Дәрумендер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәрумендер

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәрумендер жайлы толық мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты Балаларға адам денсаулығына дәрумендердің тигізер пайдасы туралы түсіндіру; дәрумендер қоры туралы білімдерін кеңейту; құрамында дәрумендері бар азық-түліктерді атай білуге үйрету. 

Сөздік жұмыс"Дәрумендер", "көгөністер", "жемістер", "денсаулық", "пайдалы", "дәрумендер топтамасы", "дәрумендер қоры" сөздерін пайдалану.



Тәрбиеші: Балалар, бүгін, біз үшін маңызды күн, Дәрумендер туралы әңгімелейміз. Алдымен, сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып топта жасырынып тұрған жемістерді тауып ,мына дәрумен қобдишасына саламыз.
1. Қызыл түсті дөңгелек, 
Ортасында дәмі бар, 
Көрсең егер оны жеп, 
Балдай тәтті дәмі бар.
- Жауабы қалай?  
- Дұрыс айтасыңдар, жауабы -
алма. 

2. Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.

- Жауабы қалай?  
- Дұрыс айтасыңдар, жауабы –
асқабақ

3.Оларды ересектер де, балалар да жақсы көреді,
Ал маймылдардың барлығы дүниеде
Олар пальма ағашында піседі,
Олар бізге ыстық елдерден келеді! 

- Жауабы қалай?  
- Дұрыс айтасыңдар, жауабы –
банан

4. Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. 
- Жауабы қалай? Жауабы ... Дұрыс
қарбыз. 

5. Қалың киімді ұнатады, 
Шешіндірсең жылатады

- Жауабы қалай?
Пияз деп жауап береді. 

6. Бұл не деген көп киім
Жетпіс қабат көп киім
Жаңбыр одан өтпейді
Түймелеуге жетпейді

- Жауабы қалай?Орамжапырақ, деп жауап береді. 
(Балалар қызыға топта жасырып қойған дәрумендерді іздей бастайды)

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар . Ал сендер білесіндерме сонымен қатар ағза мықты болып, зиянды микробтарды қабылдамау, ауруларды жұқтырмау үшін «С» дәрумені өте қажет.
- «Д» дәрумені аяқ-қол сүйектерін нығайтады, ол балық майы, бауыр, сарымай құрамында болады.
«Д» дәрумені – ерекше дәрумен. Ол күннің сәулесінде де болады. Сондықтан қыс мезгілінде жиі серуенге шығу керек.
«Д» дәрумені жетіспесе кальцийдің сіңуі төмендейді. Ал, кальций – сүйек пен тіс үшін қажетті құрылыс материалы.
- «Е» дәрумені біздің теріміздің саулығы үшін қажет. Ол жасыл көгөністерде, жемістерде, аскөкте болады. Оларды атап бер. Оларға киви, қияр, орамжапырақ, көк пияз жатады.
- Өсімдіктердегі дәрумендерді қысқы уақытқа сақтауға бола ма?
- Қыста кепкен жемістерге жылы су құйып жұмсартып жеуге болады.
Кепкен жеміс шырыны да дәруменге толы. Компот жасап ішуге болады. 
- Терезе алдында қандай пайдалы дәрумендерді өсіруге болады?
- Дәрумендерді терезе алдында өсіруге болады. Босаған йогурт ыдысы немесе бір реттік стақанға көк пияз отырғызуға болады. 
Олай болса балалар топқа өзімізге пиязды отырғызамыз ба?

(Балалар қуанап келісіп алдын ала дайындалған заттарды қолдана отырып іс әрекетке кіріседі)

Суретпен жұмыс
Тәрбиеші балалардың назарын тақтаға аударады:

- Балалар, тақтадағы дәрумендерге қарап, топтайық.
- Суретке мұқият қарап, қандай көкністер мен жемістер екенін бірге айтайық.
- Сәбіздің құрамында "А" витамині бар.
-Бананның құрамында "В5" дәрумені  бар.
- Апельсиннің құрамында "С" витамині бар.
- Қызанақта "РР" дәрумені болса, ал шабдалыда "Р" дәрумендері бар. Жарайсындар балалар . Осы атаған дәрумендерді өзіміз жасап көреміз бе ?- (балалар шығармашылық ортаға бөлінеді) 1ортада сурет салады 2ортада жемістерді құрастыруды 3 ортада жапсырады.( балалар жұмыстарын жасап болған соң ,ортада алдын ала дайындалған шеңбер тәрізді көрпеге отырады )

Тәрбиеші - Балалар, біздің күнделікті дәрумендер қабылдаудан басталуы тиіс. 
- Балалар, дәрумендер туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?
- «Ертеде бір елде көңілді, өмірге құштар адамдар өмір сүріпті. Елді бір өте ақылды адам билепті. Оның бұйрығы бойынша елдегі барлық адамдар салауатты өмір салтын  ұстанулары, таза ауамен демалу, таңғы жаттығу жасау, күн тәртібін сақтау, пайдалы аспен тамақтану керек еді.
Бір күні қатал қыс түсіп, қатты аяздан бақтағы барлық ағаштар мен жүзімдіктер үсіп қалады.
Дәмді апельсин, лимон, алма, анар және басқа да жемістер азаяды. Пияз, орамжапырақ, қызылша сияқты көгөністер де тез бітті. Шөп жетіспегендіктен сиыр мен қой ет, сүтті аз берді. Уақыт өте келе балалар мен үлкендер ауыра бастады. Сол сәтте ақылды билеуші барлық елден ғалымдарды жинап, өз халқын қалай құтқаруға болатыны жайлы
ақылдасады. Барлық ғалымдар бір тоқтамға келеді.Тұрғындар ауруының себебі денсаулық үшін түрлі көгөністерден, жемістерден, сүт өнімдерінен алатын қажетті заттар жетіспеушілігі болды.
Ғалымдар бұл заттарды «дәрумендер» деп атады, ал тұрғындардың ауруын «дәруменсіздік», яғни ағзаға дәруменнің жетіспеушілігі деп атады.
Уақыт өте берді, ғалымдар мен дәрігерлер табиғи дәрумендерді немен ауыстыруға болатынын ойластырып еңбектенді. Сөйтіп, халыққа жасанды дәрумендерді (таблетка, сироп түріндегі) бере бастайды, жұрт дерттерінен сауығабастағандарын сезінеді. Осылайша ғалымдар адамдарды ауыр дерттен сақтап қалады. 
Педагог суреттер бойынша балаларға сұрақ қойып, білімдерін тексереді.



ҚОРЫТЫНДЫ
- Балалар, бүгін не туралы білдік?
- Дәрумендер дегеніміз не?
- Дәруменнің қандай түрлері бар?
- Дәруменнің қандай пайдасы бар?
- Сәбіздің қандай пайдасы бар?
- Апельсиннің қандай пайдасы бар?
- Балықтың құрамында қандай дәрумен бар?
- Дәруменнің маңызы неде? ( балаларға нақта сұрактар қою арқылы іс әрекетті қорытындылау) Балалар алдарында стол үстіне тұрған суреттер арқылы жауап береді




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2024
242
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі