Материалдар / Дәрумендер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәрумендер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1D Қоректену

Мектеп: «№7 мектеп – лицейі»

Күні: __

Мұғалімнің аты-жөні: Сайынова Әйгерім Қойшығұлқызы

Сынып: 8а

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дәрумендер. (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау

8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау

Сабақтың мақсаты

  • Дәрумендерге сипаттама беру;

  • Авитоминоз, гипервитаминоз болған жағдайдағы ауру түрлерін атау;

Бағалау критерийлері

  • Дәрумендердің маңыздылығын сипаттайды

  • Құрамында дәрумендердің қажетті мөлшері бар азық-түліктердің тізімін жасайды

  • Ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Дәрумендердің маңыздылығын сипаттайды

Дәрумендердің жоғары құрамы бар тамақ өнімдерінің тізімін құрып жазады.

Таныстырылымда дәрумендердің жетіспеушілігінен туындаған аурулардың белгілері мен алдын алу жолдарын тиісті терминологияны қолдана отырып, ауызша жазбаша сипаттайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Дәрумендер, А, В, К, Е, С, D дәрумендері, авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз, ақшам соқыр, бери-бери, цинга, рахит, пеллагра.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

С дәрумені жетіспегенде ...ауруы туындайды.

Рахит ауруы... дәруменінің жетіспеуіне байланысты.

В дәрумені жетіспегенде ...ауруы туындайды.

Авитаминоз ...байланысты.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс


Алдыңғы білім

Оқушылар қоректену тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттердің бірі болып табылатынын біледі (6 сынып).

Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс, қорытылу үдерісі, ассимиляция, сіңірілу (8 сынып).

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин






Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушылардан дәрумендер туралы видеоматериалды тамашалау сұралады.

«Авитаминоз» видео материалы бойынша мына төмендегі сұрақтар қойылады.

1.Дәрігер-эпидемиолог Джозеф Гольдбергерг ауруға себеп болатын қай дәруменді анықтады (В3 дәрумені. Ниацин.)

2.Пеллагра ауруының белгілері қандай? (Терінің жойқын бөртуі, күйзеліс және дірілдеу)

3.Сдәруменінің жетіспеуінен қандай ауру туындайды. (цинга ауруы)

4.D дәруменінің жетіспеуінен қандай ауру туындайды. (мешел ауруы)

Сонымен сабақтың тақырыбы не туралы деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Дәрумендер туралы қандай білім қажет сұрағын талқылай отырып, сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/vitamin-deficiencies





1- 3 слайд






Сабақтың ортасы

4-19 мин






Оқушыларға дәрумендердің түрлері, қасиеттері, ағзадағы физиологиялық маңызы, жетіспеушілігі кезінде туындайтын аурулары, олардың белгілері, алдын алу үшін қажетті мөлшері жеткілікті кездесетін тағам түлері туралы ақпарат парақшалары ұсынылады. Мүмкін болған жағдайда оқушылар ноутбуктерді қолдана отырып, «Дәрумен көздері» видеосын қарап, интернет көздерінен қосымша ақпараттарды пайдалана алады. Оқушылар барлық ресурстарды пайдалана отырып ақпарат жинақтайды.

1 - қосымша





3-10 слайдтар

20-35мин

Жинақтаған ақпаратты түсінгенін көрсету үшін, алған білімді қолдана білу үшін оқушыларға рөлдік тапсырмалар беріледі.

Ол үшін оқушылар екі топқа бөлінеді.

І топ: Пациент картасын әзірлейді.

ІІ топ: Пациент картасымен танысып, нақтама (диагноз) қойып кеңестер ұсынады.

Пациент карталары нақты әрі түсінікті болуы шарт, себебі бұл тек жаңа ғана қызметке орналасқан, тәжірибесі аздау жас маман дәрігерлерге арналады.

І топтың жұмысы:

1.Аурудың туындау себептері (ағзада қандай процесстер бұзылатынын)

2. Аурудың белгілері (кем дегенде 2)

ІІ топтың жұмысы:

1. Аурудың атауы

2. Аталған ауруға қатысты дәруменнің адам ағзасындағы маңызы

4. Тәуліктік мөлшері, ерігіштігі

5. Мөлшері көп азық-түліктердің тізімі (кем дегенде 3)

6. Авитоминоздың алдын алу жолдарын қамтиды.

Жұмыстың соңында пациент карталары оқылғанда тиісті кеңестер берілу арқылы өзара бағалау жүргізіледі.

Әрбір дұрыс сәйкестік үшін топқа 1 ұпай беріліп отырады.

11Слайд

36-38мин

Оқушылармен тақырыпқа байланысты сұрақтар талқыланады. Мысалы, қандай дәрумен рахиттың дамуына әкеледі? Оның алдын алу үшін қандай тағам өнімдерін пайдалану қажет?


Сабақтың соңы

39-40 мин







Кері байланыс:

«Үш әрекет»

І. Мен үшін жаңалық

ІІ. Мен үшін өте қызықты

ІІІ. Сабақ барысында ... туралы түсініктер қиындық тудырды.

Үй тапсырмасы:

Тағамды дайындау, сақтау кезінде оның құрамындағы дәруменнің мөлшерін сақтау жолдары туралы ақпараттар жинап келу.

12 слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Пациенттік карталар мен кеңес беруші дәрігердің рөлін таңдаған кезде оқушылар өздерінің қабілеттері мен дағдыларына сай жұмыс істеуге мүмкіндік алады.


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Жеке жұмысты бағалау – мұғалімнің тарапынан кері байланыстар арқылы жүзеге асырылады

Өзара бағалау-оқушылардың стикерлер арқылы топтық жұмыстарды бағалауы кезінде жүзеге асырылады

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Топтық жұмыс кезінде оқушылар белсенді қозғалады.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!