Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат
негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық
дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер
енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр
ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға
талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға
ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын
қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті,
дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере
білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта
жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының
озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық
бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен,
дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе
қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз
құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің
шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің
байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама
берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше
жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын
зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке
психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның
ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп
тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық
ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін
өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы
қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен
сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ
процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды
анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1.
Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін
қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2.
Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін
жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3.
Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты
деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін
де есепке ала отырып бағалау.
4.
Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен
ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
5.
Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең
көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен
іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру
жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл,
рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық
жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал
мақсат қажету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының
танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын
педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге
болады.
1.
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
-
дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
-
оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы
қарым-қатынаста болуы;
-
дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу таныту және нәтижелі
әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
-
дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
-
дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге
ұмтылуы;
2.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар
-
өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары
деңгейде білуі;
-
қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
-
оқушы дарындылығын моделін білуі;
-
жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
-
дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін
білуі;
-
қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
-
дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл
бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;
3.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
-
дарынды оқушына анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
-
дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлма
құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
-
оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе
алуы;
-
дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік
жүргізуі;
-
оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната
білуі;
-
дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік
етуі;
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді
қолданамыз:
-
баланың отбасы жағдайын зерттеу;
-
шығармашылық қабілетін анықтау;
-
саулнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
-
ата-анасымен әңгімелесу;
-
пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс
ойындарына қатыстыру;
Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін
дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
1.
Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;
2.
Пәндік үйірмелер;
3.
Тіл мерекесі;
4.
Абай оқулары;
5.
Олимпиадалар;
6.
Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
7.
Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу
жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
8.
Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі
адамдармен кездесу);
9.
Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі,
шебер қолдар үйірмесі);
10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар,
жобалар байқауларына қатысу.