңызы.
2. Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттерінің үйымдастыру жолдары.
3. Жасөспірім шақтағы оқушылар үшін жобалаудың мәні.
4. Жобалау әрекеті және білім берудің кеңістігіндегі өзгерістер.
5. Білім берудің әрбір кезеңіне (бастауыш, негізгі, жоғары сыныптар) тән жобалау әрекетінің ерекшеліктері.
6. Оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланысы.
7. Жобалаудағы білім берудің әрбір кезеңінің сабақтастығы.
Дәріс №14
Дәріс тақырыбы: Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың
құзыреттіліктерін қалыптастыру
Білім берудегі жобалау әрекеті арқылы оқушылардың түрлі қабілеттілік сапалары мен құзыреттіліктері артатыны-олардың ақпаратты ала білуі, оны сұрыптай және өңдей отырып пайдалана білуі, өз бетімен және топпен жұмыс істееу, тұлғааралық қарым-қатынасты ұйымдастыру, проблеманы анықтай алу мен оны шеше білу, т.б. дағдылары қалыптасатын белгілі.
"Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011-2020 жылдарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында" білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру деп белгіленіп отыр. Сондай-ақ құзыреттілікке бағытталған Жалпы орта білім беру стандартында орта білім беру мақсаты- "білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабілеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету" деп сипатталған. Онда әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтау қажеттігі және түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, дамитыны атап өтіліп, түйінді құзыреттерге: ақпараттық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады делінген.
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. 12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиясының міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезіндегі саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру - біздің басты мақсатымыз" - деп өзінің "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Жолдауында тұжырым жасады. Қазіргі өскелең талап бойынша әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, және дағдыны ған игеру оқушы құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады.
Құзіреттілік - оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше алу, яғни оқушы дайындығының сапасын сипаттайтын жаңа сапалық белгісі. Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде мектеп түлегі оқушыда, яғни жеке тұлғада төмендегі құзіреттіліктер болуы тиіс:
Құндылықтарды бағалау құзіреттілігі - жаңа қоғам өмірінде өз ролін таба білу, біліктілігі, азаматтық белсенділігі, саяси жүйені түсіну, ең алдымен - өз жерінің, Отанының патриоты болу.
Оқу - танымдық құзіреттілігі - оқушының әрекеті мен өзіндік оқу - танымдық процесін қамтамасыз ететін кешендік құзырлылық. Әлемдік ғылымның бағытын ізденушілік - зерттеушілік әрекет арқылы игеру.
Коммуникативті құзіреттілігі - адамдар мен өзара іс -әрекет және қарым - қатынас жасау тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу.
Ақпараттық - технологиялық құзіреттілігі - өз бетінше іздей білу, талдау, таңдап алып өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру.
Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзіреттілігі - өзіндік қадір - қасиет сезімін ұйымдастыра білу, өз мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу.
Осындай жеке тұлғаны дайындау үшін мектеп оқушысының өзі де бірнеше құзыреттілікті игеруге міндетті:
Өзгермелі дүние жағдайына бейім мамандарды дайындау, олардың ақпараттар ағынын толассыз қоғамда өзіне қажеттісін екшеп ала білу және өзгелермен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, демократиялыққа бет бұрған қоғамда өз таңдауын жасай алу, бәсекелестік өмір шартына айналып отырған жаңа ортада өзін-өзі жетілдіре білуге, кәсіби білігін арттыра алуға икемдеу, өздігінен әрекет ету қабілеттерін шыңдау мәселесі зерттеу жұмысының басты бағыты етіп белгіленді. Жобалай оқыту технологисы негізінде пәнді меңгертуде отандық педагогикада анықталған мынадай құзыреттіліктерді қалыптастыру көзделді:
- Базалық құзыреттілік. Пәнді меңгертудегі ең басты құзырет ретінде оған айрықша мән берілді. Жобалай оқыту технологиясының әрбір кезеңіндегі атқарылатын жұмыстардың барлығы да тілдесу әрекетінің оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесім компоненттерінің бірлігі негізінде жүзеге асырылады. Мәселен, ізденімпаз жұмыстар кезеңіндегі оқушы қажеті материалдарды тауып оқиды; өзіне берілетін мұғалімнің кеңестерін және керек ақпараттарды БАҚ көздерінен тыңдап түсінеді, мұғаліммен сұхбат барысында өз ойын, болашақ жоспарларын айтып, идеясын түсіндіреді; жоба жұмысының жоспарын түзіп, тезистерін жазады, тұсаукесерді рәсімдейді, көпшіліктің алдында сөйлейтін сөзінің мәтінін жазып дайындай, өз ойын жеткізеді, қойылған сұрақтарға жауап береді, сынға жауап беру үстінде оқытушымен, топтағы өзге де оқушылармен тілдеседі.
- Арнайы құзыреттілікке ие оқушы мәліметтерді сыни тұрғұды талдайды, соның негізінде саналы шешім қабылдайды; логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өз мүмкіндігінше өңдей алады; сөйлесім әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асырудың ақпараттарды талғап қолданады; тапқан ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрастыра алады.
- Кәсіби құзыреттілік - бүгінгі қоғам талабы мен білім беру нәтижесі айқын танылатын, оқушыны болашақ мамандығына дайындауда басты рөл атқаратын құзыреттілік. Оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытуда ең басты тірек деп саналатын бұл құзыреттілік бір ғана пән ауқымында емес, бүкіл оқыту пәндерінің жүйесінде жүргізілуі керек. Себебі оқушы қазіргі оқу жүйесі жағдайында білімді өздігінен алуға, білімді өз қажетіне, мақсатына лайықтап қолдануға үйренсе, өздігінен ізденіп саналы білім алуға, кез келген проблеманы шешуге дайын болады.
- Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Жобалау арқылы қарым-қатынас белсенділігін арттыруға болатыны сөзсіз. Бірақ жобалаудың мәнін тек қана коммуникативтік қатынастардан құралады деп есептеу оның шеңберін тарылтып, оны оқушылардың әңгімелесе білу диалогын ұйымдастыру немесе жазбаша қарым - қатынасын дамытумен шектейтін болады. Дәстүрлі оқытуда оқушылардың өз ойларын еркін білдіруге жағдай туғызылуы төмен деңгейде, олардың беретін жауаптары мен күтілетін жауаптарының мазмұны әдетте белгілі болып келеді. Оқушы сол өзінен күтілетін жауапқа ғана даярланады. Оның бір жағынан тиімділігі - оқушының сөйлеу әрекетін құру жүйеленеді, белгілі бір нормаға жауап береді және оны бақылауға және бағалауға болатыны - болса, екінш жағынан кемшілігі - оқушыға өз ойларын жеткізу мүмкіндігі шектеулі, еркін ойлау мен пікірін білдіруге жағдай туғызылмайды.
Коммуникативтік қатынас екі - ауызша және жазбаша түрде қалыптасады, олардың өз алдына ерекшеліктері бар және оны дұрыс қалыптастырудың өзіндік назары мен әдістері сақталуын қажет етеді. Коммуникативтік қатынасты қалыптастыру және дамытуда белгілі бір сабақтастық ұстанымы болады. Атап айтқанда, бастауыш сыныпта негізгі салынған коммуникативтік компоненттер негізгі мектепте бекітіледі және ол компонентті күрделендіре дамыту одан арғы жоғарғы сыныптарда жүзеге асырылады. Коммуникативтік қатынасты жобалау арқылы дамытудың тиімділігі көрсете отырып, бұл тек осы әрекеттің негізінде ғана жүзеге асырылады деп түсіну де қате пікір екенін ескеру керек. Сондай-ақ, коммуникативтік қатынасты дәстүрлі оқытуда қалыптастыру болады. Бұл белгілі бір әрбір ақпарат форматындағы жұмысты қамтиды. Мысалы, зертханалық жұмыстың қорытындысын жазу, шығарма, мазмұндама т.б. жұмыстар. Түрлі форматтағы ақпарат немесе мәтінмен жұмыс жасай отырып ( мысалы, ғылыми мақала, эссе, интервьюге жауап беру т.б.) оқушы оны талап ететін үлгісін сақтап үйренеді. Өйткені, еркін жазу форматын қажет етпейтін жұмыс түрлерін игеру де маңызды үдеріс. Оны игеру өзі үшін тәжірибеде пайдасы асатын болады, атап айтқанда, түрлі конкурстарға қатысу үшін қажетті үлгіні сақтау, рецензия жаза білу т.б. Мәтіннің мазмұны мен түрін еркін таңдау негізінен жобалау әрекетіне қатысты. Жоба жасау жеңістігі еркін қатынасты да, регламенттелген қарым-қатынасты да орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, жоба идеясын талдау барысында өз ойларын жеткізу үшін оқушылар еркін, эмоционалдық, шығармашылық, тіпті слэнг түрінде де қарым-қатынаста болады. Бұл жерде регламенттеу тәртібі тақырып идеясын шектеу үшін ғана қажет бола алады. Жобалаудың аталған идеяны талдау кезеңіне қарама-қарсы - жоба аяқталған соң, оны презентациялау кезеңі тұр. Оның талаптары регламенттерді презентациялаудың (ауызша не жазбаша) уақыт шектеуінің, аудиториялардағы түрлі топтар (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар т.б.) мүдделеріне жауап берудің т.б. - сан талаптардың ескерілуін міндеттейді.
Жобалай оқыту технологиясы өзінің жүйелігінің, мақсаттылығының нәтижесінде пәннің оқытылуы сапасына тікелей ықпал ете алатындығымен, оқушының білімі мен білік деңгейін анық та дәл көрсететіндігімен, бағалауға оңтайлылығымен, оқушы бойындағы түрлі құзыреттердің қалыптасу дәрежесі мен оның болашақтағы даму мүмкіндіктерін белгілеуге бағыт бере алатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл технологияны оқу жүйесінің жүзеге асуының табиғи жолы ретінде оқушылардың ақыл-ойын және ойлау мен сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу, тұлғалық қабілеттерді қалыптастыру бағытында қолданудың маңызы зор. Сондықтан бұл мәселе ғылыми тұрғыдан зерделеніп, оны оқушылардың өз бетімен білім іздеу және шығармашылық қабілетін жетілдіру тұрғысынан қажет деген жетекші ой алынып отыр.
Құзыретті оқушы тұлғасы - өз ана тілін, мемлекеттік тілі, шет тілін, ақпараттық технология тілдерін жетік меңгерген тұлға, үйреніп жүрген тілін қарым-қатынаста қолдану құзыреттілігіне ие, ол арқылы мәдениеттанымдық, рухани, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, өзін-өзі дамытушы таным субьектісі.
Құзыреттілік - кәсіби әрекет тәсілдері жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оған А.В.Хуторский былай деп сипаттама береді: "Кәсіби құзыреттілік - дамушы тұлғаны әлеуметтендіру, ішкі жағдай жасау, құны бағыт беру, табиғатта, қоғамда адамның рухани тәжірибесінде әлеуметтік іс - әрекеттер жүргізе білу". Оқушының кәсіби мамандық игеруде білім алуымен бірге өз білімін жетілдіру, үнемі ізденіспен, шығармашылықпен айналыса отырып, кез-келген қиын жағдайларда шешім қабылдай білетін, қойылған мақсатқа жете білетін тұлға қалыптастыру құзыреттіліктің құрамы болып табылады .
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дамытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі.
Бекіту сұрақтары:
-
Жобалау әрекеті арқылы оқушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастырудың мәні.
-
Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011 - 2020 жылдарға дейінгі дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы құзыреттілік нәтижелердің белгіленуі.
-
Түйінді құзыреттіліктер және олардың түрлері.
Дәріс №15
Дәріс тақырыбы: Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны
басқарушылардың құзыреттіліктер
Білім беру ұйымдарында қоғам мен әлеумет сұраныстарына жауап беру үшін жүйелі инновациялық өзгерістер қажеттігі дәстүрлі басқару мазмұны мен басқару әрекеттерін өзгертуді талап етеді. Соған орай басқарушылардың іс–әрекет мазмұны мен бағыттарын, басқару тетіктері мен ресурстарды пайдалану жолдарын, әдістерін өзгерту қажеттігі туындауда. Дәстүрлі қызметтік басқаруда ұйымның дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурстар ретінде қызметтік–жоспарлау, материалдық– техникалық, қаржылық және әкімшілік ресурстарға басымдылық беріліп, адам ресурстарының ұжымды дамытудағы рөлін тиісінше бағаланбай келгені белгілі.
Бұл жерде адам ресурстары ретінде басқару субъектілері (басқарушылар мен басқарылушылар) де, білім беру субъектілері (педагогтар мен білім алушылар) алынып отыр. Бұл үдеріс білім беруді басқаруда ғана емес, жалпы бизнесті басқаруда ғасырлар бойы қалыптасып келді, өйткені, өндірісті тиімді басқару өнеркәсіпті жетілдіруге, сапалы өнім шығару жолдарын жақсартуға бағытталып, басқарушылардың құзыреттіліктері осыған байланысты бағаланып келгені белгілі. Ол туралы Гарвард университеті ғалымдары осы күнге дейін ең жоғары деңгейдегі басқарушының бейнесі мықты стратег ретінде қалыптасты, өйткені, олар бизнестің синергетикасы мен стратегиялық инвестицияларды байланыстыруға күш салуда. Ал қазіргі қоғам талабы бойынша олар өз ұйымдарының даму перспективасын анықтауға ерекше күш салуы тиіс деген. Бұл басқаруда стратегияның қажеті жоқ деу емес, тек стратегияның ғана болуы жеткіліксіз деген сөз.
Көптеген шетелдік басқару теориясында, соның ішінде, білім беру ұйымдарының болашақ өзгерістерін анықтау және оны жүзеге асыру үшін педагогикалық ұжымдағы адам ресурстарын дамытудың қажеттігі, ол басқарушылардың белгілі бір құзыреттілігін талап ететіні туралы жаңа көзқарастар қалыптасуда. Жаңа құзыреттілік сапаларын білім беру құндылықтары өзгеруімен, өркениеттің дамуымен, ғылымдағы парадигмалық өзгерістермен байланыстыра қарастыратын зерттеулер пайда болуда. Білім берудегі құзыреттіліктер, түйінді құзыреттіліктер деген ұғымдар халықаралық деңгейде жаңа нәтижелер ретінде қарастырылып, көптеген елдерде стандарттары мен білім беру бағдарламаларына енгізілуде. Білім берудің сапасын дамыту туралы ЮНЕСКО құжаттарында күтілетін нәтиже ретінде жалпы қарастырылатын құзыреттіліктер белгіленген.
XXI ғасырдағы білім беру туралы «Білім беру: әлі ашылмаған қазына» атты Халықаралық комиссияда жасалған Жак Делордың баяндамасында қазіргі білім берудің сүйенетін төрт тұғыры бар, олар: танып үйрену; жасап үйрену; бірлесіп өмір сүруді үйрену; өмір сүруді үйрену деп белгіленген. Бұлар халықаралық білім беру құзыреттіліктері ретінде анықталып отыр. Жак Делордың айтуынша, олардың бірі – жасап үйрену деген тек кәсіби біліктілік алу үшін емес, одан әлдеқайда кең мағынадағы, өмірдегі түрлі жағдайлардан жол табатын, басқа адамдармен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерге ие болу. Джон Равеннің зерттеулерінде 30–дан астам құзіреттіліктер талданған, олардың ішінде құзыреттіліктердің өзі де, оларды құрастыратын компоненттер де қарастырылған. Құзыреттіліктердің төмендегідей сипаттамалары бар:
– өз құзыреттіліктерін көрсетуге даярлық (мотивациялық жағы);
– құзыреттіліктердің мазмұнын меңгеру (когнитивтік жағы);
– түрлі стандарттық және стандартқа сыймайтын жағдайларда құзыреттіліктерді көрсету тәжірибесі (іс әрекеттік жағы);
– құзыреттіліктердің мазмұнына және оны қолдану объектісіне қатынасы (құндылықтық-мәндік жағы);
– құзыреттіліктерді көрсету нәтижесі және үдерісті эмоциялық –еріктік реттеу жағы.
Сонымен қатар, Джон Равеннің құзыреттіліктердің өзін және олардың компоненттерін талдаған зерттеулерінде әрбір компоненттің ерекше жақтары (аспектілері) көрсетілген. Олардың негізгілері ретінде мотивациялық, когнитивтік, іс- әрекеттік, құндылықтық-мәндік, эмоциялық–еріктік жақтары қарастырылып, әрбір құзыреттіліктің адам әрекеттеріндегі алатын орны белгіленген.
Жалпы білім беруді жаңарту барысын талдау бүгінгі реформаларға байланысты мазмұнының білім беру мекемелері басшылары мен педагогтардың кәсіби ойлауы мен кәсіби іс–әрекеттерін дамытуды қажет етеді. Жаңа парадигмаға сай басқару теориясы негізінен:
а) білім беру жүйесі мен мектептің өз ерекшеліктерін ескере отырып, менеджмент идеяларына сүйенуі қажет;
б) кәсіби басқарушыларды даярлауға бағыт алу, олардың құзыреттілігін қалыптастыруға және басқару қызметін тиімді ұйымдастыруға жағдай туғызуға;
в) басқару объектісін, яғни жалпы білім беретін мектептің педагогикалық жүйесін тануға негізделуі қажет.
Жалпы менеджмент теориясы бүгінгі таңда постиндустриалдық, постмодерндік қоғам бағытына қарай елеулі мәдени бұрылыстар жасауда. Білім беру де осы салаға қарай бағдар алуда, сондықтан, жалпы менеджмент теориясының кейбірін сыни тұрғыдан қарастыра отырып, білім беру саласында қолдану әбден мүмкін. Ол туралы ресейлік ғалым И. Д. Фрумин педагогикалық емес салалардағы ұйымдастыру теорияларын пайдалаудан педагогтар бас тартпауы қажет дейді. Өйткені, қазіргі менеджерлер арасында кең тараған жалпы сапаны басқару теориясының қызметкерлерді дамытуға, қызметкерлерді қатыстыруға бағытталуына негіз болады және осы теорияда берілген техникалық нұсқауларды білім беру мекемесіне қатысты қолдануға да болады.
Білім беру мекемесі басшыларын оқытатын ұйымдар қажеттігі тууына не себептер бар деген сұраққа Элмордың жетілдіру–бұл оқытудың өзіңіздің жұмыс жасайтын жеріңізде отырып дұрыс жұмыс жасауға үйрету қызметі. Оның ойынша, адамдар тиісті міндеттерді орындау үшін бірге жұмыс жасауы керек, өйткені, олар ішкі процестерді қозғалысқа келтіреді, сол арқылы адамдар өздері айналысып жатқан жұмысты одан да жетілдірудегі жаңалықтарды, жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуді үйренеді. Әлемдік білім реформаларын зерттеуші М. Фуллан былай дейді: егер біз нәтижелі мектеп басшыларын дайындағымыз келсе, онда біз оларға мектепті алға тарту мақсатында өз жұмысын жақсартатын және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қабілеттерін дамытуға барлық жағдайды туғызымыз керек, өйткені, білім беру ұйымы басшысынан барлығы да инновациялық өзгерістердің қозғаушысы және оның бастаушысы болады деп күтеді. Тәжірибеден белгілі, көбінесе тек басшының өзі ғана мектептің табысты болуының негізгі күші болып табылады, сонымен қатар, оларды осы рөлге дайындау үшін жасалған мүмкіндіктер де өте көп емес. Басқару теориялары мен тәжірибелері туралы шетелдік, отандық зерттеулердегі басқарушылардың біліктілігі мен қабілеті, құндылықтары мен ұстанымдарына қойылатын талаптарды жүйелеу және қазіргі білім беру жүйесін басқарудың жаңа талаптарына сай білім беру ұйымдарын басқарушылардың құзыреттілігін төмендегі сапалармен белгілеуге болады:
– карым-қатынас құзыреттілігі (сыртқы, ішкі байланыстар, өзара қарым-қатынастар, өзара әрекеттесу, т.б.);
– ақпараттық құзыреттілік (ақпарат алмасу, ақпараттарды өңдеу және пайдалану, ақпарат көздерімен жұмыс, т.б.);
– кызметтік басқару құзыреттілігі (мәселені анықтау, мақсат қою, жоспарлау, шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, т.б.);
– адам ресурстарын дамыту құзыреттілігі (ұжым мүшелерін қолдау, кадрлармен жұмыс, педагогтарды дамыту, ынталандыру, т.б.).
Шетелдік зерттеушілер еңбектерінде қазіргі заман басшылардың құзыреттілігіне берген сипаттамалары, әсіресе, адам ресурстарын басқару құзыреттілігін дамыту туралы еңбектер көбірек кездеседі.
Зерттеушілер еңбектерінде берілген тұжырымдар бойынша посткеңестік елдердегі білім беру ұйымдарын басқарушыларға тән құзыреттіліктерді талдау барысында олардың көбіне басқарушылық қызметтің іс-әрекеттік компоненттерін қамтитынын байқауға болады. Соған орай, бүгінде түрлі деңгейлердегі білім беру ұйымдарын басқарушылардың қарым-қатынас, ақпараттық және қызметтік басқару құзыреттіліктерін дамыту қажетті үдеріс екенін көрсетіп отыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білім беру ұйымдарында көбінесе, басқарушылардың өзіндік дамуын және оған өзі басқарып отырған педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін тиімді құралдардың бірі– жобалау технологиясы жеткіліксіз дәрежеде пайдаланылады. Оның себебі, жобалаудың өзіне тән ерекшеліктері бойынша оны нәтижеге бағытталған әрекеттер және ресурстарды анықтай отырып, белгілі бір логикамен ұйымдастыра білу керек.
Соған орай, оны жүзеге асыру басқарушылар мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Педагогикалық жүйелердің барлық құрылымдарында өзгерістерді жүзеге асыратын түрлі деңгейлердегі басқарушылар мен педагогтар екенін белгілі, сонымен қатар, өзгерістердің тиімділігі мен нәтижесі олардың жобалау қызметін ұйымдастыра білу деңгейіне байланысты. Білім беру ұйымдарын басқарушылар мен педагогтардың жоба жетекшілері ретінде жобалау әрекеттерін меңгеруі педагогикалық әрекеттерді сапалы және түбегейлі өзгертуге, педагогтар мен білім алушылардың тың идеялар мен жаңа іске ынталануына, жаңа жобаларды белсенділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сондықтан, бүгінгі таңда түрлі деңгейлердегі басқарушылардың жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіліктерін арнайы қалыптастыру қажеттігі бар. Жоба жетекшілерін арнайы даярлау оқу зертханалары арқылы жүзеге асырылады. Жобалауды үйренуге арналған оқу-тәжірибелік зертханасының мазмұны мен әдістемесін құрастыру, жүзеге асыру, қорытындылау немесе жоба жетекшілерін дайындау сатысы болып табылады.
Педагогтар мен басқарушылардың жобалауға қатысуы оларды ізденіске, өздерінің зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, білім беру мазмұнын жаңартуға ықпал етеді. Жобалауды ұйымдастыра білу инновациялық өзгерістер жағдайында педагогтардың кәсіби әрекеттерінің маңызды бөлігіне айналатыны сөзсіз. Оқу зертханаларындағы мақсатты бағдарлы үйрету жобаларын жүзеге асыруда басқарушылар мен педагогтардың өздерінің іс-әрекет барысында құзыреттіліктерін дамыту, олардың оқу тәжірибелік әрекеттерін ұйымдастыруға назар аударылады. Оқыту мазмұнын айқындау үшін жобалауды басқарушылардың бойында дамытуды қажет ететін сапалары, өзгертетін және қайта құратын сапалары анықталады, сөйтіп, аталған сапалар жобалаудың объектілері болып белгіленеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазіргі заман ерекшеліктеріне байланысты басқарушылар құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар.
2. Білім берудің құзыреттілік нәтижелерінің халықаралық деңгейде анықталуы.
3. Джон Равен бойынша құзыреттілік сипаттамалары.
4. Бүгінгі білім беру ұйымдарын басқару ерекшеліктері.
5. Білім беру ұйымдарын басқарушылардың құзыреттіліктері.
6. Басқарушылар құзыреттіліктерін қалыптастырудағы жобалаудың орны.
7. Жобаларды басқарушыларды арнайы жобалау зертханасында дайындаудың маңызы.